Слайд 1Жоғарғы және төмеңгі жақтың сынуы
Тексерген: Гүлдана Асановна
Орындаған: Полатова Зарина
Кеңесбек Темірлан
Стом – 005-2
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жоғарғы жақтың сыну бағыттары
Жоғарғы жақ сынықтарын диагностикалау және емдеу
Жоғарғы жақтың
контрфорстары
Төмеңгі жақ сынықтары
Төмеңгі жақтың сынықтарын диагностикалау және емдеу
Төмеңгі жақ контрфорстары
Слайд 3Жоғарғы жақ бет қаңқасымен мықты байланыста. Жоғарғы жақтың әлсіз және мықты
жерлері бар. Әлсіз жерлеріне жақ денесінен өсінділер тарайтын және жақтың басқа бет сүйектерімен байланысқан жерлері жатады. 1901 жылы француз ғалымы Rene Le Fort жоғарғы жақтың сыну бағыттарының классификациясын ұсынды. Сол классификация бойынша жоғарғы жақтың 3 сыну бағытын ажыратады: Ле Фор 1, Ле Фор 2 және Ле Фор 3.
Слайд 4Ле Фор 1
Сыну бағыты әр уақытта горизонтальды бағытта, алмұрт тәрізді тесіктің
негізінен жақ төмпешігіне дейін, гаймор қуысы түбінен сәл жоғары жүріп, жоғарғы жақтың соңғы тісі тұсында аяқталады.
Слайд 5Ле Фор 2
Сыну үлгісінің екінші түрінде сыну көлденең бағытта, мұрын түбінен,
көз ұясының ішкі қабырғасы арқылы көз ұясының төмеңгі қырын төмен қарай кесіп өтіп, жақ-бет сүйек тігісімен вертикалды жүріп альвеолярлы өсіндінің артына, негізгі сүйектің қанат тәрізді өсіндісіне жетеді.
Слайд 6Ле Фор 3
Сыну бағыты мұрын сүйегі мен маңдай сүйегінің арасымен, көз
ұясының ішкі қабырғасымен, көз ұя түбімен, төмеңгі көз жырығының артқы шетіне дейін жүреді. Әрі қарай сыну бағыты көз ұясының сыртқы қабырғасымен көз ұясының сыртқы шетіне дейін созылып, маңдай-бет сүйек тігісі бойымен жүріп жақ төмпешігі арқылы сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісіне бағытталады. Сынықтың осы түрінде контізия немесе ми қозғалуы, ми немесе оның қабықтары қабынуы кездеседі. Көз ұясына қан кетіп, көз көгереді, мұрын және құлақтан қан ағуы мүмкін.
Слайд 8Жоғарғы жақтың сынуының негізге белгілері – тістемнің өзгеруі және сүйек сынықтарының
қозғалғыштығы, ісіну, көгеру. Өте ауыр жарақат кезінде бет әлпет өзгереді. Бұл өзгерістер жоғарғы жақтың және оның айналасындағы жұмсақ тіндердің төмен және артына ығысуына байланысты. Жоғарғы жақтың ығысу бағытына шайнау, мимикалық бұлшық еттер әсер етпейді. Сынған сүйектің ығысу бағыты мен орны өзгеруі әсер ететін соққының бағыты мен күшіне байланысты.
Диагностика
Слайд 9Жоғарғы жақ сынған жағдайда арнайы медициналық мекемеге жеткенге дейін науқастың маңдайын
және иегін бинтпен орап, фиксациялайды. Емдеуді хирургиялық жолмен жүргізеді. Сынған сүйектерді алдымен репозициялайды(сынған сүйек бөліктерін бір-біріне түйістіріп дұрыс қалыпқа келтіру), сосын сау сүйекке бекітеді. Бекіту үшін сымдарды және титаннан жасалған минипластиналарды қолданады.
Емдеу
Слайд 10Контрфорстар
Контрфорстар деп бассүйектің қалыңдаған, мықты жерлерін айтады. Олар арқылы шайнау қысымының
күші бас күмбезіне таралады. Жоғарғы жақ контрфорстарына:
Маңдай-мұрын контрфорсы;
Альвеолярлы-бет сүйек контрфорсы;
Қанат тәрізді-таңдай контрфорсы;
Таңдай контрфорсы;
Слайд 11Маңдай-мұрын контрфорсы
Төменде ит тіс маңындағы альвеолярлық төмпешікке тіреледі, жоғарыда – жақтың
маңдай өсіндісінің бойымен, маңдай сүйегінің мұрын бөлігіне жетеді. Оң жақтық және сол жақтық контрфорстар маңдай сүйегінің мұрын бөлігінде, қас үстілік көлденең орналасқан доғалар арқылы қатаяды. Бұл контрфорс ит тістер арқылы төменнен жоғарыбағытталған қысым күшін теңестіріп тұрады.
Слайд 13Альвеолярлы-бет сүйегі контрфорсы
1 – 2 азу тістердің төмпешіктерінен басталып, жоғары қарай
бет сүйегінің қырына қарай бағытталады. Бұл жерде соққы күшінің бағыттары: артқа – самай сүйегінің бет доғасына қарай, жоғарыға – маңдай сүйегенің беті. Ішкі жағына қарай – бет сүйек өсіндісіне бағытталады. Бұл шайнау тістерінің төменнен жоғарыға қарай, алдынан – артқа қарай, сыртынан – ішке қарай бағытталған күштерді теңестіріп тұрады
Слайд 14Қанат тәрізді таңдай контрфорсы
Соңғы молярлардың төмпешіктерінен және жоғарғы жақ төмпешігінен басталып,
жолында сына тәрізді сүйектің қанат тәрізді өсіндісімен және таңдай сүйегінің перпендикулярлы пластинкасымен күшейеді. Бұл контрфорс соңғы азу тістердің алдынан үстіне қарай және артынан алға қарай бағытталған күштерді теңестіреді.
Слайд 15Таңдай контрфорсы
Жоғарғы жақтың таңдайлық өсіндісі, қң және сол жақтағы альвеолярлы доғаларды
көлденең қосатын таңдай сүйегінің горизонтальды пластинкаларынан құрылған. Бұл контрфорс шайнау кезіндегі күшті көлденең бағытта теңестіреді.
Слайд 17Төмеңгі жақ сынықтары
Төмеңгі жақ сынықтарының орналасуына соққы бағыты, соққы күші және
шайнау бұлшық еттерінің тарту күші әсер етеді. Төмеңгі жақтың сынуы тістемнің бұзылыстарына, бет әлпеттің өзгеруіне соқтырады.
Слайд 19Иек немесе жақ сынғанда – жақ екіге бөлінеді. Сынықтар вертикальды орналасады.
Ұзын сынық болған жағдайда төмен қарай тартылады. Төмен қарай тартатын бұлшық еттер – mm. digastricus, mylohyoideus, geniohyoideus. Қысқа сынық кезінде шайнау бұлшық еттердің тартуына байланысты жоғары және ішке қарай тартылады.
Слайд 20Төмеңгі жақтың бұрышы сынғанда, сынықтар орнынан көп жылжымауы мүмкін. Себебі екі
сынық mm. masseter, pterygoideus medialis арқылы орнында тұрады. Егер сыну деңгейі, бұлшық ет бекіген жердің алдында немесе артында болса, қысқа сынық жоғары қарай, ұзын сынық төмен қарай ығысады.
Слайд 21Төмеңгі жақтың біреуінің буындық өсіндісінің мойны сынғанда, сынық m.temporalis-тің тартуымен жоғары,
ал жақ доғасы сынған жерге қарай ығысады. Кіші сынық латеральды қанат тәрізді бұлшық еттің тартуымен – алдыға және ішкері ығысады. Төмеңгі жақ мойынының екеуі де сынғанда, жақ доғасының артқы бөлігі буын шұңқырларында тірегін жоғалтып, mm. temporalis, masseter-дің екі жақтан тартуына байланысты, жоғары қарай ығысады. Көмекші бұлшық еттер тобы (mm. digastricus, mylohyoideus, geniohyoideus) сынықтың иектік бөлігін төмен қарай тартады. Мұндай кезде «ашық тістем» дамиды.
Слайд 22Тәжді өсінді деңгейінде сыну жақ орналасуын бұза қоймайды. Тек сынған тәжді
өсінді m. temporalis-пен тартылып, жоғары қарай кетеді.
Екі жақтан сыну кезінде, егер сынық бойы симметриялы ит тіс және кіші азулар бойымен жүрсе, орталық сынық төмен және артқа қарай (көмекші бұлшық еттер тартуымен) тіл асты сүйектен тіл түбіріне ығысады. Мұндай сынуларда тіл көмейді бітеп өмірге қауіпті асфиксия тудыруы мүмкін
Орталық арқылы (орталық ит тістер арасымен) сынғанда төмеңгі жақ тең екіге бөлінеді. Сондықтан сынықтар ығыспай, тек тістер арасында сыну бағыты бойымен жарық көрінеді
Слайд 24Диагностикалау және емдеу
Төмеңгі жақ сынықтары кезінде ісіну, гематомалар байқалады. Сау аймақтарды
пальпациялау барысында сынған сүйектер жылжып, ауыру сезімін тудырады. Кейде травма кесірінен төмеңгі альвеолярлы нерв зақымдалып, төмеңгі жақ жансызданады. Оны анықтау үшін үшкір ине қолданады.
Емдеу жоғарғы жақтың еміне ұқсас, хирургиялық жолмен жүреді. Сынған сүйектерді орнына әкеліп, темір пластинкалармен, сымдармен бекітеді. Қосымша ауыз сыртылық құрылғылармен бекиді.
Слайд 27Төмеңгі жақ контрфорстары
Альвеолярлық – жоғары қарай альвеолалардың ұяшықтарына бағытталған.
Өрлеуші – төмеңгі
жақтың тармағы бойымен, оның мойыны және басына қарай бағытталған. Осы жерден шайнау қысымының күші самай сүйегінің төмеңгі жақтық шұңқырына беріледі.
Слайд 29Пайдалынған әдебиеттер
Бас және мойынның клиникалық анатомиясы. Қайназаров А.Қ., Идрисов Ә.А., Алмабаев
Ы.А., Алмабаева А.Ы. Алматы 2014
http://hirstom.ru/neognestrelnie-povrezhdeniya-chlo/perelomi-verchney-cheliusti
http://hirstom.ru/neognestrelnie-povrezhdeniya-chlo/perelomi-nizhney-cheliusti
http://medbe.ru/materials/litsevoy-skelet-i-cherep/kontrforsy-cherepa/