Жедел жүрек ишемиялық ауруы. Морфологиялық сипаттамасы презентация

Содержание

Слайд 1Қ.А.ЯССАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
Қабылдаған: Ирисметова Д
Орындаған: Әбдісамат Р
Тобы:

ЖМ-310


Тақырыбы: Жедел жүрек ишемиялық ауруы. Морфологиялық сипаттамасы

Түркістан 2016

CӨЖ


Слайд 2Жоспары:
1. Кіріспе бөлім.
Жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы.
2. Негізгі бөлім
А) ЖИА-на сипаттама.
Б) Этиологиясы мен

клиникасы.
В) Морфологиялық сипаттамасы.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3Жүректің ишемиялық ауруы
Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) — деп жүректің тәждік

артериясындағы қан айналуының бұзылуына байланысты дамитын жүректегі ишемиялық (дистрофиядан некрозға дейінгі) өзгерістерді түсінеміз. ЖИА халық арасында өте көп таралғандықтан 1965 жылдан бастап БДҰ шешімі бойынша жеке ауру ретінде қарала бастады, бұрын ол атеросклероз бен артериялық гипертонияның жүректік түрі деп есептелінген. ЖИА негізінен 40-65 жастағы ер адамдар арасында кездеседі, бірақ та ол 25-30 жастағы кісілерде де дамуы мүмкін.

Слайд 4Жүректің ишемиялық ауруы – жүректе қанайналымы толық тоқтағандықтан немесе қажетті шамадан

кем болғандықтан дамитын сырқат. Сол себепті ишемиялық ауруы жүректын тәждіқ (коронарлық) артерияларының ауруы деп те аталады. Бұл сырқаттың әлеуметтік мәнін ескерке отырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1965 жылы оны «депбес» ауру деп танады. Бүгінгі танда ишемиялық ауру әсіресе экономикалы өркендеген елдерге кең таралған, тіпті оны эпидемиялы аурулар тобына жатқызбақ ой бар. Жүректің ишемиялық ауруы кенеттен қазаға ұшыратуымен қауіпті. Ол жүрек-тамыр сырқаттарынан болатын өлім-жітімніқ 2/3-ін қамтиды. Бұл ауруға жасы 40-65 –тер шамасындағы ер адамдар жиірек шалдығады.

Жүрек ишемиялық ауруы


Слайд 5ЖИА на алып келетін себептер екі топқа бөлінеді.
1-ші. Атеросклероздың дамуын тездетуші

қауіп-қатер факторы.
2-ші. Атеросклерозды тікелей шақырушы себептер


Слайд 8Жүректің ишемиялық ауруылары атеросклероз және гипертония ауруымен тығыз байланыстылығын ескерсек, оның

этиологиясы аталған себептермен шектеліп қана қоймайтыны түсінікті. Атеросклероз бен гипертония ауруын өрістететін этиологиялық факторлардың барлығы, әсерісе психика-эмоциялық зорыгу, жүректың ишемиялық ауруының дамуына да себеп болады. Сондықтан атеросклероз бен гипертония ауруы және жүректің ишемиялық ауруы «үзеңгілесе» дамиды. Жүректің ишемиялық ауруы келесі формаларда байқалуы мүмкін: стенокардия, инфаркт миокарды, инфарктан соңғы кардиосклероз, жүрек қағысының бұзылуы, жүрек жетімсіздігі мен кенеттен қайтыс болу.

Слайд 9Негізінен коронарлы артериялардың тарылу себебі болып атеросклероз, яғни, тамырдың ішкі қабырғасына

холестериннің жиналуы болып табылады. Холестериннің жиналуы нәтижесінде артерияларлың ішкі саңылауы тарылып, миокардтың қанмен қамтамасыз етуі азаяды да, әсіресе адамға физикалық күш түскен кезде жүрек жиі соғып, оған жеткізілетін ауа мен қан мөлшері жеткіліксіз болады да, жүрек аймағында аурыру белгілері пайда болады (жүрек талмасы). Корнонарлы артериялар тарылған сайын болмашы жағдайдың өзінде-ақ, мысалы, сөйлесу кезінде, тамақ ішкен соң, суықтың әсерінен, жүйкеге салмақ түсу кезінде ауыру белгілері байқалады. Әдетте, кеуде тұсындағы ауру тыныштық жағдайында бірнеше минуттардан соң өздігінен тарайды. Ауру сол жақ жауырынға, қолға, астыңғы иекке, кейде асқазанға да беріледі. Бұл жағдайда адам оны гастрит немесе асқазанның ойық жарасымен шатыстыруы мүмкін.

Слайд 10АТЕРОСКЛЕРОЗ.
Атеросклероз (грекше atere – ботқа және sklerosis

-тығыздалу) бұл ірі артериялардың ішкі қабатында май және белок алмасуының бұзылуы нәтіжесінде пайда болатын морфологиялық өзгерістермен сипатталатын созылмалы ауру. Осы күрделі өзгерістер атеросклероздың микро және макроскопиялық негізін құрайды. Бұл үрдіс қолқада, жүрек, ми, мықын, ішек және бүйрек артерияларында айқын көрінеді. Атеросклероз деген атауды Америка ғылымы Маршан 1904 жылы ұсынған.

Слайд 13ЖИА-ның клиникалық түрлері
Жедел: стенокардия, күтпеген жүректік өлім және жедел миокард инфаркты
Созылмалы: Жүректің

созылмалы ишемиялық ауруы

Стенокардия төс сүйегінің артында немесе жүрек аймағында ауыру ұстамасы пайда болуымен сипатталатын, миокардтың жедел ишемиясына байланысты клиникалық синдром.


Слайд 14Стенокардия түрлері
Стенокардияның үш түрін ажыратады:
күш түсуге байланысты дамитын тұрақты (стабильді)

түрін,
тыныштық стенокардиясын және тұрақсыз (стабильді емес) түрін ажыратады.

Слайд 15Миокард инфаркты
Миокард инфаркты деп жүрек бұлшықеттерінде дамитын некроз процесін түсінеміз. Жүрек

инфарктын тек 18-24 сағаттан соң ғана көзбен көріп шекарасын анықтауға болады, ал осы аралықта жүрек етінде инфаркттың некрозға дейінгі (ишемиялық) кезеңі дамиды. Оны анықтау үшін арнайы гистохимиялық, электронды микроскопиялық зерттеулер жүргізу қажет. Бұл өзгерістер эксперимент арқылы шақырылған инфарктта жан-жақты тексерілген.

Слайд 16Инфаркт түрлері
Инфарктың көлеміне қарап:
Трансмуралды
Интрамуралды
субэндокардиалды
перикардты түрлерін ажыратады.


Слайд 18Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы жүректің ишемиялық ауруымен бірнеше

рет сырқаттанғаннан кейін пайда болады. Жоғарыда көрсетілгендей, инфарктқа ұшыраған жер әдетте дәнекер тінмен алмасып, оның орны тыртықтанып бітеді, бұл процесті инфаркттан кейінгі ірі ошақты кардиосклероз деп атайды.


Слайд 19Науқастың өлімі
Науқастың өлімі жүрек аневризмасының жарылып кетуі немесе осы жерде түзілген

тромбтардың басқа қан тамырларына тығылып қалуымен (тромбоэмболия) тікелей байланысты. Осы жедел жағдайлар болмағанда науқас жүректің созылмалы жетіспеушілігінен өледі.

Слайд 20Морфологиялық сипаттамасы


Слайд 21Осы аурулардың 75% ауруханаға жетпей –ақ өліп кетеді. Өлімнің ЖИА-ға әсері

бар екенін ашып көргенде көз жеткізуге болады. Жүректегі ишемиялық аймақтарды анықтау үшін тетразоли тұздарын, каллий теллуритін қолданады. Ишемия аймақтары боялмастан, сау қоңыр түсті миокардқа қарағанда ақшыл болып тұрады. Микроскопта қарағанда жүрек бұлшық еттері өздерінің көлденең жолақтарын жоғалтып, эозинмен, фуксинмен қызыл түске боялады.Миокард талшықтары өздерінің қалпын өзгертіп жота-жота болып ирелектеліп қалады. Ишемия аймағындағы капилярларда эритроцит стазы, лейкостаз, лейкодиапедез, қан құйылу ошақтары көрінеді. Өлген кісілердің кей бреулерінде тромб барлығын, ал 35-40% миокард инфарктісін анықтауға болады. Тромбтардың жиналу себебінен облитерация үрдісі қалыптасады.

Слайд 22ЖИА-мен өлген адамдардың қан тамырларындағы өзгерістер
1. атеросклероз жоқ немесе өте әлсіз

10 %
2. атеросклероз барлық тамырларда біркелкі дамыған 18 %
3. атеросклероз әр мүше тамырларында әр түрлі, өте күшті дамыған 72 %

Слайд 23Асқынулары
Миға қан құйылу
Жүрек-тамыр қыыметінің жеткіліксіздігі
Миокард инфарктысы
Ми инфарктысы
Тамырлар аневризмасы
Тром, тромбоэмболия
Гипертензиялық энцефалопатия


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика