Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі презентация

Содержание

Жоспар: Кіріспе Жедел бүйрек жеткіліксіздігіне жалпы түсінік Негізгі бөлім Жіктелуі Этиологиясы Нәрестелерлегі ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1 СӨЖ Тақырыбы: Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі
Орындаған: Қалыбекова Л.
Қабылдаған: Тасқынова Г.
Тобы: ЖМ-213
ҚОЖА

АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI
TURK - KAZAK UNIVERSITESI

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ


Слайд 2


Слайд 3Жоспар:
Кіріспе
Жедел бүйрек жеткіліксіздігіне жалпы түсінік
Негізгі бөлім
Жіктелуі
Этиологиясы
Нәрестелерлегі ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 4Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
Өзекшелердің эпителий қабатында некроз дамып, бүйректе қан- және лимфа

айналымы терең зақымдалатын синдром.
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінің морфологиялың негізі — некрозды нефроз (некронефроз).

Слайд 6Этиологиясы
уытты әсерлер (интоксикация)
инфекциялар.
Некрозды нефроз ауыр металдардың (сынап, қорғасын, висмут, хром, уран)

тұздарымен, ќышқылдармен (күкірт, хлорлы сутегі, фосфор, қымыздық қышқылдары), көпатомды спирттермен (этиленгликоль (антифриз)), наркозда қолданылатын заттармен (хлороформ, барбитураттар) немесе сульфаниламидтермен (сульфаниламидтік бүйрек) уланғанда байқалады.

Слайд 8патогенезі
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі жарақаттану (қол-аяқтың

мылжалануы, операциялық жарақат), улану (токсиндермен), гемолиз (сәйкессіз қан құйғанда), бактериялар (сепсиспен асқынған түсік) сияқты түрлі себептерден дамыған шоктың механизмдерімен тығыз байланысты. Қанайналымын күрт бұзып, гиповолемия дамытатын, артериялыќ қысымды төмендетіп, шок өрістете алатын әсердің бәрі бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігіне себеп бола алады.

Слайд 12 Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігінің бастапқы (шок)кезене шумақ капиллярлары қабысып, бүйректің қыртыс

қабатында ишемиялық ошақтар пайда болады, интермедиалық аймақ пен пирамидаларға веналық қан іркіледі.
Сусіңділену процесі мен лимфостаз интерстицийде байқалып, интермедиалық аймақта айқындау көрініс береді. Өзекшелердің негізгі бөлімдеріндегі эпителийді гиалинді-тамшылы, вакуольді немесе майлы дистрофия шарпиды. Өзекшелердің кеңейген саңылауына цилиндрлер, кейде миоглобин кристалдары жиналады.

Слайд 14 Олигоануриялық кезеңде өзекшелердің басты бөлімдерін некроз шарпиды. Некроз ошақты

болғанмен, өзекшелердің соңғы (дистал) бөлімдерінің базальдық мембранасы да ыдырайды (тубулорексис). Өзекшелердің әртүрлі буынының саңылауын цилиндрлер бітеп, шумақ қабығының саңылауына шумақта түзілген ультрасүзінді іркіледі.
Интерстиций де сусіндідене түсіп, лейкоцит шоғырлары мен қанды ошақтар пайда болады. Бүйректің вена тамырларын қан кернеп, саңылауына көбіне тромбылар түзіледі

Слайд 16 Диурез қалпына келетін кезеңде шумақтардың біразын қан кернеп, бүйректің сусіңділенуі кеміп, клеткалар

шоѓыры едәуір азаяды.

Слайд 18Нәрестелер кездесуі
ЖБЖ нәрестелерде 8–24% жағдайда кездеседі, ал нәрестелер арасында

бұл сырқаттан өлім-жітім 51–90% құрайды. Басқа мамандық дәрігерлері секілді неонатолог дәрігерлері де, өздерінің науқастарында жедел бүйрек жеткіліксіздігімен кездесіп тұрады. Патология науқастың ауыр жағдайымен, ағзаның бір немесе бірнеше өмірлік маңызы зор қызметтерінің айрықша шектелуі не толығымен қызмет атқармауымен сипатталады. 85% жағдайда ЖБЖ преренальды себептермен, 12%бүйрек паренхимасының зақымдалуымен, 3% хирургиялық патологиямен сипатталады.

Слайд 19Зерттеу әдістері


Слайд 23 Нәрестелердің шамамен  30% алғашқы зәр шығаруы босану бөлмесінде, 90% алғашқы

24 сағат және 99% туылғаннан кейінгі 48 сағат ішінде болады. Мерзімінен ұзақ немесе зәрдің аз өндірілуі бүйрек перфузиясының дұрыс болмауы немесе бүйрек аурулары не урологиялық ақаулар себебінен болуы мүмкін.  Олигурия нәрестелерде диурездің 1 мл/кг/сағатына аз болуы, ал жасы үлкенірек балаларда  – 5-10 мл/кг  тәулігіне  аз болуы.
Бүйрек жеткіліксіздігіне күмәнданған кезде креатининнің деңгейін анықтау және шумақтық фильтрацияның жылдамдығын есептеу қажет.

Слайд 25 ЖБЖ дамуының қауіп факторларын, алмастырушы бүйректік емнің қажеттілігі мен

өлім-жітімді бағалаудың объективті әдісі 2007 жылы қабылданған түрлендірілген балалар шкаласы RIFLE болып табылады (risk – қауіп, injury – зақымдалу, failure – жеткіліксіздік, loss – бүйректің қызметін жоғалтуы, end stage – терминальды бүйректік жеткіліксіздік).


Слайд 26НӘРЕСТЕЛЕРДЕГІ ЖБЖ СЕБЕПТЕРІ
1. Преренальды – (85%) бүйрекке қан келуінің бұзылысы.

2. Аренальды – нәрестелердегі бүйрек агенезиясы немесе 2 жақты поликистоз.
3. Ренальды (12%) бүйрек қантамырларының тромбозы, диссеминирленген тамырішілік синдром, бүйрекішілік обструкция.
4. Постренальды – (3%) туа біткен ақаулар.
5. Рефлекторлы – әр-түрлі шеткері қоздырғыштардың әсері нәтижесінде болады.

Слайд 28Қорытынды
Біз бұл мәліметтерді заманауи ғылымның соңғы жетістіктері

негізінде нәрестелердегі жедел бүйрек жеткіліксіздігінің себептерін, патогенезін және клинико-лабораторлық көрсеткіштерін қарастырдық. ЖБЖ себептері туралы түсінік кеңейді, аздап терминология өзгерді, ал патогенезі жөніндегі білім тереңдеп, кейбір жағдайларда мүлдем өзгерді. Неонатологтар, педиатрлар үшін шумақтық фильтрацияның жылдамдығы есептеуге және сағаттық диурезді бақылауға негізделген түрлендірілген RIFLE критерийлерін күнделікті тәжірибеде қолданудың маңызы зор.


Слайд 29Пайдаланылған әдебиеттер
1)Қалимұрзина Б.С. Ішкі аурулар:оқулық, I-том - Алматы:Асем-систем,-2007.
2)Айтбембет Б.Н. Ішкі ағза

ауруларының пропедевтикасы. Оқу құралы.-Алматы.: “Эффект” баспасы,2010.-568 бет.
3)Багдатьев В.Е., Гологорский В.А., Гельфанд Б.Р. Респираторный дистресс-синдром// Вест. интенсивной тер. - 1996. - №2. - С.15-25

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика