Слайд 1С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық
Медицина Университеті
Кафедра: Хиругиялық стоматолгия пропедевтикасы модулі
Тақырып:
ЖБА аралас зақымданулары кезінде алғашқы хирургиялық өңдеу ерекшеліктері.
Орындаған: Жумаханов С.М.
Факультеті: стоматология
Тобы: 08-003-3
Қабылдаған : Угланов Ж.Ш.
Алматы 2012 ж.
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Жақ бет аймағының жарақатының ерекшелігі;
ЖБА жарақатын алғашқы хирургиялық өңдеу;
ЖБА
аралас зақымданулары кезіндегі алғашқы хирургиялық өңдеу ерекшеліктері;
Бет жарақатын алғашқы хирургиялық өңдеу кезінде жіберілетін қателіктер.
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Алғашқы хирургиялық өңдеу дегеніміз жансыздандырып және антисептикалық өңдей отырып, жараның жазылуына
оңтайлы жаңдай жасау,инфекцияның енбеуін қадағалау.
Екіншілік хирургиялық өңдеу дегеніміз –екіншілік көрсетілім бойынша,яғни инфекцияның дамуы әсерінен.
Ерте хирургиялық өңдеу-24 сағат ішінде жасалатын өңдеу.
Біріншілік отсроченная хирургиялық өңдеу-24-48 сағат аралығында жасалады.
Кеш хирургиялық өңдеу-48 сағаттан кейін жасалынады.
Слайд 4Бет-жақ аймағы басқа аймақтардан өзіне тән ерекшелігі бар:
Қандануы жақсы;
Жақсы нервтелген:
Регенераторлық қасиеті
жақсы:
Жергілікті иммунитет жақсы дамыған;
Табиғи тесіктер аймағында тез жазыла алатын жасушалар сақталған;
Ауыз қуысының шырышты қабатының жарақаты сілекеймен жуылып тұрады,онда регенерациялық қасиет беретін лизоцим бар;
Мұрын,ауыз,жоғарғы жақ қуысының микрофлорасы инфекция таратуы мүмкін;
Слайд 5Жақ бет аймағының жарақатының ерекшелігі:
Жұмсақ тіндер жиырлып жара ашық тұрады:
Жарадан үнемі
қан ағып тұрады;
Транспорттық,жер сілкінісі,оқ тиген жарақатта жараның сыртқы пішіні,аурудың жалпы жағдайына сәйкес келмейді.
Жара шын,жалған болуы мүмкін.Шын жара пластикалық әдіспен жабылады.
Слайд 7Хирургиялық өңдеу тек жара маңын гигиеналық (антисептиктермен) өңдеуден кейін жүргізіледі.Жара маңындағы
түктер қырқылады.Жараны қайта антисептикалық өңдеп,бөтен денелер мен лас заттар алынады.Өлеттенген тіндер алынады.Жараны қабаттап толық тігіп тастайды.Тігіс бойын йод немесе бриллиант жасылымен өңдейді.Антисептикалық повязка салады.Бірінші повязканы келесі күні ауысытарды.Жараны повязкасыз емдеу тиімді,инфекция түскен,гематома жағадайында ғана повязка салу керек.Қабыну пайда болса,ашып,дренаждап,медикаментозды ем жазып береді (антибиотиктер т.б.)
Слайд 9БЖА жарақатын алғашқы хирургиялық өңдеу:
Жарақаттың аумағына байланысты жансыздандыру (эндотрахеальды наркоз немесе
жергілікті)
Жараны изотониялық натрий хлор ерітіндісімен немесе антисептикалық ерітіндімен жуып,теріні қатқан қаннан,бөтен денеден және кірден тазарту;
Айналасындағы түкті алу;
Кептіру және қайтадан антисептикалық ерітіндімен жуу;
Механикалық өңдеуден кейін хирургиялық өңдеуге көшуге болады;
Жараны ревизия жасау-тек өлеттенген тін алынады,жараның шеті тегіс болуы міндетті емес,жарқаттанған,кір тері асты май қабатын алып тастайды.Мимикалық бұлшықет зақымдану дәрежесін анықтайды.Бұл кезде аса сақтықпен зақымданған бұлшықет талшығы ішке қарай алып кеткен бөтен дене мен кірді анықтаға болаы.Бұлшықеттің жарамсыздығы түсіне,қандануына,езілу дәрежесіне қарай бағалайды.Жарамсыз бұлшықет тітіркенбейді,былбырақ,қанталамайды.
Қан талау күшті болғанымен оны тампондау арқылы тоқтату оңай.Үлкен қан тамырлар зақымданғанда байлам салады,қан тоқтамаса сыртқы ұйқы артериясын байлайды.
Слайд 11Беттің бүйір және мойын аймағындағы жаралардың ревизиясы өте маңызды болып табылады.Бұл
жерде бұлшықеттер айналадағы тіннен бөлініп гематома түзілуі мүмкін.Осы аймақта уақытында анықталмаған гематома кейін іріңдейді.Сол үшін гематоманы контрапертурамен дренаждау қажет.Кейін толық тігіп тастаға болады.Жарақат алғаннан кейін 2 күн ішінде жараны қабаттап тігіп,дренажбен қалдыруға болады.Тігісті қабыну үрдісі дамыған жағадайда салуға болмайды.Бұл жағдайда консервативті ем қабылдауына жіберіледі.Жарада инфильтрация белгілері жойылып,жарақат шеті тазалғанған кезде,жараны аздап сылып, 1-2 күнге дренажбен тігіп тастайды.Егер жарақат бет аймағындағы сүйектердің сынуымен қатар жүрсе сүйек сынықтарын біріктіріп,бекітіп алу қажет.
Жарақатты өңдеу кезінде біріншілік пластика элементтерін қолдануға болады.
Бет аймағындағы жарқаттар эстетикалық маңызы басым болғандықтан,жараның бітуін мейілінше білінбейтіндей ету маңызды.Сонымен қатар,бет жарақаттары бұлшықеттер әсерінен,тін жоғалмаса да, «гүлдеп» тұрғандай бейне береді.Сондықтан жара шеттерін жақындатып көру керек.Егер жақындатқан кезде,тіндер бір біріне жақындамаса «шын» жар деп аталады.Осы кезде пластика элементтерін қолданамыз.Көбінесе жақын жатқан тіннен лоскут алынып,аяқшалы байланыс құра отырып,жарақат аймағына қойылады.Жарақат аймағында өлеттенген тінді алғанда,белгілі бір пішінге келтіріп алу керек (үшбұрыш,төртбұрыш т.б.) Осыған байланысты төменде көрсетілген схеманың бірімен жергілікті-пластикалық операцияны жасаймыз. (сурет 1)
Операцияны жоспарлау Тігілген жара
Слайд 13Жергілікті тінді қолдана алмаған жағадай басқа аймақтардан трансплантант әкелінеді.Теріні-жамбас сыртынан,ал толық
қабаттыны-иықтың ішкі бетінен,құлақ артынан алуға болады.
Қабақ,ерін,мұрын қанаттарының харақаттарын өңдегенде ,олардың функционалды,эстетикалық маңызын есте сақтаған жөн.Лоскутты,трансплантантты пластикалық операциялар қолданылады.
Тіл жарақаты кезінде біріншіден қанағыштықты тоқтату керек,сол себепті қанап жатқан қа тамыр табылмағанда сыртқы ұйқы артериясы байланады.Науқасқа тілін шығаруын өтініп,оны стерильды салфеткамен ұстап,жарақат түрін көреміз,бүл үрдістің өзі тіл бұлшықеттерінің тартылуын тудырып,аздап қанның тоқтауына әкеледі.
Слайд 15ЖБА аралас зақымданулары кезіндегі алғашқы хирургиялық өңдеу ерекшеліктері:
Алғашқы хиругиялық өңдеу
жарақат алғаннан 24 сағат әшәнде жасалуы керек.
Жара шеттері кесіліп алынбайды,өлеттенген тін ғана алынады.
Жіңішке каналды жаралардың шеттері кесілмейді,
Бөтен денелер алынады,бірақ терең аймақта орналасқан бөтен денелерді іздестіру жүргізілмейді;
Ауыз қуысына өтетін жаралар міндетті түрде ауыз қуысынан тігіс салыну арқылы бөлкетенуі керек;
Қабақтың,мұрын қанаттарының,еріннің жараларына хирургиялық өңдеу уақытына тәуелсіз міндетті түрде біріншілік тігіс салынады.
Сүйектің жарақаттануымен жүретін жараларда бірінші сүйекті өңдеу жүргізіледі (шытынаған суйек сынығын алып,репозиция,иммобилизация жасайды)
Слайд 16Жоғарғы жақ қуысы зақымданған жағдайда қуыс ревизиясын жасап,төменгі мұрын жолымен байланыстырады,бұл
тесіктен йодоформды тампон ұшы шығып тұрады.
Езілген жақасты безі біріншілік хирургиялық өңдеу кезінде толығымен алынып тасталады,ал құлақ маңы безі бет нервімен байланысты болғандықтан алынбайды.
Без паренхимасы жарақаттанған кезде бірінші капсуласын тігіп,сосын қалған қабаттарды қабаттап тігу қажет,шығару түтігі бұзылса жалған түтік жасалынады;
Үлкен жұлынған жарақатта,терімен шырышты қабатты көмкере тігіп,кейін ақауды пластикалық жолмен жабады;
Көз асты аймағындағы жарқаттар «өзіне» қарай тігілмей,үшбұрышты,тіл тәрізді лоскут босатылып,ақау аймағына тартылып әкелінеді.
Слайд 17Ерін жарақаты кезінде бірінші красную кайманы сәйкестендіріп,тігеді (Купидон сызығын);
Жара 0-72 сағат
ішінде толық тігіледі,дренаж инфекция түскенде ғана қойылады (кеш хирургиялық өңдеу) ;
Полиамидпен немесе жылқы қылымен тігіледі, бұл жіптер ылғал өткізбегендіктен,жіп дағы қалмайды;
Жара жан-жағы қатты ісінгенде П пішінді тігіс салынады;
Жара екіншілік тәртіппен жазылып келе жатса бетіендегі грануляцияны сылып тастамай,тек айналасындағы теріні босатып,бір-бірімен тігеміз.
Слайд 18Бет жарақатын алғашқы хирургиялық өңдеу кезінде жіберілетін қателіктер:
Хирург «шын» жарақатты «жалған»
жарақатпен шатастырып,алғашқы тігіс жүргізбейді,Жара ұзақ жазылып,тыртық орны аумақты болады;
Біріншілік пластикалық операцияны дұрыс жасамау,ағзаның дисфункциясына әкеліп,екіншілік пластикалық операция жасауға тура келеді;
Жарқатты дұрыс тазаламау,іріңді-қабыну үрдісін дамытуы мүмкін;
Сүйек сынығын анықтап,оны орнына қоймаған жағдайда,беттің деформациясына әкеліп,кейін қайта сүйекті орнына қоюға тура келеді.
Дренаж қоймау,гематоманың дамуына әкеледі;
Слайд 19Пайдаланылған әдебиеттер
Оразалин Ж. Б., Төлеуов Қ. Т. – Хирургиялық стоматология –
Алматы, “Білім”, 1998ж.
“Хирургическая стоматология” Т.Г.Робустова,И.Ф.Ромачева-1990,Москва.;
.Хорошилкина Ф.Я. Ортодонтия. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение. МИА Москва. 2006.
3. www.stomfak/uhii/lkjhg/265