Жалпы практикалық дәрінің кәсіби міндеттері мен жұмысты ұйымдастыру негіздері. БМСК-тің құрылымы презентация

Содержание

Слайд 1Жалпы практикалық дәрінің кәсіби міндеттері мен жұмысты ұйымдастыру негіздері. БМСК-тің құрылымы


Слайд 2Жалпы практика дәрiгерi (12.10.1999№500 )
жасына, жынысына немесе ауру сипатына қарамастан,

жеке адамға, отбасыларына және адамдардың бүкiл контингентiне алғашқы және үздiксiз медициналық көмек көрсетуге тиiсті рұқсаты бар, дипломды медицина қызметкерi. 
      Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң қызметiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес медицина ұйымдарында, сондай-ақ жеке практика тәртiбiмен жүзеге асыра алады. Жалпы практика дәрiгерге халықты тiркеу дәрiгердiң еркiн таңдауы негiзiнде жүзеге асырылады.



Слайд 3Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгердiң мiндеттерi(задачи)

неғұрлым кең тараған аурулар мен жарақаттарға

тиiсiнше диагноз қою, емдеу және оңалту;


негiзгi инфекциялық ауруларға қарсы иммундау шаралары;


эндемикалық және басым инфекциялық аурулар профилактикасы және олармен күрес;


ана мен баланың денсаулығын қорғау, соның iшiнде отбасын жоспарлау мәселелерi;


гигиеналық тәрбие, салауатты өмiр салтын қалыптастыру;


сапалы тамақ өнiмдерiмен жабдықтауға жәрдем көрсету және ұтымды тамақтану жөнiнде ұсыныс жасау;


сапасы жақсы сумен жабдықтауға және негiзгi санитарлық шаралар жүргiзуге жәрдем көрсету;


дәрi-дәрмек бұйымдарын дәрi-дәрмек формулярына және емдеудiң осы заманғы хаттамаларына сәйкес ұтымды тағайындау және пайдалану болып табылады.


Слайд 4Жалпы практикалық дәрiгердiң/отбасылық дәрiгердiң негiзгi мiндеттерi(обязанности):
1) шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету;

2) емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу;
3) пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету;
4) жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу;
5) иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
6) аурулардың бұрыннан бар жасырын түрлерiн табуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру, аурудың және қауiптiлік факторларының алдын алу;
7) тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау;
8) отбасын жоспарлау жөнiндегi жұмыс;
9) отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және бағдарлау жұмыстарын жүргiзу;
10) перзентханадан шығарылғаннан кейiн нәрестеге патронажды жүзеге асыру;
11) ауру балалар стационардан шығарылғаннан кейiн үйге актив жүргiзу;
12) денi сау бала күнiн өткiзу;
13) үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету;
14) әскери-дәрiгерлiк және әскерге шақырылуға дейiнгi жас өспiрiмдердi және әскерге шақырылатын жастарды шақыру комиссияларымен байланысты жүзеге асыру болып табылады.

Слайд 5Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық  дәрiгердiң құқықтары

1) атқарушы өкiметтiң жергiлiктi органдарына тiркелген халыққа емдеу-профилактикалық

көмек көрсету, еңбек жағдайы мен тұрмысын жақсарту жөнiнде ұсыныс енгiзуге; 



2) аймақта және республикада халықтың денсаулығына қатысты ақпаратқа қол жеткiзуге;

      3) кәсiби қоғамдық бiрлестiктерге (қауымдастықтар, академиялар, отбасылық дәрiгерлер одағы) кiруге және оларды құруға құқығы бар. 


Слайд 6 Ауруларға профилактика жасау, диагноз қою, емдеу жүргiзген кезде және пациенттерді оңалту

кезінде жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер:

1) қарауды дербес жүргiзе бiлуге және пациенттi зерттеу деректерiн бағалауға;        2) қосымша зерттеулер мен мамандар консультацияларының көрсеткiштерiн бiлуге, лабораториялық, аспаптық зерттеулердiң жоспарын жасауға;        3) қанның, зәрдiң, қақырықтың, асқазан шырынының, дуоденалдық зерттеудiң, копрограмманың, ми-жұлын сұйығының, сәулелiк, электрлiк-физиологиялық және басқа зерттеу әдiстерiнiң талдау нәтижелерiн түсiндiре бiлуге;        4) өткiр және созылмалы аурулары, жарақаттары бар пациенттерге профилактика жасауды, диагноз қоюды, емдеудi және оңалтуды меңгеруге;        5) бала туғанға дейiн көмек көрсете бiлуге (жүктiлiктiң, қалыпты болуын қадағалау), төтенше жағдайда бала тууға көмектесуге;


Слайд 7Жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер өзiнiң кәсiби бiлiмi мен дағдысын өз бетiмен

бiлiм алу жолымен және өзге әдiстермен үздiксiз жетiлдiредi. Әрбiр жалпы практика дәрiгерi/отбасылық дәрiгер отбасылық дәрiгерлiк амбулаторияның аға дәрiгерiне жыл сайын есеп ұсынуға, соңғысы емдеу-диагностикалық, профилактикалық қызметi мен жылына мөлшерi 72 кредит-сағат кәсiби даярлықты куәландыратын құжаттарды (сертификаттар, аттестаттар, куәлiктер) көрсете отырып аудандық (қалалық) денсаулық сақтау басқармаларына немесе Отбасылық дәрiгерлер қауымдастығына ұсынуға мiндеттi.        Жалпы практика дәрігері/отбасылық дәрігер жалпы практика дәрігері/отбасылық дәрігер біліктілігін растау және еңбек қызметін (еңбек жұмысын) жалғастыруға мүмкіндік алу үшін әрбір 5 жылда аттестациялық кәсіби емтихан тапсыруға міндетті. Емтихан нәтижесі "Отбасылық дәрігердің кәсіптік куәлігіне" енгізіледі.

Слайд 8Емхана
өзіне алдын алу, диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтитын, тұрғындарға бастапқы

медициналық-санитарлық, мамандандырылған медициналық көмек
көрсететін медициналық ұйым.

Слайд 9Емхананың құрылымына: 
      1) жалпы дәрігерлік практика және/немесе учаскелік қызмет, күндізгі стационар

бөлімшесі мен қосалқы қызметтер;        2) мамандандырылған көмек;        3) зертханалық-диагностикалық көмек бөлімшесі кіреді.

Слайд 10БМСК ұйымдарының функциялары
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен

көлемдерге сәйкес амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда және үйде тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен түрлер мен көлемдерге сәйкес амбулаториялық жағдайда, күндізгі стационарда және үйде тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған медициналық, зертханалық-диагностикалық көмек көрсету;       2) учаскелік терапевтер мен педиатрлардың, акушер-гинекологтардың, жалпы практика дәрігерлерінің, медбикелердің (учаскелік және жалпы практика), акушерлердің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуі;        3) бейін мамандарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;        4) зертханалық-диагностикалық қызметтер көрсетуі;        5) аурулардың ерте және жасырын нысандары мен қауіп-қатер факторларын айқындауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүзеге асыру;        6) санитарлық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шараларды жүзеге асыру;        7) иммундық алдын алуды ұйымдастыру және өткізу;        8) халықты денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне үйрету; V074550        9) азаматтарды БМСК мамандарының мамандандырылған көмек және зертханалық-диагностикалық қызметтер алу үшін, стационарлар мен санаторийлық-курорттық емдеуге      9) азаматтарды БМСК мамандарының мамандандырылған көмек және зертханалық-диагностикалық қызметтер алу үшін, стационарлар мен санаторийлық-курорттық емдеуге  жіберуі;        10) құрылымдық бөлімшелердің қызметтерін үйлестіру.

Слайд 11БМСК ұйымдарының үлгілік ұйымдастыру құрылымы
      1. Емхананың үлгілік ұйымдастыру құрылымы мынадай

жалпы практика бөлімшесінен және/немесе учаскелік қызмет пен қосалқы қызметтерден (бұдан әрі - ЖПБ), мамандандырылған көмек бөлімшесінен, зертханалық-диагностикалық бөлімшеден тұрады:        1) жалпы практика бөлімшесінен және/немесе учаскелік қызмет бөлімшесінің құрылымы:        тіркеу орны;        бөлімше меңгерушісінің кабинеті;        жалпы практика дәрігерлерінің немесе учаскелік терапевт, педиатрлардың кабинеттері;        жалпы практика, учаскелік қызмет медбикелерінің кабинеттері;        алдын алу және диспансерлеу кабинеті;        дені сау бала кабинеті;        емшара кабинеті;        егу кабинеті;        күндізгі стационар;        физиотерапиялық емдеу және емдеу-дене шынықтыру мәдениеті кабинеттері;        туберкулезге қарсы препарттарды қабылдау кабинеті (химизатор);        медициналық статистика кабинеті;        дәріхана; 


Слайд 122) мамандандырылған көмек бөлімшесінің құрылымы: 
      бөлімше меңгерушісінің кабинеті;        бейін мамандарының қабылдау

кабинеттері;        ем-шара кабинеті;        таңу кабинеті;        кіші операция бөлмесі;        оқшаулағыш;

Слайд 133) зертханалық-диагностикалық көмек бөлімшесі: 
        сәулелік диагностика (рентген- және флюорография) кабинеті;        ультрадыбыстық

диагностика кабинеті;        функционалдық диагностика кабинеті;        эндоскопиялық кабинет;        зертхана;        қақырық алуға арналған бөлме

Слайд 14Назарларыңызға рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика