Жаңа туған баланы анасының өлтіруі презентация

Қазақстан Респуб­ликасының Қылмыстық кодек­сіне «Жаңа туған баланы анасының өлті­руі» деп аталатын 100-бап ен­гізіл­ген болатын. Бұл бап бойынша, «анасының өзінің жаңа туған баласын туып жатқан кезінде, сол сияқ­ты одан кейінгі кезеңде

Слайд 1ЖАҢА ТУҒАН БАЛАНЫ АНАСЫНЫҢ ӨЛТІРУІ
Халықаралық зерттеулерге сүйенсек, жаңа туған балаларын

өлтірген аналардың көпшілігінің психикасында ауытқушылық бар екендігі анықталған. 

Еліміздің кейбір психологтары босанған аналар қыл­мысқа уақытша психикалық ауытқу­шылықтың әсерінен баруы мүмкін. Өз шаранасын өлтірген әйелдер сол сәтте аффектілік күйде болады, яғни өз әрекеттеріне есеп бере алмайды. «Кез - келген жүкті әйелдің бойында көңіл күй өзгерісінің болуы қалыпты жағдай. Ал кейбір әйелдер бала туғаннан кейін жан күйзелісін бастан кешуі мүмкін. Оның себебі, болашақ анаға босанғанға дейінгі ішкі және сыртқы факторлардың қаншалықты деңгейде ықпал етуіне байланысты. 


Слайд 2 Қазақстан Респуб­ликасының Қылмыстық кодек­сіне «Жаңа туған баланы анасының өлті­руі» деп

аталатын 100-бап ен­гізіл­ген болатын. Бұл бап бойынша, «анасының өзінің жаңа туған баласын туып жатқан кезінде, сол сияқ­ты одан кейінгі кезеңде психикасын күйзелтетін ахуал болған  жағдайларда немесе есінің дұрыс­тығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіруі – төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостан­дығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазала­нады».

Ананың өз баласын жек көруіне екінші себеп – әйелдің ішімдікке жақын болуы. Ащы суға салынған ананың жайы белгілі, ал егер күйеуі де маскүнем болса, жүйкесін ішімдік жұқартқан ата-ананың баланы жазым етуі жиі кездесетін жайт.


Слайд 3Жаңа туған баланы анасының өлтіруі қылмысының объектісі - жаңа туған баланың

өмірі жатады. 

объективтік жағының белгілері: қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардаптар, әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптар арасындағы себепті байланыс, қылмысты жасау орны, уақыты, тәсілі мен жағдайы.

Заңда бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының орындалуының үш оқиғасы мүмкін болады: баланы өлтіру босану кезінде немесе босанғаннан кейін дереу жасалынады, психиканы жаралаушы жағдай қалыптасқан, жауаптылықты жоққа шығармайтын, психикалық күйзеліс жағдайы орын алуы мүмкін.

Анасының жаңа туған баласын өлтіргендігі туралы істерден мыналар қарастырылады: мұндай қылмыстарға баланы босана салысымен кіндігін кеспестен және емізуге әрекет жасамастан, яғни барлық жағдай жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалуға ешқандай белсенді шаралар қабылдамаған қылмыстар жатады.


Слайд 4Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективті жағы - бұл жасалған қоғамға қауіпті әрекетке,

оның салдарына тұлғаның ішкі, психикалық қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Сонымен қатар белгілері: қылмыстың кінәсін, ниетін, мақсатын құрайды. Қылмыстың мотиві мен мақсаты қылмыстың субъективті жағының белгілері болғанымен, кінәдан айырмашылығы міндетті белгілері емес, ал факультативті белгілері болып табылады.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субъектісі тек қана қылмысты орындаушы ғана болады. Арнайы субъектімен қылмысқа қатысушы ретінде арнайы субъектінің белгілері жоқ тұлғалар бола алады. Қарастырылып отырған қылмыстың субъектісі ретінде қылмыс жасау кезінде он алты жасқа толған, бала туған әйел бола алады.


Слайд 5 Анасының жаңа туған сәбиін босанғаннан кейін абайсызда өлтіріп алу жағдайында оны

қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Босану кезі мен босанғаннан кейін жаңа босанған әйелдің психикалық көңіл-күйіне байланысты жас нәрестеге дұрыс қарай алмауы, психиканы жаралаушы жағдайда болуы оның қылмысты абайсызда жасауына себеп болады

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика