Жұтқыншақтың жасына байланысты құрылымы мен топографиялық ерекшеліктері және оның ЛОР ағзаларының паталогиясына маңызы презентация

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Жұтқыншақ анатомиясы 2. Қанмен қамтамасыз етілуі 3.Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланған

Слайд 1“Астана Медицина Университеті”АҚ Презентация Тақырыбы:Жұтқыншақтың жасына байланысты құрылымы мен топографиялық ерекшеліктері және оның

ЛОР ағзаларының паталогиясына маңызы

Орындаған:Нығматулла А.Н
Топ 429 ЖМ
Тексерген:Ерсаханова Б.К

Астана 2015 ж


Слайд 2 Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Жұтқыншақ анатомиясы 2.

Қанмен қамтамасыз етілуі 3.Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер

Слайд 3Жұтқыншақ анатомиясы
Жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші

жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы  мүше.Адамда жұтқыншақ омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, VI мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады. Оның ұзындығы 12 – 14 сантиметр, ені 5 сантиметрдей. Қабырғасы шырышты, ал шырыш асты негізгі, бұлшықетті, дәнекер тінді қабықтардан түзілген. Жұтқыншақтың мұрындық, ауыздық және көмейлік бөліктері болады. Жұту кезінде Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жұмсақ таңдай арқылы ауыздық бөліктен бөлінеді, көмей қақпашығы көмейді жабады да, ас жентегі мұрын мен көмейге өтпей өңешке бағытталады. 

Слайд 4 Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі,pars nasalis., ол бас сүйектің негізінен

жұмсақ таңдайға дейінгі аралықта орналасқан.

Қабырғалары:
-Жоғарғы:сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінің төменгі бөлігі
-артқы:I-II мойын омыртқасы мен жұтқыншақ бадамшасы
-алдыңғы қабырғасы жоқ,хоан тесігі арқылы мұрын қуысымен шектеседі.-Бүйір:түтік буылтығы,torus tubarius және есту түтігінің сыртқы тесігі, ostium pharyngeum tubae auditivae ,сыртқы есту түтігі мен таңдай пердесінің аралығында түтік бадамшасында айқын байқалады.
-төменгі қабырғасы жоқ,жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне жалғасады.

Қабырғалары:
-Алдыңғы қабырғасы жоқ,аран арқылы меншікті ауыз қуысымен байланысады.
-Артқы :1-2 мойын омырқаларымен;
-Жоғарғы,төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұтқыншақтың мұрындық және көмейлік бөліктеріне жалғасады.

Қабырғалары:
-Алдыңғы:көмеймен шектеседі,мұнда жұтқыншақтың алмұрттәрізді орналасқан қалтасы,recessur piriformis айқын байқалады;
-Жоғарғы және төменгі қабырғалары жоқ,ол жоғарыда жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне,төменде 6 мойын омыртқасының тұсында өңешке жалғасады.

Жұтқыншақтың ауыздық бөлігі ол жұмсақ таңдай мен көмей бөбешігінің,epiglottis аралығында орналасқан.

Жұтқыншақтың көмейлік бөлігі,pars laryngea ол көмей қақпағының тұсыннан басталып,6-мойын омыртқасының тұсында өңештің мойындық бөлігіне жалғасады.


Слайд 6 жұтқыншақ арты кеңістік іріңдігіне әкеледі. қоршап жатады және іші болбыр клетчаткаларға толы болады.
Жұтқыншақтың

айналасында іші болбыр клетчаткалы кеңістіктер бар, оларға қабыну құбылысы тараған кезде ауыр асқынулар болуы мүмкін:
1. Жұтқыншақ арты кеңістігі (заглоточная пространство) жалпақ саңылау түрінде жұтқыншақтың артқы қабырғасымен және омыртқаның алдындағы фасциясы (шелді қабық) арасында орналасады, бұл кеңістік борпылдақ дәнекертіндермен толтырылған. Кеңістік бүйір жақтарынан фасциалды тармақтармен шектелген, бұл тармақтар омыртқаның алдындағы фасциясынан жұтқыншақтың қабырғасына барады. Бұл кеңістік бассүйектің түбегейінен басталып төмен жұтқыншақтың артымен өңешке дейін өтеді, бұнда оның клетчаткасы өңеш арты клетчаткасына, сонсоң көкірек арты клетчаткасына ауысады.
2.Таңдай бадамша без маңы кеңістігі (паратонзиллярлық кеңістік) – жұтқыншақтың бүйір қабырғасы мен капсуласы арасындағы болбыр кеңісік.
3.Жұтқыншақ маңы кеңістігі (окологлоточное пространство) – жұтқыншақтың бүйір бетінде (сыртында) орналасқан, олар клетчаткамен толтырылған. Жұтқыншақ маңы кеңістігі – тіс жақсүйек жүйесі ағзаларымен тікелей қатынаста болады, бұнымен нерв-қантамыр ірі бағандарының қосынды өрімдері өтеді және бұнда мойынның негізгі лимфалық түйіндері бар.


Слайд 7Жұтқыншақтың жасқа байланысты ерекшеліктері: Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағы воронка тәрізді болады. Жоғарғы

жағы ұзын және кең болады. Ал төменгі жағы тар болып келеді.  Жаңа туған нәрестелердің жұтқыншағының ұзындығы 4 см және ересектерге қарағанда омыртқадан біраз жоғары тұрады. Жұтқыншақтың көлденең мөлшері 2,1 – 2,5см, алдыңғы-артқы 1,8см. Есту түтігінің кең саңылау тәрізді жұтқыншақтық бөлігі – қатты таңдай деңгейінде ашылады. Бұл бөлік 2-4 жас аралығында жоғары және артқа орналасады, ал 12-14 жас аралығында домалақ түрге ауысады.  Жұтқыншақтың төменгі бөлігі жаңа туған нәрестелерде III және IV мойын омыртқаларының арасындағы диск бойында орналасады.  Бала 11-12 жасқа келгенде V-VI мойын омыртқаларының арасында, ал жас өспірім шақта VI- VII мойын омыртқаларының арасында орналасады.  Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі жаңа туған нәрестелерде қысқа болады. Оның мөлшері бала 2 жасқа келгенде екі есе үлкейеді және тығыздалады.

Слайд 8Жұтқыншақ физиологиясы Жұтқыншақтың сөйлеу қызметі көмейде пайда болған (басталған) дыбыстарды жаңғыртудан тұрады. Дауыс

тембірінің (құбылысының) қалыптасуы көмей, жұтқыншақ, мұрын, оның қосалқы қойнауларында және ауыз қуыстарында пайда болады. Жұтқыншақ қуысы өзінің көлемін және формасын өзгерте алады, ал жұмсақ таңдайдың үлкен қозғалмалы болуы – дыбыс тербелістерінің қозғалыс бағытын өзгертуі мүмкін, дәл сол жағдайлар дауыс бояу өзгерістеріне және оның үндерінің ұлғаюына мүмкіндік туғызады. Көмейде дыбыс белгілі биіктікте және жоғарылықта жасалып шығады, ал дауысты және дауыссыз дыбыстардың құрылуы негізінен ауыз және аз шамада жұтқыншақ қуыстарында пайда болады. Дауысты дыбыстарды шығару кезінде жұмсақ таңдай мұрынжұтқыншақты ауыз қуысынан қалқалайды, дауыссыз дыбыстар жұмсақ таңдай бос түскен мезгілінде шығарылады. Жұтқыншақтың тыныс алу қызметіне оның барлық бөліктері қатысады, бірақ мұрынның өткізгіштік қабілеті бұзылған жағдайда тыныс алу ауыз арқылы орындалады, сол сияқты сөйлесу және ән салу кезінде т.б. ауа мұрынжұтқыншақ арқылы өтпейді, ал бірден жартылай жұтқыншақтың ортаңғы бөлігіне барады. Жұтқыншақтың қорғаныштық (қарсылық) қызметі мынадан белгілі, оған бөгде дене немесе жағымсыз тітіркендіргіш заттектер (химиялық және термиялық) абайсыз түсіп кеткенде жұтқыншақ мускулатурасының рефлексті жиырылуы (қысқаруы) пайда болады және оның саңылауы тарылады, бұның өзі тітіркендіргіш заттектердің көбірек терең еніп кетуін тоқтатады. Мұрын қуысынан соң ауаның жұтқыншақта жылынуы және шаң-тозаңнан тазалануы жалғасады, бұлар жұтқыншақтың қабырғасын жабатын сілемейде (жалқықта) жабысып қалады және бұлармен бірге қақырынып тасталынады және сілемей (слизь) түкірікпен бірге жұтылынып асқазанда соңғы зарарсыздандыруға ұшырайды. Сол сияқты қорғаныштық ролді сілемейлі қабықтың қан тамырларынан және лимфаденоилық тіндерден ауыз және жұтқыншақ қуыстарына кіретін лейкоциттер мен лимфоциттер атқарады.

Слайд 9

Қанмен қамтамасыз етілуі: Артериясы. Жұтқыншақты жоғарылаған жұтқыншақ артериясы,a. pharynea ascendens,(сыртқы ұйқы артериясының тармағы),жұтқыншақтық тармақтар (қалқанша-мойын сабауының тармағы) және бет артериясының тармағы жоғарылаған таңдай артериясынан қанмен қамтамасыз етіледі. Венасы. Жұтқыншақтан веналық қан жұтқыншақ өрімі plexus pharyngeus,кейін жұтқыншақ веналары,vv. Рharyngei арқылы ішкі мойындырық венасына, v jugularis internaға ағады. Лимфа тамырлары жұтқыншақ артындағы және латеральді терең лимфа түйіндеріне ашылады. Нервтенуі: IХ жұп тіл- жұтқыншақ нервінің,Х жұп кезбе нервтің тармақтарымен жәнеде көмей- жұтқыншақ тармақтарымен нервтенеді.

Слайд 10Қорытынды Сонымен, жұтқыншақ (pharynx) – бір жағынан мұрын мен ауыз қуысы, екінші жағынан өңеш пен көмейдің арасындағы байланыстырушы  мүше.Адамда жұтқыншақ

омыртқа бағанасының мойындық бөлігінің алдында – бассүйектің астыңғы жағынан, VI мойын омыртқалары аралығында орналасып, одан төмен өңешке жалғасады.

Слайд 11 Пайдаланған

әдебиеттер 1.Б.К.Төлебаев,Б.К.Ерсаханова,Б.З.Жусупов «Оториноларингологиядан қысқаша оқу құралы» Астана 2013 ж 2.Оториноларингология. Национальное руководство + СД. – М., ГЭОТАР-Мед. 2007. – 960 с. 3. Ананьева, С. В. Болезни уха,горла,носа:Учеб пос. для вузов/С.В.Ананьева.-Ростов н/Д:Феникс,2003,2005.-416с. 4. Пальчун, В.Т. Практическая оториноларингология:Учеб. пос.для медвузов/В.Т.Пальчун,Л.А.Лучихин,М.М.Магомедов-М.:Мединформагенство,2006.-368с. 5. Козорез, Е.С. ЛОР-заболевания:Учеб.пос. длямедвузов/ Е. С. Козорез.- М. :ВЛАДОС-ПРЕСС,2005.-223с.

Слайд 12

Кері байланыс Осы тақырыптар бойынша қысқаша тест сурақтары: 1-Фарингиттің қай түрінде жұтқыншақ артында қызғылт гранулалар болады? 1.Гранулезді 2.атрофиялық 3.гипертрофиялық 4.жедел 2- Таңдай иніндеріне тарайтын бадамшалардағы сұргылт-лай түсті жабынды қай ауруда кездеседі? 1- жедел фарингитте 2- созылмалы фарингитте 3- фолликулярлы баспада 4- күлде 3- Мұрын-жұтқыншақ бадамша безін алып тастау операциясы қалай аталады? 1- тонзиллотомия 2- тонзиллоэктомия 3- аденотомия 4- конхотомия 4- Леффлер бацилласына мұрын мен жұтқыншақтан алынған жұғын қай ауруда тексерледі? 1-острый фарингитте 2-созылмалы фарингитте 3-баспада 4-күлде

Слайд 135- Вальдейер-Пироговтың лимфоаденоидтық сақинасының құрамына жатпайтыны.

1 - таңдай бадамшалары 2 - түтікшелік 3 - мұрын-жұтқыншақ 4 - ауыз-жұтқыншақ 6- Жұтқыншақ қайдан басталады? 1-III IV  мойын омыртқасы 2-II III мойын омыртқасы 3-I II мойын омыртқасы 4-IV V мойын омыртқасы 5-Бассүйек негізі 7- Жұтқыншақ қай артерияның тармақтарымен қоректенеді? 1-жоғарғы қалқанша артериясы 2-ішкі ұйқы артериясы 3- сыртқы ұйқы артериясы 4- жалпы ұйқы артериясы 5- Бұғана асты артериясы 8. Жұтқыншақты тексеру әдістеріне жатпайтыны қайсысы? 1-риноскопия 2-мезофарингоскопия 3-мұрын-жұтқыншақты саусақпен тексеру 4-тура емес ларингоскопия 5-трахеобронхоскопия

Слайд 14Жауаптары 1-1 2-4 3-2 4-4 5-4 6-5 7-3 8-5


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика