Жүйке жүйесі ағзаларының жасқа байланысты морфологиясы презентация

Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім -Жүйке жүйесінің гистогенезі -Жүйке жүйесінің қызметтері -Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері -Жасқа байланысты нейрондардың қалыптасуы. Қорытынды Қолданылған әдебиеттер

Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Морфология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: “Жүйке жүйесі ағзаларының жасқа байланысты морфологиясы”
Орындаған:

Хуатбек С 1001-группа стоматология
Тексерген: Койшиманова У.С

Қарағанды 2017


Слайд 2Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
-Жүйке жүйесінің гистогенезі
-Жүйке жүйесінің қызметтері
-Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері
-Жасқа байланысты нейрондардың

қалыптасуы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Слайд 3Кіріспе
Жүйке жүйесі организмдегі барлық тіршілік үдерістерін реттеуді

және оның сыртқы ортамен әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Анаомиялық тұрғыдан орталық және шеткері жүйке жүйелерін ажыратады. Біріншісіне бас миын және жұлынды жатқызады, екіншісі шеткері түйіндерін, жүйке бағандарын және жүйке ұштарын біріктіреді. Жүйке жүйесінің эмбрионалдық гисто- және органогенезінде мидың әр түрлі бөліктерінің дамуы әр түрлі жылдамдықпен (гетерохронды) өтеді. Орталық жүйке жүйесінің каудалды бөліктері (жұлын, ми сабауы) ертерек пішінделеді; бас миының құрылымдарының толық қалыптасу уақыты қатты толқиды. Бас миының бірқатар бөліктерінде бұл нәресте туғаннан кейін өтеді (мишық, гиппокамп, иіс сезу буылтығы), мидың әрбір бөлігінде нейронның популяциясының қалыптасуының кеңістіктік-уақыттық градиенттері болады, олар жүйке орталығының уникальды құрылылым түзеді.

Слайд 4Жүйке жүйесінің гистогенезі
Эмбриогенез нәтижесінде эктодерманың дорсальді қалыңдауынан – жүйке

табақшасы дамиды, ол иіліп науашық түзіп, жүйке түтікшесіне айналады. Жүйке түтікшесінен жоғары орналасқан жасушалар ганглиозды табақша мен жүйке айдаршасын түзеді.
Жүйке түтікшесінен нейроциттер мен бас миы мен жұлынның нейроглиясы дамиды.
Ганглиозды табақшадан – ганглийдің нейрондары мен нейроглиясы дамиды.
Ми көпіршесінің 5 кезеңі:
Үлкен ми жартышарлары
Аралық ми
Ортаңғы ми
Артқы ми
Сопақша ми

Слайд 5Жүйке жүйесінің қызметтері
Ағзаны ішкі және сыртқы ортамен байланыстыруды қамтамасыз етіп,сыртқы

әлемді немесе мүшелердің жағдайын бейнелеу.
Ағзадағы барлық ерекше үрдістерді реттеу және басқару.
Маманданған мүшелердің қызмет атқаруы барысында арақатынасын қамтамасыз ету.
Мүшелер жүйесін тұтас ағзаға біріктіру.
Жоғары жүйке қызметін атқару,яғни түйсіну,болжау,жаналық ашу сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.


Слайд 6Жұлын
Жұлын - орталық жүйке жүйесіне жатады. Жұлын цилиндр пішінді омыртқа

жотасының өзегінде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 34-38 г. Жоғарғы шеті сопақша мимен жалғасады, төменгі шеті екінші арқа омыртқаға дейін созылын жатады. Жұлынның алдыңғы және артқы жағында ұзынынан созылған тік жүлгелері болады. Ол жұлынды оң және сол жақ жартыға бөліп тұрады. Жұлынның дәл ортасында іші жұлын сұйықтығына толы жұлын өзегі бар. Өзектің айналасында пішіні көбелекке ұқсаған жұлынның сұр заты бар. Сұр заттың сыртын ақ заты қоршап жатады. Сонымен жұлын құрылысында ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлынның қызметі: рефлекстік және өткізгіштік.


Слайд 8Перифериялық нервтер
Миелинді және миелинсіз талшықтардың дәнекер тінімен байланысқан қабаттарынан

тұрады.
Жүйке талшықтары арасында эндоневрий, жүйке шоғырлары периневриймен жабылған, сыртынан эпиневриймен қапталған.

Слайд 10Балалардағы жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Балалардағы ОЖЖ-нің негізгі ерекшелігі дамуының толық

жетілмеуімен сипатталады. Баланың жұлыны туар кезде бас миының дамуымен салыстырғанда жақсы дамыған. 7 жасқа дейін ми қабы және ми асты қабының клеткалық құрамы қарқынды дамиды. Әсіресе алғашқы екі жылда бас миының көлемі ұлғайып,организм қызметінің артуы байқалады. Жалпы жүйке жүйесінің үдемелі өзгерісі 20-25 жасқа дейін жалғасады.

Слайд 12 Ерте постнатальды кезендегі жүйке жүйесінің өзгерістері оның жетілуімен байланысты

өтеді. Нәрестенің ми қыртысында орналасқан нейрондарының ядро мен цитоплазмасының арақатынасы өте жоғары болады. Бала өскен сайын бұл көрсеткіш төмендей бастайды, өйткені жасушаларда цитоплазманың үлесі артады. өзгерістер 6ipiншi болып қыртыстың екінші және төртінші қабаттарында орныққан пирамидалық нейрондарда байқалады. Түйіршік-жасушаларда, кiші пирамидалық нейрондарда аталған өзгерістер баяу дамиды. Уақыт алға озған сайын синаптикалық байланыстардың саны да өседі. Нәрестеде бас миы қыртысының кейбір алаңдарында, мысалы маңдай және самай иірімдері аймағында, аксондардың миелинді кабаттары болмайды. Олар бала туғаннан кейін бipaз уакыттан соң пайда болады. Жүйкелік талшықтар мен глияның мөлшері балаларда бipтe-бipтe арта бастайды.


Слайд 13Нейрондардың қалыптасуы
Балалардың бас ми нейрондары туғаннан кейін қалыптасады Туған кезде

үлкен ми жарты шар қыртысы нейрондары нейроглио-тамырлық байланыста болады. Бірақ көптеген нейрондар дұрыс емес формалы, өсінділері айқын емес, мөлшері кіші болады. Глиальды жасушалары ұсақ, қан тамырлары жұқа, капиллярлы торы сирек болады.

Слайд 14Жасқа байланысты нейрондардың қалыптасуы
1-жаста бас ми нейрондарының жұлдыз және пирамида

тәрізді блып түрленуі жүріп үлкейеді, дендрит -аксонды арборизациясы вертикал бағытта дамиды.
3-жаста нейрондардың топтасқан байланыстары анықталады. Вертикалды дендритті,радиалды шоғырлар қалыптасады.Аксондық коллатерилда-рын вертикалды бағытта таралатын ұршыққа ұқсас жұлдызшалы нейрондар көбейеді.
5-6 жаста нейрондардың полиморфтілігі жоғарылайды, олардың қызметтік мамандануы жүреді, ішкі горизонталдық байланыстар күрделеленеді.

Слайд 159-10 жаста жасушалық топтар көбейеді,мқысқа аксонды нейрондардың құрылымы біршама күрделеніп, әр

түрлі қыртыстық аймақтардың ансамлбльдерінде анық құрылымды вертикалды колонкалар түзейтін,барлық типті интернейрондардың аксондық коллатералдарының торы кеңейеді.
12-14 жаста ансамбльдерде пирамидалық нейрондардың маманданған түрлері өте анық ажыратылады, интернейрондардың барлық түрлері саралануының жоғары шегіне жетеді;барлық ансамбльдерде талшықтардың меншікті көлемі жасушалық элементтердің меншікті көлемінен бірталай жоғары; қыртыс ішілік артериялардың диаметрі және қабырғаларының қалыңдығы әжептәуір өседі.
18 жаста қыртыстың ансамбльдік құрылуы өзінің артитектоникасының негізгі параметрлері бойынша ересектердің деңгейіне жетеді.



Слайд 17Қорытынды
Жалпы адам ағзасының белгілі бір реттілікпен өзіне тән қызметінің

реттеліп отыруы өздігінен жүзеге аспайтыны анық. Оларды басқарып отыратын жүйке жүйесінің де адамның жасының өзгешелігіне байланысты дамуы әртүрлі. Яғни соған байланысты өз жасына байланысты қызметтерін атқаруы жүреді олар жоғарыда айтылғандай нәрестелерде немесе ересектерде әр түрлі.

Слайд 18Қолданылған әдебиеттер
Ю.И.Афанасьев, Н.А.Юрина , қазақ тіліне аударғандар және жауапты редакторлары м.ғ.к.

Р.Ж.Есимова, м.ғ.к. К.Т.Нурсейтова “Гистология, эмбриология, цитология”, издательская группа «ГЭОТАР-Медиа», Мәскеу 2014 – 304-343 бб.
Ж.О. Аяпова “Цитология, эмбриология және гистология”, “Кітап” баспасы, Алматы-2007




Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика