Жүктілік кезіндегі герпес инфекциясы презентация

Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1. Герпес кезіндегі клиника, диагностикасы 2. Герпестің емі 3. Жүктілікке әсері ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1

Жүктілік кезіндегі герпес инфекциясы



Орындаған: Шермамедова Ш.Б.

Тексерген: Пулатова Л.А.




 Астана – 2015ж.

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ №1 АКУШЕРИЯ ЖӘНЕ ГИНЕКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ


Слайд 2
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Герпес кезіндегі клиника, диагностикасы
2. Герпестің емі
3. Жүктілікке

әсері
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер


Слайд 3Herptsviridae тұқымдас вирустармен тудырылатын, контактілі, аэрогенды және жыныс қатынас арқылы жұғатын,

көбінесе тері мен шырышты қабаттарын зақымдап, латентты, локальды және генерализденген клиникалық түрлерінде өтетін кең жайылған антропонозды жұқпалы ауру. Қазіргі күнде анықталған герпесвирустардың саны 80-нен астам, оның ішінде 8-і адам организмінен бөлінген, қалғандары әр түрлі жануарлардан. Адамдардың инфекциялану көрсеткіші 80-90%-ке дейін жетеді. Көбінде-латентты түрінде өтеді (антиденелер анықталады. HSV-антиденелер 70-100% адамдарда, Энштейн Барр вирусқа 25%, CMV-қа 60%, АИВ-ауруында герпесты инфекция-ең жиі кездесетін оппортунистикалық инфекция). Жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың ішінде ІІ-ІІІ орын алады. Герпесвирустар биологиялық қасиеттері бойынша 3 үлкен топқа бөлінеді: α, β, γ (Aephaherpes-vieinae, Betaherpesvirinae, Yamma-herpesvirinae). Олардың ішінде вирустар тип бойынша бөлінеді: Адамдар арасында кең таралған І,ІІ типтері (α) –HSV-1; HSV-2 (simplex-қарапайым);

Слайд 5Жүктілерде біріншілікті және рецидивті түрі болады
Рецидивті герпес
Kөбінесе тері зақымымен өтеді. Типті

түрінде ауыз-мұрын маңайында орналасады, бірақта терінің басқа жерлерін де зақымдау тиіс. Көбінде рецидив кезінде бөртпелер бір орнында шыға береді, кейбірінде орын ауыстыруымен өтеді. Рецидивтердің жиілігі жылына 1-2 реттен 10-20 ретке дейін. Типті түріндегі герпесты бөртпе: гиперемияланған және ісінген тері үстінде тығыз орналасқан көпіршіктер (везикулалар). Бөртпе шығар алдында тері қышып, сыздап, ісінуі, қызаруы жиі болады. Ауырсыну герпесты бөртпелерге тән емес. Көпіршіктер бір аздан кейін жарылады, орнында эрозиялар қалыптасады, лезде қабықшамен тегістеледі. Эпителизация кетіксіз өтеді. Процесстің ұзақтығы 5-7 күн. Кейде субфебрильды қызба, шамалы интоксикация қатарымен жүреді. Маңайдағы лимфа түйіндері үлкеюі мүмкін. Иммунды жетіспеушілігі бар организмде қабыну жаралған түріне айналады. Бұл жағдайда бөртпелер денеге, шаш арасына, аяқ-қолына таралып; жайылған эрозиялар қалыптасып, айқын интоксикациямен өтеді. Атипті түрлері: қарапайым герпестың абортивті ағымы (саусақтардың ұшына), ісікті, зостер тәрізді (алақан мен табандарға папулезды элементтер шығу) Генитальды герпес-жасырын түрінде өтуі тиіс- вирус зәр шығару және жыныс ағзаларда сақталынады. Рецидив кезінде бөртпелер жыныс мүшелеріне шығады, жиі циститпен асқынады, әйел адамдарда генитальды герпес вульвавагинит, цервицит, уретрит, сальпингит, эндометрит түрінде өтуі тиіс. Шырыш қабаттардың зақымдалуы: жедел герпесты стоматит немесе созылмалы рецидивті герпесты стоматит түрінде өтеді. Көбінесе балаларда кездеседі. Көздің герпесты зақымдары недәуір жиі кездесуде, кератоиридоциклиттер (кератаувеит), иридоциклит, увеит, хориоретинит т.б.
ОЖЖ зақымы- келесі түрлерінде өтуі тиіс: субклиникалық, герпесты менингит, әлсіз диффузды энцефалит, ауыр диффузды менингоэнцефалит, соңы қолайсыз локальды энцефалит
Перифериялық жүйке жүйенің зақымы: ганглионит, ганглионеврит, радикулоневрит, полинейропатия түрінде өтеді. Висцеральды түрлері: герпесты гепатит, ас қорыту және тыныс жолдарының зақымдалуы. 80-%-те өліммен аяқталады.

Слайд 8Патогенезi мен патанатомиясы
Oрганизмге вирус тері және шырыш қабаттар арқылы түседі. Орналасатын

жері: паравертебральды сенсорлы ганглийдердің клеткаларында (өмір бойы сақталады). Аксондар арқылы вирус тері және шырыш қабаттарға түсіп – типті везикулезды бөртпелер тудырады (эпителиальдар клеткалардың тікенекті қабаттын баллон тәрізді дегенерализация және бөліну себебінен). Везикулалардың іші фибринозды сұйықтыққа және сызылған эпителиальды клеткалармен толады. Репликация – 10 сағаттай өтіп, одан кейін вирус қанға шығады. Организмде иммунды жетіспеушілік айқын болса, онда инфекцияның генерализденген түрі дамиды (ішкі ағзалардың-ОНЖ, бауыр, бүйрек т.б., - зақымымен). Вирусқа қарсы қорғаныста микрофагтармен интерферонның әсері маңызды роль атқарады. Инфекцияның ерекше түрі – туа біткен герпес. Трансплацентарлы жолымен жұқса – плацентит дамып, бала герпесты инфекция көріністерімен шала не өлі туады. Интранатальды түрінде жұқса (анада генитальды герпес болғанда)- көбінесе тері шырыш зақымдалу, сиректеу генерализденген түрі болады. Перинатальды герпес 3000-30000 туған балалардың біреуінде кездеседі.

Слайд 9Герпесті инфекция клиникалық көріністері:
Кең тараған түрі қарапайым герпес Элементтері жиі

ауыз айналасында, ерін шетінде, құлақ маңында Алғашында бөрпелердің орнында қызу, шаншу сезімі, сосын қызарып ісінеді, тері және шырышты қабаттарда везикула пайда болады (0.1-0.3 см) 1-2 аптаға созылады, қызба, жалпы әлсіздік, аймақтық лифма түйіндер улкейген. Көпіршік ішінде серозды сұйықтық, басқа ауру қосылса іріңді болады 3-5 күннен кейін серозды сұйықтық жарылып қабыршақтанады 7-9 күннен кейін іссіз жазылып кетедіАқпарат көзі:

Слайд 10Диагностика. 
Анықтау әдістері: Цистоскопиялық- жағындарды Романовский Гимзе бойынша бояу, ЦПД ны табу

үлкен көп ядролы клеткалар, вакуолизация, ядролардың қосылуы, Каудри денешіктері байқалады;Вирусологиялық — тауық эмбриондарына жұқтыру, ИФ, ИФА, ПТРЭкспресс әдістері иммунохимиялық , биохимиялық, молекулярлы биологиялықСеродиагностика

Слайд 11Қорытынды
Герпестің көрінуі немесе адам ағзасында болмауы вирус тасушы адамның иммундық жүйесіне

және жалпы денсаулық жағдайына қатысты болады. Осылайша қарапайым герпестің (ерінге шығатын ұшық сияқты) белгілері көбінесе ӨРВИ, тұмау немесе имунитетті әлсірететін басқа аурулардан кейін туындайды.  Герпестің вирусы ағзаға бір рет кіріп алып, сонда мәңгіге қалып қоятын вирустарға жатады. Адам өзін-өзі күтіп, иммунитетін қалыпты ұстап, салауатты өмір салтын сақтаса вирус аурудың клиникалық белгілері көрінбеуі де мүмкін.  Олар өзара өте ұқсас және ағзаға түскенде белгілері бірдей болып келеді.

Слайд 12Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Милованов А.П., Никонова Е.В., Кадыров М., Рогова Е.В. Функциональная морфология

плацентарного ложа матки. // Архив патологии.- 2005. - Т.57.- №2.- С.81- 85.
2. Савельева Г.М., Шалина Р.И. Современные проблемы этиологии, патогенеза, терапии и профилактики гестозов. //Акушерство и гинекология.- 1998.- №5.- С. 6-9.
3. Зильбер А.П. Интенсивная терапия в акушерстве и неонатологии.- Петрозаводск.-2007.-с.70-84.
4. Кулаков В.И., МурашкоЛ.Е., Бурлев В.А. Клинико-биохимические аспекты патогенеза гестозов//Акушерство и гинекология -2000.- №3. - С. 3


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика