Слайд 1Улану — әр түрлі физиологиялық функцияларының бұзылуының тудыруы және өмірге қауіп тудыруы
мүмкін экзогенді химиялық теле ұстап адам немесе жануар әсер нәтижесінде дамыту патологиялық процестер.
Слайд 2Сірке қышқылымен улану сақтау ережелерін орындамауға байланысты жиі кездеседі. Қышқылдармен уланғанда
қышқыл əсер еткен жергенде тіндер күйіп қалады. Қышқылдардың жəне тіндердің ыдырау өнімдерінің сіңуі жалпыуыттық əсер көрсетеді. Аздиссоциацияланатын органикалық қышқылдармен уланғанда резорбтивтік əсер айқын, ал диссоциация константасы жоғары қышқылдар көбінесе жергілікті зақымдалу симптодарын туғызады. Асқазан мен онекіелі ішектің шырыштық қабықтарының күюі жəне зақымдалуы сұйықтық мен электролиттерді көп жоғалтуға алып келеді, құсу мен іш өту дамиды. Тамырлық қабырғаның зақымдалуы қанның сұйық бөлігінің тінге шығуын жоғарылатып, гиповолемияны күшейтеді.
Слайд 4Диссоциацияланбаған сірке қышқылы қанға түскенде эритроциттердің гемолизін тудырады, олардан гемоглобин босап
шығып, сірке қышқылының əсерінен гем мен глобинге ыдырайды. Эритроциттердің мембраналары бүйректік өзекшелерді тығындап, фильтрациялық қызметін бұзып, жіті бүйректік жетіспеушілік дамиды. Токсикогендік саты (күйдіретін удың организмге əсерінен дамитын патологиялық реакциялар), соматогендік саты (басым жағдайда күйдіретін уды организмнен аластағаннан кейін дамитын патологиялық реакциялар) ажыратылады.
Слайд 5Клиникалық көріністер
Жергілікті: химиялық күюдің нəтижесінде, көбінесе асқазан-ішек жолдарының, сонымен қатар тыныс алу
жолдарының қышқыл буларымен дем алғанда немесе қышқылдардың аспирацияланған құсықпен түскендегі химиялық күюі. Химиялық күюлер ағымы кезеңдерге бөлінуімен сипатталады.
Бірінші кезең – түрлі тереңдік пен көлемдегі жіті зақымдалу (уланудың бірінші аптасы), коагуляциялық өліеттену – 24-48 сағ.
Екінші кезең – грануляциялық тіннің түзізуі (алғашқы екі апта), бұл кезеңде күйген беткейдің перфорациясы даму мүмкіндігі жоғары.
Үшінші кезең – тыртық немесе стриктураның түзілуі.
Фиброздың тіні 2-4 апта өткеннен кейін дами бастайды.
Слайд 6Жалпы көріністер: күйдіретін удың резорбтивтік əсеріне, оның гемолиздік қабілеттілігі, асқазан-ішек жолдары, тыныс
алу жолдарының шырыштық қабығының, əрі тамырлық қабырғаның жасушалық жарғақтарын бұзу қабілеттілігі.
Слайд 7Асқынулар: уыттық сатыда (1-2 тəул.) - гипотензия, экзотоксикалық шок (қанның сұйық бөлігінің
жасушааралық кеңістікке шығуы), асқазан-ішек жолдарында ерте алғашқы қан ағулар (тамырлық қабырғаның зақымдалуы, уланудың алғашқы сағаттары), ерте екіншілік (1-2 тəулік, тромбтардың лизисі), көмейдің ісінуі, тесілуі (жергілікті химиялық күюді одан сайын тереңдететін биологиялық белсенді заттардың шығуы), өкпенің ісінуі (альвеолярлық-қылтамырлық қабырғаның зақымсдалуы, биологиялық белсенді заттардың шығуы, қанның сұйық бөлігінің шығуы).
Соматогендік сатыдағы асқынулар: 3 тəуліктен кейін, асқазан-ішек жолдарынан қан ағулар, трахеобронхиттер мен пневмониялар, жіті бүйрек-бауырлық жетіспеушілік (жіті гемоглобинуриялық нефроз), коагулопатиялар, өңеш пен асқазанның тыртықтың деформациялары, өңеш пен асқазанның деформация ұшыраған қабырғаларының малигнизациясы.
Слайд 8Шағымдары мен анамнез: лоқсу, құсу, іш өту, жиі қанаралас, жұтқыншақтағы, өңеш бойындағы,
эпигастрийде ауырсыну, тыныс алудың қиындауы, сілекей бөлінудің жоғарылауы, жалпы əлсіздік, шөлдеу.
Слайд 9Физикалық қарап-тексеру: психо-моторлық қозу, экзофтальм, күюдің иекте, мойындағы іздері, гиперемия, ауыз қуысының
шырыштық қабығының, аранның ісінуі, гиперсаливация, айқын құсу рефлексі, терілік жабындының бозғылттығы, құрғақтығы, дауыстың қарлығуы, тыныстың қиындауы, аускультация кезінде өкпеде тыныстың əлсіреуі, өкпе ісінуінде түрлі калибрлі сырылдар, тахикардия, гипотензия, пальпация кезінде эпигастридегі ауыру сезімі, бауырдың үлкеюі, Пастернацкий симптомы екі жақта да оң, гипертермия, іш өту, нəжіс қан аралас болуы мүмкін, олигоанурия.
Слайд 10Лабораторлық зерттеу: қан мен несепте гемолиздің анықтамасы, эритроциттердің, гемоглобиннің азаюы, трансаминазалардың, азот
алмасу өнімдерінің, билирубиннің көбеюі, электролиттер деңгейінің төмендеуі, гипо жəне гиперкоагуляция белгілері, несепте белоктың, жаңа жəне өзгерген эритроциттердің болуы, лейкоциттердің көбеюі.
Слайд 11Иснструменталдық зерттеулер: ФГДС 1-10 күн - катаралдық, катаралдық-фибриноздық қабыну, АІЖ эрозивтік, эрозивтік-ойық
жаралық зақымдалулар, кең көлемдік қанкетуілер, қан ағулар, ойық жаралық-өліеттенулік зақымдалулар.
11-12 күн - грануляциялық тіннің дамуы, уланудан кейін 2-4 айдан кейін өңештің кеуделік жəне төменгі бөлігінің тыртықтық деформациясы
Слайд 12Сілтімен улану және сілтімен улану кезіндегі алғашқы медициналық көмек
Слайд 13Сілтілермен улану: көбінесе нашатыр спиртімен улану кездеседі. Сілтілер шырышты жəне жасушалардың белоктық
субстанциясын ерітеді, майларды байланыстырып, сілтілік альбуминаттарды түзеді, тіндерді жұмсартып, удың терең қабаттарға сіңуіне жағдай тудырады. Сілтілер өңеште терең күйіктер қалдырады, ал асқазан қышқылдармен уланғанға қарағанда асқазандық сөлдің бейтараптаушы əсеріне байланысты шамалы ғана зақымдалады. Резобрция сатысы 0,5-2 сағат.
Слайд 14Сілтілер деп- құрамында гидроксид байланысы бар химиялық қосындыларды айтамыз.Олар суда ерігенде
көп молшерде жылу бөледі.Өндірісте және тұрмыста кең қолданылады.
Слайд 15Клиникалық көріністер: негізінен жергілікті көріністерге байланысты. Шырыштық жəне шырышастылық қабаттардың ісінуі, шырыштық
қабықтың десквамацияға ұшырауы, зақымдалмаған тіндерден айқын шекараның болмауы. Организмнің қышқыл-сілтілік жағдайының бұзылыстары дамуы мүмкін
Слайд 16Сілтілермен уланғанда өте қауіпті күйіктер туғызады,ағзаның түгел дерлік қызметі төмендейді
Слайд 17Асқынулар: уыттық сатыда - қан ағулар, жоғарғы тыныс алу жолдарының обструкциясы, өңештің
перфорациясы, медиастениттің дамуы, асқазанның перфорациясы мен перитониттің дамуы, сепсис. Соматогендік сатыда - өңеш стриктураларының дамуы, асқазанның қақпалық бөлігінің стенозы, байламүстілік кеңістіктің фиброздық өзгерістері, уланудан кейінгі кеш кезеңде ісіктің (аденокарцинома) дамуы
Слайд 18Шағымдары мен анамнез: лоқсу, құсу, қан ағулар кезінде қанмен құсу, жұтқыншақтағы, өңештің
бойында, эпигастрийде өте қатты ауыру сезімі, жалпы əлсіздік, бас айналу, тыныстың қиындауы.
Слайд 20Физикалық қарап-тексеру: ауыз қуысының, аранның, көмейдің шырыштық қабығының ісінуі, шырыштық қабықтың беткейі
борпылдақ, зақымдалған беткей сілікпетəрізді, шынытəрізді, зақымдалмаған тіндермен айқын шекара жоқ, қанаралас құсулар, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну, өкпеде аускультация кезінде тыныстың əлсіреуі, құрғақ жəне ылғалды сырылдар, тахикардия, ауырсыну шогы.
Слайд 21Лабораторлық зерттеулер:
- лейкоцитоз (бактериялық инфекция қосылса);
- метаболиттік ацидоз.
Инструменталдық зерттеу: ФГДС (əрбір нақты
жағдайда өңеш пен асқазан қабырғасының перфорациясы қауіпі болғандықтан мұқият талданады). ФГДС кезінде колликвациялық өліеттену көріністері анықталады.
Слайд 22Негізгі диагностикалық шаралар:
- қанды жалпы талдау;
- несепті жалпы талдау;
- калий деңгейін
анықтау;
- натрий деңгейін анықтау;
- қышқыл-сілтілік жағдайды анықтау;
- ФГДС.
Қосымша диагностикалық шаралар:
- өкпе рентгенографиясы;
- іш қуысы ағзаларын УДЗ;
- өңеш, асқазан рентгенографиясы;
- ЭКГ;
- қан диастазасының деңгейін анықтау;
- несеп диастазасының деңгейін анықтау;
- креатинин деңгейін анықтау;
- қалдық азот деңгейін анықтау;
- трансаминазалар деңгейін анықтау;
- гликемия деңгейін анықтау;
- билирубин деңгейін анықтау.
Слайд 23Алғашқы көмек
-Дереу дәрігер шақыру
-Егер сілтінің ерітіндісі тері қабаттарында болса,сол аймақты таза
сумен жуу қажет.Зардап шегушінің киімін шештіру керек,киім мен сілті қалдығы теріге жанасып қалмауы үшін.
-Ауру сезімін басатын дәрәлер беру қажет,шокты алдын алу үшін.
-Науқасты үнемі бақылауда ұстау керек.
Егер сілті көзге түссе,көзді көп мөлшерде салқын сумен тазалап , новокаин ерітіндісін тамызу керек.
Слайд 25Емдеу мақсаты:
1. Интоксикация симптомдарын тоқтату.
2. Зақымдалған ағзалар мен жүйелердің қызметін қалпына
келтіру.
Дəрі-дəрмектік емес ем:
- уыттық сатыда жəне соматогендік сатыда асқынулар дамығанда төсектік тəртіп;
- диета: жеңіл күю кезінде - 1-нші апта - стол №1а Певзнер бойынша, кейінгі 2 аптада - стол №1. Асқазанның орташа дəрежедегі күюінде алғашқы 2 аптада - стол №1а, 3-нші апта - стол №1б, ауруханадан шыққаннан кейін (15-20-нші күн - стол №1, 2-3 апта бойы).
Ауыр дəрежедегі күю: алғашқы күндері – парентералдық тамақтандыру немесе энтералдық зондтық, 5-7-нші күні жұтыну қалпына келгеннен кейін: сүт, кілегей, жұмыртқа, кисель, сілікпе, балмұздақ, одан кейін 2-3 апта – стол№1а, əрі қарай №1б (1-2 апта), (Е.А. Лужников, Л.Г. Костомарова , 2001 ж.).
Теріге тигенде көп мөлшердегі сумен жуу, сілті теріге тигенде – сірке немесе лимон қышқылдарының 5% ерітінділерімен жіі, сілті көзге түскенде сумен 5 минут, əрі қарай антрий хлоридінің изотониялық ерітіндісімен жуу, калий перманганатымен уланғанда – ауыз қуысын аскорбин қышқылының 1% ерітіндісіне малынған салфеткамен 2-3 рет өңдеу.