Төтенше жағдай кезіндегі дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі (мұзда, суда) презентация

Мұз үстіндегі қауіпсіздік және өзін-өзі құтқару туралы ақпарт

Слайд 1Төтенше жағдай кезіндегі дәрігер келгенге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі(мұзда,

суда) «Жедел жәрдем - 103» 

Слайд 2


Слайд 3Мұз үстіндегі қауіпсіздік және өзін-өзі құтқару туралы ақпарт


Слайд 4Мұзда жүру ережелері.
- жұқа, қатаймаған мұзға шықпаңыздар;
- тік жарлардан  жұқа

мұзға шаналармен, шаңғылармен сырғанақ теппеңіздер;
- мұздағы жарықтарға, ойықтарға, шұңқырларға жақындамаңыздар;
- мұздың жеке бөліктерінде топтасып жиналмаңыздар;
-  мұз үстімен тыйым салынған жерлерде жүрмеңіздер;
- мұзды аяқпен теппеңіздер.
Мұзбен жүрмей тұрып, оның беріктігіне көз жеткізу керек. мұздың беріктігі сүйменмен тексеріледі.
Берік мұз 2-3 соққыдан кейін ғана тесіледі.
Мұзда топпен жүргенде, бір-бірінен 5-6 метр қашықтықта жүру керек.

Слайд 5 Мұз үстімен өтуге бір адамға - 4-5 см, екі адамға –

8 см, ал 6-7 адамнан құралған бір топ адамға мұз қалыңдығы – 12-14 см болу керек

Слайд 6Толықтай қауіпсіздік үшін мұз қалындығы 12 сантиметрден кем болмауы тиіс. Мұздың орнықтылығын көзбен анықтауға

болады:
1.     Мұздың көгілдір түсі  – орнықты;
2.     ақ – орнықтылық 2 есе төмен;
3.     мұз ақшыл және сұр немесе сарылау болып келсе, ол орнықсыз.

Слайд 7Сіздің астыңызда мұз жарылса
Барлық жағдайда өзіңді ұстау, үрейленбеу. Мұз бөлінген жағдайда

қолыңды екі жаққа созып, мұзға кеудемен немесе арқамен аяқты созып жатуға тырыс. Мұз үстіне алдымен бір аяқты, содан кейін екінші аяқты салу керек. Құлаған жерден алысқа қарай кетуге тырысыңыз. Егер мұз әлсіз болса, мұздың қалың жеріне дейін сындыруға тырысу керек. Онымен қатар бар дауыспен көмек шақыр.


Слайд 9Егерде мұз ортасына келгенде жарылса
Мұзды аяқпен теуіп, тексеруге болмайтынын ұмытпаңыз. Егер,

бірінші тепкіден аз мөлшердегі су көрінсе немесе мұз бетінде аз-кем жарықшалар пайда болса, мұз жұқа және оның үстімен жүруге болмайды дегенді білдіреді. Бұл жағдайда міндетті түрде судың жағасына келген ізіңізбен кері қайтыңыз. Аяғыңызды иық тұсымен мұздан алмай, жеңіл адымдап жүріңіз, себебі, күш бір нүктеге түспеуі керек.

Слайд 10Егер Сіз мұз астына құлап кетсеңіз
Адам суға түсіп кеткен жағдайда ауыр

заттардан құтылу керек.
сасқалақтамаңыз,  жоғарыда (судың бетінде) қалау үшін дереу екі қолды мұз үстіне жазып жіберіңіздер. Көмекке шақырыңыздар. Сіздің денеңіз бен киім арасындаға ауа сізді қандай да бір уақыт ұстап тұратынын естен шығармаңыздар. Мұздың жиегіне арқаға жатып, жиектің қарама-қарсы жағына оң аяқпен тіреліп, сол аяқты жігермен мұзға шығарыңыз. Мұзға шыққаннан соң, келген жағыңызға қарай еңбектей жылжыңыз.

Слайд 11Мұздай» судағы адамның әрекеті
Есте сақта: нөл көлеміндегі судағы температура, ауадағы төмен

температурадан да қауіпті.)
Парадокс: суда аз қозғалуға тырыс, белсенді қозғалған жағдайда ағзадан жылу тез бөлініп, тез тоңазып қалуға себеп болады.
Есте сақта: қатты қалтырау, аяқ-қолдың ауырсынуы, адам өміріне қауіпті емес.Өлімге барлық ағзаның тоңазып қалуы себеп болады. Суда қозғалмау, тірі қалу мерзімін көбейтеді.

Слайд 12Мұз астына түсіп кеткендерге құтқару көмегін көрсету жолдары(құтқарушылар)
Зардап шеккен адамға көмек

берер алдында құтқарушылар төмендегі ережелерді ұстануы керек: 
- жағадан мұзға түспес бұрын баратын жолды анықтап алу қажет;
- тік жардан, шығып тұрған балдыр мен қамыс маңынан, жылы өндіріс сулары су айдынына ағатын жерлерден су айдынының үстіне шығуға болмайды.
-қар қалың жапқан жерлерден айналып өту (ол жерлерде мұз жұқа болады), өзенге құятын сағалардан, ағысы қатты жерлерден айналып өту қажет;
- жағадан мұз үстіне абайлап шығу, себебі екеуінің арасында жарық болуы мүмкін.


Слайд 15Егерде сіз суға батып жатқан адамды көрсеңіз. Егер көмекті сіз көрсету

керек болсаңыз

Біріншіден құтқарушыларға звондау
Екіншіден жақын маңайдағы адамдарды көмекке шақыру
Мұз жарылған жерге тұрып келмей, қолыңызды, аяғыңызды екі жаққа созып ішпен жорғалап келу керек, немесе тақтайға сүйену керек.
Зардап шеккен адамға келген жағдайда оған жіп, тросс, шарф, күртеше, және т.б. лақтырыңыз. Зардап шеккен адам берілген затты ұстаған жағдайда оны өзіңе қарай тарт.
Топ адамдар арасында батып бара жатқан адамға, бір адам немесе екі адам көмек көрсетеді. Мұз шетіне адамдардың жиналуы өте қауіпті. Құтқару жарағы болмаған жағдайда бірнеше адамға, мұзға жатып, аяқтарынан (бірінің артынан бірі)тізіліп ұстанып, зардап шегушіге көмек көрсету керек.


Слайд 16Судан құтқарып алып шыққан адамға көмек
Құтқарылған адамға мүмкіндігінше құрғақ киім және

аяқ киім кигізуге, немесе су киімді сығып киіндіруге тырыс.
Тәтті тағам бер(қант, тосап, шоколад т.б.). Тез жылыну үшін қол-аяғын серметіп, қозғалуын қадағала.
Жағаға от тұтатып, палатка шатырға (қардан, мұздан жасалған орынға) отырғыз.


Слайд 18Адамдардың сынып кеткен мұзға әрекеті
Сабырлық сақтау, үрей туғызбау, және де жамандық

туралы ойламау. Топта басқаларды сабырлыққа шақыру. Айғаймен, қол сермеумен, факелмен және т.б. әдістермен айналадағылардың көңілін аударуға тырыс. Су болып қалған киімді де шешпеу керек, өйткені ол ағзаны қатты тоңудан сақтайды. Сабырлықпен көмек тосып және өзіңді сақтап қалуды ойла. Топ ішінде шу көтермей, барлық жасаған әрекетті ойланып, ұйымдасып жасауға тырыс.

Слайд 20Судан зардап шекен адамға көмек
Есте сақтаңыз! Зардап шеккен адамды тыныс алуы

тоқтағаннан соң 5-6 минут ішінде өмірге қайтарып алуға болады. Ол үшін:
- басын бір жаққа бұрып, ауызын құм мен лайдан тазалаңыз;
- тез арада тыныс алу жолдары мен асқазанынан суды шығарыңыз;
- тыныс алу мен жүрек қағысын тексеріңіз. Жүрек қағысы болмаған жағдайда «ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды тыныс алғызуға кірісіңіз;
- жасанды тыныс алдырумен қатар жүрекке сыртқы массаж жасалады.


Слайд 21
Мұздай суда 10-15 минут болу адам өмірі үшін өте қауіпті!
Мұз үстінде

уақытылы қабылданған сақтық шаралар сіздерді қайғылы жағдайдан сақтайтынын есте сақтаңыз.
Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика