Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулар презентация

Содержание

Қоршаған орта немесе тұқымқуалаушылықпен детерминацияланған аурулармен қатар тағы да үлкен және нозологиялық жағынан әртүрлі аурулар тобы бар, олардың дамуы белгілі бір тұқымқуалайтын факторлардың және орта факторларының әсерлесуімен анықталады. Аурулардың

Слайд 1Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулар


Слайд 2Қоршаған орта немесе тұқымқуалаушылықпен детерминацияланған аурулармен қатар тағы да үлкен және

нозологиялық жағынан әртүрлі аурулар тобы бар, олардың дамуы белгілі бір тұқымқуалайтын факторлардың және орта факторларының әсерлесуімен анықталады.

Аурулардың бұл тобын тұқымқуалаушылыққа бейім аурулар деп атайды.

Осы аурулардың этиологиясы және патогенезі күрделі, көпсатылы және көп жағдайда түсініксіз.

Слайд 3Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулардың негізіне адам популяциясының фермент, құрылымдық және транспорттық белоктар,

Ад бойынша кең генетикалық балансталған полиморфизмі жатады.

Адам популяциясында 25-30 % -дан кем емес локустар екі және одан көп аллелдермен көрсетілген.

Сәйкесінше, аллелдердің жеке комбинациясы көптүрлі.

Олар физикалық ерекшелігі, қабілеттілігінде ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаның патогендік факторларына ағзаның реакциясы кезінде байқалатын әр адамның генетикалық бірегейлігін қамтамасыз етеді.

Слайд 4Тұқымқуалаушылққа бейім аурулар орта факторларының қоздырушы әрекеті кезіндегі сәйкес генотипке ие

адамдарда пайда болады.

Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулар полигендік және моногендік негізге ие болуы мүмкін.

Слайд 5Моногендік тұқымқуалауға бейімділік бір генмен анықталады, яғни осы геннің патологиялық мутациясымен

баланысты, бірақ патологиялық мутацияны анықтау үшін сыртқы орта факторы міндетті түрде әсер ету керек, ол негізінен дәл индентификацияланады және осы ауруға қатысы бойынша маманданған ретінде қарастырылуы мүмкін.

Слайд 6Полигенді тұқымқуалауға бейімділік бірнеше гендердің аллелдерінің сәйкес келуімен анықталады.

Әрбір аллель

жекеше түрде патологиялыққа қарағанда қалыпты болады.

Ауруға олардың белгілі бір комбинациясы бейімделеді.

Осы гендердің және олардың аллелдерінің идентификациясы күрделендірілген.

Өзінің патологиялық потенциалын олар бірнеше сыртқы орта факторларының кешенімен бірге көрсетеді.

Бұл мультифакториалды аурулар.

Генетикалық және орта факторларының рөлі осы ауруға ғана емес, сонымен қатар әр ауру үшін әртүрлі.

Слайд 7Тұқымқуалаушылыққа бейім ауруларға мысалдар


Слайд 8Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулардың әрбір нозологиялық формасы шынымен де генетикалық гетерогенді топ

болып табылады.

Жекеше аурулар (мысалы, жүректің ишемия ауруы, асқазан жарасы, қант диабеті) негізінде бір ғана ауру емес, ол клиникалық соңғы көрінісі бірдей аурулар жиынтығы.

Әр топта бірнеше субтиптер болады, олар әртүрлі генетикалық және генетикалық емес себептермен шартталған.

Мысалы, жүректің ишемия ауруының тобы ішінде гиперхолестеринемияның бірнеше моногендік формасына бөлінген.

Слайд 9Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулардың себептері.


Слайд 10Тұқымқуалаушылыққа бейімділіктің үш дәрежесі және орта әсерінің үш дәрежесі шартты түрде

алынды: әлсіз, орташа, күшті.

Әлсіз тұқымқуалаушылыққа бейімділік кезінде және үлкен емес орта әсері кезінде ағза гомеостазды ұстап тұрады және ауру дамымайды, бірақ зиян факторлардың әсері күшейген кезде адамдардың белгілі пайызы ауруға ұшырайды.

Тұқымқуалаушылыққа бейімділіктің үлкен дәрежесі кезінде ортаның сол бір факторлары ауыратындардың көп санының пайда болуына әкеп соғады.

Слайд 11Тұқымқуалауға бейім аурулардың пайда болған кезінде тұқымқуалаушылық пен ортаның мәні.
I,

II, III — тұқымқуалаушылық дәрежесі (әлсіз, орташа, күшті);
1,2,3 — әртүрлі ортаның зиян факторлары;
Айналуы бойынша — ауыратындардың үлесі (%).

Слайд 12Аурудың қарастырылып отырған ерекшеліктерінің бірі - отбасының генетикалық конституциясымен шартталған олардың

белгілі бір отбасындағы жиіліктің артуы.

Слайд 13Гипертониялық аурумен ауыратын отбасының шежіресі.


Слайд 14Атопиялық аурумен ауыратын отбасының шежіресі.


Слайд 15Моногенді формалар

Тұқымқуалаушылықа бейім аурулардың моногенді формасының генетикалық негізі болып жеке

гендердің мутациясы табылады.

Бұл бейімділік аутосомалы-рецессивтік немесе Х—тіркескен рецессивті тип бойынша тұқымқуалайды.

Алайда ауру ұрпақтардың жойылуы буындарда менделевтің тұқымқуалаушы тиіпе сәкес келмейді, себебі тасымалдаушы өмір сүру аралығында «байқалатын» фактормен байланыс жасауы тиіс.

Адам популяциясында тұқымқуалаушы патологияның осы формаларының сақталу себептері сол бір арнайы орта факторларына тасымалдаушының бейімделуінің төмендігіне қарамастан әлі анықталмады.

Бұндай мутациялардың жоғары концентрациясының популяциялық-генетикалық түсінігі гетерозиготалы тасымалдаушылардың осындай орта факторларына толықтай генетикалық бейімделудің сақталуын қабылдауға негізделген..

Слайд 16«Үндемейтін» гендердің патологиялық әсері қоршаған ортаның факторларының әсерінен байқалады.

Осы уақытқа

деін 40-тан аса локустар белгілі, олардағы мутация қосымша жағдай кезінде, яғни нақты әр ген үшін «көрінетін» фактордың әсері кезінде ауруларды тудыруы мүмкін.

Көрінетін сыртқы факторлардың «концентрациясының» айырмашылығы (көбінесе тағам, су, ауа құрамындағы химиялық заттар) бір аурудың бір отбасы арасында әртүрлі түрде көрінуіне әкеп соғады

Слайд 17Полигенді формалар

Тұқымқуалаушылықа бейім аурулардың полигенді табиғатын дәлелдеу үшін 3 негізгі

әдіс қолданылады: клиникалық-генеалогиялық, егіздік және популяциялық-статистикалық.


Слайд 18Тұқымқуалаушылыққа бейім аурулар үшін полигенді тұқымқуалаудың барлық белгілері тән.

1. Популяцияда ауру

жиі кездескен сайын, пробанданың туыстары үшін қауіп жоғары болады және туыстар арасындағы қауіп ауқымындағы айырмашылық көп.

2. Пробанданың ауруы қатты байқалған сайын, оның туысқандары үшін ауру қаупі жоғары болады.

3. Пробанданың туысқандары үшін ауру қаупі жоғары болады, егер ауруға шалдыққан басқа қандас туысы болса.
4. Жынысы бойынша аурудың жиілігінде айырмашылықтар болған жағдайда туысқандары үшін ауру қаупі жоғары болады, егер пробанда аз зақымданған жынысқа жататын болса.

Слайд 19Тұқымқуалайтын бейімдіктің клинико-генеалогиялық дәлелдері

Біршама нақты дәлелдер генеологиялық әдістердің қолданылған 3 тәсілдерінің

ішінде біреуінің көмегімен алынады.

1. Пробандаларды ата-тегінде ауру бар болуына байланысты топтарға бөледі.

Осындай мәліметтер сараптамасы тек ауру пробандаларға жасалады, олардан осы аурумен ауырған туыстарына арналған генеологиялық мәліметтер алған.

Мысалы, гипертониялық ауруы бар адамнан тірі және өлген атан-анасының бары туралы мәліметтер жинайды.

Сосын барлық пробандаларды топтарға бөледі: а) ата –аналарының гипертониялық ауруы жоқ б) ата-анасының біреуі ауруға шалдыққан; в) ата-атасының екеуі де ауруға шалдыққан.

Қорытындысында алынған топтардың сандық салыстырулары жүргізіледі.

Слайд 202. Туыстар арасындағы ауру адамдардың жиілігі ауру пробандалар тобында салыстырылуы мүмкін және

арнайы таңдалынып алынған бақылау тобында салыстырылуы мүмкін.

Клинико – генеологиялық мәліметтерді жинақтау бойынша барлық жұмыстарды туыстық дәрежесі сәйкес келетін туысқандары үшін қатал түрде жүргізеді. Мысалы, көптеген студенттердің ішінен топтың үлкендігіне байланысты екеуін таңдап алады: жара ауруымен ауыратындар және дені сау студенттер.
Одан кейін ата-анасының, бауырларының, әпкелерінің жара ауруларының бары туралы клинико – генеологиялық мәліметтер жинақталады. Сосын, дені сау туыстары мен ауруға шалдыққан студенттердің жара ауруының жиілігін салыстырады.

Слайд 213. Ауру адамдардың отбасындағы аурушаңдықты (жалпылама) осы аурудың популяциялық жиілігімен салыстыруға болады.



Бұндай тәсіл – клинико – генеологиялық және популяциялық – статистикалық әдістердің қисындасуы.

Оны шизофрения, аллергия, ревматизм және т.б аурулардың тұқымқуалаушылық табиғатын зерттеу үшін кеңінен қолданған

Слайд 22Егіздік әдісті тұқымқуалайтын бейімдікті дәлелдеу үшін қолдану

Егіздік әдіс жеткілікті түрде обьективті

және сезімтал әдіс болып есептеледі.

Барлық зерттеулер моно- және дизиготалы егіздердің конкорданттылығын салыстыру жолымен жүргізілді(бірінші нұсқа) .
Егіздік әдістің екінші нұсқасы – бірге және жеке-жеке өскен көпзиготалы егіздердің конкорданттылығын салыстыру – тұқымқуалайтын бейімділігі бар ауруларды зерттеу үшін біраз сезімтал болса да, сәйкес топтардың жоқтығынан қолданылмаған

Слайд 23Аурулардың әртүрлі топтарына арналған егіздік жұптардың конкорданттылығы.


Слайд 24Егіздік әдіспен зерттеудің мәліметтері бойынша жүрек- тамыр ауруларынына бейімдік.


Слайд 25Биология мен медицинаның бірнеше ондаған жылдар арасындағы маңызды сұрақтарының бірі қатерлі

жаңа түзілімдердің табиғаты туралы сұрақтар болды.

Егіздік әдістің көмегімен ісіктің шығу тегіндегі тұқымқуалаудың ролін зерттеді.

Монозиготалы егіздердің төмен конкорданттылығына қарамастан, 30-40 жылдары қатерлі ісіктердің туындауындағы тұқымқуалау бейімдіктерінің белгілі бір мәні тұжырым жасалды.

Егіздік зерттеулер негізінде мынандай қорытынды шығарылды: қатерлі ісіктің туындауында тұқымқуалайтын факторларға қарағанда сыртқы факторлардың (әсіресе, канцерогенді) мәні жоғары .

Слайд 26Кейбір мультифакториалды ауруларға тұқымқұалаушылық бейімділіктің генетикалық сараптамасы


Слайд 27Популяциялық – статистикалық әдістер
Бұндай тәсілдер таралған аурулардың тұқымқуалаушылық бейімділігін дәлелдеуде

клинико – генеологиялық немесе егіздік әдістер сияқты кеңінен қолданылады. Бірақ олар бейімділіктің пайдасына сенімді дәлелдер беруде маңызды болып келеді.

Мысалы, бір популяцияда тұратын әртүрлі жағдайда өмір сүретін немесе жұмыс істейтін адамдардың қандай да бір ауру жиілігін салыстыра отырып, аурудың швғу тегіндегі сыртқы факторладың ролін анықтауға болады.

Басқа да тәсідерді де қолдануға болады. Белгілі бір жерде некелік изоляцияны сақтаған әртүрлі этникалық топтар өмір сүретін аймақтар табылады

Егер де бұл топтардың өмір сүру жағдайы, тамақтануы, айналысатын іс-әрекетінің атауы ұқсас болса , онда зерттелініп отырған аурудың жиілігі әрбір популяцияның гендерінің кешендеріндегі айыршамылықпен шартталады

Некелік изоляцияда бірге тұрып жатқан әртүрлі этникалық топтардың аймағы Әзірбайжанда (әзірбайжандар, орыстар, армияндар), Өзбекстанда (өзбектер, орыстар, тәжіктер), Грузияда (грузиндар, абхаздар) және басқа да мемлекеттер мен республикаларда байқалады.

Популяциялық – статистикалық әдістерді қолдану кезінде топтарды таңдауда аса мұқият болу керек: сыртқы жағдайдал бірдей болуы керек немесе , керісінше, қатаң изоляцияланған этникалық топтарды таңдау керек.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика