Слайд 1
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
Ортопедиялық және балалар стоматологиясы кафедрасы
Тіс протездерін дайындау технологиясы
бойынша дәріс
26
Тістерін толық жоғалтқаннан кейінгі тіс жақ жүйесінің анатомо-функциональді күйі.
Слайд 2мақсаты
Таныстыру :
1. Тістерін толық жоғалтқаннан кейінгі тіс жақ жүйесінің анатомо-функциональді күйімен.
2. Тістердің толығымен болмауы кезінде жақтардың орталық қатынасы туралы ұғыммен.
Слайд 3Соңғы екі антогонист тіс жұлынғаннан кейін альвеолааралық биіктік (тістем) бекітілмеген болады.
Соның салдарынан шайнау бұлшық еттерінің қызметінде өзгеріс пайда болады:
Бұлшық еттердің функциональдық жағдайы әлсірейді.
Орталық нерв жүйесінен келетін импульстар бұзылады.
Тіс бар кезде орталық нерв жүйесінен келетін импульстар периодонт тітіркенуімен жүзеге асады.
Тіс түгелдей жоқ болғанда рефлекторлы тітіркенудің осы бөлігі де жойылады.
Слайд 4Альвеолярлык өсінділердің атрофиясының пайда болуы тістерден айырылғаннан кейінгі функцияның азаюының салдары.
Атрофияның жүру ерекшелігі мынада, жоғарғы жақ сүйегінде көбінесе вестибулярлық жағынан, төменгі жақ сүйегінде оральдық жағынан жүреді.
Слайд 5Буын шыңқыры аздап атрофияға ұшырап, сәл тегістеледі. Буын басы цилиндр сипатын
алады. Төменгі жақ сүйегінің қозғалысы еркіндейді. Қалыпты альвеолааралық биіктікте ауызды ашқандағы буын қозғалысы шарнир тәрізді болады. Азу тісінің қорғаушы қызметі жойылады.
Слайд 6Шайнау бұлшық еттері жұмыс істегенде төменгі жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйегіне
еркін тиеді, буын басы буын дискісін қысып тастайды. Егер де төменгі жақ сүйегін көтеретін бұлшық еттен, көлденең қанаттәрізді бұлшық еттің күші аз болса, онда буын басы буын қуысына терең кіреді.
Слайд 7Кәрілік прогения
Жақтардың прогениялық қатынасы, жақ сүйектерінің терең прогениялық қатынасы кезінде науқаста
байқалады.
Сыртқы сұрпатының өзгеруі.
Сөйлеу қабілетінің өзгеруі.
Шайнау функциясының өзгеруі.
Макроглоссия (Үлкен тіл)
Слайд 8Тістерін түгелдей жоғалтқан науқастардың бет-жақ системасында бет сүйегі мен жұмсақ тіндерінің
атрофиясы тәрізді функциональдық кемтарлық болады. Жақ сүйегінің денесі мен өсіндісі жіңішкеріп, төменгі жақ сүйегінің бұрышы сәл тегістеледі. Мұрын-ерін қатпары айқындалып, мұрын ұшы сорайып, езуі мен қабағы салбырайды. Беттің төменгі 3/1 бөлігі аласарып, бұлшық еттері әлсіреп қарт кейпін киеді.
Слайд 9Жоғарғы жақта үстіңгі ерін үзеңгісінің альвеолярлы өсіндіге бекітілу дәрежесіне көңіл аударамыз.
Жоғарғы жақтың екі бүйірінде ұрт-альвеолярлы үзеңгі орналасқан. Жоғарғы жақ төмпешігінен кейін орналасқан жақсүйек қанаты қатпары, ауызды қатты ашқанда тегістеліп, алмалы протездің бекітілуін әлсіретеді, сондықтан қалып алғанда, протез шеттерін функционалды қалыптағанда осы анатомиялық ерекшеліктерді ескеру керек.
Слайд 10Қатты және жұмсақ таңдай шекарасы “А” сызығы деп аталынады. Ол алмалы
протездің артқы шекарасын анықтағанда көмектеседі: протез шеті осы сызықты 1-2 мм жабуы керек.
Альвеолярлы өсінді төбесінде, ортаңғы күрек тіс маңындағы көлденең қатпарлар алынған қалыпта жақсы бейнеленуі керек. Әйтпесе, протезді пайдаланғанда батып ауру туғызуы мүмкін.
Слайд 11Төменгі жақ сүйегі бұрышының ішкі бетінде ретромоляр аумағы бар. Ол арт
жағынан - алдыңғы таңдай доғасымен, астында - ауыз қуысының астымен, ішкі жағында - тіл түбірімен, сыртқы жағында - төменгі жақ сүйегі бұрышының ішкі бетімен шекаралас. Осы ерекшеліктерді де пайдаланған жөн.
Слайд 12Беттің төменгі бөлігі биіктігінің аласаруы
Слайд 13Беттің үш бөлігі:
а — жоғарғы бөлік;
б - ортаңғы бөлік;
в — төменгі бөлік
Слайд 14Герингер циркулімен беттің төменгі бөлігін өлшеу
Слайд 16Бас сүйегінің профилі: а — тісі бар кезде;
б — тісін
жоғалтқаннан кейін.
Слайд 17Жақ сүйектерінің тістік, базалдық (апикальдық) доғалары
Слайд 18Кәрілік прогенияның пайда болу механизмі.
Тістердің бар кезіндегі альвеолярлық өсінділердің ара
қатынасы. Тістерді жұлғаннан кейін альвеолярлық өсінділер атрофияға ұшырап, жақ сүйектерінде прогениялық арақатынас (штрихталған) пайда болады.
Слайд 19Келлер бойынша тіссіз жақ сүйегінің түрлері:
а — бірінші тип; б
— екінші тип
в – үшінші тип; г – төртінші тип.
а
б
в
г
Слайд 20Литература
1.Бушан М.Г. Патологическая стираемость зубов и ее осложнения. Кишинев, 1979.
2. Копейкин
В.Н. , Демнер Л.М. Зубопротезная техника. М., 1993. с. 197-209.
3. Щербаков.А.С.Гаврилов.Е.Н.Трезубов.В.Н.Жулев.Е.Н. Ортопедическая стоматология.М.Мед. 1998г. 395-411
4.Курляндский В.Ю «Ортопедическая стоматология», М. Медицина, 1977. с. 265-286.
5. Гаврилов Е.И., Щербаков А.С. «Ортопедическая стоматология», М., 1984. 304-309.
6. Хватова В.А., Курляндский В.Ю. К вопросу этиологии и патогенеза неврологических симптомов при снижении "высоты прикуса".
7. Каламкаров Х.А. "Ортопедическое лечение патологической стираемости твердых тканей зуба". М. 1984.
8. Кульманбетов И.А. Влияние света гелий-неонового лазера на течение пародонтита и сахарного диабета в эксперименте. Диссертация канд.мед.наук. Алматы 1983.
9. Гаврилов Е.Н. "Деформация зубных рядов" М. 1984 г.
10. Погодин И.М.,Пономарева В.А.Рувоводство для зубных техников. М.Мед.1994.
11. Копейкин В.Н «Ошибки в ортопедической стоматологии», М., Мед., 1986 .
12.Каламкаров Х.А., Матвеева А.И. Клинические аспекты методики избирательного пришлифовывания зубов при заболевании пародонта. Стоматология 1983 N6 стр. 67.
13. .Рузуддинов С.Р., Телебаева Г. Т. Логико-дидактические структуры в изучении ортопедической стоматологии Алматы, 1995 .
14. Копейкин В.Н. "Ортопедическая стоматология" М.Мед. 1998 г.
15. Криштаб С.И. «Ортопедическая стоматология» Киев. 1986. с. 198-202.
16. И.К. Луцкая Руководство по стоматологии. Ростов на Дону 2002. с.553.
17. Фантомный курс по ортопедической стоматологии. А.П.Коновалов., Н.В.Курякина., Н.Е.Митин
Слайд 21Тексеру сұрақтары (кері байланыс)
Шайнау аппараты биомеханикасы туралы қазіргі көзқарас
Гросс-Мэтьюстің окклюзиялық арақатынасты
қалыптастыру теориясы
Энгль бойынша окклюзия кілті