Слайд 1ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Ортопедиялық
стоматология кафедрасы
Тіссіз жақтың анатомо-топографиялық ерекшеліктері
Орындаған Мәрзеев А
Тобы СТК-331
Қабылдаған:Шотаев С
с п а р ы :
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Тістерден толық айырылудың клиникасы
Кәрілік прогениясы
Альвеолярлық өсіндінің атрофиясы
Тіссіз жақтың топтастырылуы
Шредер бойынша
Келлер бойынша
Оксман бойынша
Бекітілген немесе орныққан альвеоляр аралық биіктіктің жоғалуы
Науқастың сыртқы бет пішінінің өзгеруі
Шайнау қызметінің бұзылуы
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер тізімі
Слайд 3 Тістерден толық айырылудың себептері әртүрлі.Көп жағдайдағы себептері тісжегі,пародонтоз,тістерге
қызметтік артық шамада күш түсу және ағзаның жалпы аурулары болып табылады.Тістердің түгел жоқ болуы тіс-жақ жүйесінің даму ақаулықтарында(толық адентия)байқалуы да мүмкін.Г.В.Базияның мәліметі бойынша 1000 тексерілген тұрғынға шаққандағы тістерінен түгелдей айырылғандар саны 40-49 жасты -10,2 адам,ал 50-59 жасты -5,7 адам,60 жас және одан үлкен жасты-248,1 адам құраған екен.
Слайд 4 Тістерден толық айырылудың клиникасы
Тістерден толық айырылғаннан кейін және осы себепке байланысты дамитын жақтың және олардың жауып тұратын жұмсақ тіндерінің атрофиялық процестерінде жақ-бет жүйесі элементтерінің жаңа өзара байланысы пайда болады.Бұл тіссіз ауыз қуысын тісі сақталған ауыз қуысынан сапасы жағынан айрықша ажыратуға мүмкіндік береді.Осыған байланысты ауыз қуысын арнайы дайындаудың және протез жасаудың сипаты өзгереді.Тісі жоқ ауыз қуысының клиникалық анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу протез жасауда жетістікті қамтамасыз ететін бірден-бір маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Тісі жоқ ауыздың клиникалық суретемесі тістен айырылудың себептеріне,олардың жұлғызған сәттен өткен уақыт шамасына,науқас жасына және т.б. ағзаның жеке ерекшеліктеріне байланысты болады.
Слайд 5 Тісі жоқ ауыз қуысының клиникалық суреттемесін зерттеу барысында
кәрілік прогениясы,альвеолярлық,өсіндінің атрофиясына,альвеолярлық өсіндіні және қатты таңдайды жауып тұратын шырышты қабаттың жағдайына,бекітілген альвеоляр аралық биіктіктің жоғалуына,науқастың сырт пішінінің өзгеруіне,шайнау және сөйлеу қызметінің бұзылуына көңіл аудару керек.
Кәрілік прогениясы
Бұл терминмен тіссіз жақтың прогениялық қатынасы белгіленеді. Осы жағдайда жоғарғы жақтың алдыңғы тістері альвеолярлық өсіндімен бірге алға иілген.Бүйір тістер тіс сауыттарымен сыртқа,ал түбірімен ішке қарай иілген.Егер осы жағдайда тіс түбірлерінің ұштарымен сызық жүргізсек,пайда болған доға тістердің кескіш және шайнау беттерінен жүргізілген доғадан аз болады.
Кәрілік прогения жақтардың ара қатынасының трансверзальды бағытты өзгеруімен сипатталады.Бұл кезде төменгі жақ кеңейе түседі.Мұның барлығы тістердің орналастыру қалпын қиындатады,протез бекінуіне және ақыр соңында олардың шайнау тиімділігіне теріс әсер етеді.
Слайд 7Тістерден айырылу процесін барлық жағдайда жас шамасына байланысты дамитын құбылыс деп
қарауға болмайды,оны альвеолярлық өсіндінің жас шамалық атрофиясына байланысты дамитын өзгеріс ретінде түсініп,тек қартайған шақтағы адамдарда байқалатын процесс деп ұғу қажет.Сондықтан «кәрілік прогения» терминін осы мағынада шартты түрде түсіну қажет,өйткені прогения кез келген жас шаиасында тістерден айырылған жағдайда даму да мүмкін.
Егер тістерден айырылғанға дейін науқаста прогения орын алса, оның клиникалық суреттемесі күрделене түседі,жоғарғы және төменгі жақтың альвеолярлық доға өлшемдері арасында күрт сәйкеспеушілік пайда болады,өйткені жоғарғы жақ кішкенелеу,ал төменгісі-үлкендеу болады.Жоғарғы және төменгі тіс қатарларының арасындағы сәйкеспеушілік неғұрлым үлкен болса,соғұрлым кәрілік прогениясы жетілген болады.
Слайд 8Төменгі жақтың тісті және альвеолярлық доғасы арасындағы өзара байланыс басқаша қалыптасады.Ортогнатикалық
тістемде күрек тістер альвеолярлық өсіндіде тігінен тұрады.Бүйір тістер Өз тіс сауыттарымен тіл қапталына қарай,ал түбірімен сыртқа қарай иіледі.Осыған байланысты төменгі жақтың тісті доғасы альволярлық доғадан кішілеу болады.Сондықтан барлық тістері бар ортогнатикалық тістемде жоғарғы жақ жоғары қарай тарылады,ал төменгі жақ керісінше төменгі жаққа қарай кеңейе түседі.Тістерден толық айырылғаннан кейін бұл айырмашылық сол заматта біліне бастайды,яғни тіссіз жақтың прогениялық ара қатынасын туғызады.
Альвеолярлық өсінді атрофиясының өзіндік заңдылықтары бар. Атрофияға жоғарғы жақтың ұртты қапталы,ал төменгі жақтың тілді қапталы көбірек ұшырайды.Осыған байланысты жоғарғы альвеолярлық доға бұрынғыдан да тарыла түссе,ал төменгі альвеолярлық доға бір уақыта кеңейе түседі.
Слайд 9Тістерден айырылғаннан кейінгі альвеолярлық өсінді қатысының өзгеруі
I – фронтальды кесіндідегі сол
молярдың қатысы.II – молярды жұлғаннан кейінгі альвеолярлық өсінді а және б сызығы альвеолярлық өсіндінің ортасына сәйкес келеді.
Слайд 10 Альвеолярлық өсіндінің атрофиясы
Альвеолярлық өсіндінің атрофиясы-қайтымсыз процесс,сондықтан тіс
жұлғаннан кейін уақыт неғұрлым көп өтсе,соғұрлым сүйектің шөгуі басымырақ болады.Протездеу процесі атрофия құбылысын тоқтата алмайды,қайта оны күшейте түседі.Оны былай түсіндіруге болады:сүйек үшін оған бекінген сіңірлер талшықтарының (сіңірлер,периодонт) созылуы сүйекке сайма сай келетін тітіркендіргіш болып табылады,бірақ сүйек алмалы протез базисінен шығатын қысым күшін қабылдауға бейімделген болады.Атрофия процесі сонымен қатар альвеолярдық өсіндіге бағытталған шайнау қысымының біркелкі бөлінбеуіне байланысты дұрыс протездемеу барысында күшеюі мүмкін.
Өте үлкен атрофияда альвеолярлық өсінді жойылып кетеді.Протез орны тарылады,жақ-тіласты бұлшық етінің бекіну нүктесі жақ сүйегінің шетімен бір деңгейде орналасады.
Слайд 11 Тіссіз жақтың топтастырылуы
Тәжірибелік мағынада тіссіз жақтың топтастыру қажеттігі туындайды.Ұсынылған
топтастырулар белгілі бір дәрежеде емдеу жоспарларын анықтайды,дәрігердің өзара түсінісуіне көмектеседі және науқас тарихын толтыруды жеңілдетеді.Тіссіз жақтың қандай да бір түрлерінің нұсқауларын кездестіре отырып,дәрігер қандай типтік қиындықтармен кездесетіндігін анық көз алдына елестете алады.
Слайд 12 Шредер тіссіз жақтың 3 типін ажыратады:
-альвеолярлық өсіндінің жақсы сақталуымен,альвеолярлық төмпешіктер
мен таңдай күмбезінің жоғары болуымен сипатталады.Өтпелі қыртыс,бұлшық еттердің бекіну жерлері,шырышты қабаттың қыртыстары біршама жоғары орналасады.
-альвеолярлық өсіндінің орташа дәрежедегі атрофиясы байқалады.Альвеолярлық өсінді және альвеолярлық төмпешіктер әлі сақталынған,таңдай күмбезі жақсы жетілген.
-атрофия процесінің күштілігімен сипатталады:альвеолярлық өсінділер және төмпешіктер болмайды,таңдай жалпақ болады.Өтпелі қыртыс қатты таңдаймен бір горизонтальдық жазықтық бойында орналасады.
Слайд 13Келлер тіссіз төменгі жақтың 4 түрін ажыратады:
-альвеолярлық өсінді болар-болмас кішкентай болады
және біркелкі атрофияға ұшыраған.Жақтың бұл түрі тісті бір уақытта жұлған және альвеолярлық өсінді атрофиясының өте баяу өту жағдайында байқалады.
-альвеолярлық өсіндінің жақсы жетілуімен,бірақ атрофия процесінің біркелкі өтуімен сипатталады.Альвеолярлық адыр ауыз қуысының түбінен сәл көтеріліп тұрады,алдыңғы бөлігінде өзін тар,тіпті өткір пышақ іспеттес,протез негізіне жарамайтын дене күйінде көрсетеді.Бұлшық еттердің бекіну орны адыр деңгейінде орналасқан.
-альвеолярлық өсіндінің бүйір бөлігінде атрофияның күшті дамуымен,ал алдыңғы бөлігінде альвеолярлық өсіндінің сақталуымен сипатталады.Альвеолярлық өсіндінің бұл типі бүйір тістерді ерте жұлдырғанда байқалады.
-альвеолярлық өсіндінің атрофиясы алдыңғы жағында жақсы жетілген,ал төменгі жақтың бүйір қапталы біршама сақталынған.
Слайд 14И.М.Оксман топтастыруы бойынша тіссіз жақтың 4 типі бар
-типінде жақтың жоғарғы
жақ төмпешіктері,альвеолярлық өсінділері биік болады,таңдай күмбезі жақсы жетілген,өтпелі қыртыстың және ұрт сіңірлері мен тіл үзбесінің бекіну жоғары орналасуы байқалады.
-типінде альвеолярлық өсіндінің және жоғарғы жақ төмпешіктері атрофиясының орташа дамуы байқалады, таңдай тереңдігі аздау және жылжымалы шырышты қабаттардың ең төмен бекінуі орын алады.
-типінде альвеолярлық өсіндінің өткір , бірақ біркелкі атрофиясы таңдай күмбезінің жалпаюы байқалады. Жылжымалы шырышты қабат альвеолярлық өсінді шыңының деңгейінде бекінеді.
-типке альвеолярлық өсіндінің біркелкі емес атрофиясы тән, яғни онда 1,2 және 3 типтерге тән белгілер біріктіріледі.
Слайд 15И.М.Оксман бойынша тіссіз жақтың топтастырылуы
А – жоғарғы жақтың:Б – төменгі жақтың.
Жақ
типтері:а -бірінші;ә -екінші;б –үшінші;в –төртінші.
Слайд 16Тіссіз төменгі жақтың 1 типі альвеолярлық өсіндінің биік болмауымен,өтпелі қыртыс пен
шырышты қабаттың ұртты қыртысының және тіл үзбесінің бекіну нүктеслерінің тқмен орналасуымен сипатталады.2 типте альвеолярлық өсінді атрофиясының біркелкі орташа дамуы байқалады.Тіссіз жақтың 3 типінде альвеолярлық өсінді болмайды немесе әлсіз жетілген.Атрофия процесі жақ сүйегінің денесін де қамтиды.Тіссіз төменгі жақтың 4 типінде тістердің әртүрлі уақытта жұлынуына байланысты дамитын альвеолярлық өсіндінің біркелкі емес атрофиясы байқалады.
Слайд 17Бекітілген немесе орныққан альвеоляр аралық биіктіктің жоғалуы
Антагонистік тістер соңғы жұбынан айырылғанда
альвеоляр аралық биіктік бекітілмеген болады,осыған байланысты шайнау бұлшық еттерінде өзгерістер байқалады.Олардың биотоктарын зерттеу шайнау кезінде бұлшық еттердің жеткілікті күшпен жиырылатындығын көрсетті.Оның себебі бұлшық еттердің қызметтік жағдайының төмендеуі және орталық жүйке жүйесінен келетін импульстің бұзылуы болып табылады.
Тістерді жоғалтқанда оның қызметінің төмендеуінің нәтижесі болып табылатын атрофия процесі жақтың альвеолярлық өсіндісімен қатар,самай-жақ буынын құрайтын элементтерін де қамтиды.Бұл жағдайда буын шұңқырының тереңдігі аздау және көп жайпақтау болады.Сонымен қатар буын төмпешігі де атрофияға ұшырайды.Буын басы да өзгереді,пішіні жағынан цилиндрге жақындайды.Төменгі жақтың қимылы аса тым еркіндеу болады.
Слайд 18Науқастың сыртқы бет пішінінің өзгеруі
Антогонист тістердің соңғы жұбынан айырылу нәтижесінде орныққан
альвеоляр аралық биіктікті жоғалту науқастың сыртқы түрін өзгертеді.Иегі алға қарай ығысады,мұрын-ерін және иек қыртыстары тереңдей түседі,ауыз бұрышы төмен түседі.Алдыңғы тістерде тіректің жоқтығына байланысты еріндері ішке кіріп кетеді.Жақ бұрыштары,алмұрт тәрізді тесік маңайындағы өзгерістер және кәрілік прогениясы қартайған беттің кейпін онан әрі айқындай түседі.
Слайд 19 Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.А.М.Маженова,Н.Қ.Сейітмәмбетова.
Стоматологиялық ортопедия.
Алматы-2005ж.
172-174 бет.
2.В.Н.Копейкин, Л.М.Демнер.
Зубопротезная техника.
Москва-2003г. 57-61 стр.
3.WWW.Google.kz