Тіс шірігі,тіс шірігіне қатысатын микроорганизмдер. Патогенезі. Тіс тасы , оның құрамы және тіс шірігі дамуына қатысуы презентация

Кіріспе: Тіс шірігі, тісжегі . Минералдық заттардың жетіспеуінен тісте қуыс пайда болады. Басқаша айтқанда тістің қатты тканьдерінің бүлінуінен болатын кемістігі. Тістің анатомиялық формасы мен физиологиялық тістің қызметін қалпына

Слайд 1МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ: Тіс шірігі,тіс шірігіне қатысатын микроорганизмдер. Патогенезі . Тіс тасы , оның құрамы және тіс шірігі дамуына қатысуы. Тіс шірігінің микробиологиялық анықтау схемасы. Тіс шірігінің алдын алуы.

ФАКУЛЬТЕТ: СТОМАТОЛОГИЯ
КУРС: 2
ТОБЫ: 208

ОРЫНДАҒАН: АМАНТҰРЛЫ С.Е
ТЕКСЕРГЕН: ЖҰМАҒАМБЕТОВА А.Қ

Слайд 2Кіріспе:
Тіс шірігі, тісжегі . Минералдық заттардың жетіспеуінен тісте қуыс

пайда болады. Басқаша айтқанда тістің қатты тканьдерінің бүлінуінен болатын кемістігі. Тістің анатомиялық формасы мен физиологиялық тістің қызметін қалпына келтіру үшін пломбамен тіс қуысын бітейді.

Слайд 3 Тіс кариесі - тістің қатты тіндерінің бұзылуынан тісте қуыстың пайда болуы,

өте кең тараған ауру. Тіс кариесі тым ерте басталады, әсіресе, балаларда тұрақты азу тіс шыққаннан кейін байқалады. Кариес тұрақты тітерді де , сүт тістерді де зақымдайды. Тіс кариесінің пайда болуына негізінен стрептококк бактериясы әсер етеді. Бактериялардың әр түрлі тәтті тағамдарды көп жегеннен қышқыл ферменттер бөліп шығаруынан тістің қатты тіндері жұмсарып, бұзыла бастайды. Сонымен қатар тіс кариесінің пайда болуына дұрыс тамақтанбау (тағамда көмірсудың көп болып, белок, дәрумен, кальций және фосфор тұздарының жетіспеуі), тісті дұрыс күтпеу өз әсерін тигізеді. Ауру тістің сыртында кішкене ақ дақтың пайда болуынан басталады. Дер кезінде дәрігерге көрінбесе, процесс тіс қуыстарының жұмсақ тіндеріне таралып, тістің эмалі босап, жұмсара бастайды. Тіс қышқыл немесе тәтті тағам жегенде ауырады. Ауырған жерде тістің дентині шіріп, ойылады. Осы кезде емдемесе, одан әрі тіс ұлпасы (жүйкесінің ұшы) зақымдалып, ойық тереңдей түседі. Соның салдарынан пульпит ауруы (тіс ұлпасының қабынуы) дамиды. Кариестің одан әрі асқынуының салдарынан тіс айналасындағы тіндердің (периодонтит) және сүйек қабығының (периостит) қабынуы мүмкін.


Слайд 4
Тіс тасы
Тіс тасы – тіс бетінде орналасатын тістік дақ болып табылады.Тіс

тасы айтарлықтай өте қара түсті болады.Осыған байланысты оның құрамына азықтың қалдығы кіретіні белгілі. Атап айтқанда, өлі жасушалар,бактериялар, фосфор тұзы, темір және кальций. Тіс тасының классификациясы: Локализация бойынша ➢Қызыл иек үстілік.-түсі сарғылт немесе ақшылдау болады,саз тәрізді кейіпке ие,арнайы құралдармен алғанда жеңіл алынады. ➢Қызыл иек астылық -.көбіне қатты әрі тығыз болып келед,түсі қанық жасыл ,тіс түбіріне нығыздалып бекіген Көбіне қызыл иек шетіне байланысты болады.

Слайд 5 Көбінесе тістің фиссураларында (тістің шайнайтын бөлігіндегі тесіктерде) пайда болатын тіс жегісі

сияқты, тіс тасының да өз ерекшеліктері болады. Оның басты нысанасы – тістердің, көбінесе алдыңғы тістердің (мойны) түп жағы (тістің қызыл иекпен жанасатын беті). Өйткені тамақ жеген кезде тістердің өзін өзі тазалауы дәл осы жерде қиындатылған. Бірақ тістердің өзге бөліктерінде де аз болса да тіс тасының пайда болатыны туралы ұмытпау керек. Мысалы, бірнеше тіс жоқ болса және адам үнемі бір жақпен шайнаса, онда екінші жағының тіс тасының пайда болуына ұшырайтыны анық. Алайда, егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, онда мұндай науқастар ауыз қуысының кәсіби гигиенасына, яғни тіс қағы мен тіс тасын клиникалық жағдайларда кетіруге ерекше көңіл бөлу керек.  Тіс тасының пайда болуына себеп болатын өзге факторлар да анықталды. Бұл ас үлесі. Оның құрамында тек жұмсақ тамақ қана болмау керек – ол тістердің өзін өзі тазалау мүмкіндігінен айырады. Оның үстіне, зат алмасу факторының да маңызы зор. Себебі егер ол бұзылған болса және көбінесе тұзды заттар алмасса, онда тіс тасының пайда болуынан құтылу қиынға соғады. 

Слайд 7Тіс тасының ауыз қуысында жылтыр қабық бетін қарайту және оның айналасында

қатты қабаттарды құру сияқты косметикалық ақау келтірумен шектелмейтінін есте сақтау керек. Уақыт өте келе ол қызыл иектің астына өтіп (қызыл иек астындағы тіс тасы), оны тістен ажыратады да, қызыл иектің қабынуына және тістің босауына себеп болады.  Бірақ, әрине, ауыз қуысында тіс тасының жоқтығының басты кепілі жақсы гигиена болып табылады. Өйткені тістеріңізді күніне екі рет тазалап, ең шағын бағдарлама орындалды деп есептеу жеткіліксіз. Жақсы гигиенаның маңызды критерийі тіс пен қызыл иектің бетін жарақаттамайтын, бірақ әжептәуір тазартатын әсері бар тіс тазалаудың дұрыс техникасы болып есептеледі. Бірақ сапасыз таңдап алынған гигиена құралдарымен тазалаған жағдайда да техника нәтижелі болмайды. Сондықтан тіс щеткасын таңдап алған кезде оның атқарымдылығы мен талшықтарының құрамына ерекше көңіл бөлу керек. Тіс пастасы туралы айтар болсақ, бұл арада оның құрамдас бөліктері маңызды рөл атқарады. Мысалы, тіс тасының пайда болуына белсенді түрде кедергі болатын құрауыштардың бірі полифосфаттар болып табылады. Оған қоса, ауыз қуысына кәсіби гигиена жүргізу туралы да ұмытпау керек, өйткені соның арқасында сіз тісіңіздегі тастан құтылып қана қоймай, оны тістеріңіз бен қызыл иектеріңізді зақымдамай жүзеге асыра аласыз. 


Слайд 8Тіс шірігінің алдын алуы. Тіс ауруының алдын алу. Өкініштісі сол: бізде мемлекеттік

те гін медициналық қызмет көрсету кепілдігі қа зір ауруы асқынған адамға беріледі де, ал аурудың алдын алу жағы ескерілмей жа тыр. Асқынған ауруды жеңу қиын. Сон дықтан біз ең бірінші ауруды болдырмауға ұм тылуымыз керек. Бұл ретте әрбір ата-ана ба лаларының дұрыс тамақтануын қада ға лағаны жөн. Мәселен, энергетикалық газ ды сусындар тіске өте зиян. Олардың құра мын да қышқыл деңгейі жоғары бол ған дықтан, ол тіс эмалінің зақым да нуына әкеліп соғады. Ал эмальдың бұ зылуы тіс шірімесін тудыратындықтан, мұн дай сусынмен ауыз шаюға да, тіпті қанты көп сағыз шайнауға, шектен тыс тәтті та ғам дар жеуге болмайды. Ата-аналар осы ны ескеруі тиіс. Тіс ауруының алдын алудың бар лық шарасын жүзеге асыруымыз керек. Мем лекет тарапынан профилактикаға жете кө ңіл бөлініп, қажетті деңгейде қаражат қа растырылуы керек.

Слайд 9Гаухар набирает сообщение..
Қорытынды:

Тіс шірігі, тісжегі . Микробтардың әсерінен тіс эмалі мен дентиннің тесіліп, сонымен бірге минералдық заттардың

жетіспеуінен тісте қуыс пайда болады. Басқаша айтқанда тістің қатты тканьдерінің бүлінуінен болатын кемістігі. Тістің анатомиялық формасы мен физиологиялық тістің қызметін қалпына келтіру үшін пломбамен тіс қуысын бітейді.

Слайд 10 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.Жалпы микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А. Рамазанова,

А.Л. Котова, Қ.Қ. Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. 2. Жалпы микробиологиядан лабораториялық сабақтар бойынша оқуөәдістемелік құрал (А.Л.котованың ред. ). – Алматы, 1997. 3.Жеке микробиология (оқу-әдістемелік құрал). Микробиология кафедрасының профессорлары Б.А. Рамазанова, А.Л. Котова, Қ.Қ. Құдайбергенұлы, оқытушылар: Б.М. Хандиллаева, Г.Р. Амзеева, Т.С. Бегадилова, А.М. Бармакова, Д.Ж. Батырбаева. Алматы. 2006. 4.Борисов Л.Б. «Медицинская микробиология, вирусология, иммунология», М.: МИА, 2001 5.Коротяев А.И., Бабичев С.Л. «Мед. микробиология, иммунология и вирусология. – СПб.: Спец. Лит, 2000. 6.Медицинская микробиология /Гл. ред В.И. Покровский, О.К. Поздеев. - М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 1998, 2001 2006 7.«Микробиология жєне вирусология» (жеке бөлімі): Оқу құралы /Т. Арықпаева


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика