Тірі адамда анатомияны оқу тәсілдері презентация

Содержание

Жоспар: I Анатомияны тірі адамда зерттеу әдістері А) Антропометрия Ә) Рентгенология Б) Эндоскопия Г) Компьютерлік томография II Дене құрылымының типтері III Сүйектің құрылысына

Слайд 1Марат Оспанов атындағы БҚММУ




Факультеті: Жалпы медицина
Кафедрасы: Қалыпты анатомия


Тірі адамда анатомияны оқу тәсілдері
Орындаған: 109 «А», «Б»
Молдахмет Үміт
Сегизбаева Айдана
Сегізбай Асылан
Нәбиоллаев Мерген
Каспи Аяжан

Ақтөбе - 2018 жыл

Слайд 2 Жоспар:
I Анатомияны тірі адамда
зерттеу әдістері
А) Антропометрия
Ә)

Рентгенология
Б) Эндоскопия
Г) Компьютерлік томография
II Дене құрылымының типтері
III Сүйектің құрылысына
спорттық факторлардың әсері
IV Қорытынды
V Пайдаланылған әдебиеттер



Слайд 3Антропометрия — адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән

жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі.

Слайд 4 Этникалық антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі

өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, Антропометриялық материалдарға жан-жақты статистикалық сипаттамалар беріледі. Антропометрияның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т.б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады

Бастың антропометриясы

Кеуде клеткасының антропометриясы


Слайд 5 Рентгенология (В.Рентгеннiң атымен) және грек. logos – iлiм]

– клиникалық медицинаның рентген сәулесiнiң көмегiмен органдар мен олардың жүйелерiнiң құрамын, қызметiн зерттеп, аурудың рентгендiк диагностикасын қоятын саласы. Рентгенологиялық зерттеулердiң барлық әдiстерi денеден өткен сәуленi ұстайтын рентгендiк таспа (рентгенографияда); флюоросценттiк экран (рентгеноскопияда); селендiк күйтабақ (электррентгенографияда) немесе кристалдық детекторлар (компьютерлiк томографияда) – сәуленiң сапасы мен шоғырланған рентген сәулесiнiң сандық талдауына сүйенедi.

Слайд 6 Рентгенологияның маңызды теорема бөлiмi болып – рентгендiк скиалогия

(рентгендiк көлеңкелi суреттiң пайда болу заңдылығын зерттейдi) есептеледi. Қазақстанда Рентгенологияның дамуы 1923 жылдан басталады. Сол жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында бiрiншi рентген аппараты қойылды. Екiншiсi 1926 ж. сол кездегi республика астанасы – Қызылордада орнатылса, 1930 ж. Риддер қаласында рентген бөлмесi iске қосылды. Қазақстанда Рентгеноогия саласының дамуына үлес қосқан дәрiгерлер Е.П.Гермайзе, П.А.Пшеничный, И.С.Нестеровский, т.б. болды.

Слайд 7 Эндоскопия (грек. endon – ішкі және skopeo – көремін) – адамның

ішкі органдарын арнайы аспап – эндоскоп арқылы тексеру. Эндоскоптар – оптикалық және жарық жүйелерімен жабдықталған, иілгіш металл немесе пластмасса түтікшелер.

Эндоскопия хирургияда, гастроэнтерологияда, урологияда, гинекологияда, пульмонологияда жиі қолданылады. ХХ ғ-дың 60 – 70-жылдарында клиникалық тәжірибеге оптикалық талшықтардан тұратын (фибро) құрастырылмалы аспаптар (фиброскоптар) енгізіле бастады.


Слайд 8




Тексерілетін органға байланысты
Эндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады:


фибробронхоскопия

фиброгастроскопия фиброколоноскопия
(бронх (асқазан (тоқ ішек
Эндоскопиясы) Эндоскопиясы) Эндоскопиясы)


Сондай-ақ Эндоскопия биопсияда, денеге енген бөгде заттарды немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді алып тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде Эндоскопия тек ауруды тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп. хирургия) айналып отыр. Эндоскопиялық жолмен жасалатын операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың ондай операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.

Слайд 9
















видеоэзофагога-стродуоденоскопия (ВГДС) - өңештің, асқазанның және ұлтабардың шырышты қабықтарын тексеру;
эндотрахео-бронхоскопия –

бронх тармақтары мен кеңірдекті тексеру;

эндоколоноскопия – тік ішектің шырышты қабығының жағдайын бағалау т.б.

Эндоскопиялық
зерттеулер мен
манипуляциялардың
келесі түрлері
орындалады:


Слайд 10Анықталған дерттің дәлдігін анықтау мақсатында барлық манипуляциялар кезінде морфологиялық және зертханалық

зерттеулерге материалдар алынады.

Слайд 11 Қазіргі таңда эндоскопиялық материалдардың морфологиялық құрамына үлкен мән беріліп

отыр. Осы мақсатта, тексеру кезіндегі көрсетілімдерге сәйкес, цитологиялық және гистологиялық зерттеулер үшін шырышты кабықтың тін кесінділеріне зерттеулер, сондай-ақ жедел-тесттер жүргізіледі. Мүшенің шырышты қабығында болатын қатерсіз ісікті (полип) анықтауға және оны жоюға ерекше мән беріледі.

Эндоскопия арқылы қатерсіз ісікті анықтау және оны жою процесі


Слайд 12 Эндоскопиялық емдеудің мүмкіндіктері:
- созылмалы бронхитті емдеу,
- бөгде заттарды алып тастау,
- асқазан-ішек шырышты

қабығында болатын қатерсіз ісікті және өт өзегіндегі тастарды алу;
- бронх тармақтарына дәрілік заттарды тамызу;
- түймешекті эндоскопиялық тәсілмен алып тастау;
- өт өзегіндегі рентгенэндоскопиялық манипуляциялар;

Слайд 13Компьютерлік томография
Компьютерлік томографияның көмегімен іс жузіне кез келген органды

тексеруге  болады. Көбіне   компьютерлік томографияны басқа әдістермен табылған патологияларды анықтау үшін қолданады. Сүйек және ауа құрылымы  (өкпе) жақсы көрінетін әдеттегі рентгенге қарағанда компьютерлік томография жұмсақ тіндер (ми, бауыр, т.б.) – өте жақсы көрінеді, бұл ауруға ерте кезеңде диагноз қоюға мумкіндік береді, мысалы, ісік әлі ұлғайып кетпей тұрғанда әрі хирургиялық жолмен емдеуге келетін кезінде оны табуға мүмкіндік береді.

Слайд 14 Мойын компьютерлік томографиясы ісікті табу және мойын лимфа түйіндерін ұлғаюының себептерін

зерттеу үшін қолданылады.




Кеуде клеткасының компьютерлік томографиясы әдетте флюрография немесе рентгенографиямен табылған өкпе және көкiрек қуыстарының өзгерiстерін айқындау үшiн қолданылады.  

Слайд 15 Құрсақ  қуысы және жамбастың компьютерлік томографиясы құрсақ қуысы және  құрсақ қуысы

сыртындағы органдардың ауруларында қолданады. Және де іштің травмаларында, операцияның алдында кудіктенген патологияның нақты диагностикасы үшін қолданылады.



Омыртқаның компьютерлік томографиясы диск жарықтарын, жұлын каналының тарылуында және де травмаларда қолданылады.

Слайд 16Компьютерлік томографияны қолдануға болмайтын жағдайлар:
Жүктіліктің бірінші үшайлығында компьютерлік томография аса қауіпті

болып саналады. Жүктілердің диагностикасы  үшін ультрадыбыс және магниті-резонансты томография сынды басқа әдістер қолданады. Сирек жағдайларда, Компьютерлі томографиясыз болмайтын жағдайларда, (мысалы, ауыр травмаларда) мүмкіндігінше жатырды қорғасын экранмен жауып, тексеріледі. Егер Сіз жүкті болсаңыз міндетті түрде томография жүргізетін дәрігерге айтыңыз.

магнитті-резонансты томография

компьютерлік томография


Слайд 17 Еліміздегі медициналық және өнеркәсіптік рентген аппаратын шығаратын «Актюбрентген» АҚ

алғаш рет американдық «Дженерал Электрик» компаниясымен бірлесіп, 16 кескінге арналған компьютерлік томография жасап шығарды. Құны 180 миллион теңге тұратын зауыттың алғашқы өнімі №2 қалалық емханаға әкелінген болатын. Рентген аппаратының 28 түрін шығаратын зауыттың жабдықтарын әлемнің 23 елі тұтынады. Оның ішінде Қытай, Түркия секілді шет мемлекеттер бар.

Ақтөбе облысында бес компьютерлік томография бар. Оның төртеуі мемлекеттік мекемелерде орналасқан. Алғашқы аппарат 2006 жылы облыстық «Жедел жәрдем» ауруханасына әкелінді. Қазір ауруханада магниттік резонанстық және бір компьютерлік томография жұмыс істеп тұр. Ал құны 125 миллион теңге тұратын бұндай екі аппараттың бірі жақында М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина орталығына әкелінсе, екіншісі биыл Әуе қалашығы ауданындағы облыстық кеңес беру және диагностикалық орталығына берілді. Бесінші аппарат жекеменшік «Евразия» медициналық мекемесінде орналасқан.


Слайд 18 Дене құрылымының 4 типке ажыратылады:

1) Лептосоматик - (грек – нәзік дене).

Дене құрылымы нәзік, бойы ұзын, кеудесі тегіс, бет әлпеті сопақ. Иықтары кішкентай, қол-аяқтары жіңішке ұзын.

2) Пикник – (грек – толық, нығыз). Майлы тканді, бойы орташа немесе қысқа, денесі жалпақ, қампиған қарын, қысқа мойын, басы дөңгелек және быртиған саусақтары бар.

3) Атлетик – (грек – күрес). Бұлшық еті жақсы жетілген, денелері мығым, бойы орташа немесе ұзын, иықтары кең, бет сүйектері шығыңқы.

4) Диспластик – (грек – нашар қалыптасқан). Дене бітімінде нақты форма жоқ, бұл типтегі индивидтер дене құрылымының әртүрлі деформациясымен сипатталады

Слайд 19Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың пайдасы мол
- Шынығу

жаттығуларымен жүйелі айналысу керек;
- шынығу жаттығуларымен шамадан тыс айналысқа да қауіпті;
Әртүрлі еңбек қозғалыстарынан кейін, ағзаңды ширататын
жаттығулар жасаған дұрыс;
- Дене бітіміңді дұрыс қалыптастыру керек;
- Ауыр заттарды көтеру зиян;
- Орындықта дұрыс отыру керек;
- Жеткіншектерге биік өкше, тар аяқ киім киген өте зиян.

Слайд 20 Дене шынықтырумен айналысатындардың қаңқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда едәуір тәуір

дамыған.Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға қарағанда қаңқа жүйесі әлде қайда жақсы жетіледі.Тиімді дене жаттығулары ,қимылдары арқасында баланың қаңқасы ,кеуде торына қоса барлық бөлімдері жақсы дамып,мұның өзі олардың ішіне жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың дамуына қолайлы әсер етеді.

Слайд 21Қорытынды:
Қорыта келгенде адам анатомиясы адам организмінің құрылысын, пішінін,оның

қызметтерін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылым.
Қазіргі кездегі анатомияда адам денесі құрылысын зерттеудін түрлі әдістері бар. Сонымен қатар өлікті де,тірі адамды да зерттеу үшін қолданылатын әдістер (рентгенография)және эндоскопия (арнаулы приборлардың, мысалы, гастроскоптың, бронхоскоптың және т.б. көмегімен ішкі мүшелерді зерттеу).Бул әдістерді диагнозды дәлдеп нақтылау қажет болғанда ғана қолдануға болады.
Еңбек, спорт, биологиялық факторлар және тұрмыс жағдайларын әртүрлі есепке ала отырып, сүйектердің қалыпты құрылымын зерттеудің нормадан тысқары күшті ауырлықтың салдарынан норманың патологияға ауысуы туралы мәселені шешуде үлкен маңызы бар. Анатомия ғылымының мұндай бағыты түрлі кәсіп адамдар анатомиясы деп аталады.

Слайд 22Пайдаланылған әдебиет:

1. Қазақша энциклопедия 7 том.
2. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
3. Қазақ

тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007.
4. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл.
5. Рақышев А.Р. Адам анатомиясының атласы.
6. http://kk.wikipedia.org/wiki

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика