Туберкулез және тыныс алу мүшелерінің созылмалы бейарнамалы аурулары презентация

Туберкулез кезінде кездесетін тыныс алу мүшелерінің созылмалы бейарнамалы ауруларына созылмалы бронхит, созылмалы пневмония, тыныс тұншықпасы, бронхоэктазиялар, өкпе абсцесі, өкпе эмфиземасы жатады.

Слайд 1ТУБЕРКУЛЕЗ ЖӘНЕ ТЫНЫС АЛУ МҮШЕЛЕРІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ БЕЙАРНАМАЛЫ АУРУЛАРЫ

Орындаған:Қарабаева А.Б 702
Тексерген:Ильясов Е.Н


Слайд 2Туберкулез кезінде кездесетін тыныс алу мүшелерінің созылмалы бейарнамалы ауруларына созылмалы бронхит,

созылмалы пневмония, тыныс тұншықпасы, бронхоэктазиялар, өкпе абсцесі, өкпе эмфиземасы жатады.


Слайд 3Өкпе туберкулезі мен ӨСОА байланысты екі жағдайды бөледі:
1) туберкулезбен ауырмас

бұрын өзінде ӨСОА болған науқастар,яғни өкпедегі бейарнамалы өзгерістер салдарынан туберкулез дамыған.
2) туберкулезді процесс фонында дамыған екіншілік ӨСОА ауырған науқастар

Слайд 4Туберкулезбен ауырмас бұрын өзінде ӨСОА болған науқастар
ӨСОА-ның жиі асқынуы туберкулез суперинфекциясын

немесе реактивацияның ерте фазасын тудыруы мүмкін. Жиі туберкулезбен бірге созылмалы бронхит және созылмалы пневмония кездеседі. Өкпедегі созылмалы бейарнамалы процестер басқа да аурулармен қосылып туберкулезді асқындырады. Мұндай науқастарда ӨСОА жылына бірнеше рет қайталанып, туберкулездің өршуін тудырып отырады.

Слайд 5Туберкулезді процесс фонында дамыған екіншілік ӨСОА
Туберкулез фонында ӨСОА дамуы бронхтардың зақымдалуы

мен өкпеде туберкулездік процестің таралуын тудырып,сонымен қатар өкпедегі және бронхтағы жедел қабыну аурулары созылмалы түрге ауысып отырады. Бронх ағашындағы тыртықтық өзгерістер, бронх кілегейінің трансформациясы, өкпеде дәнекер тінінің пайда болуы созылмалы қабыну ауруларын тудыруға мүмкіндік береді.

Слайд 6Бейарнамалы эндобронхит туберкулезбен ауырған науқастарда ұзақ сақталады. Көпшілігінде емделеді, бірақ бронхтың

қорғаныш қызметі бұзылады: түтін, темекі, өндірістік шаңдар, инфекцияға сезімталдығы жоғарылайды.

Слайд 7Диссеминирленген туберкулез кезінде жайылмалы пневмосклероз, диффузды бронхит және өкпе эмфиземасы дамиды.


Фиброзды-кавернозды туберкулездің жазылуы бронх-өкпелік құрылымның деформациясын және бронхоэктаздардың дамуын тудырады.
Туберкулезбен емделген әрбір 10-адамда созылмалы пневмония кездеседі.

Слайд 8Өкпе эмфиземасы салыстырмалы түрде сирек кездеседі. Жиі ол тыныс алу мүшелерінің

кәсіби ауруларында және қарт жаста туберкулезбен ауыратын науқастарда кездеседі.
Тыныс тұншықпасы да туберкулезбен бірге сирек кездеседі.

Слайд 9Туберкулез бен тыныс алу мүшелерінің бейарнамалы ауруларының әртүрлі нозологиялық түрлерінде:
Жиі

интоксикация белгілері – дене температурасының жоғарылауы, әлсіздік, тершеңдік,шаршау
Айқын бронхопульмональдық-плевральды синдром – қақырықты жөтел, кеуде қуысында ауырсыну, ентігу
Аускультацияда жиі сырылдар (жиі құрғақ)
Гемограммада айқын өзгерістер – жоғары лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы

Слайд 10Емі
Екі ауруға да этиологиялық терапия қолданады. Тыныс алу мүшелерінің бкйарнамалы ауруларында

кең спектрлі антибиотиктерді қолданғанда қолайлы әсер етеді ( міндетті түрде туберкулезге қарсы препараттармен бірге әсерлесуін ескеру керек). Кей жағдайларда хирургиялық ем қолданылады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика