Слайд 1ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Туа біткен иммунды жауапты қамтамасыз етуде микробиоценоздардың маңызы
СӨЖ
Орындаған: Құдайберген Ш.
Топ: ЖМ16-012-01
Қабылдаған: Іңкәр Мырзаханқызы
Алматы 2017
Слайд 2Жоспар:
Кіріспе.
Негізгі бөлім
Адам организмінің биоценозы
Қалыпты микрофлораның маңызы
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиет.
Слайд 3 Туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге
қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакцияларды қалыптаcтырады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.
Нәрестенің ең алғаш дем алғанынан бастап оның денесін көптеген пайдалы микроағзалар бойлайды. Уақыт өте, организмде микробиоценоз қалыптасады. Микробиоценоз дегеніміз – адам организмінің белгілі бір жерлерінде ғана тіршілік етіп, бір-бірімен және адам оганизмімен жайлылықта әсерлесетін бактериялар ассоциациясын айтады. Микробиоценоздар құрамы мен саны тұрақты және өзін-өзі реттеуге бейім. Жаңа «микротұрғындар» тыныс алу, асқорыту және зәршығару жолдарынан орын алып өздерінің күрделі және маңызды жұмыстарын бастап, организмнің қалыпты микрофлорасын қалыптастырады. Адамның қалыпты микрофлорасы маңызды қорғаныс қызметін атқарады. Олар тамақты қорытып, дәретті қадағалайды, В және К дәрумендерін, темір, кальций, Д дәруменін таратуға арналған аминқышқылдарын өндіріп
.
Слайд 4Адам денесінің қалыпты микрофлорасы
Бұл микроорганизмдердің көпшілігі адамға зияны тимейтін комменсал
болып табылады.Микрофлора адамның қоршаған ортамен байланысатын қуыстарында жайғасады.Қалыпты жағдайда өкпеде, жатырда және басқа да ішкі органдарда микроорганизмдер болмайды. Әртүрлі биотоптардың: тері, ауыздың шырыш қабығы, жоғарғы тыныс жолы, асқорыту және несеп жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын ажыратады. Адам организмінді тұрақты және транзитті микрофлора болады.
Адам организмінде қалыпты микрофлора бірлестігі ретінде микроорганизмдердің шамамен 500 түрі мекендейді, олар бір-бірімен және адам организмімен тепе –тең жағдайда болады.
Слайд 5Тері микрофлорасы
Тері – организмді сыртқы ортадан бөліп тұрады, сонымен қатар
иммундық жүйенің иммуноглобулин, антидене, лимфоциттердің мамандандыратын көптеген микробтар тіршілік ететін орта сы(терілік пул). Тері микрофлорасы тұрақты. Оның құрамында стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар, споратүзгіш бактериялар, ашытқы тәрізді саңыраукұлактар болады. Олардың қоректік субстраттары май бездері мен тері бездерінің шығындалары, өлген жасушалар мен ыдырау өнімдері болады. Дені сау, таза теріге түскен микроағзалар әдетте тері бетінде тұракты тіршілік ететін микроағзалардың, түрлі бездердің шығындылары мен бактериялар әрекеті салдарынан өледі. Терінің ластануы патогенді микроағзалардың дамуына ықпалын тигізеді, сол себептен теріні таза ұстау өте маңызды.
Слайд 6Иммунитеттің төмендеуі тері микрофлорасына жауап беретін жасушалардың зақымдалуынан болады. Мысалы:
Дендритті
жасушалардың қызметінің бұзылуы терінің созылмалы ауруларының дамуына алып келеді, және аутоиммундық, аллергиялық реакциялардың қалыптасуына алып келеді;
Фагоцит жасушаларының активтілігінің бұзылуы – терінің көптеген бактериялық және саңырауқұлатың инфекцияларға гиперсезімталдық көрінеді, кез-келген патогенге иммундық жауап бұзылады;
Табиғи киллердің жетіспеушілігі – созылмалы жасушаішілік инфекцияларға, терінің мерзімінен бұрын қартаюына, терінің ісік ауруларының пайда болуына алып келеді;
IgA жетіспеушілігі – созылмалы бактериялық, саңырауқұлақтық, вирустық инфекциялы аурулардың дамуының негізгі себебінің бірі. Сонымен қатар, атопиялық дерматит пен бронхиалдық астмаға алып келеді. Мұндай науқастарда аутоиммунды аурулар, ревматоидты артрит, қызыл жегі, дерматомиозит даму қаупі өте жоғары.
Слайд 7Ауыз куысының микрофлорасы
Ауыз куысында микрофлораның көптеген түрі кездеседі. Тұрақты температура, ылғалдылық,
қоректік заттардың болуы, сілекейдің сілтілі реакциясы микроағзалардың дамуы үшін қолайлы жағдай туындатады. Кокктардың, сүт-қышқыл бактериялардың, дифтероидтардың, спирохеталардың әртүрлі өкілдері басым болады, сонымен қатар ұршық тәрізді таяқшалар, актиномицеттер және ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар да кездеседі.
Ауыз қуысының микроағзалары тіс жегісінің, стоматиттің, жұмсақ тіндердің қабынуына себеп болады. Қабынудың бастапқы кезендерінде стрептококктар, бактероидтар, актиномицеттер басым болады. Тіс жегісінің дамуына қарай, олардың қатарына шіріткі бактериялары: протей, клостридиялар және т.б. қосылады. Осы аурулардың алдын алу үшін ауыз қуысының тазылығы маңызды рөл атқарады.
Слайд 9Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасы
Қышқыл асқазан сөлінің кері
әсерінен әдетте асқазан микрофлорасы аз болады. Ащы ішекте де сілтілі реакцияға қарамастан, микроағзалардың саны ферменттердің әсерінен төмен. Тоқ ішекте микроағзалардың көбеюіне жағдай қолайлы. Адамның өмірінде тоқ ішектің микрофлорасы өзгеріп тұрады: емізулі балаларда сүт-қышқыл бактериялар саны басым болады, ал ересек адамдарда әдетте бактероидтар, бифидобактериялар, ішек таяқшалары, нәжіс стрептококктар және басқа микроағзалар кездеседі. Нәжістің үштен бір бөлігін түрлі микроағзалар құрайды.
Асқазан – ішек жолдарының иммунды жауапты тінінде:
Ұйымдастырылған лимфоидты құрылымдар (пейер табақшалары, аппендикс, бадамшалар, лимфа торлары);
Жеке жасушалық элементтер (Т- және В- лимфоциттер, макрофагтар нейтрофилдер,эозонофилдер, т.б.) орналасады.
Слайд 10Аш ішекте шамамен 10 млн. иммуноглобулин өндіретін жасушалар орналасқан. Микроорганизмдер жеткіліксіз
болса, ішектің шырышты қабығының крипталарының тереңдігі, пейер табақшалары т.б. азаяды. Құрамныда IgA бар шырыш АІЖ-ның шырышты қабатын физикалық, химиялық әсерлерден, бактериялар мен паразиттердің токсиндерінен қорғайды.Шырышты IgA АІЖ шырышты қабатының басты «тазартушысы» болып табылады.
Ішектің негізгі «тұрғындары» - сүтқышқылы бактериялары, сонымен қатар энтерококктар жіне колибактерияладың кейбір штаммдары. Лактобактериялар аш ішекте қорғаушы қызмет атқарса, тоқ ішекте бифидумбактериялар.
Слайд 12Тыныс жолдарының микрофлорасы
Адам ағзасына тыныс алу барысында ауамен бірге микроағзалардың үлкен
мөлшері түседі. Бірақ олардың көпшілігі мұрын қуысында ұсталып қалады немесе эпителий көмегімен сыртқа шығарылады. Мұрын — жұтқыншақта және аңқада әдетте стафилококктар, стрептококктар, дифтероидтар және басқа микроағзалар кездеседі. Ағза әлсірегенде (жауырағанда, ашыққанда, жарақаттанғанда) жоғарғы тыныс алу жолдарында тұрақты тіршілік ететін микроағзалар тыныс алу жолының төменгі бөліктерін зақымдап, түрлі ауруларды туындатуы мүмкін (бронхит, өкпе қабынуы).
Мұрын-жұтқыншақ жолдарында арнайы иммунитет факторының бірі IgA синтезделеді. Ол тыныс жолдарын көптеген аурулардан қорғайды.
Вирустармен шықырылатын ауруларда төменмолекулалы белок – интерферон синтезделеді. Оның негізгі қызметі - жасушада вирустардың көбейіп жатқаны жайлы белгі беру. Альфолалық макрофагтар – жұту және қорыту қасиеттері бар жасушалар. Олар өкпенің бактериялармен шақырылатын түрлі ауруларына тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Слайд 13Көздің шырышты қабатының микрофлорасы
Көздің шырышты қабатының микрофлорасы
көз жасының қүрамына кіретін лизоцимнің теріс әсерінен өте аз болады. Соған қарамастан конъюнктивте стафилококктар жэне дифтероқдтар кездеседі. Қынап микрофлорасы әйелдің өмірі бойында өзгеріп отырады. Қыздарда коккты флора, ересек әйелдерде — Дедерлейн таяқшасы басым болады.
Коздің шырышты қабатында лимфоциттер, плазмалық жасушалар, барлық класс иммуноглобулиндері, нейтрофилдер, лаброциттер кездеседі. Бұл жерде иммуноглобулин G коп кездеседі.
Слайд 15Қорытынды
Адамның қалыпты микрофлорасы — оның денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Әсіресе,
табиғи туа біткен иммунитетте маңызы зор. Қалыпты микрофлораның бұзыылуы - түрлі мүшелерде және ағзаның жүейлеріндегі микробты биоценоздардың бұзьшуы патологиялық үрдістердің дамуын, ағзаның қорғаныс күштерінің әлсіреуін, дисбактериозды туындатады.
Қалыпты микрофлора ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауда қорғаныш, адаптацияға қоректік-алмасу механизміне көптеген әсер етеді. Шырышты қабаттың рецепторлық жасушаларына көп ұқсастықтары бар, ауыз қуысының қалыпты микрофлорасы ауру тудыратын микробтар болуына кедергі келтіреді.
Слайд 16Пайдаланған әдебиеттер:
1. Архипова Л.Т. Симпатическая офтальмия. — М.,
Триада. — 2006. —
С.102–105.
2. Бикбов М.М., Шевчук Н.Е., Мальханов В.Б. Ци-
токины в клинической офтальмологии. — Уфа,
ГУ Уфимский научно-исследовательский ин-
ститут глазных болезней АН РБ, ГУП РБ «Уфим-
ский полиграфкомбинат». — 2008. — С. 11–20,
42–48.
3. Ушаков Р.В., Царев В.Н. //Стоматология для всех.-1999.-№3,4.-С.15-17.
4. Грудянов А.И., Черновина Г.С., Морозова Л.И. //МРЖ.-1986.-Раздел Х II.-№4.-С.6-10.
5. https://cyberleninka.ru/article/n/issledovanie-mikroflory-i-vrozhdennogo-immuniteta-slizistyh-obolochek-verhnih-dyhatelnyh-putey-pri-vnutriutrobnom-infitsirovanii
6. https://zdravoe.com/129/p14113/index.html