Трофобластикалық ауру презентация

Содержание

Трофобластикалық ауру – плацентаның трофобластарынан пайда болатын қатерсіз және қатерлі ісіктер.

Слайд 1Трофобластикалық ауру (ТА)


Слайд 2Трофобластикалық ауру –
плацентаның трофобластарынан
пайда болатын
қатерсіз
және
қатерлі ісіктер.




Слайд 3Бластоциста жатырға жатырға тамыр жаю алдында.
эндометрий
жасушалық масса
трофобласт
бластоцист қуысы


Слайд 4Жіктеуі
Көпіршік (толық, толық емес)

Инвазивті көпіршік

Хорионкарцинома (хорионэпителиома)

Тератома немесе эмбрионалды обырмен қосылған хорионкарцинома



Қатерлі трофобластикалық тератома (жүктілікпен байланысты емес)

Плацента орынының трофобластикалық ісігі

Слайд 5Әртүрлі трофобластикалық аурулардың ортақ қасиеттері бар:

Адамның плацентасынан пайда болады

Аналық

гендері ортақ

Адам хориогоникалық гонадотропинін (ХГ) өндіреді


Слайд 6ТА сирек кездеседі.
Көпіршік - 1000 босанғандар арасында 1 рет, хорионкарцинама

– 100 000 босанған арасында – 2 рет.

Көпіршік 20-24 жасты әйелдер арасында жиі кездеседі.
Хорионкарцинома – негізі 25-30 жастағы әйелдер арасында байқалады.
Инвазивті көпіршік 40-49 әйелдерде ең көп кездеседі.

Италия және АҚШ зерттеушілерінің мәліметтері бойынша тамақтағы каротин деңгейі төмен болуы қауіп-қатер факторына жатады. Көпіршік витамин А тапшылығы бар аймақтар тұрғындар арасында жиі кездеседі.


Слайд 7Клиникалық ағымы бойынша жіктеу
Қатерсіз

Қатерлі:
Метастазы болмайтын
Метастазы болатын:
Қауіп-қатерлігі төмен
Қауіп-қатерлігі жоғары


Слайд 8Гистологиялық өзгеріс бойынша жіктеу
Көпіршік

Инвазивті көпіршік

Хорионкарцинома
I саты – жатырмен шектеледі
II саты –

метастаз қынап және кіші жамбасқа таралады
III саты – метастаз өкпеге таралады
IV саты – метастаз басқа ағзаларға жайылады
Международная классификация, 1992г. Сингапур


Слайд 9Қауіп-қатер факторлары
Әйелдің жасы 40-тан жоғары (қауіптігі 5 рет жоғарлайды), 20-дан төмен

Анамнезінде

– жүктіліктің ерте мерзімінде болған өзіндік түсіктер

Алдында болған жүктіліктердің саны

Географикалық аймақ: Шығыс мемлекеттерінде жиі кездеседі


Слайд 10Нақты ісікке жатпайды, бірақ оны көпіршіктің инвазивті түрі және хорионкарциномадан ажырату

керек

Гистологиялық негізі:
Хромосомы өзгерген патологиялық қылшықты хорион.

Плацента тіндерінің орнында іші сұйықтыққа толған көпіршіктер.

Көпіршік


Слайд 11Толық емес көпіршік
Ұрықтану кезінде бір аналық жасуша (23Х) екі аталық жасушамен

қосылады да триплоидты хромосомы бар жасуша (69ХХY или 69ХХХ) пайда болады.

Көпіршік қатерлі трофобластық ісікке өте сирек ауысады.

Слайд 12Эмбрион/ұрық жоқ.

Хорион қылшықтардың диффузды ісінуі және эпителийдің гиперплазиясы байқалады.

Ең жиі кездесіт

кариотип – 46ХХ, барлық хромосомдар аталық жасушадан келеді

Ядросы жоқ немесе ядросы жарақаттанған аналық жасуша аталық жасушамен қосылғанда пайда болады.

Ұрықтанғаннан кейін сперматозиодтың гаплоидты хромосомдары екі есе көбееді.

Толық көпіршіктің кариотипі 10%-да – 46 ХY. Барлық хромосдары – аталық жасушаныкі.

Толық көпіршік


Слайд 14Толық емес көпіршіктің клиникасы
Толық емес болған аборт белгілері тәрізді.

Ауру тек жатырдан

алынғанған қырындыны гистологиялық зерттегеннен кейін жиі анықталады

Көпіршік себебімен жатыр қуысын тазалағаннан кейін трофобластикалық ісік - 4% әйелдерде дамуы мүмкін.

Слайд 15Толық көпіршіктің клиникасы
Жатырдың өсуі жүктілікке мерзіміне сай емес

27% жүкті әйелдерде жүктіліктің

ерте мерзімінен бастап преэклампсия дамиды

25% жағдайда жүктілік кезінде тоқтамайтын құсу байқалады

7% әйелде жүктілік кезінде тиреотоксикоз дамиды

Көпіршіктен жатыр құысын тазалаған кезде немесе кейіннен өкпе артериясы тармақтарының тромбоэмболиясы байқалады

Аналық бездерде текалютеинді кисталар байқалады

Слайд 16Толық көпіршік прогнозы
Кемінде 1 клиникалық белгілері бар 352 толық көпіршікпен ауырған

әйелдердің 31%-да инвазивті трофобластикалық ауры дамыды, ал 8,8 %-да метастаз байқалды.

Неғұрлым аурудың жасы жоғары, соғұрлым трофобластикалық ауру жиі байқалды: 37% - 40 жастан асқан әйелдерде, 50% - 50-ден асқаннан кейін.

Слайд 17Анықтау
1) Шағымдар:
Жыныс жолдарының қанды бөлінділері - серозды, іріңді;
Ішінің төмені және бел

аймақтарындағы ауыру сезім - жатыр серозасынан өткен жағдайда;
Өткір, кенет ауыру сезім - жатыр перфорациясы немесе лютеин кисталары бұралған жағдайда;
Кеуде аймағындағы ауыру сезім және оған қанды қақырық аралас жөтел - өкпеге метастаз жайылған жағдайда;
Қатты бас ауыру, көзі көрмеу, құсу, парез, т.б.;
Неврологиялық белгілер –метастаз миға таралғанда.

Слайд 182) Анамнез (етеккір, репродуктивті жұмысы, қосымша аурулар, т.б.):
Жүктіліктің ерте мерзімінде болған

преэклампсия;

Жүктілік кезіндегі тоқталмаған құсу;

Тиреотоксикоз;

Көпіршіктен жатыр қуысын тазалаған кезде немесе одан кейінрек болған өкпе артериясының эмболиясы

Слайд 193) Клиникалық зерттеу (кеңітілген жалпы қан анализі, т.б.)

4) Биохимиялық зерттеу

5) Гинекологиялық

тексеру (қынап, жатыр мойынының цианозы; жатыр денесінің көлемі, формасы, ауыру сезімі; аналық бездер, параметридің жағдайы)

Слайд 206) УДЗ
жатыр көлемі жүктілікке сай емес, эмбрион жоқ, жүрек соғысы анықталмайды,

жатыр қуысында гомогенді ұсақ кисталары бар тін «қарлы боран» симптомы.

Аналық бездерінде диаметрі 6см текалютеинді кисталар – жатыр қуысын тазалағаннан 2-4 айдан кейін өздігінен жойылу ықтималы 50%.

Слайд 217) Эндоскопиялық зерттеу (гистероскопия, лапароскопия)

8) Рентгенологиялық зерттеудің маңыздылығы зор:

Кеуде қуысының рентгенографисы

– өкпедегі метастазды анықтайды

Гистеросальпингография (ГСГ) – гистологиялық зерттеу мәліметі анық қорытынды бермеген жағдайда және химиотерапияның нәтижелігін бақылау себебімен.

Емдеу барысында кеуде қуысының рентгенографиясын 3 ай сайын жүргізу керек.

Слайд 229) Гистологиялық зерттеу
Көпіршіктің 3 түрін анықтайды:
а) жай;
б) пролиферациялы;


в) инвазивті.

Трофобалст жасушаларының компоненттерінің санына байланысты 3 гистиотипті анықтайды:
а) аралас;
б) цитотрофобластикалық;
в) синцитиалдық.


Слайд 2310) Кариотипті анықтау

46,ХХ (90%) - барлық хромосомдар аталық.

46,ХУ (10%)

– толық көпіршікте барлық хромосомдар аталық, ал митохондрий – аналық.

(69,ХХХ; 69,ХХУ; 69,ХУУ) – триплодия - толық емес көпіршікте – қосылған хромосомдар аталық болып келеді.


Слайд 2411) Биологиялық және радиоиммундық зерттеу  Трофобластикалық ісіктер қалыпты плацента тәрізді 3 гормон өндіреді:

адам хорионикалық гонадотропинін (АХГ), хорионикалық соматомаммотропин және хорионикалық тиреотропинді. 


12) Компьютерлік томография (КТ), Ядролы магнитті резонанстық томография (ми, құрсақ ағзалары).

Слайд 25Хорионэпителиома —трофобласттан пайда болатын қатерлі ісік.


Көпіршік, аборт немесе қалыпты жүктіліктен кейін пайда

болуы ықтимал.


Ауру бастапқы мерзімінде жай дамиды, емдеуге келеді.

Слайд 26Клиникалық көрінісі

• Патологиялық жатырдан қан кету. Босанудан кейін кешікпей немесе бірнеше жылдан

кейін пайда болады.

• Келесі ағзаларда метастаз байқалады:  
қарын-ішек жолдары, несеп-жыныс жүйкесі, бауыр, өкпе, ми.

Метастаз болған жерде ісік қан тамырлар қабырғасынан өтіп, қанкетуге алып келеді.


Слайд 28Клиникалық көрінісіне байланысты трофобластикалық аурудың келесі түрлеріне бөледі:
метастатикалы
Метастатикалы емес
Метастатикалық емес

түрі ең жиі кездеседі. Ісік тек жатырмен шектеледі.

Метастатикалық трофобластикалық неоплазия жатырдан басқа ағзаларға тарайды.

Аурудың симптомдары метастаз орналасқан ағзаға байланысты. Мысалы, қанды қақырық (метастаз өкпеде), неврологиялық белгілер (метастаз мида орналасқан).

Слайд 29 Плацента орынының трофобластикалық ісігі – жай дамитын қатерлі ісік.

Клиникасы:
Аменорея
Жүктіліктен

кейін (босану, аборт, дамымай қалған жүктілік, көпіршік) кейде болатын жыныс жолдарының қанды бөлінділері.

Слайд 30Плацента орыны ісігінің басқа трофобластикалық ауруларынан ерекшеліктері:

Β-хориогоникалық гонадотропиннің деңгейі керісінше төмен

Өте

жай дамиды, метастаздары айлар және жылдар өткеннен кейін пайда болады

Полихимиотерапияға тұрақты (резистентті)

Слайд 31Сондықтан ең оптималды емі – гистерэктомия.

Метастаздар болған жағдайда – химиотерапияны

гистерэктомиядан кейін жүргізеді.






Әдебиет: Schmid P., Nagai Y., Agarwal R. et al.  Prognostic markers and long-term outcome of placental-site trophoblastic tumours: a retrospective observational study.  Lancet 2009; 374: 48–55. Medline абстракт.

Слайд 32Рахмет


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика