Тағамдық және санитарлы микробиология презентация

Мақсаты: Пәннің негізгі мазмұнын және қажеттілігін түсіндіру. Тағамдық және санитарлы микробиологияға жататын микроорганизмдерге толықтай сипаттама беру Міндеті: Микроорганизмдермен жұмыс үстеу әдістерін білу, микроорганизмдердің барлық топтарының микрофлорасымен танысу

Слайд 1Алматы технологиялық университеті

Факультет: Тағам өндірісі

Тағамдық және санитарлы микробиология

Тақырыбы: Тағамдық және санитарлы

микробиология пәнінің мақсаты мен міндеті. Даму тарихы
Орындаған: Ешмағанбетов О.
Қабылдаған:Жапаркулова Н.
Тобы:БТ 15-13

Слайд 2

Мақсаты: Пәннің негізгі мазмұнын және қажеттілігін түсіндіру. Тағамдық және санитарлы микробиологияға

жататын микроорганизмдерге толықтай сипаттама беру Міндеті: Микроорганизмдермен жұмыс үстеу әдістерін білу, микроорганизмдердің барлық топтарының микрофлорасымен танысу

Слайд 3 Халықтың жағдайы əрдайым қоршаған ортаның қасиетіне тəуелді

болғандықтан, қоршаған ортаны санитарлы-гигиеналық бақылаудан өткізіп отыру қажет. Қоршаған ортаның адам өмірінен əсері бірнеше факторлар жиынтығына тəуелді болады: қоршаған ортаның табиғаты, əлеуметтік жағдайы, өндірістік жəне тұрмыстық жағдайы, өз кезегінде бұлардың барлығы адам өмірінің санитарлық жағдайы болып табылады. Осы санитарлық жағдайларды зерттеу үшін гигиеналық талаптар мен нормаларға сай екендігін анықтайтын əлеуметтік-гигиеналық жəне зерханалық санитарлы-гигиеналық əдістер қолданылады. Сонымен гигиеналық зерттеу əдістерін білу қоршаған орта объектілерін санитарлық бақылауға қажетті мəліметтердің бірі болып табылады.

Слайд 4 Халықтың əртүрлі топтарының тамақтану ерекшеліктерін гигиеналық

бағалау төмендегі жағдайларды ескере жүреді: *тамақтануда қолданылатын тағамдық өнімдерді қолданылуы; *тамақтану режимі, *энергетикалық жұмсауы, *зерттеуге алынған контингенттің физикалық жетілу ерекшеліктері мен денсаулығы, *тағамдық өнімдердің химиялық құрамы ескеріледі. Гигиеналық зерттеулердің арасында санитарлық бақылау жұмыстары үлкен орын алады.

Слайд 5 Гигиена – (грек тілінен,hygieinos–емдік,шипалы,сау)қор-шаған ортаның əртүрлі факторларының жəне

өмірі мен еңбек ету жағдайларының адам денсаулығына əсерін, сонымен қатар адам денсаулығын сақтау мен өмірін ұзарту, əлеуметтік жағдайын қанағаттандыратындай əртүрлі аурулардың алдын алу шарала-рын өңдеумен айналысатын ғылым.
Гигиена − халықтың өмі-ріне қолайлы жағдай жасау жайындағы ғылым. Кейбір елдерде гигиена – қоғамдық денсаулық туралы ғылым немесе адам экологиясы жəне қоршаған орта деп аталған. Гигиенаның салалары: тамақ гигиенасы, коммунальді гигиена, еңбек гигиенасы, балалар жəне жасөспірімдер гигиенасы, радиациялық жəне космостық гигиена, əлеуметтік гигиена, эпидемиология т.б. Əрбір саланың мамандары санитарлық ережелер мен нормаларды өңдейді.

Слайд 6 Теориялық немес ғылыми гигиена – адам денсаулығына қажетті жалпы

түсініктер мен талаптарды өңдейді.
Қолданбалы гигиена немесе санитария – ғылыми немесе теориялық гигиенаның талаптарын санитарлық заңдар мен бақылаулар арқылы практикада іске асырумен айналысады.
Гигиена жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында қа-лыптасты. Гигиенаның дамуына үлес қосқан отандық ғалымдар:

А.Н. Доброславин (1842 -1889) – жалпы əскери жəне тағамдық гигиена саласының ірі маманы, орыстардың гигиеналық мекте-бін қалаған, медико-хирургиялық академияның гигиена кафедрасының 1-меңгерушісі. Ол тағамдық өнімдердің (азық – түліктердің ) тағамдық құндылықтарын зерттейтін зертхана ашты.




Слайд 7Ф.Ф. Эрисман (1842-1915) – Ресейдегі ғылыми гигиенаның негізін салушы, МГУ –

гигиена кафедрасының профессоры. Ре-сейдегі алғашқы тағамдық өнімдер экспертизасы жəне олардың фильсификациясымен күресу əдістерін өңдеуге арналған сани-тарлы-эпидемиологиялық стансаны (1891) ұйымдастырды.



Л.В. Хлопин (1863-1923) – Ұлы Ресейлік врач-гигиенист, "Основы гигиены" кітабының жəне "Тағамдық өнімдер жəне сусындарды зерттеу əдістері" нұсқауының авторы.
Тағам гигиенасына сонымен қатар М. Н. Шейерникова (1870-1939), А.А. Покровский, К.С. Петровский, О.П. Молчанов, А.Н.Уголев, т.б. орасан зор үлестерін қосқан.


Слайд 8 Тағам гигиенасы – тағамдық өнімдердің санитарлық та-залығын сақтау жəне

өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды өндеу, қоғамдық тамақтану орындары-на тарқату жағдайлары жəне халықтың сауықты тамақтануы жайындағы ғылым.
Тамақ гигиенасы жалпы гигиенаның бір саласы болып табылады.

Слайд 9Тағам гигиенасының міндеттері:
* Физиологиялық қажеттіліктеріне байланысты халықтың əртүрлі топтарына тағамдық өнімдердің

гигиеналық нормативтерін өңдейді.
* Тағамдық өнімдерге қоршаған орта факторларының əсерін зерттейді.
* Тағамдық өнімдердің адам организіміне кері əсерінің себеп-салдарын зерттейді.
* Өндіріс орындарына азық-түлік өнімдерін сақтауға, тасымалдауға, сатуға санитарлық талаптар орнатады.

Слайд 10Санитария (лат.sanitos–саулық,денсаулық) –халықтың əл-ауқатын, денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаны сауық-тыруға жəне адам

өмірін ұзартуға бағытталған гигиена саласын-да өңделген шараларды практика жүзінде іске асыратын сала.
Санитария гигиенаның талаптарына сай санитарлы-ги-гиеналық жəне эпидемияға қарсы шаралардың практикалық жиынтығы деп айтуға да болады. Санитарлық бақылауды санитарлы-эпидемиологиялық стансалар жүргізеді.

Слайд 11 Санитарлық микробиология – қоршаған орта микрофлорасын жəне оның

адам денсаулығына жəне тіршілік ортасына əсерін зерттейтін медициналық микробиологияның бір саласы.
Санитарлық микробиологияның дамуының алғашқы саты-сы француз ғалымы Э.Масе ішек таяқшасын судың фекалды ластануының көрсеткіші ретінде қолдануды ұсынған кезден басталды. Адамның тіршілік ортасы, микрофлорасы мен мик-робиологиялық процестерді зерттеу, қоршаған ортамен қа-рым-қатынасын гигиеналық бағалау мақсатында жүргізеді.
Санитарлы микробиология су, топырақ, ауа, тамақ өнімдерін жəне басқада тұрмыстық заттардың бақылау əдістерін өңдейді.

Слайд 12Санитарлы микробиологияның негізгі міндеттері:
* патогенді микроорганизмдер өсіп-өнуіне қолайлы орталарды, биоценоздарды зерттеу

жəне сол орталардың патогенді микроорганизмдерінің жинақталуындағы рөлін анықтау;
* қоршаған орталарды зерттеудің микробиологиялық əдіс-терін, қоршаған ортаны сауықтыратын микробиологиялық нормативтер мен шараларды өңдеу.

Слайд 13 Тамақ санитариясы – тағам объектілерде тағамдық улану-лар мен

аурулардың профилактикасын қамтамасыз ету жəне тағамдық өнімдерді сапалы жəне қауіпсіз өндіру мақсатында жүргізілетін шаралардың жиынтығы.
 
Тағамдық өнімдердің санитарлы-гигиеналық зерттеудің негізгі мақсаты:
тамақтанудың гигиеналық сипаттау жəне оныңғылыми негізделген нормаларға сəйкестігін анықтау. Санитарлы-гигиеналық бақылау – қоршаған ортаның табиғи жəне жасанды объектілерін бағалаудағы ең маңызды түрінің бірі болып табылады. Санитарлы – гигиеналық бақылаудың негізінде гигиена, санитария жəне гигиеналық нормалау немесе сани-тарлы-гигиеналық норма жатыр.

Слайд 14Гигиеналық нормалау немесе санитарлы-гигиеналық норма –
табиғи ортадағы-ауа,су,топырақ,өндірістік мекемелермен тұрғын үйлерде,

тағамдық өнімдер мен дəрілік қосылыстар-дың құрамында кездесетін зиянды заттардың адам денсаулы-ғына қауіпсіз дəрежесін анықтау мен негіздеуге бағытталған сандық жəне сапалық көрсеткіш.

Слайд 15Қорытынды
Қоршаған ортаның адам өмірінен əсері бірнеше факторлар

жиынтығына тəуелді болады: қоршаған ортаның табиғаты, əлеуметтік жағдайы, өндірістік жəне тұрмыстық жағдайы, өз кезегінде бұлардың барлығы адам өмірінің санитарлық жағдайы болып табылады.
Осы санитар-лық жағдайларды зерттеу үшін гигиеналық талаптар мен нор-маларға сай екендігін анықтайтын əлеуметтік-гигиеналық жəне зерханалық санитарлы-гигиеналық əдістер қолданылады.
Сонымен гигиеналық зерттеу əдістерін білу қоршаған орта объектілерін санитарлық бақылауға қажетті мəліметтердің бірі болып табылады.

Слайд 16Назарларыңызға
рахмет!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика