Шәңкіш және оның медицинада қолднылуы презентация

Сипаты Биіктігі 1,5 — 4 метрге жетеді. Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ, сопақша, кейде дөңгеленіп келген. Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3

Слайд 1 Шәңкіш және оның медицинада қолднылуы

Шәңкіш(лат. Viburnum) — ұшқаттар тұқымдасына жататын бұта немесе аласа ағаш. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда, негізінен  Еу-разия мен Солтүстік Америкада өсетін 200-ге жуық түрі белгілі. Қазақстан-ның барлық аймақтарындағы жалпақ жапырақты және аралас ормандарын-да, бұлақ, өзен-көл жағалауларда,сай-лы, батпақты жерлер мен тау беткей-лерінде 1 түрі — кәдімгі Шәңкіш кездеседі.


Слайд 2Сипаты
Биіктігі 1,5 — 4 метрге жетеді.
Сабағының қабығы ақшыл сұр түсті, тілініп кеткен, онда тықыр жас бұтақтары орналасады. Жапырақтары жалпақ,

сопақша, кейде дөңгеленіп келген.
Гүлдері қос жынысты, шет жағындағы гүлдері тұқымсыз болады, шатырша-қалқанша гүлшоғырын құрайды. Аталығының саны — бесеу, жатыны бір ұялы. Тостағанша жапырақшалары 3 не 5 тісті, күлтелері қоңырау тәрізді, ақ немесе қызыл түсті.Жәндіктермен тозаңданады.
Мамыр — шілде айларында гүлдеп, тамыз — қыркүйекте жеміс салады.
Жемісі — қызыл түсті сүйекше.


Слайд 3Емдік қасиеті
Дәрілік мақсатқа өсімдіктің қабығын, жемісін, гүлін жинайды. Құрамында - вибурнин глюкозиді,

валериан, илік заттар, шайыр жәнеорганикалық қыш-қылдар, ал жемісінде қант, илік заттар бар. Олар халық медицинасында кеңінен қолданылады:
Қабығынан алынған тұнба қан тоқтады, қан тамырларын тарылтады, жүйке-ні тыныштандырады. Жемісі жүрекке әсер етеді,несеп айдайды, өт жүргізеді, қабынудан қорғайды және жараларды жазады.
Қысқы қатты аязда түсіп қалған жемісі жеуге жарамды болады. Сонымен қатар тер шығаратын, құстыратын, іш жүргізетін дәрі есебінде және асқа-зан қышқылы кемігенде емдеуге болады. Жемістерін балмен қосып қайнатып, жоғары тыныс жолдары менөкпе қабынғанда, деміккенде, іш өткенде, бауыр ауырғанда, дене сарғайғанда, дауыс қарлыққанда пайдаланады.
Гүлдеп тұрған бұтақтарының қайнатындысын қақырық түсіру үшін қолданады.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика