Седативті және ұйықтататын дәрілерге тәуелділік презентация

Содержание

Седативті-ұйықтатын заттар аз дозада антифобиялық тыныштандыратын және көп дозада седативті-ұйықтатын қасиетке ие ОЖЖ-нің депресанттары болып табылады. Эмоционалды күштемені төмендетуге табиғи ұйқыға кетуді жеңілдететін және оны тереңдетуге және адамды тыныштандыруға арналған

Слайд 1СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ





СЕДАТИВТІ ЖӘНЕ ҰЙЫҚТАТАТЫН ДӘРІЛЕРГЕ ТӘУЕЛДІЛІК





Орындаған: Нұртөлеуова М
Елемесова Е
Тұрсынханва

Е
539-топ ЖМФ



Слайд 2Седативті-ұйықтатын заттар аз дозада антифобиялық тыныштандыратын және көп дозада седативті-ұйықтатын қасиетке

ие ОЖЖ-нің депресанттары болып табылады.
Эмоционалды күштемені төмендетуге табиғи ұйқыға кетуді жеңілдететін және оны тереңдетуге және адамды тыныштандыруға арналған өсімдік текті немесе синтетикалық дәрілік заттардың тобы.


Слайд 3этиология


Слайд 4 Наркотизацияда тез әсерлі седативті не ұйықтататын дәрілер қолданылады:
Барбитураттар тобынан -

барбамил,нембутал,фанодорм;
Уреидтар тобынан - бромурал;
Пиридин және пиперидин тобынан - ноксирон;
Бензодиазепиндер – нитразепам (эуноктрин,радедорм,неозепам) және сибазон (диазепам,седуксен,валиум,реланиум);
Аз мөлшерде хлордиазепоксидтер



Слайд 5Седативті және ұйықтататын заттардың әсер ету механизмі және фармакологиялық қасиеті:
Бензодиазепиндер және

барбитураттар ГАМҚ рецепторларымен өзара әсер етеді. ГАМҚ орталық жүйке жүйесінің негізігі тежегіш нейромедиаторлары болып табылады. Бензодиазепиндер ГАМҚ әсерін потенцирлейді.



Слайд 6Бензодиазепиндер ағзаға түскенде бауырдың микросомальды ферменттерін метаболиздейді. Флуразепамның қан плазмасынан жартылай

шығару периоды 2-3 сағат , ал оның негізгі метаболиті N – дезалкилфлуразепам 50 сағ. бойы белсенді болып қалады. Бензодиазепиннің липофильді қасиетіне байланысты гематоэнцефальды барьер арқылы өтеді.

Слайд 7Седативті-ұйықтататын заттарға тәуелділік
Седативті-ұйықтатын заттар паникалық бұзылыстар, үрей жағдайын ұзақ емдеу кезінде,

сонымен қатар ұйқы бұзылысын қысқа уақытты емдеу кезінде және болдырмау синдромын басу үшін қолданылатын негізгі дәрілік препараттар болып табылады.
Бұл препараттардан физикалық тәуелділік пайда болуы мүмкін.
Науқастарда бензодиазепин немесе барбитураттармен терапияны тоқтатқан кезде , физикалық тәуелділік кезінде болдырмау синдромы тудыруы мүмкін


Слайд 10 Седативті және ұйықтататын заттармен масаюдың бірінші фазасында тәуелділік дамымайды:
Рауш-наркоз: кенеттен

кереңдік басталады. Адам басындағы «жеңіл соққыны» сезінеді. Көз алды қарауытады, акоазма және фотопсия байқалады. Жарқырауық нүктелер, дөңгелектерді көреді. Көз қарашығы кеңейеді, дененің жоғарғы бөлігінің терісінде және шырышты қабаттарында гиперемия, бұлшық еттерінде әлсіздік пайда болады. Ұзақтығы бірнеше секундқа созылады.

Слайд 11Масаюдың екінші фазасы:
Себепсіз көңіл-күйдің көтерілуі, қозғалыстар жасауға ниетінің болуы, Моторлы белсенділік

жоғарылайды. Ойлау және қабылдау кенеттен төмендейді. Назар аударуы шашыраңқы. Дауысы жоғары, көп сойлегіш болады. Эмоциональды фон тұрақсыз. Латеральды нистагм, диплопия, дизартрия, дизметрия, қозғалыс координациясы бұзылады, жүргенде, тұрғанда тепе- теңдігі бұзылады.
Біртіндеп психикалық және қозғалыс белсенділігі төмендейді және ұйықтайды. Әсері 2-3 сағатқа созылады.


Слайд 12Масаюдың үшінші фазасы. Бұл ұйқы сатысы. Ұйқы терең және ауыр. Ұйықтап

жатқан адамды ояту қиынға соғады. Бозарады, брадикардия және гипотензия сақталады. 3-4 сағатқа созылады. Түнге қарай ұйықтау қиындау болады.


Слайд 13 Масаюдың төртінші фазасы.
Әлсіздік байқалады, жабырқау сезімі,

көңіл аударға қабілетсіз болады. Соңғы тіркемелерде горизонтальды нистагм болады, сіңір рефлекстері төмендейді. Қозғалысы белсенді емес, бұлшық еттерінде әлсіздік, кейде тремор анықталады. Басы ауырады, жиі жүрек айну және құсу. Тәбеті болмайды, шөлдеу байқалады.

Слайд 14Седативті және ұйықтататын заттармен масаю тәуелділікті шақыруға себепші болады.
1. Қысқа

фаза- қозғыштық. Бұл кезеңде көңіл- күйі көтеріледі, өзін белсенді сезінеді. Қандай да бір іспен айналысуға қызығушылығы артады. Ойлау темпі жылдамдайды және влечения пайда болады (либидо, тәбет).
2. Ұзақ фаза- ұйқы, астения.


Слайд 15
Медициналық көрсеткішпен қабылдаған науқастардағы тәуелділіктің пайда болуы.
Ауру типті емес дамиды.

Көптеген науқастарда неврозбен, инволюционды науқастарда тәуелділіктің баяу дамуы қалыптасады. Жылдар өте келе мөлшерін көбейте отырып, болдырмау синдромының толық емес дамуына әкеледі. Бұл тәуелділік психотерапияны жеңіл бұза алады және плацебоны қанағаттандырады. Төмен көңіл-күй кезеңі басталады.


Слайд 16Тәуелділік дамуының бірінші сатысы:
Толеранттылық жоғары,тез тәуелділік п.б.
Организмнің қорғаныштық қасиеті

жоғалады,нәтижесінде: құсу, жүрек айну,сілекей ағу,ықылық,көз қарығуы дамиды;
Әрдайым дозаны көбейтіп отыру қажеттілігі артады;
Күндізгі уақытта да қолдана бастайды;
Психикалық тәуелділік симптомы дамиды: масаймаған уақытта науқас өзін жаман сезінеді және қобалжуға әкеледі.Науқас үшін, бұл жағдайда наркотикалық масаю ғана шешім болып табылады.
Бірінші дәреже ұзақтығы 2 аптадан бірнеше жылға дейын созылуы мүмкін.


Слайд 17

Екінші сатысы:
Тәуелділік жоғарылайды;
Шиеленісу туындауынан қоршаған ортаға қауіп туады;
Науқас кеш түсе бастағанда күшейтілген доза қабылдаған болса ғана ұйқысы келеді;
Мөлшерден тыс қолдану болғанда да қорғаныш реакциясы теріс болады;
Қозғалыс дискоординациясы,сөзді байланыстырып сойлеу қабілетінің бұзылыстары дамиды

Слайд 18

Үшінші сатысы:
Созылмалы ауыр интоксикация белгілері айқын болады:дизартрия,дискоординация,топастық;
Седативті заттарға төзімсіздік;
Науқас қолда бар кез келген препараттарды қолданып,нәтижесінде бірнеше кунге сөнген жағдайға кетеді (запой);
Болдырмау синдромы дамыса,аяқ астынан алатын шыдатпайтын ауырсыну сезімі туындайды;
Науқас әлсіз әрі мұңлы күйде болады.


Слайд 19Болдырмау синдромының негізгі көріністері:
үрей сезімі
галлюцинация
қолдың ,тілдін,қастың катты треморы
ұйқы қашу
тырыспалы устамалар.
Болдырмау синдромының

ұзақтығы 5-7 апта.
Салдары ретінде:тәбетінің төмендеуі, ұйқының бұзылыстары, үнемі депрессия, суицидалды көңіл куй.Болдырмау синдромы 1,5-2 айға созылуы мумкін, сонымен бырге: психоз, ес бұзылысы мен галлюцинация бырге журеді.


Слайд 20Қозғалыс координациясы бұзылған,өзінің істеріне жауап бере алмайды.
Жүрісі сенімсіз,теңселмелі.
Сөйлеуі монотонды,созылған.Көңілінің тұрақсыздығынан бір

сөйлемді аяқтамай екіншісіне ауысып кетеді.
Тері жабындылары бозарған.
Седативті препараттармен жедел улану кезінде неврологиялық бұзылыстар жиі байқалады.Атаксия,нистагм,диплопия,кейде қарашық кеңейген.Сонымен қатар аккомадация және конвергенция бұзылыстары,жарыққа реакция әлсіз,беткей рефлекстер мен бұлшық ет тонусы әлсірейді.
Тахикардия, гипотония,беткей тыныс,дене температурасының төмендеуі,цианоз байқалады.

Клиникалық көрінісі


Слайд 21КЛИНИКАСЫ
Латеральды нистагм, диплопия, дизартрия, дизметрия, қозғалыс координациясы бұзылады, жүргенде, тұрғанда

тепе- теңдігі бұзылады.
Біртіндеп психикалық және қозғалыс белсенділігі төмендейді және ұйықтайды. Әсері 2-3 сағатқа созылады.


Слайд 22
Тәуелділіктің алғашқы сатыларының бастамасында жұмысқа қабілеттілік төмендейді, ештеңкеге көңіл аудармайды, жалпы

әлсіз,не нәрсеге назар аударуы төмендейді, қызығушылық сферасы тарылады. мидың органикалық бұзылыстары- энцефалопатиялар тез дамиды. Сонымен қатар,тұлғалық қасиеті,этикасы бұзылады.
Топастық, есте сақтаудың бұзылыстары өршиді,әрдайым ызақорланып жүреді,беті ісінген,өңі бозарған болады.
Бауыр бұзылыстары:токсикалық гепатит, цирроз дамиды.Панкреотит.Жүрек бұзылыстары дамиды.


Слайд 23

Емі
Емі стационарлы жағдайда жүргізіледі. тырысу ұстамаларының және психоздардың болуын ескере отырып біртіндеп препараттарды толық тоқтатады. Науқас міндетті тәртіпте қосымша терапевт, кардиолог, невролог мамандарынан зерттеу өтуі қажет. Соматикалық бұзылыстарды қалпына келтіруде эфферентті терапия, витаминотерапия өткізеді, гепатопротекторлар тағайындалады. Ұзақ курс иглорефлексотерапия, физиотерапия, психотерапия жүргізіледі. Стационарлық емнің ұзақтығы 25 тәулікке дейін созылады.

Слайд 24

Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика