Слайд 1Психотерапия
Орындаған: Ершыракова Р.М
Тексерген: Кангерей М.Б
Слайд 2Дальтон-технологиясы еркіндік,дербестік,ынтымақтастыққа негізделеді.Бұл технология шығармашылық тапсырмалар жүйесі
( дальтон тапсырма), зертханалық
жұмыстар ( жеке және ұжымдық оқу-танымдық өзіндік жұмыс), сенім құру, жауапкершілік,сәттілік.
Слайд 3Дальтон технологиясының мақсаттары:
- балалардың жеке-дара дамуын
қамтамасыз ету;
- оқу танымдық іс-әрекеттері барысында шәкірттердің қызметтестік, жауапкершілік және дербестік сапаларын көтеру арқылы олардың әлеуметтік тәжірибесінің дамуын қамсыздандыру.
Слайд 4Дальтон жоспары – бұл дәрісханалық оқу-үйретімді үш принципке:
- Еркіндік принципі
- Дербестік
принципі
- Ынтымақтастық принципі
Слайд 5Еркіндік принципі.
Еркіндік-бұл шәкірттің пәнді, тақырыпты, әріптесті, білім көздерін, формалары мен
тәсілдерін өзі таңдап алу құқығы. Алайда, бұл еркіндік жауапкершілікпен байланысты: мақсатқа жетудегі соңғы деңгейлі ерікті орындалған әр тапсырманы мұғалім бағалайды. Әр шәкірт жеке орындалған жұмысы бойынша мұғалім алдында есеп береді.
Слайд 6Дербестік принципі.
Дербестік - бұл әр шәкірттің деңгейі мен өзіндік даму
бағдарын, шешім қабылдаудағы дербес әрекеттері мен сол таңдауға орай жауапкершілігін өз мойына ала білуі
Слайд 7Ынтымақтастық принципі.
Ынтымақтастық принципі-бұл оқу-танымдық әрекеттің түрін таңдау: жеке,жұптық,кіші топ.Оқушы көмек
үшін кез-келген адамға жүгіне алады: оқушыларға, ата-аналарға, ұстазға.
Слайд 8Дальтон жоспарын дайындау барысында Х.Паркерхерст пән бойынша барша материалды төрт бөлімге
ажыратуды «оқу тоқсандарына байланысты», кейін әр бөлімді - айға және тоқсанға, ақырында - апта санына бөлуді ұсынды. Ал бұл әр күнгі, апталық және айлық тапсырмалар белгілеуге негіз болады.
Слайд 9Тапсырмалардың өзіне қойылатын талаптар келесідей:
· тапсырмалар деңгейлік сипатта;
· тапсырмалар алу бағдарлама
материалының ауқымды көлемін қамтиды;
· тапсырмалар мақсаты дәл, нақты орындау нәтижесімен анықталады;
· тапсырма шәкіртке түсінікті әрі қызықты болуы тиіс;
· тапсырмалар әр шәкірттің орындау мүмкіндігіне орайласқан. Бұл үшін тапсырмамен бірге нұсқаулар беріледі, әдебиеттер көрсетіледі, орындау мерзімі белгіленеді;
· тапсырмалар әрқилы формаларда орындауға қолайлы, орындау барысында басқалармен ақылдасуға болады;
· тапсырмалар бойынша есеп беру, өзіндік қадағалау жағдайлары (топта шығып баяндау) ескерілген;
Слайд 10Қорытынды
Дальтон технологиясы оқушының танымдық дербестігін,ынтымақтастық, зерттеушілік дағдыларын дыматады.сонымен қатар басқа оқушылар
мен ересектердің әлеуметтік тәжірибесін,тұлғалық дамуын қалыптастырады.