Психиатрияда (наркологияда) негізгі қалыптасу кезеңдері және жетекші бағыттары презентация

Жоспар: I. Кіріспе; II. Негізгі бөлім: 2.1. Психиатрия ғылымы; 2.2. Психиатрияның қалыптасу кезеңдері; 2.3. Психиатрияның жетекші бағыттары; III. Қорытынды; IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайд 1Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
Семей Медицина Университеті
Неврология, психиатрия, наркология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Психиатрияда

(наркологияда) негізгі қалыптасу кезеңдері және жетекші бағыттары.




Слайд 2Жоспар:
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім:
2.1. Психиатрия ғылымы;
2.2. Психиатрияның қалыптасу кезеңдері;
2.3. Психиатрияның жетекші

бағыттары;
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайд 3 Психиатрия (психе — жан, иатреиа — емдеу) — психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясы

мен патогенезін қарастыратын ғылым. Сонымен бірге бұған аурулардың алдын алу, емдеу мен жәрдемді ұйымдастыру да енеді. Психиатрияның дамуы тарихи жағынан былай қалыптасты: оны зерттеу саласы психоздармен шектелген жоқ, сондай-ақ ол невроздарды да, бұған қосымша соматикалық аурулар кезінде басталатын психикалық өзгерістерді де қамтиды.

Слайд 4 Психиатр дәрігерлер психикалық ауруларды зерттеу мен емдеу

кезінде басқа мамандық дәрігерлер көмегіне үнемі сүйеніп отырады. Соматикалық ауытқулардың барлығын мұқият зерттемеген жағдайда психикалық ауру-ларды, аурудың пайда болу ерекшеліктерін жеткілікті түрде ұғыну мүмкін бола бермейді.

Слайд 7 Психиатрия дербес клиникалық пән болғанымен, медицинаның

басқа салаларымен тығыз байланыста болады. Өйткені аурудың кез келген түрінде, бүкіл ағза азап шегетіндіктен белгілі бір дәрежеде психика да зақымға ұшырайды. Осыған орай кез келген ауруды қарастыру барысында науқас адамның хал-жағдайының ерекшелігіне байланысты әрбір дәрігер өз мамандығына қатысты болмаса да аурудың психикалық күйін, атап айтқанда, санасын, көңіл күйін, мінез-құлқын, бойындағы ауруға көзқарасын зерттейді. Кез келген емдеу әдісі хирургиялық жолмен араласуды қоса алғанда психикаға әсер ететін ықпалмен тығыз байланысты. Мұның бәрімен кез келген мамандықтық дәрігері есептеспей тұра алмайды. Осыған орай, психикалық жағынан ауытқу мен оған әсер ететін ықпалдарды зерттеу психиатрия білімдерімен таныс болған жағдайда ғана іске асады. Аурудың психикалық жай-күйін түсінбейтін дәрігердің оған әсер ету ықпалдары осы   себептерден де жеміссіз   болады деп нық айта аламыз.

Слайд 8 Аурумен істес болатын күнделікті жағдайларда психикалық

аурулар туралы алғашқы таным немесе бұл жайындағы алғашқы күдік ең алдымен психиатрда емес, басқа мамандық дәрігерлерінде, көп жағдайда емдеуші дәрігерде байқалады. Мұның себебі түсінікті де, өйткені ауру адам. (емдеушіге ауруының қатысты болмаса да) өз кеселінің жай-жапсарын ең алдымен соған айтьш отырады. Мұның өзі психикалық ауруға алғаш рет диагноз қоюшы ретінде емдеуші дәрігерге көп жауапкершілік жүктейді. Аурудың бұдан арғы тағдыры да көп жағдайда осы диагнозға   байланысты   болып келеді. Ал ерте диагнозды дұрыс қою психиатриядан жүйелі білім болғанда ғана жүзеге асады.

Слайд 10 Психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметінің бұзылуы — негізгі

ми процестеріндегі әр алуан зақымданудың ара салмақтарына — қозу мен тежелуге, бірінші және екінші сигнальдық жүйелердің, ми қыртысы мен қыртыс астының өзара қарым-қатынасына, мидың жүйелі қызметінің зақымдалуына байланысты..

Слайд 11 Қазіргі кезде әр түрлі психикалық аурулар кезінде

жоғарғы нерв қызметі кеселденуінің ерекшеліктері өте шектеулі мөлшерде, кейбір жағдайларда жалпылама белгілері тұрғысынан ғана зерттелген. Кейбір психикалық бұзылулар жануарлардың белгілі бір түрлерінің жоғарғы нерв қызметін кеселге шалдықтыру арқылы бірнеше мәрте тәжірибе жасау арқылы алынды. Көп жағдайда мұндай бұзылулар жоғарғы нерв қызметі кеселінің сипатын білуге сүйенген арнайы емдеу әдістерінің нәтижесіне негізделіп, таралып отырылды. Зерттеудің мұндай түрі жекелеген психикалық аурулар кезінде жоғарғы нерв қызметі кеселдерінің кейбір ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

Слайд 12 Алайда зерттеудің бұл әдісін барлық психикалық ауруларға қолдану

мүмкін емес. Жануарларға жоғары нерв қызметінің ең бір қарапайым бұзылулары ғана байқау түрінде ғана жүргізіледі. Мұндағы патофизиологиялық заңдылықтар адамға шартты түрде ғана қолданылады. Көптеген психикалық ауруларда жоғарғы нерв қызметі бұзылуының ерекшеліктері әлі де нақты зерттелген жоқ. Өйткені мұндағы міндет күрделі әрі аса көп, қиын еңбекті талап ететін зерттеулерді қажет етуде.

Слайд 13 Психикалық аурулар кезіндегі патология ми қызметімен шектелмейді,

ол бүкіл ағза қызметінің бұзылуынан байқалады. Психикалық аурулар — көбіне ми зақымға ұшырайтын бүкіл ағзаның аурулары. Ми алғаш рет зақымға ұшырағанда (мысалы, жарақаттанғанда) оның қызметі ғана емес, сондай-ақ көптеген жүйелер мен мүшелердің қызметі де бұзылады. Әр түрлі жалпы аурулар да мидың екінші рет зақымдануын туғызады (мысалы, улану нәтижесінде).

Слайд 14Қорытынды:
Осы айтылғандарға сәйкес психикалық аурулар патогенезін зерттеу

жоғарғы нерв қызметі бұзылуларының ерекшеліктерін белгілеуді ғана қамтымайды, сондай-ақ төменгі нерв қызметін зерттеуге, оның бұзылуының жоғарғы нерв жүйесімен өзара байланысына да негізделеді. Сол сияқты бұл мәселеге биохимиялық, биофизикалық және морфологиялық зерттеулер де енеді.

Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер:
Жариков Н.М. “Психиатрия” 2002 ж.
 «bookchamber.kz» сайтындағы кітаптар базасы
http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=1&id=250


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика