Полиомиелит ауруы презентация

Содержание

Жоспар I Кіріспе II Негізгі бөлім Эпидемиологиясы Этиологиясы Патогенезі Клиникалық көрінісі Менингиалдық симптомдар Диагностикасы Полимиелит емі, профилактикасы және алдын алу III Қорытынды IV Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 1 Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университеті
Тақырыбы: Полиомиелит

ауруы

Орындаған: Хюсеинова Б.
Розибаева Ш.
Камаладдин М.
Қабылдаған:Шарабитдинова Г.
Топ: СТК -329
Факультет: Медицина


Слайд 2Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Эпидемиологиясы
Этиологиясы
Патогенезі
Клиникалық көрінісі
Менингиалдық симптомдар
Диагностикасы
Полимиелит емі, профилактикасы және алдын алу
III

Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3Кіріспе
Полиомиелит – (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы)

— негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі.

Слайд 4Эпидемиология.
Аурудың көзі – ауру бала және вирус тасымалдаушылар (3-5 айға дейін)

жұқпалы болып саналады. Таралу жолдары –ауыз арқылы (ластанған тамақ, кір қолдар, су арқылы). Аурудың алғашқы 1-2 аптасында тыныс жолдары арқылы да жұғады. Ауру жаз, күз айларында жиірек кездеседі.


Слайд 5Этиологиясы
Полиомиелит қоздырғышы энтеровирус туыстастығына жататын полиовирус болып табылады. Вирус сыртқы ортада

тұрақты: Суда 100 тәулік Нәжісте 6 ай Жеміс –жидекте 3-4 ай Көптеген антибиотиктерге және қышқылға төзімді. Қайнаған кезде және ультрафиолет сәулесі әсерінен жойылады.

Слайд 7Патогенезі
Вирус ауыз арқылы түседі Ішекте вирус көбейеді Инкубациялық кезең 5-12 күн

Вирус нерв жүйесін бірнеше сағатта зақымдап толық паралич туғызу мүмкін. Көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда вирус қауіпті. Ал ересектерге аса қауіпті емес. Вирус организмге тыныс жолдары және ас қорту ағзаларының шырышты қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп-өніп, көбейеді. Одан әрі қанға өтеді де, қан арқылы жұлынның сұр затына шоғырланып, оны зақымдайды. Соның салдарынан жұлыннан тарайтын нерв талшықтарының қызметі бұзылып, бұлшық еттерінің парез, параличтері басталады. Патологиялық өзгеріске сонымен бірге сопақша ми, орта және аралық ми да ұшырайды.


Слайд 8Полиомиелит вирусы келесідей тізбек бойынша орталық жүйке жүйесіне әсер етеді
Ауыз –

жұтқыншақ жолы
Шырышты қабаты
Лимфатикалық жүйе
Қан нерв (жүйке) жүйесі

Слайд 9Полиомиелит жіктелуі


Слайд 11Клиникалық көрінісі
Иннапаранттық. Клиникалық көрініс бермейді, уақытша вирусқа қарсы антиденелердің пайда болуымен сипатталды.

Абортивті. Менингиалдық және менингорадикулярлық синдромдар арқылы білінеді.
Менингиалдық түрі. Ми қабықтарының зақымдануы білінбейді. Катаральды белгілер көрініс береді. Ас қорыту ағзалары функциясының бұзылуы:
Құрсақ ауру
Іш өту
Бас ауру
Жалпы улану белгілері
Адинамия

Слайд 12Менингиалдық симптомдар
Сырқаттың жағдайы нашарлайды
Мойын тұсының, арқаның, қол – аяқтардың ауруы


Бұлшық еттердің тартылуы
Ласег, Керниг симптомдары
Нистагм
Гиперрефлексия

Слайд 13Салдану түрі:
1-салдану алды
2-салдану
3-қалыпқа келу
4-резидуалдық

Салдану алды кезеңінің клиникалық

көрінісі.
Дене қызуы
Катаральдық белгілер
Ішек –қарын бұзылыстары
Бұлшықеттердегі ауырсыну
Жекеленген б.е жыбырлауы

Слайд 14Салдану кезеңі. Клиникасы зақымдану үрдісінің нерв жүйесінде орналасуына байланысты.
Жұлындық түрі: Алдыңғы мүйізіндегі

мотонейрондардың зақымдануынан болады.
Зақымдану деңгейі:
Мойын
Кеуде
Бел
Қосарланған

Слайд 16Булбарлық түрі. 
Дем алу , жұтыну , дыбыстау бұзылыстары
Вазомоторлық дақтар пайда болуы
Цианоз
Тахикардия

немесе брадикардия
АҚ жоғарлауы, кейін төмендеуі
Булбожұлындық. Тыныс алуға қатысты бұлшық еттер салдануы. Дене және қол – аяқ бұлшық еттер парезі мен салдануы.
Понтиндік түрі. Варолиев көпірінде орналасқан бет нерві ядросының оқшау зақымдануы  салдарынан. Ым бұлшықеті бір немесе екі жақты босаңсып салдануы. Көпіржұлындық. Ым бұлшық еттер парезі мен дене, қол-аяқ  бұлшық еттер парезі немесе салдануы.

Слайд 17Энцефалиттік түрі. 
Ми қыртысы зақымдану симптомдары: естен тану , елестер, сандырақтау,

джексондық ұстамалар.
Қыртыс асты құрылымдар зақымдануы: селк ету, бұлшық ет тонусы бұзылуы, хорея тәрізді , миоклониялық, атетоидтық гиперкинездер көрініс береді.
Полиневриттік түрі.
Нерв бағаналары басым зақымдануымен және оның бойындағы ауырсыну
Ласег симптомы
Арефлексия

Слайд 18Қалыпқа келу кезеңі
Қалыптасу үрдісі алғашқы 3-6 айда белсенді, кейін баяулап 1-1,5

жылға жалғасады.
Жеңіл парездер 2-4 ай ішінде қалыпты жағдайға келуі мүмкін.
Булбарлық түрде болатын жұтыну ,дыбыс шығару және дем алу үрдісі қалпына келуі мүмкін.
Резидуалдық кезең
Бұлшық ет семуі
Вазомоторлық және секреторлық бұзылыстар
Деформациялар
Балаларда сүйектердің өсуі тежелуі
Салданған қол аяқтардың қысқаруы және көлемінің кішіреюі
Басқа жіктелу бойынша клиникасы. Жасырын кезең 2-35 күн аралығы (көбінесе 10-12 күн) болып есептеледі. Аурудың клиникалық дамуы 4 кезеңде өтеді.

Слайд 19І. Препаралитикалық кезең – 1-6 күнге созылады. Клиникалық белгілері жоғарғы тыныс

жолдарының қабынуы белгілерінен жедел басталады – дене қызуы көтеріледі, мазасыздық, ұйқысы нашарлайды. Кейде гастроэнтерит белгілершен жедел басталуы мүмкін. Содан кейін барып, нерв жүйесі тарапынан өзгерістер қосылады: Керниг – Брудзинский симптомы, мойын етенің таралуы, гиперестезия (тері арқылы сезінудің күшеюі), үш аяқты ошақ симптомы (симптом Треножника). Жұлын-ми сұйықтығын тексергенде: плеоцитоз (нейтрофилдер саны 100-ге дейін бір мкл-де көбеюі), белок нормада, түсі мөлдір, қысымы жоғары екені анықталады.

Слайд 21ІІ. Паралитикалық кезең – бірнеше күнмен бір – екі апта созылады.

Дене қызуы төмендейді, бірақ аты айтып турғандай  бұлшық еттердің парез, параличтері басталады. Бұл өзгеріске барлық бұлшық еттер ұшырау мүмкін, дегенмен көбінесе аяқ бұлшық еттерінің парез, параличтері байқалады. Сезімталдық жоғарлайды, ұстап көргенде, қимылдатқан кезінде ауырсынады. Бұлшық еттерде қимыл болмағандықтан, олар біртіндеп атрофияға ұшырайды, рефлекстері де төмендеп, жоғалады. Дем алысына қатысатын бұлшық еттер зақымданған жағдайда, тынс тапшылығының белгіліре пайда болады, баланың дауысы өзгереді, жүрек жұмысы нашарлайды. Осы кезенде бала өткір тыныс тапшылығы мен жүрек жұмысының жедел жетіспеушілігімен өліп кетуі мүмкін. Жұлын сұйықтылығында: белок жлоғарлайды 1,5-2%, нейтрофилдер азайады 5-10  1 мкл-де.

Слайд 22ІІІ. Орнына келу кезеңі – жұмысы бұзылған бұлшық еттерде қимыл пайда

бола бастайды, ауырғаны басылады, рефлекстері орнына келеді, дем алысы жақсарады, дауысы шығады, жұтыну т.б. қимылдар орнына келеді. Орнына келу кезені бірінші 3-6 айға дейін жақсы қарқында өтеді де, одан кейінгі мерзімде баяу жүреді, барлығы 2-3 жылға созылады. Ал жұлындағы өзгерістер үлкен болса, көп жерді зақымдаса, балада өмір бойына мүгедек қалып қояды. ІV. Қалдық өзгерістер кезеңі – парез параличтер қайтпаса, бұлшық еттер атрофияға ұшырап, контрактуралар мен дефармациялар баланы мүгедекке әкеледі.

Слайд 23Диагноз қою
Эпидемиологиялық анемнез жинау; клиникалық белгілерін ескеру (катаральды белгілерден кейін бір

апта ішінде парез, параличтер пайда болуы);  лабораториялық тексеріс тер жүргізу:
1.Жұтқыншақтан жағындыны алғашқы 5 күннен кешіктірмей алу керек;
2.Нәжісті ауру басталғаннан 14 күнге дейінгі мерзімде тексеріске алуға болады. арнайы шыны флаконға 4-5 гр нәжісті жинап, резеңке қақпағының сыртынан лейкопластырмен бекітіледі де, мұздатқышқа қойылады. Лабораторияға 72 сағат ішінде жеткізілуі керек, тасмалдау кезінде де температура +4, +8 градустан жоғары болмауын қамтамасыз ету керек (жаз айларында арнайы термоконтейнерлерде), өйткені полиомилит қоздырғыштары жоғары температураға шыдамсыз келеді.

Слайд 243.Жұлын-ми сұйықтығы тексеріліске 2-3 рет мл көлемінде алынып, қысымы, клеткалар мен

белоктар мөлшері анықталады;
4.Серологиялық тексерістер жүргізу үшін көк тамырдан қан алынады (қандағы антиденелерді анықтау, олардың титрінің келесі тексерісте жоғарлағандығын байқау);
5.Электромиография (бұлшық ет күшін тексеру) полиомиелитке диагноз қоюға көмектеседі.

Слайд 26Полимиелит емі
Комплексті түрде жүргізілуі керек.
Орташа 2-3 апта төсек режимі
Ортопедиялық

режим:  ағаш тақтайда тығыз матрацта жатқызылады.
1 кг дене салмағына 0,5-1,0мл б.е 2-3 рет гамма-глобулин
Қанға полиомиелитпен ауырғандардың 50 мл сарысуы жіберіледі.
1.Тыныс алу бұзылыстары болса: жасанды дем алдыру.
2.Басы ауырып, құсатын болса: Аналгетиктер және дегидратациялық ем ( диакарб)
3.Менингорадикулярлық синдром болса: Витаминдер В1,В6,В12 және екінші апта аяқталғанда жылыту шаралары

Слайд 27Салдану кезеңі аяқталысымен және қозғалыс функцияларының қалыпқа келу белгілері пайда болса

3-4 апта антихолин-эстераздық препараттар курсы – прозерин, дибазол. Қалыпқа келу кезеңінде ауырсыну сақталса кортикостероидтар курсы. Салдану үрдісі қалыпқа келу белгілері пайда бола бастағанда емдік гимнастика және массаж қолданылады.

Слайд 28Полиомиелит профилактикасы немесе алдын алу
2, 2,5 және 5 айлық нәрестелерге 3

валентті вакцинация.
1-2жас аралығында қайталамалы вакцинация
Сақтану жопдары
Бұл аурудан сақтанудың ең тиімді жолы полиомиелитке қарсы егу.
Балада суық тиген немесе аурудың басқа белгілері байқалса, қызу көтерілсе, ешқандай дәрі екпеңіздер, бұл полиомиелит вирусын тудыруы мүмкін. Уколдан тітіркену жеңіл полиомиелитті ауыр түріне айналдырып жіберуі мүмкін. Өте қажет болмаса өз беттеріңізбен баланы ешқашан шанышпаңыздар.
Суық тиген белгілері немесе қызуы бар баланы бөлек бөлмеде ұстаңыз. Баланың қасына барған әкесі мен шешесі кейін қолын жуу керек.
2,3 және 4 айлық баланы полиомиелитке қарсы ектіруді ұмытпаңыздар.
Полиомиелиттен, сал болып қалған бала құнарлы тамақ ішуі керек, бұлшық еттерін нығайту үшін дене шынықтыруымен айналысқаны дұрыс. Мумкіндігінше, жүруді үйретіңіз, суретте көрсетілгендей, тік басып түруы үшін екі тіреу дайындап беріңіз, кейін балдақ жасап беру керек Аяққа арналған аспа бау, балдақ және басқа қосымша құралдар баланың қимылдауына көмектеседі.


Слайд 29Қорытынды
Полиомиелит (грек. polіos — сұр зат және myelіtіs — жұлынның қабынуы) —

негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы ауру. Аурудың қоздырғышы — полиовирус. Полиомиелит кезінде көбіне жұлынның сұр заты зақымданып, ол барлық жүйке жүйесін ауруға шалдықтырады. Ол әсіресе 2 жасқа дейінгі балаларда көп кездеседі. Бұл ауру жұқпалы инфекция арқылы беріледі, суық тигендегі сияқты мұнда да қызу кетеріледі, құсып, іші етеді, бұлшық еттері ауырады. Бірнеше күн бойы баланың дені сау сияқты болып көрінеді. Кейде денесінің жартысы әлсіреп сал болып қалады. Мұндай жағдай көбінесе бір аяқта немесе екі аяқта бірден байқалады. Уақыт өткен сайын аяқтың әлсіреп семген жағы жіңішкеріп, екіншісіне қарағанда кеми түседі.

Слайд 30Пайдаланылған әдебиеттер
1. http://kazmedic.kz/archives/2427
2.http://tvereand.ucoz.ru/news/poliomielit_kazaksha_departament/2014-05-24-61
3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Полиомиелит


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика