Перинатология адам өмірінің презентация

Перинатология-адам өмірінің кезеңін,жүктіліктің 28 аптасынан бастап( нәресте салмағы 1000 грамм) және туғаннан кейінгі бірінші 7 күнді қоса зерттеуге бағытталған медицинаның бір бөлімі. Перинатология жатырдағы ұрықтың,жаңа туылған сәбидің өсіп дамуын,денсаулығын перинатальдық кезеңде

Слайд 1Перинаталогия негіздері


Слайд 2Перинатология-адам өмірінің кезеңін,жүктіліктің 28 аптасынан бастап( нәресте салмағы 1000 грамм) және

туғаннан кейінгі бірінші 7 күнді қоса зерттеуге бағытталған медицинаның бір бөлімі.
Перинатология жатырдағы ұрықтың,жаңа туылған сәбидің өсіп дамуын,денсаулығын перинатальдық кезеңде зерттеп,қорғайтын ғылым.
Перинатологияның өзі 3 сөзден тұрады: peru(грекше)-айнала,төңірегінде,жанында,қасында,маңында;natus
(латынша)-туу;logos(латынша)-ілім.Туудың маңындағы ілім деген ұғымды білдіреді.Бұл термин әдебиетке XX-ғасырдың 60-жылдары ене бастады.Перинатология ғылымы 1976 ж. бастап дами бастады.Даму жолдары ғылыми,тәжірибелік,ұйымдастыру ағымдарына байланысты болды

Слайд 3
Перинатология ғылымының даму жолдар
1.Перинотологияның ғылыми ағымы акушерия саласында

эмбриология,патологиялық физиология,эндокринология т.б.
енгізілгеннен кейін дами бастады.
2.Тәжірибелік ағымы- акушерияға жаңа тәсілдері (УДЗ,КТГ,амниоцентез т.б.)енгізілгеннен соң дамыды.
3.Ұйымдастыру ағымы-жоғары “кауіп қатердегі” әйелдер тобын ерекше диспансерлік бақылауға алып,оларға арнайы перзентханалар ашқаннан кейін дами бастады.


Слайд 4Адам өмірінің анте-,интра- және постнатальды кезеңдері деп бөлуі белгілі неміс акушері

Э.Залингтің атымен байланысты.
Ол кісі адам өмірінің перинатальды кезеңін мұқият зерттеу және әртүрлі мамандарды зерттеуге тарту,перинатальды ауру-сырқаулықты және өлім-жітімді төмендету керектігін көрсетті.
Перинатология ғылымының негізгі мақсаттарының бірі-перинатальдық өлім деңгейін төмендетумен қатар,дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз ету.

Слайд 5“Перинатальдық өлім”деген анықтаманы 1949ж.тұңғыш рет американ ғалымы Пеллер енгізген,біздің елде 1965ж.енгізілген.
Перинатальдық

өлім-өлі туылған және ерте неонатальдық өлімнен тұрады.
Өлі туылғандар деп жүктілік немесе босану кезеңдерінде тыныс алмай туылған нәресте өлімін айтады.Перинатальдық өлімнің көрсеткіштерін анықтаған кезде мезгіліне жетіп туылғандар мен шала туылғандар үшін талдау бөлек жасалады.Перинатальдық өлімнің ең жоғарғы көрсеткіштері салмағы 1500г. дейінгі нәрестелерде байқалады.Шала туылған нәрестелер өлі туылғандардың 50%-ын,ерте неонтальды өлімнің 60-70%-ын құрайды.
Перинатальдық өлімнің ең төменгі көрсеткіші нәресте салмағы 3000-3500г. дейінгі аралықта.


Слайд 6 Перинатальды кезең

үшке бөлінеді:
1)Антенатальды кезең-босануға дейіндгі уақыт.
2)Интранатальды кезең-босану кезіндегі уақыт.
3)Неонатальды кезең-босанғаннан кейінгі уақыт.
Перинатальды кезең бұл әрі қарай адамның дамуы үшін аса маңызы бар кезең,себебі жүктіліктің соңында нәрестенің құрсақ ішілік қалыптасуы бітеді,босану үрдісі кезінде нәресте көп факторладың әсеріне ұшырайды,ал бірінші 7 күнде сыртқы өмірге бейімделу үрдісі жүреді.Нәрестелердің және жаңа туылған балалардың анте-,интра- немесе постнатальды кезеңдерде өлген саны,перинатальды өлім-жітімнің көрсеткішін анықтайды,ал осы кезеңдерде пайда болған аурулар перинатальды ауру-сырқаулық деп аталады.


Слайд 7Перинатальдық өлімнің себептері:
Тікелей және негізгі болып екіге бөлінеді.
Тікелей себептердің ішінде бастысы-нәресте

гипоксиясы және асфиксиясы(44,3%),босану жарақаты (13,1%),туа пайда болған даму ақаулары (13,7%),респираторлық бұзылыстар синдромы (12,8%),туа пайда болған пневмония(7,8%).
Негізгі себептер:босанудың асқынуы(22%),кеш гестоздар(20%),планцета,кіндіктің ауытқуы(10,6%),ананың созылмалы аурулары(10,2%),резус-қайшылықты жүктілік(3,2%),басқа себептер(19%),белгісіз себептер(16,8%).Себептердің 70%-ы жүктілік пен босану кезеңдеріндегі асқынуға байланысты.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика