Назар, ес, сана-сезім бұзылыстары презентация

Содержание

Назар аударудың бұзылулары. Назарын басқа жаққа аудару- адам керекті затқа өз назарын ұзақ уақыт аудара алмайды, активті назардан пассивті назар аудару басымырақ болады. Назардың бір затқа не құбылысқа бекуі-

Слайд 1

Тақырыбы: Назар, ес, сана-сезім бұзылыстары.


Слайд 2Назар аударудың бұзылулары.
Назарын басқа жаққа аудару- адам керекті затқа өз

назарын ұзақ уақыт аудара алмайды, активті назардан пассивті назар аудару басымырақ болады.
Назардың бір затқа не құбылысқа бекуі- депрессиялар кезінде кездеседі, науқастар көңілін басқа нәрсеге бұрса да, бүкіл ойы сол болған қайғыға немесе өзінің уайымдарына еріксіз бекиді.
Назар аударудың әлсіреуі- органикалық аурулар мен астениялық жағдайларда кездеседі. Әңгіменің басында сұрақтарға дұрыс жауап береді, соңына таман қателесе бастайды.

Слайд 3Ес
Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын, өз көңіл-күйлерін бекіту, ойда сақтау, қайта

жаңғырту психологияда ес процессі деп аталады.

Слайд 4Естің мәні
Заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасау, бекітү, сақтау және еске

келтіру.
Байланыстар – ассоциация.

Слайд 6Естің негізгі процестері
Белгілі бір заттар мен құбылыстардың есте бекітүі (фиксация) адамның

жеке өмірлік тәжірибесінің жиналуына байланысты.
Есте сақтау (ретенция)– жаңалық адамның санасында бұрыңғы бір нәрсемен байланыстыру.
Бұрыңғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Бұны қайта жаңғырту (репродукция) дейміз.
Адам көптен көрмеген танысын көрген де болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды қиял деп атайды.
Ұмыту дегеніміз – қабылдағанды, есте қалдырғанды еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп танылысуы.

Слайд 7Есте қалдыру түрлері
а) Механикалық есте қалдыру - материалдың ішкі мазмұның қадағаламай,

сыртқы байланыстары түсінбей есте қалдыру механикалық болады.
ә) Мағыналы есте қалдыру материалды жақсы ұғынып, терең түсініп, мағыналы байланыстарын, маңызды қатынастарын анықтай отырып еске түйіп қалу мағыналы есте қалдыру болады.
б) Есте қалдыруда пысықтаудың ролі маңызды. Есте қалдыру қабылдаудан басталады.

Слайд 8Естің түрлері.
Қозғалыс есі - ойын, еңбек әрекетіне байланысты тауып отыратын қимыл

қозғалыстарды еске қалдыру мен қайта жаңғыртып отыруды айтады.
мысалы: коньки тебу, билеу.
2. Заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақтылы бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруын образдық ес деп атайды.
3. Адам ойының түрлі формаларын еске қалдыра алу қабілетін сөз-логикалық ес деп атайды (ұғым, пікір).
Сөйлемдерді еске қалдырып отыруды эмоциялық ес дейді. (9 мамыр,наурыз тойы)

Слайд 9Ерікті – ол мақсат қою, ерік, күш жұмсау арқылы есте сақтау.

Еріксіз

– алдына мақсат қоймай есте сақтау.

Слайд 10Қысқа уақытты ес - бір рет ұзақ емес қабылдаумен және бірден

жаңғыртудан кейін өте қысқа уақыт есте сақтау.
Ұзақ уақытты есте сақтау – материалды бірнеше рет қайталап, жаңғыртқаннан кейін ұзақ уақыт есте сақтау.
Оперативті есте сақтау – адам актуалды іс істеп отырғанда тікелей әсері бар мнемикалық процестер. (мысалы: арифметикалық есеп шығару кезінде)

Слайд 12Он сөз жаттау әдістемесі
Мақсаты: Естің жағдайын, шаршағыштықты, естің белсенділігін анықтау.
Керек құралдар:

Бір біріне байланысы жоқ бір және екі құрамды сөздері бар хаттама.
Нұсқауы: а) “Мен сіздерге бірнеше сөз оқимын. Мұқият тыңдаңыздар! Мен оқып болғаннан кейін, есте қалған сөздерді қайталаңыздар! Сөздерді кез келген ретпен кайталауға болады. “
б) “Мен қайтадан сол сөздерді оқимын, ал сіздер қайталап айтасыздар!”


Слайд 13Бағалау
Есте сақтау қисығы жоғарыласа – есте сақтау қабілеті жақсы;
Егер есте

сақтау қисығы төмендесе – естің төмендегенінің белгісі;
Қайталанатын сөздер азая берсе –ұмытшақтық;
Зигзаг тәрізді қисық – зейіннің тұрақсыздығы;
Бір сағаттан кейін айтылған сөздердің саны – ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін көрсетеді.

Слайд 14
Естің бұзылыстары
Санаулық Сапалық
(дисмнезия) (парамнезия)
- гипермнезия - псевдореминценция
- гипомнезия

- конфабуляция
амнезияның - криптомнезия

Слайд 15
Гипермнезия- өткен оқиғадағы ауырсыну жағдайы кезіндегі естің күшеюі(мысалы,адам гипоманиакальды жағдайда,бұрын ұмытылған

оқиғаны есіне алуы мүмкін).Бұл компенсаторлы құбылыс ретінде естің уақытша күшеюі,бұл балалар-олигофрендерде мағыналық естің дұрыс дамымауы кезінде байқалады

Слайд 16 Гипомнезия – естің жалпы төмендеуі. Науқастар жаңа аттарды, күндерді нашар еске

сақтайды. Олар қажетті информацияны жазып отырады. Гипомнезияның негізгі себебі – мидың органикалық аурулары, бірінші орында атеросклероз. Кейде гипомнезия психикалық функциональді бұзылыстарда да кездеседі. Мысалы: шаршау жағдайларында (астениялық синдром);

Слайд 17Амнезия- ес қабілетінің толық жойылуы.
Ретрогратты амнезия – белгілі

бір психикалық аурулардың ессіз күй, басталар алдында тінелесі болған оқиғалардың естен шығуы. Кеселдің бұл түрінде сананың жоғалуы немесе аурудың басталуы алдындағы оқиғаларда еске түсіру мүмкін болмайды;
Конградты амнезия – ауру кезеңіндей амнезия. Ес қызметінің бұзылуымен ғана емес, сонымен қатар қандайда бір информацияның қабылдай алмауымен түсіндіріледі. Мысалы: кома немесе сопор кезінде;
Антероградты амнезия – санасыз күй немесе психикалық басқа да кеселі аяқталған соң болатын оқиғалар туралы естеліктерді жоғалту. Себебі – сананың бұзылыстары болып абылады. Артынан осы ауруларға шалдыққан ұмытшақ науқастың мінез-құлық белгілі бір кезеңде әбден дұрыс болады. Олар барлық жағынан есеп береді, бірақ бұдан әрі осы уақыт ішінде жасалғаннан бәрі олардың есінен ізсіз жойылып кетеді;

Еске сақтау қабілетінің,ағымдағы оқиғаларға естің жоғалуы бекіту амнезиясы деп аталады.

Слайд 18 Өршіген амнезия – есте сақтау қабілетінің жоғалып, дәлекті зақымданумен

өтетін ес қорларының босауының біртіндеп өсе түсуімен білінеді. Т.Рибо заңы бойынша бірінші есте сақтау қабілетінің төмендеуі байқалады, содан кейін жақында болған оқиғалар ұмытылады. Өршіген амнезия – органдардың созылмалы өршіген ауруларында көрінеді: бас ми тамырларының атеросклерозы, Альцгеймер атеросклерозы, ішкі аурулар, сенильді деменциясы.

Слайд 19

Парамнезия – естің бұрмалануы, естен шатасу.
Конфабуляция - естің түсуінің,қиял-ғажайып оқиғалармен ауысуы, өмірінде болмаған оқиғаны болды дейді. Конфабуляцияның көрінісі критика бұзылуымен сипатталады. Конфабуляция – Корсаков синдром көрінісі, фантастикалық конфабуляция, парафренді синдром құрамына кіреді;

Амнезияның әртүрлі түрлерінде оқиғадағы естің түсуі,бірақ басқа уақыт аралығында немесе жай уақытпен қойылуы жалған реминисценция деп аталады.

Криптомнезия – ақиқат болған оқиғалармен түсінде көрген оқиғалардың арасы толық жойылғанға дейінгі әлсіреуі. Криптомнезия органикалық психоздарда және сандырақ синдромында да көрініс болуы мүмкін.


Слайд 20Корсаков синдромы- амнезиялық синдромдардың бірі
Бекіту амнезиясы
Амнезиялық бағдардын бұзылуы (дезориентировка)
Ретроградты амнезия
Парамнезия


Слайд 21Корсаков синдромы кезінде негізгі кесел мынандай болады:
Ауру өткендегі оқиғаларды еске

сақтап,ағымдағы оқиғаларды еске сақтауды толық жоғалтады.Жана әсерлерді сезінетін болғанмен,олар бекімей жатып,естен тез арада шығып кетеді.Әлсіздік,шектен тыс шаршау,қалжырау,кейде эйфория қалады.

Слайд 22

Корсаков синдромы
(Амнезиялық симптомокомплекс).

Интоксикациямен,травмамен,инфекцияның,алкогольды полиневриттік психозбен,ісік ауруларының нәтижесінде мидың органикалық зақымдалуынан пайда болған психопатологиялық симптомокомплекс.

Слайд 23

Сана-сезім – бұл синтетикалық
жеке

тұлғаның құрылымы, қоршаған
орта мен белгілі бір байланыста өзіндік ес.

Слайд 24Клиникалық көз қарас бойынша сана сезім бұзылыстарына келесі жағдайлар жатады: уақытта,

орналасқан жерде, қоршаған ортада және жиі өз тұлғанда бағыттау бұзылуы.
Қоршаған ортаны қиындаған немесе толық шектелген.
Ойлау қандайда бір дәрежеде байланыссыз немесе жоғалған, қысқа есте сақтау бұзылған.
Сана бұзылысы кезеңіне амнезия болуы мүмкін.

Слайд 25Сананың бұзылыстары.
Сананың бұзылуы деп – дүние бейнелеуіндегі саналық ішкі байланыстары ғана

емес, сондай-ақ сыртқы байланыстарының да кеселге малдығуын атаймыз.
Ясперс бойынша сананың бұзылыстары
1. дезориентеровка – бағдар бұзылуы
2. ойлау бұзылыстары
3. ес қабілетінің бұзылыстары
4. абыржушылық


Слайд 26 Сана – сезім бұзылыстары
Саналық Сапалық
- есеңгіреу - делирий
- сопор - онейройд
- кома - аменция
- сананың


бұлынғыр
алжасуы

Слайд 27
Тереңдігі бойынша бөлінеді: жеңіл дәрежелі есеңгіреу, басқаша аты обнубиляция – сана

сезім бұзылысының тереңірек дәрежесі
егер әлсіз тітіркендіргіштер назар аудартпаса және тек интенсивтеленеді қабылданса – сомноленция - ең айқын есеңгіреу дәрежесі – нағыз есеңгіреу.

Слайд 28 Есеңгіреу – сыртқы тітіргендіргіштердің шұғыл жойылуынан, ассоциация түзілісінің қиын, баяу жүруінен

байқалады. Бұл жағдайда, қабылдау мен әсерлерді өңдеу қиындайды, сыртқы дүние құбылыстары зейінді аудармайды, аңғарылмайды. Түсінік жұтаң, тапшы болады. Ұйқы кезінде түс көрмейді. Абыржу, галлюцинация, сандырақ болмайды. Есеңгіреудің жеңіл дәрежесін сананың обнубиляциясы деп атайды;

Слайд 29Сопор жағдайы – науқаспен байланыс орната алмайтын, есеңгіреудің терең дәрежесі. Бұл

кезде науқастар күшті тітіркендіргіштерге төмен дифференцирленген және өте қысқа уақытты реакция байқатады. Ауырсыну сезімі, конъюктивальді және қарашық рефлекстері сақталған.
Кома жағдайы – сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияның толық болмауымен сипатталады. Ауырсыну сезімі жоғалады. Қарашық, конюктивальді және корнеальді рефлекстер шақырылмайды. Патологиялық рефлекстер пайда болады.

Слайд 30Делирий қоршаған ортада теріс бағыт әсерінде айқын, әсіресе көру сандырағы және

галлюцинациялар, бірақ өз тұлғасында бағыт алу өзгермейді. Науқастың эмоциональдық жағдайы және әрекеті галлюцинациялық уайымдау сипатына байланысты. Делирии ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін, өткенді еске алу үзілмелі, көбінесе ауыртпалық тудыратын күйзелістер есте қалады. Олардың негізінде резидуальді сандырақ қалыптасады.

Слайд 31Делирий
Жоғарыда аталғандардың барлығын 4 кезенге бөлуге болады (Либермейстер), яғни делирий біртіндеп

дамиды:
- көбінесе кешкі уақытта басталады, науқас қозып, көп сөйлеп (тіпті кейде байланыссыздыққа дейін), қимылдайды, мимикасы жоғарылайды. Сахна тәрізді еске түсулер болады. Гиперестезия. Көңіл-күй деңгейі тұрақсыз. Тітіркенгіштік пен қырсықтық пайда болады. Ұйқысыздық, көптеген қорқынышты түстер. Қорқыныш пен үрей. Таңертен әлсіздік пен ұйқышылдық.
- жоғарыда аталғандардың барлығы да күшейеді және олардың көрінісіне иллюзиялар қосылады. Тұрақсыз сипатта жергілікті және уақыттық бағдар бұзылады. Көптеген гипногогикалық елстер пайда болады. Симптоматика тұрақсыз болғандықтан, қысқа уақыттық «люцидті терезелер» пайда болады.

Слайд 32Делирий
– парейдолиялар елестерге ауысады, көбінесе сахна тәрізді елестер. Аффективтік садырақ мазмұнына

байланысты өзгеріп отырады. Жалған бағдар бірақ, өзіндік «мен» сақталады.
– негізгі аурудың қолайсыз дамуында (соматикалық, инфекциялық, интоксикациялық) делирийдің ауыр түрі дамуы мүмкін – кәсіптік және мусситтерленген.Кәсіптік делирий – науқастың кәсібін көрсететін, қимыл-қозғалыстық қозумен көрінісін береді.Мусситтерленген делирий (делирий сыбырлаумен, «тыныш сандырақ») – төсекпен шектеледі және біртекті (корфология симптомы), координациялық емес қозумен көрінісін береді.Мусситтерленген делирий көбінесе кәсіптік делирийге ауысады.
Делирий ұзақтығы 1 тәулікке созылса – абортивті болып саналады, егер бірнеше аптаға созылса – пролонгирленген болып саналады.



Слайд 33Делирий
Міңгіршулік Кәсіптік
сыртқы тітіркендіргіш- парейдолия мен
гіштерге жауап галлюцинация
болмайды, қозу төсек қозғалғыш күштердің
төңірегімен шектеледі. басымдығымен.
Сөз ақырын, түсініксіз Қозу әдеттегі

кәсіптік
түрде шығады. Бұл әрекетті орындау түрінде
делирий кейде сопор басталады. Мысалы:
мен ессіз ұйқы күйіне машинистка машинкада
ауысады басып жатқандай болады

Слайд 34
Онейроид – сана-сезімнің түс тәрізді бұлыңғырлануы, айқын және арнаулы галлюцинациялық фантастикалық

күйзеліспен сипатталады. Науқастарда ұзақ уақыт пен қоршаған ортада бағыт алуы бұзылады, өз тұлғасында еселеніп бағыт бұзылысы болуы мүмкін. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айға дейін. Болған жайттар үзілмелі түрде есте сақталады.

Слайд 35Онейроид
Бастапқы кезең –афективтік бұзылыстармен сипатталады. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айларға созылуы

мүмкін.
Сандырақтық көңіл-күй кезеңі - бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Жедел қияли парафрения немесе бағдарлы онейроид кезеңі - бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін.
Шынайы онейроид кезеңі – қияли сандырақ қосылады.


Слайд 36Делирий мен онейроидтың салыстырмалы мінездемесі
Клиникалық белгілері Делирий

Онейроид
Этиология Экзогенді Эндогенді
Ұзақтығы Сағаттар- Күндер-апталар
күндер
Ағымы Толқынды Стабильді
Тәулік уақыты Түнгі Бәрі бір
Галлюцинациялар Шынайы Жалған
Тақырыбы Микро-, макро-, Қиял
зоопсиялар, ғажайыптылық,
кәсіби және тұрмыс мегаломаниялық
елестер





Слайд 37Делирий мен онейроидтың салыстырмалы мінездемесі
Ортаға бағдары Өзгерген,

өз-өзіне дұрыс Толық өзгерген
Уақытқа бағдары Кәзіргі заман Бұрынғы, болашақ
Өзіндік сана  Сақталынған Басқа кейіпке түсу,
қос бағдарлану

Жүріс-тұрысы Психикалық Кататониялық ступор
бұзылыстарға
сәйкес


Слайд 38
Аменция (шатасу) – сана-сезімнің терең бұзылысы, жағдайды толық түрде түсіне алмау,

өз тұлғасы мен қоршаған ортада бағыт алудың бұзылысы. Ұзақтығы бірнеше аптадан бірнеше айға дейін аменциялы синдром этиологиялық факторға байланысты аздаған вариабельділігімен және арнаулы көріністермен ерекшеленеді.

Слайд 39Сананың бұлыңғыр алжасуы
Пайда болуы мен аяқталуы аяқ астынан, ұстама тәрізді
Ұзақтығы қысқа

(бірнеше минуттан сағатқа дейін)
Толық бағдардың бұзылуы
Автоматтандырылған іс-әрекеттің сақталуы
Сананың алжасуы уақытына сәйкес толық амнезия
Науқас адамда сандырақ, галлюцинация, қорқыныш пен ашыну негізінде бір-бірімен байланысты,реттіп
Себебі: эпилепсия,мидың органикалық аурулары (церебральді атеросклероз, ісіктер,...)

Слайд 40Амбулаторлық автоматизмдер
Науқастар автоматтық қозғалыстар жасайды (жүреді, үй жихазын қозғалтады, киімін қалыпқа

келтіреді).


Слайд 41Амбулаторлы автоматизм түрлері
Фуги - өте қысқа уақытты сананың алжасуы (бірнеші минут).
Трансы

– сана алжасуы бірнеше сағатқа созылады.
Сомнабулизм (ұйқықтап жатып, тұрып жүру) – жиі ересектерде эпилепсия ұстамасы алдында немесе кейін пайда болады

Слайд 42Бұлыңғыр жағдай пароксизмальді ағыммен сипатталады: кенеттен басталады, критикалық соңы және уайымдаудың

толық амнезиясы болады. Сана сезім шектелген уайымдармен тарылады, қоршаған ортадан бөлек құбылыстар басқаша байқалады. Аффективті күйзеліс кезінде қауіпті немесе түсініксіз іс-әрекеттер жасалынады. Бұл құбылыс өзгерген сана сезімде, қауіпі галлюцинация түрінде көрінеді.
Экзогенді реакция типінде көрінеді – инфекциялық, интоксикациялық психоздың жедел түрінде, немесе эпилептикалық ұстаманың эквиваленті түрінде көрінеді.

Слайд 43Назарларыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика