Науқастарды қосымша тексеру тәсілдері презентация

Науқастарды қосымша тексеру тәсілдері-клиникалық диагнозды толық қою үшін қажет. Емдеудің әр сатысында нәтижесінің дұрыс екенін анықтау үшін,стоматологияда көбінесе рентгенография әдісі қолданылады. Рентгенография әдісі ауыз қуысы сыртынан және ішінен жасалынады.

Слайд 1С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра:Хирургиялық стоматология Тақырыбы:Науқастарды қосымша тексеру тәсілдері. Орындаған:Бубеева

Д.Д. Қабылдаған:Амантаев Б.А.

Слайд 2Науқастарды қосымша тексеру тәсілдері-клиникалық диагнозды толық қою үшін қажет. Емдеудің әр сатысында

нәтижесінің дұрыс екенін анықтау үшін,стоматологияда көбінесе рентгенография әдісі қолданылады. Рентгенография әдісі ауыз қуысы сыртынан және ішінен жасалынады.

Слайд 3Бұл екі тәсілдің ішінде,ауыз қуысы арқылы жасалатын рентген сурет әдісі жиі

қолданылады.Өйткені,бұл әдіс тіс парадонтының жағдайын анық көрсетеді. Ол үшін рентген пленкасын қатты таңдайдың шырышты қабығына немесе төменгі жақ сүйегінің денесінің ішкі бетіне қапсыра ұстайды. Егер ,ауыз ашылуы шектелген болса,пленканы тіске тістетіп қойып түсіреді.

Слайд 4Ауыз сыртынан жасалатын рентген суретін көбінесе

тексергенде қолданылады.

Жоғарғы жақ сүйегі

Мұрын сүйектерін

Шықшытты

Сілекей бездерін

Бас

Мұрын қуыстарын

Шығыңқы бет сүйегін

Оның доғасын

Жұмсақ тіндерді










Слайд 5Рентгенография арқылы сүйек тініндегі өзгерістерді,жақтың сынған жерлерін,шықшыттың жағдайын ісіктің немесе қабыну

процесстерінің шегін,жұмсақ тіндерде жатқан бөгде заттың орнын,сілекей бездерінде немесе өзегінде жатқан тастардың өлшемін анықтауға болады. Бет сүйектерінің құрылысын,қуысты денелерді,сілекей бездерін толық тексеру үшін арнайы рентгенографиялық тәсілдерді қолданады.

Слайд 6 Томография -арқылы әртүрлі тереңдікте жатқан бөгде заттардың орнын,ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін,шықшыттағы

өзгерістерді әртүрлі тереңдікте кесіп көрсетуге болады.

Слайд 7Панорамды рентген суреті-бүкіл тіс қатарын,жоғарғы және төменгіжақ сүйектерінің альвеола өсінділерін көруге

мүмкіншілік береді.

Слайд 8Телерентген суреті-үлкен фокусты ара қашықтықтағы рентген суреті/150 см/.Ол тексерілетін сүйек затының

анық өлшемін білуге мүмкіншілік береді:бас сүйегінің,бет сүйектерінің,оларды қоршап жатқан жұмсақ тіндердің сырт пішінін телерентгенограммада бұрыштық және сызықтық өлшемдер жүргізеді.

Слайд 9Сілекей бездеріндегі,қуысты денелердегі патологиялық өзгерістерді анықтау үшін-контрасты рентгенография тәсілі қолданылады. Ол

сілекей безінің өзегіне және гаймор қуысына контрасты/йодолипол/зат енгізу арқылы жүргізіледі.

Слайд 10Ауыз қуысындағы шырышты қабықта кездесетін өзгерісті ерте анықтау үшін -стоматоскопия тәсілін

қолданады. Ол үшін,арнайы 30 есеге дейін үлкейтіп көрсететін аспап арқылы шырышты қабықтың өзгерген жерін қарайды. Бұл тәсілде өзгеріске ұшыраған шырышты қабықтың шегін,түсін,қабыну процессінің бар-жоғын анықтауға мүмкіншілік туады.

Слайд 11Қолданылған әдебиеттер: Оразалин Ж.Б Рабинович Соломон Абрамович Google.kz


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика