Нәрестенің іріңді септикалық аурулары презентация

Содержание

Везикулопустулез-терінің іріңді-қабыну ауруы. Нәрестелік кезеңде және өмірінің алғашқы айларында жиі кездесетін іріңді-қабыну ауруларының бір түрі.

Слайд 1НӘРЕСТЕНІҢ ІРІҢДІ СЕПТИКАЛЫҚ АУРУЛАРЫ


Слайд 2 Везикулопустулез-терінің іріңді-қабыну ауруы. Нәрестелік кезеңде және өмірінің алғашқы айларында жиі

кездесетін іріңді-қабыну ауруларының бір түрі.

Слайд 3Везикулопустулездің негізгі клиникалық белгілері:

Терінің табиғи қыртыстарында, денеде, бастың шашты бөлігінде, аяқ-қолдарда

ұсақ , беткейлі орналасқан көпіршіктер пайда болады, алғашқыда мөлдір экссудатпен толған (везикулалар),одан әрі ол лайлы іріңдіге ауысады (пустула);

2-3 күннен кейін көпіршіктер жарылып кішкене эрозиялар пайда болады, олар біртіндеп құрғақ қабыршықтармен жабылады, жазылғаннан кейін тыртықтар қалмайды;

баланың жалпы жағдайы, әдетте, бұзылмаған, температуралық реакция анықталмайды, тәбеті, ұйқыс бұзылмайды, салмақ қосуы жеткілікті.


Слайд 4Нәрестенің көпіршіктігі – терінің жедел іріңді-қабыну ауруы.Пиодермияның ауыр түрі болып саналады.Ауру

көбіне нәрестелік кезеңнің 3-5 күнінде, сирек жағдайларда 2 аптада пайда болады.


Слайд 5Көпіршіктенудің негізгі клиникалық белгілері:
Ешқандай өзгеріс жоқ, тері қабаттарында кенеттен дөңгелек және

сопақша түрдегі көптеген көпіршіктер пайда болады.Бір камералы, сары түсті мөлдір сұйықтықпен толған, одан ары сұйықтық лайланады, көпіршіктер жұмсақ, қабырғалары жұқа, теріде ашық қызыл түсті үлкен көлемді эрозиялар қалдырып, оңай жарылады;
Көпіршіктер көбіне арқа,іш,қолтықасты маңының тері қабатында және шаптың тері қыртыстарында орналасады;
Баланың жағдайы ауыр,жалпы мазасыздық, улану симптомы болады, дене температурасы 38-39 градусқа дейін жоғарылайды,бала емшектен бс тартады,салмақ қосуы нашар,ұйқысы бұзылады.

Слайд 6Эксфолиативті дерматит-терінің жедел іріңді-қабыну ауруы, стафилококкті инфекциямен тудырылады. Нәрестенің тері қабатының

іріңді- қабынуының ең ауыр түрі.


Слайд 7Эксфолиативті дерматиттің негізгі клиникалық белгілері:
Жағдайы ауыр,интоксикация белгілері айқын, жоғары қызба анықталады,бала

бәсең, емшектен бас тартады, салмақ қосуы нашар;
Тері қабатында жайылған гипертермия,біраз уақыттан кейін көпіршіктер пайда болады,олар жарылады,эпидермис үлкен қабыршықтар түрінде түседі,бұл кезде аумақты эрозиялық бөліктер пайда болады.

Слайд 8Псевдофурункулез-тер бездерінің іріңді қабыну.Ауру ыстықтан немесе везикулопустулезден басталуы мүмкін.Ең жиі орналасатын

жері- бастың шашты бөлігінің тері қабаты, мойынның артқы бөлігі,арқаның,жамбастың,аяқ қолдардың тері қабаты.

Слайд 9Псевдофурункулездің негізгі клиникалық белгілері:

Тері бездерінің шығару түтікшелерінің маңында қызыл-қоңыр түсті теріастылық

тығыздалулар пайда болады,мөлшері 1.5 см дейін,одан әрі тығыздықтың ортасында флюктуацияланатын іріңді бөлініс пайда болады, ірің жарылғаннан кейін біртіндеп жазылады.

Баланың жағдайы бұзылған, интоксикация белгілері білінеді, дене қызуы мезгіл-мезгіл жоғарлайды.Ауру ұзақ,толқын тәрізді өтеді.

Слайд 10Коньюнктивит-көз коньюнктивасының жедел қабынуы.Салыстырмалы түрде бір жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі.Қабыну

процессі,әдетте, бір жақты, бірақ кейде екі көздің де зақымдануы болуы мүмкін.

Слайд 11Коньюнктивиттің екі клиникалық түрі анықталады:

Катаральді коньюнктивит

Іріңді коньюнктивит

Клиникалық белгілері:
Коньюнктиваның және қабақтың

қызаруы байқалады;
Басында көзден серозды, одан әрі іріңді бөлініс болады;
Көздің ақ қабығы тамырларының гиперемиясы және кеңеюі байқалады.
Бірақ баланың жалпы жағдайы аса бұзылмайды.

Слайд 12Нәрестенің флегмонасы- тері асты май қабатының жедел қабынуы, соңынан өлі еттенудің

дамуымен сипатталады.Терінің іріңді-қабыну ауруларының ең ауыр түрі. Қабыну процессі көбіне кеудеде, іште,сегіз көз-жамбас маныңда орналасады.

Слайд 13Флегмонаның клиникалық белгілері:

Басында тері қабатын ұстағанда тығыз, шектеулі қызару пайда болады,

одан әрі оның көлемі тез артады, көкшіл түске айналады, біртіндеп ісіну ұлғаяды және зақымданған тіндердің флюктуациясы болады;

Қабыу процесстерінде қарағанда өлі еттену басым бола бастайды, бұл кезде тері жұқарып сыдырылады.Зақымдалған бөліктер үстіндегі тері қара түсті боалды;

Баланың жағдайы өте ауыр,жоғары қызба,құсу,диспепсиялық белгілер,ұйқысы және тәбеті бұзылған,дене салмағы төмендейді.

Слайд 14Омфалит-кіндік жарасы маңының қабыну процессі.Кіндік жарасы нәресте ағзасына патогенді микроорганизмдердің ену

қақпасы болып саналады.
Омфалиттің негізгі екі түрі бар:
Катаральді омфалит
Іріңді омфалит

Слайд 15Сепсис- бұл ауыр іріңді-септикалық ауру, ағзда иммунитеттің төмендеуі немесе күрделі өзгеру

салдарынан, патогенді микроорганизмдердің немесе олардың токсиндерінің қанға өту себебінен қабыну процесстерінің жайылған ағымымен сипатталады.

Слайд 16Сепсистің клиникалық белгілері:

Жергілікті іріңді ошақтың белгілері анықталады.

Баланың тәртібі және сыртқы келбеті

өзгереді

Іріңді элементтер бөртпелер пайда болуы мүмкін

Бауыр және көк бауыр ұлғаяды

Температуралық қисықтықтың тұрақсыздығы байқалады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика