Митоздық цикл. Генетикалық бақылануы, реттелуі. (Дәріс 5) презентация

Содержание

ӘДЕБИЕТТЕР: Фаллер Д. М., Шилдс Д. « Молекулярная биология клетки», М. 2003, С. 126 – 144 Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. « Молекулярная биология» М. 2003, С. 404 -521 Альбертс Б. и

Слайд 1Дәріс 5
Тақырыбы: Митоздық цикл. Генетикалық бақылануы, реттелуі. Апоптоз.

Мақсаты: Жасушаның тіршілік циклімен

және оның кезеңдерімен, генетикалық реттелуімен таныстыру. Апоптоз, оның био - медициналық маңызына тоқтау.

Слайд 2ӘДЕБИЕТТЕР:
Фаллер Д. М., Шилдс Д. « Молекулярная биология клетки», М. 2003,

С. 126 – 144
Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. « Молекулярная биология» М. 2003, С. 404 -521
Альбертс Б. и др. « Молекулярная биология клетки», М. Мир. 1994,т2, С.287-301
Ярыгин В.И.и др. «Биология», М. 2001. С. 40 –41, 55-60
Жимулев И.Ф. « Общая и молекулярная генетика», Новосибирск, 2006, С118, 236, 254-256


Слайд 3ДӘРІСТІҢ ЖОСПАРЫ:
ЖАСУШАЛЫҚ циклдің кезеңдері.
ЖАСУША бөлінуінің негізгі механизмдері.
Циклин және циклинге тәуелді киназалардың

жасушалық циклді реттеудегі ролі.
ДНҚ өзгерістерін бақылайтын реттеуші нүктелер туралы түсінік.
Циклдің тоқтау механизмі және апоптоздың басталуы.
Жасужалық циклді бақылаудың бұзылуы, оның медицинадағы маңызы.
Апоптоз.



Слайд 4ЖАСУШАЛЫҚ ЦИКЛ немесе жасушаның тіршілік циклі
Жасушаның пайда болуынан оның келесі бөлінуіне

немесе жойылуына дейінгі кезең.
Бұл кезеңде жаңа пайда болған жасушаның мамандануы,арнайы қызметтерін атқаруы жүреді және тыныштық кезеңдерден тұрады.


Слайд 5* Тіршілік циклінің ерекшеліктеріне байланысты ұдайы жаңаратын (бөлінетін) және жоғары

дифференцияланған, маманданған бөлінбейтін жасушалар деп жіктеуге болады. Мысалы, нейрондар, кардиомиоциттер. * Ұдайы бөлінетіндердің тіршілігі бөлінуден келесі өзінің бөлінуіне дейінгі уақытқа созылады. Мұндай циклды ̶ митоздық цикл деп те атайды. Мысалы, тері эпидермисінің, ішек және тыныс алу жолдарының эпителий жасушалары және бағаналы жасушалар .

Слайд 6Митоздық цикл жасушаның пайда болуынан келесі өзінің бөлінуіне дейінгі кезең
Жасушаның

арнайы қызмет атқаруынан, тыныштық қезінен және бөлінуінен тұрады.
Митоздық (пролиферативтық) цикл жасушаның бөлінуге даярлануы мен бөлінуі кезіндегі процестердің жиынтығын қамтиды.
Ол 4 кезеңнен тұрады:
1. G1 –пресинтездік немесе постмитоздық;
2. S - синтездік;
3. G2- постсинтездік немесе премитоздық;
4. Митоз.


Слайд 8Пресинтездік G1 ̶ кезең
Бұл кезеңде ақуыздар, РНҚ-дар, липидтер, көмірсулар түзіледі.
Жасушаның

органоидтары еселенеді.
Кезеңнің ұзақтығы жасушаның типіне байланысты 10 сағаттан бірнеше тәулікке созылады.
Генетикалық материалдың мөлшері
2п2s.





Слайд 9Митоздық циклдің S ̶ кезеңінде ДНҚ молекуласы еселенеді, репликацияланады. Бұл кезеңнің

соңында генетикалық материалдың мөлшері 2п4s болады. Ұзақтығы 6-10 сағат.

Слайд 10Постсинтездік, G2 кезең:
Бұл кезеңде ақуыздар, көмірсулар, майлар, РНҚ-дар синтезделуі жалғасады, энергия

қоры жиналады.
Жасуша өседі, репликацияның дұріс жүргені бақыланады, митоз алдындағы жасушаның құрамы толық қалыптасады. Жасуша митозға кіруге дайын.
Кезеңнің ұзақтығы 4 сағат.
Генетикалық материалдың мөлшері
2п4s.


Слайд 11МИТОЗДЫҢ сипаты:
Ол төрт фазадан тұрады:
Профаза - хромосомалар конденсацияланады, қысқарады, жуандайды. Ядрошық

жойылады, ядроның қабығы ериді, хромосомалар цитоплазмада ретсіз орналасады. Центросоманың центриолдары жасушаның полюстеріне ажырайды.
Метофаза – хромосомалар экваторда орналасады, хромотидтердің теломерлері ажырайды. Хромосоманың құрылымы анық көрінеді, сондықтан кариотипті зерттеу метафазада жүргізіледі. Центриолдердің ахроматин жіпшелері хромосоманың центромерлеріне жалғасады.

Слайд 12МИТОЗ және ЦИТОКИНЕЗ


Слайд 13Анафаза ̶ хромосомалардың хромотидтері полюстерге ажырайды.
Телофаза ̶ хромосомалар деспиралданады, жіңішкереді, хроматинге

айналады. Ядрошық және ядро қабығы пайда болады.
Цитоплазма бөлінеді, цитокинез немесе цитотомия жүреді. Екі жаңа жасуша пайда болады. Олардағы генетикалық материалдың мөлшері 2п2s болады.


Слайд 14Митоздық циклдің үдемелі сипаты
Жоғары маманданған нейрондар мен кардиоциттер G0 cатысындаболады.
Ал

ішек эпителийі және басқа ұдайы бөлінетін жасушалар G0 кірмейді, митоздық цикл сатыларының бірінде болады.
Ағза ұлпалары жасушаларының көпшілігі бөліну цикліне қайта оралып отырады, бірақ бір ұлпада , дәл осы уақытта бөлініп жатқан жасушалар саны аздау болады.





Слайд 15Митоздық циклді реттейтін арнайы ақуыздар
Эукариотты жасушалардың митозға енуі МИТОЗДЫ СТИМУЛДАЙТЫН ФАКТОРҒА

(МРF – mitosis-promoting factor) байланысты жүреді.
Ол фактор G1 сатысында анықтала бастайды, S және G2-де көп мөлшерде болады, ал митоздық бөлінудің анафазасында күрт азаяды.
Бұл МРF- дың компоненттік құрамына ЦИКЛИН деп аталатын ақуыздар кіреді. Олар жасушалық циклде ұдайы анықталады, тек анафаза кезінде ыдырап жойылады.
ЦИКЛИННІҢ түрлері:А,В,Д,Е және
Циклинге тәуелді киназалар: СDК-1, СDК-2, СDК-3, СDК-4, СDК-5.





Слайд 16ЦИКЛИННІҢ құрылысы:
Екі суббөліктен тұрады:
- киназдық домен-жасушадағы арнайы заттарды фосфорилдейді;
-

реттеуші суббөлік- жасушалық циклды жылдамдатады немесе баяулатады.
Циклиннің синтезделуі G1 басталады, профазаның басында максимумге жетеді, анафазада мүлдем азаяды.


Слайд 17MPF әсері
MPF концентрациясының жоғарылауынан басталады:
- хромосомалардың конденсациялануы;

- ядро қабығы жойылады;
- бөліну ұршығы пайда болады.

MPF концентрациясының төмендеуінен басталады:
- хромосомалардың сегрегациялануы;
- хромосомалардың деконденсациялануы;
- ядро қабығы пайда болады;
- центросома еселенеді


Слайд 18Митоздық циклдің реттелуі
ЦИКЛИН митоздық циклдың қозғаушысы.
репликацияның дұрыс жүруін мен тұқым

қуалайтын материалдың дәл таралуын бақылайды.
Жасушалық циклдің өзінде 4 нүкте бар, оларда арнайы жасушалық механизмдер репликацияның дәлділігін, ДНҚ нуклеотидтер қатарының дұрыстығын және тұқым қуалайтын материалдың теңдей таралуын анықтайды.


Слайд 19Реттеуші нүкте G1. Егер ДНҚ эақымдалса, P53 ақсуызы G1 тоқтатады.
Реттеуші нүкте

S. ДНҚ репликациясының дәлділігін анықтайды.
Реттеуші нүкте G2. Репликацияланбаған ДНҚ молекуласы митозға өтуге кедергі болады.
Реттеуші нүкте M. Бөліну ұршығының дұрыс болмауы, М тоқтатады.




Слайд 21Митоздық циклдің реттелуі


Слайд 22 Жасушалық циклдің әрбір сатысында арнайы Циклин-циклинге тәуелді киназа (CDK)

кешені белсенді болады

Слайд 23Циклиндер деңгейі транскрипцияға және убиквитинге тәуелді протеолизді бақылау арқылы реттеледі. Циклин

деңгейі метафазада максимумға жетеді, анафазаны стимулдейтін комплекстің пайда болуын қамтамасыздайды (АРС). АРС циклин убивиктинге байланыстырып протеосомаларда ыдырауына әкеледі. MPF (В циклин) мөлшерінің жасушалық циклдегі өзгеруі:

Слайд 24Циклин жұмысының аяқталуы:


Слайд 25Пролиферацияны реттеушілер (жасушадан тыс митогендер):
Эпидермалық өсу фактор;
Нейронның өсу факторы;
Фибробласттың өсу факторы

және т.б.
Олардың әсер ететін сигналдық жолдары: рецепторлар арқылы тирозинкиназаларды активтейді → митогенактивтеуші протеикиназаларды → транскрипциялық факторлар → циклин+СDK → митоз.


Слайд 26 Антимитогендер –митозды тоқтатушылар: ісік некрозының факторы(ФНО) және өсуді трансформациялайтын фактор(ТФР)


٭ Cdk-циклиндер комплексін реттеуші гендер екі категорияға жіктеледі:
р-21 Сdк-мен байланысатын ақуыз, қартайған жасушаларда белсенді болады және р-53 және рRв ақуыздары ісік жасушалары пайда болуының супрессорлары.
р-15 және р-16 Сdк-4 және Сdк-5-тің циклинмен байланысуына кедергі жасайды.
٭ Бұл гендер адамның хромосомалар картасында - 9р21- де орналасады.
٭ Олардың мутациясы тұқым қуалайтын меланомаға, ретинобластомаға және басқа да қатерлі ісіктерге әкеледі.



Слайд 27АПОПТОЗ - қалыпты жасушалардың генетикалық бағдарламаға сай физиологиялық жойылуы
Апоптоздың сатылары:
-

Хроматиннің конденсациясы;
- Ядраның жойылуы;
- Плазмалық мембрананың ісінуі;
- Жасушаның апоптоздық денелерге фрагменттелуі;
- Фагоцитоз.

Слайд 28Апоптоз бен некроздың морфологиясы
1-қалыпты жасуша; 2-апоптоздың

басталуы; 3-апоптоздалушы жасушаның фрагменттелуі; 4-көрші жасуша (фагоциттеуші); 5-(некроз) жасушаішілік құрылымдардың бұзылуы; 6-жасушалық мембрананың бұзылуы

Слайд 29 Апоптоз жолымен жойылу байқалады(маңызы ):
ағзаның қалыпты дамуы кезінде;
жасушалардың қалыпты

физиологиялық жаңаруында;
цитокиндердің әсерінен болған атрофияларда, мысалы, ісіктің некрозы.
тұқым қуалайтын Альцгеймер ауруында.

Слайд 30 Апоптоздың реттелуіне әсер ететін факторлар : ісік некрозының факторы(ФНО)

және өсуді трансформациялайтын фактор(ТФР)






Слайд 31٭Цистеин-аспартат протеазалар басқаша каспазалар деп аталады.
- олардың мутациясы тұқым

қуалайтын меланомаға, ретинобластомаға және басқа да қатерлі ісіктерге әкеледі.
р-21 Сdк-мен байланысатын ақуыз, қартайған жасушаларда белсенді болады және р-53 және рRв ақуыздары ісік жасушалары пайда болуының супрессорлары.
р-15 және р-16 Сdк-4 және Сdк-5-тің циклинмен байланысуына кедергі жасайды.
٭ Бұл гендер адамның хромосомалар картасында - 9р21- де орналасады.
٭

Слайд 32Апоптоздың реттелуіне
сыртқы факторлар және автономды

механизмдер қатысады:
- вирустық инфекциялар,
- пролиферацияның бұзылуы (бақылау нүктелері:),
- жасушаның зақымдалуы және т.б. жатады.
Цистеин-аспартат протеазалар басқаша каспазалар деп аталады.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика