Миокард инфарктісі презентация

Жоспар: Жүрек-қан тамыр ауруларына жалпы анықтама, зерттеу әдістері Зерттеу әдістерінің артықшылықтары Зерттеу әдістеріне қарсы көрсетілімдер Зерттеу әдістерін жүргізу ережелері. Қорытынды

Слайд 1Орындаған: Мелдебек Гүлбану
Тобы:001-2к
Тексерген:Мырзабаева Г.Б
 
Тақырыбы:Стенокардия және миокард
инфарктінің сәулелік диагностикасы.
Алматы 2016


Слайд 2Жоспар:
Жүрек-қан тамыр ауруларына жалпы анықтама, зерттеу әдістері
Зерттеу әдістерінің артықшылықтары
Зерттеу әдістеріне

қарсы көрсетілімдер
Зерттеу әдістерін жүргізу ережелері.
Қорытынды


Слайд 3Жалпы анықтама:
1. Жүрек-қан тамырлары ауруларының ішінде қоға­мы­мызда ең жиі кездесетін түрі

– жүрек қыс­па­сы (стенокардия). Басты себеп – жү­рек­ті қоректендіретін күре та­мыр­дағы қан айналымының бұзы­луы. Жүрек қыспасының салдарынан қан тамырлары тарылады. Тамыр тарылған соң жүрек өзіне қа­жетті қоректік заттар мен оттегі ала алмай зардап шегеді. Мұндайда адамның кеуде сырты немесе жүрек тұсы күйдірген тәрізді ауы­рады, қысады немесе кеудені басып тұр­ғандай сезінеді. Оның әсері сол қолға, мойынға, арқа тұсына беріледі. Кейде ауру белгісі басқаша болып келеді. Іштің жоғарғы жағы ауырады, адамның жүрегі айнып, құсқысы келеді. Кейбіреулер мұны асқазан ауруы деп түсініп, басқа ем алуы мүмкін.

Слайд 4


Миокард инфарктісі – жүрек бұлшық етінің жансыздануы. Кенеттен болған физикалық, психикалық

жүктеме әсер етеді. Миокард инфарктісі – кенеттен пайда болған, ұзақ уақытқа созылған миокард ишемиясының салдарынан оның өлеттенуі. Әдетте миокард инфаркты кезінде тамырдың қысылған жерінде жедел қан ұйып қалады. Миокардтың кенеттен өлеттенуі адамның кеуде тұсын қат­ты ауыртады. Науқас мазасызданады, суық тер шығады, өңі бозарып, еріндері көгереді. Миокард инфарктысы жүрек етінің жыртылып кетуіне соқтыруы мүмкін. Сондықтан инфаркт алған адам өзін-өзі міндетті түрде күтуі керек. Біріншіден, арнайы тәртіпті қатаң сақтауы, денеге ауыртпалық түсіруден абай болу, сол сияқты жүйке жүйесін де бірқалыпты сақтауға тырысу керек. Екіншіден, диетаға отыруы, қауіпті факторлардан арылуы, үнемі кардиолог дәрігердің бақылауында болып, кеңесін бұлжытпай орындауы тиіс.

Слайд 5Эхокардиография (ЭхоКг):
Эхокардиография (ЭхоКг) — бұл қазіргі заманғы жоғары информативті инвазивті емес

ауырсынусыз және қауіпсіз жүрек қантамыр жүйесінің диагностикалау әдістерінің бірі болып табылады. 

Жүргізу әдісі: Эхокардиография ЭхоКг өткізу техникасы: Зерттеу техникасы өте қарапайым, бірақ бұл зерттеуді арнайы дайындалған маман жүргізуі шарт. Осымен қатар бір полюсті әкетпедегі ЭКГ тіркемесімен бірге жазылады. Зерттеу кезінде науқас сол жақ қырында немесе арқасында жатады. Датчикті әртүрлі позиция бойынша дәрігер өзі таңдап орнатады.



Слайд 6Эхокардиография (ЭхоКг) қарсы көрсеткіштері:
Кеуде клеткасының күйіктері

Жарақаттары

Кеуде деформациялары.




Слайд 7Компьютерлік томография:


Инвазивтік емес КТ-коронарографияны. КТ-коронарография тамыр артерияларының өткізгішін бағалауға, тарылу деңгейін

анықтауға, коронарлық артериялардың анатомиялық ерекшіліктерін айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жүрек қуыстарының және миокард жағдайын бағалауға, қеуде қолқасының өрлемелі бөлігінің, өкпе артерияларының және тамырлардың ақауын жоққа шығаруға. КТ-коронарографияның артықшылығы хирургиялық кірісуден кейін асқыну болмайды, кеуде қуысының ағзаларының коронарлық емес ауытқуларын бағалауға, сонымен қоса коронарлық артерияларының үшбөлімді (3D) реконструкцияларын алуға мүмкіндік береді.

Слайд 8Компьютерлік томография

КТ ангиографияның негізінде барлық ағзалардың қызметін көзбен шалуға

болады, бұл қан тамырларының толық суретін алуға мүмкіндік береді. Қан тамырларын рентген сәулелері арқылы компьютерлік томографиямен зерттегенде және ақпаратты өңдегенде тіндердің топты көрінісі құрылады. * Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін кешенді диагностиканы жүргізу, оның ішінде кеудесі қатты ауырып тұрған пациенттерді зерттеу. Жүрек-қантамыр ақауларын зерттеуге қажетті контраст жоғары жылдамдықпен инжектор арқылы еңгізіледі. Зерттеу жүргізген кезде контраст тамырдың тарылуын, окклюзиясын, жүрек ақауларын бағалауға мүмкіндік береді.

Слайд 9Магниттік-резонансты томография Магниттік-резонансты томографияның практикалық медицинада қолданылатын магнитті өрісінің қуаттылық диапазоны емделуші

үшін ешқандай зияны жоқ. Сондықтан, диагностикамен қатар, ауруды емдеу барысында динамикалық бақылау үшін де жиі қолданылады.
МРТ әдістерінің артықшылықтары және мүмкіндіктері  МРТ – бас және жұлын миы, омыртқа, буындар, іш қуысы (асқазан және ішекті қоспағанда) және кіші жамбас бөлігі ауруларын диагностикалауда ең тиімді әдістердің бірі. МРТ көп жағдайда, диагностиканың нақтылау әдістері ретінде қолданылады.  МРТ-ның басты артықшылығы – жоғары деңгейлі жұмсақ тінді контрасттың болуы (қарама-қарсы заттардың енгізілуінсіз түрлі жұмсақ тіндердің сапалы медициналық суреттерін алуға жағдай жасайтын) және сәулелік қуаттың болмауы. Алайда, МРТ өкпе, асқазан, ішек және сүйекті түсіруде қолданылмайды.
МРТ өткізуге қарсы көрсеткіштер:

Слайд 10Назарларыңызға рахмет !!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика