Минералдық дистрофиялар презентация

Содержание

Адам организмінде 81 химиялық элемент табылған. Олардың 12-макроэлементтер, қалғандары микроэлементтер. Солардың ішінде кальцийдің, мыстың, калийдің, темірдің, йодтың бұзылыстары организм үшін аса мыңызды.

Слайд 1Дәріс: МИНЕРАЛДЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР


Слайд 2 Адам организмінде 81 химиялық элемент табылған. Олардың 12-макроэлементтер, қалғандары микроэлементтер. Солардың

ішінде кальцийдің, мыстың, калийдің, темірдің, йодтың бұзылыстары организм үшін аса мыңызды.

Слайд 3Калции маңызы
Жасуша мембранасының өткізгіштігі
Нерв-бұлшықет қозғыштығы
Қанның ұюы
Қышқыл-сілті жағдай реттелуі
Қаңқаның түзілуі
сияқты қызметтер атқарады


Слайд 4Кальций алмасуының бұзылыстары – кальциноздар деп аталады.Олардың түрлері:
Метастаздық әктену;
Дистрофиялық әктену;
Метаболизмдік

әктену.



Слайд 5Коронарлық артерияның қабырғасының кальцинозы Гематоксилин-эозин бояуы х400



Слайд 6Бүйректің метастаздық әктенуі Гематоксилин-эозин бояуы х400



Слайд 7Кальций алмасуы – қалқанша без маңындағы без гормоны – паратгормонмен, қалқанша

без гормона – кальцитонинмен, бүйрекүсті безі гормоны –глюкокортикостероидтармен және Д дәруменімен реттеліп тұрады. Д дәрумені жеткіліксіз болғанда, балаларда мешел (рахит) деген ауру дамиды.

Слайд 8Кальций метастаздары – қанда кальций мөлшері асып кетуіне байланысты. Оның себептері:
Қалқанша

без маңы бездерінің аденомасы немесе ісігі;
Сүйек ісіктері немесе сүйектердің сынуы;
Тоқ ішектің және бүйректің созылмалы аурулары;
Д гипервитаминозы.

Слайд 9Балаларда гиперкальциемия кездеседі:
Іштен туылған идиопатиялық гиперкальциемияда;
Іштен туылған гипофосфатаземияда;
Д гипервитаминозында.
Іштен туылған гиперкальциемияда

кальций жүрек артерияларында жиналып қалып, жүрек қызметін бұзады, кейде жүрек инфаркты дамиды.

Слайд 10Дистрофиялық әктену немесе петрификация – жергілікті үдеріс болып, кальций өлген тіндерге:

туберкулез ошақтарына, гуммаға, өлген паразиттерге, инфаркт болған жерлерге, қабыну ошақтарына, тромбтарға шөгіп қалады. Жатырдан тыс өлген ұрыққа кальций шөгіп қалғанда, ол тас тәрізді қатты болып қалады (литопедион).

Слайд 11Метаболизмдік әктену – тіндердің кальцийге сезімталдығының күшеюімен байланысты. Бұл кезде кальцийдің

қандағы да, жергілікті де мөлшері қалыпты. Бұл жағдайды кальцифилаксия немесе кальциергия деп атайды.

Слайд 12Оның екі түрлі себебі бар:
Тін сезімталдығын арттыратын факторлардың көбеюі;
Әр түрлі

органикалық және бейорганикалық заттарға организмнің сезімталдығының артуы.
Метаболизмдік әктену кезінде кальций теріге, тері асты шеліне, фасциялар мен апоневроздарға шөгіп қалады.

Слайд 13Тастардың пайда болуы. Тас дегеніміз - әр түрлі қуыстарда, өзектерде органикалық

немесе бейорганикалық заттардың шөгіп қалуы нәтижесінде пайда болған қатты заттар. Олардың себептері: жалпы және жергілікті.


Слайд 14Жалпы себептерге зат алмасу үдерістерінің бұзылуы кіреді. Холестерин алмасуы бұзылғанда өт

жолдарында холестериндік тастар пайда болады. Несеп қышқылдары организмде көбейіп кеткенде, несеп жолдарында урат тастары түзіледі.


Слайд 15Жергілікті себептерге:
Ағзаның секреторлық және реабсорбциялық қызметінің бұзылуы;
Секреттің іркіліп қалуы;
Жергілікті қабыну үрдістері.
Осы

себептердің нәтижесінде жергілікті секрет (сөл) қоюланып, бірте-бірте тасқа айналады.

Слайд 16Өт тастары - өт қалтасында және өт жолдарында түзіледі. Түрлері:
Холестериндік тастар;
Пигменттік

тастар;
Кальцийлік тастар;
Аралас тастар.
Асқынулары: өт жолдары тығылып қалғанда механикалық сарғаю дамиды. Бауырда өттің іркіліп қалуы, билиарлы циррозбен аяқталады.

Слайд 17Бүйрек тастары – бүйректе және несеп жолдарында түзіледі. Түрлері:
Ураттар;
Оксалаттар;
Фосфаттар;
Аралас тастар.
Балаларда цистинді

және ксантинді, белоктардан түзілген тастар кездеседі.

Слайд 18Асқынулары: несепағар таспен тығындалып қалғанда, бүйрек түбекшелері кеңейіп, гидронефроз деген патология

дамиды. Осы жерге инфекция түскенде іріңді асқыну пионефроз, перинефрит, паранефрит дамиды. Кейде ірің құрсақ қуысына түсіп, іріңді перитонит дамиды. Бұл үдеріс сепсиске соқтыруы мүмкін.


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика