Микроклимат сипаттамасы презентация

Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының – ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол

Слайд 1С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті
Тақырыбы:Микроклимат сипаттамасы
Группа: МПД 001-01

Орындаған: Агабекова А
Қабылдаған: Лаура Бейсбековна

Слайд 2Өндірістік микроклимат ауа ортасының физикалық факторларының – ауа температурасының, ылғалдылығының, қозғалу

жылдамдығының және инфрақызыл сәулелердің жиынтығы болып табылады. Өндірістік микроклимат бұл факторлардың едәуір дәрежеде әр түрлі болып қалыптасуымен ерекшеленеді және ол өндіріс үрдісінің сипатына, сыртқы метеорологиялық жағдайларға, ауа алмасуының ұйымдастырылуына, т.с.с. байланысты болады. 

Слайд 3Көптеген өндірістерде (ыстық цехтар) технологиялық үрдіс барысында қызған қондырғылардан, балқыған және барынша қызған

металдардан, шыныдан, ауаға өткен ыстық булар мен газдардан бөлінетін жылу есебінен ауа мен қоршаған нысандардың ысып кетуіне алып келетін жағдайлар туындайды. Мұндай цехтарға металлургия зауыттарындағы мартен, прокат, домна цехтары, тоқыма өнеркәсібіндегі бояу, кептіру бөлімдері, тері илеу, қант зауыттары, қағаз өндірісі жатады.

Слайд 4Бірқатар өндірістер (суық цехтар) арнайы қалыптастырылатын ауаның төмен температураларымен сипатталады (тоңазытқыштар, кеме

жасау өнеркәсібі, сыра қайнату зауыттарының ашыту бөлімі, тез бұзылатын тағам сақтайтын қоймалар және басқалар). Бұл цехтардағы ауа температурасы 0ºС жақын болуы мүмкін.


Слайд 5Өндірістік үрдіске байланысты бір өндірістерде тек ауаның температурасының өзгерістері басым болуы

мүмкін, басқаларында - ауа ылғалдылығы, үшіншілерінде – барлық факторлардың кешенінде өзгерістер едәуір болуы мүмкін.
Ыстық және суық цехтардағы қолайсыз микроклиматтың әсер етуі әр түрлі жылулық патологияның дамуына алып келуі мүмкін: жедел және созылмалы түрдегі дененің қатты қызуына немесе салдары қатар жүретін, ауырлық дәрежесі әр түрлі дененің қатты салқындауына (ІІІ бөлімнің 3.1 тарауын қара). Инфрақызыл сәулелену, жалпы термиялық әсерінен басқа кәсіптік катарактаның жиі себептерінің бірі болып табылады.


Слайд 6Микроклимат жағдайларының адам ағзасына әсер етуіне байланысты, оларды қолайлы, рұқсат етілген, зиянды

және қауіпті микроклимат жағдайларына бөледі. Қолайлы жағдайлар жалпы және жергілікті қолайсыз сезімдер болмайтын, жылу реттелу механизмдерінің зорлануы минимальды болатын микроклимат көрсеткіштерімен анықталады, ол бүкіл жұмыс ауысымы бойына адам ағзасында қолайлы жылылық жағдай сақталуын қамтамасыз етеді. 

Слайд 7Рұқсат етілген жағдайлар денсаулықты бұзбай және жылылық жағдайды салыстырмалы түрде тұрақты сақтап,

жылу реттейтін механизмдердің орташа дәрежеде зорлануын, болар болмас қолайсыз жылу сезінуін, еңбекке қабілеттіліктің біршама төмендеуін туғызады. Зиянды жағдайлар айқын қолайсыз жылу сезінуімен, жылу реттелу механизмдерінің едәуір зорлануымен, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуімен, ағза жылуының тұрақтылығы және адам денсаулығы бұзылуымен сипатталады. Экстремальды жағдайлар қысқа уақыт ішінде жылылық жағдайының күрт бұзылуын, денсаулық бұзылыстары мен өлім қаупін туындатады.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика