Migren. Бас сақинасы презентация

Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Бас сақинасы кезінде басыңыз жиі ауырып, кейде дәрі де көмектеспейтін дәрежеге жетеді. Көбінесе мұндай ауруға 20

Слайд 1

Бас сақинасы


Слайд 2Әлемдегі әрбір бесінші адам бас ауруынан зардап шегеді екен. Олардың көбі

бас сақинасы ауруына шалдыққандар. Бас сақинасы кезінде басыңыз жиі ауырып, кейде дәрі де көмектеспейтін дәрежеге жетеді. Көбінесе мұндай ауруға 20 мен 40 жас аралығындағы адамдар ұшырайды екен.

Слайд 3Аурудың неден пайда болатыны әзірге белгісіз, бірақ көбінесе жұмысты ойлауды қажет

ететін адамдардың осы аурумен ауыратыны анықталып отыр. Бас сақинасына тән ерекшелік: бастың бір бөлігі ауырады, көбінесе самай мен маңдай тұсында және көз айналасында пайда болады. Ауырған адам жарық пен дыбысты жақтырмай, көз көруі қиындап, жүрегі айнып, құсуы да мүмкін.

Слайд 4Ауру кезінде вегетативті жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары

кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді.

Слайд 5 Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Аурудың ұзақтығы

2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасының негізгі белгілерін және емдеу шараларын бас ауруымен байланыстыра қарау қажет.

Слайд 6Әлбетте бас ауруының барлық түрі бас сақинасы болып саналмайды. Аптасына 1-2

күн, не күнде басыңыз ауырса, бұл бас сақинасы ауруына шалдыққандығы жайлы ақпар береді. Бас ауру ұстамасы ұстаған кезде дәрі-дәрмектер де көмектеспей қалатын кездер болады. Мұндайда мануалды терапевтерге қаралған жөн. Олар мойын омыртқасы мен бастағы тиісті нүктелерге массаж жасау арқылы бас ауруды жазуға, не жеңілдетуге тырысады. Бірақ, әлбетте ауруды асқындырып алмай, ертерек емдету қажет.

Слайд 8
Бас сақинасы. Оның басқа атауы – гемикрания. Ол грек сөзі: «бастың

жартысы». Бұлсырқатта бастың бір жа-ғы солқылдатып, қозғал-ғанда күшейіп ауырады. Бастың сақинасы ұстағанда кейде көздіңкөруі, сөйлемей қалушы-лық болып, саусақтар шаншып, әлсізденеді, адам шу мен жарықты көтермейді, дұрыс сөйле-уге қабылетсіздік орын алады.

Слайд 10Бас ауруы ұстама-лары кез келген жаста бастала береді. Негізінен, көбінесе 20-30

жаста пайда болып, 50 жастан соң басылады. Бас сақинасы ауруы кейде тұқым қуа-лайды. Ол жыныстық же-тілудегі гормондық ста-тустың өзгеруінің, жиі күйзелудің, қажудың бел-гілері болуы да мүмкін.

Слайд 11Бас сақинасымен күресу-де беретін дәрі-дәрмектер бар. Үнемі байсалды болумүмкін болмаса да,

орын алған оқиғаны сабырлы қабылдауға, қатты айтылған сөздерді көтере білуге үйрену – бас ауруларын дамытпай, тоқта-туда маңызды қадам.

Слайд 12Ольга Авраменко


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика