Слайд 1ЛЮПУС-НЕФРИТ
Орындаған:Аманова Ж.А
Слайд 2ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Люпус нефрит
2.Класстары
Қорытынды
Слайд 3Люпус- нефрит
Бұл жүйелі қызыл жегі кезінде ересектердің 60%-да балалардың 80%- да
анықталатын мүшелік зақымдалу. ЖҚЖ-ң 5 жасқа дейінгі балаларда дамуы екі талай,оның жиілігі 10 жастан кейін артады. Науқастардың 70% дан астамы 14-40 жас аралығында ауырады,аурудың шыңы 14-25 жас аралығына тура келеді. Басым көпшілігі әйел адамдар
Слайд 5ЛН-ң ЕМІ
ЖҚЖ мен ЛН-ң белсенділігіне байланысты I ші класстан VI классқа
дейін жүргізілетін емдер бір-бірінен ерекшелінеді.
ЛН-ң I класымен науқастарда емді ЖҚЖ-ң бүйректен тыс көріністерінің айқындылығына байланысты жүргізіледі.
ЛН-ң ІІ класында протеинурия <1 г/тәул болса,ем дәл сондай .Мұндай науқастар ЖҚЖ мен нефрит аса белсенді болмаса,әдетте ем преднизалонмен 1 мг/кг/тәул мөлшерінде жүргізіледі.Кейде оны гидроксихлорхинмен ,не азатиопринмен біріктіреді.
Слайд 6ЛН-ң ІІІ класы мен IV класы келесі кесте бойынша емделеді;ГКС-ды ЦФ
немесе ММФ-пен біріктіру арқылы индукциялық ем жүргізіледі .ТҮГН мен ЭКГН болса жоғарғы мөлшермен пульс-ем жүргізіледі,оны плазма алмастырумен (жаңа мұздатылған плазма 15-20 мг/кг)біріктіруге болады.
ЛН-ң ІІІ класы мен IV класын индукциялық емдеудің NIH,Euro-Lupus және т.б ұсынған түрлі режимдері бар.
Егер емдеудің алғашқы 3 айында қандағы креатиннің мөлшері жоғарылап,протеинурия артып ,емнен оң нәтиже шықпаса,қайтадан биопсия (бүйректегі пролиферативті және склероздық үдерістердің айқындылығын анықтау мақсатында)жасап,ЦФ-ті ММФ –на немес керісінше ауыстырады не болмаса балама емді (ритуксимаб және т.б)таңдауға болады.
Слайд 7
Жоғарыда көрсетілген класстары бар науқастарда индукциялық ем тиімді болса,одан кейін
азатиопринді (1,5-2,5 мг/кг/тәул) немесе ММФ-ын (1-2 г/тәул 2 ретке бөліп)ГКС-ң аз мөлшерімен қосып ,сүйемелдеуші емді жалғастырады.Егер АЗА мен ММФ-ті көтере алмаушылық болса,ГКС-ң аз мөлшерін КТ-мен қосып қолданады.Толық ремиссияға қол жеткізгеннен кейін,сүйемелдеуші емді кемінде тағы 1 жыл бойы жалғастыру керек.
1 жыл ішінде толық ремиссия болмаған жағдайда ,бүйрек биопсиясын қайтадан жасаған соң ,емді өзгерту сұрақтарын қарастыруға болады.Науқас жағдайы нашарласа емді ЛН-ң толық ремиссия болмаған жағдайда ,бүйрек биопсиясын қайтадан жасаған соң ,емді өзгерту сұрақтарын қарастыруға болады .Нейтрофилдер саны 1,5*10/л болса,ЦФ мөлшері мөлшері 50%-ға төмендетіледі.Қуық зақымдануының алдын алу үшін ЦФ-тің пульстерін (венаға 500-1000 мг/м2 айына 1 рет)Месна препараттарын біріктірген жөн.
Слайд 8Егер емнің басқа түрлеріне нефрит тұрақты болса немес шумақтарда жарты айшықтар
анықталса ,кейде плазмаферез қолданылады.
Ремиссияға қол жеткізгеннен кейін ПЗ-мен сүйемелдеуші ем 0,3-0,5мг/кг/тәул мөлшерінде жалғастырылады.ЦФ –тің индукциялық курсынан кейін ремиссияны ұстап тұру мақсатында азатиопринді 2-3 мг/кг/тәул мөлшерінде қолданылады.
ЦФ-ң вена ішілік пульс емін бастапқы кезде 6 ай бойы айына 1 рет ,ал содан кейінгі 6-18 ай 3 айда 1 рет жүргізіледі.
ЛН-нің V класы.Бүйрек қызметі қалыпты және субнефротикалық протеинурия болса,сондай-ақ ,ЖҚЖ –ң өзінің белсенділігі болмаса ,антипротеинуриялық және антигипертензивті препараттарды ғана тағайындауға болады.Ал егер ЖҚЖ –ң бүйректен тыс белгілері болса ,міндетті түрде иммуносупрессия жүргізіледі.Иммуносупрессивті препарат ретінде ГКС –ды кальциневрин тежегіштері –ЦсА мен немесе такролимуспен біріктіріп қолдану ұсынылады.ЦФ немесе аз дәрежеде ММФ таңдау препараттары бола алады.
Слайд 9ЛН-ң VI класы .ЖҚЖ-ң бүйректен тыс белгілері орын алған жағдайда ғана
ГКС мен иммуносупресанттар беріледі.Олар міндетті түрде ААФ –мен немесе АРТ –мен гипотензивті препараттармен біріктіріледі.ИС мен ГКС.
Балалардағы ЛН-ң емінің кестесі ересектердегідей ,ал препараттардың мөлшері дене ауданына және ШСФ –на байланысты есептелінеді.