Кокктарға қатаң анаэробтар презентация

Содержание

КОККТАР Кокктар - морфологиясы ұқсас микробтардың өте үлкен тобын құрайды: кокктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді. Аэробты грам оң кокктар; Стафилококктар Стрептококктар

Слайд 1ҚАБЫЛДАҒАН: БАЙТҰРСЫНОВ.Қ.Қ ОРЫНДАҒАН: ШАПОЛАТОВ.Э ТОБЫ: ЖМ-103

ТУРКІСТАН-2013

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті


Слайд 2КОККТАР
Кокктар - морфологиясы ұқсас микробтардың өте үлкен тобын

құрайды: кокктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді.
Аэробты грам оң кокктар;
Стафилококктар
Стрептококктар

Слайд 3
Кокктарға қатаң анаэробтар (пептококктар,

пептострептококктар, вейлонеллалар), факультативті анаэробтар, (стафилококктар, стрептококктар, нейссериялар) аэробтар және микроаэрофилдер жатады. Кокктардың арасында грам оң және грам теріс бактериялар бар. Олардың барлығы адамда ауырлығымен және орналасуымен ерекшеленетін іріңді қабыну үрдістерін туғызады.


Слайд 4 Стафилококктар (StарһуІососсus туыстастығы)
Таксономиясы.

Тұқымдастығы: Місrососсасеае.
Туыстастығы: Stарһуlососсus.
Түрі: .S,aureus, S.ерidеrmidis, S.sарrорһуticus
Стафилококктарды Л.Пастер және Огстен (1880 ж.) ашқан.1884 жылы Розенбах стафилококктардың толық сипаттамасын берді.
Stарhуlососсus туыстастығының 3 түрі кездеседі. S.аurеus, S.еріdеrmіdіs, S.sарrорhуtісus. Соңғы кезде ұсынылған жіктеуде стафилококктардың көптеген түрлері бар - S.hаеmolyticus, S.hоmіnіs, S.warneri, S.capitis, S.cscchsrolyticus, S.pasteuri, алайда олар тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады.


Слайд 5 СТАФИЛОКОККТАР (STАРҺУІОСОССUS ТУЫСТАСТЫҒЫ)


Слайд 6 Морфологиясы. Стафилококктардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс

пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді . Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі, Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой қышқылдары және А протенімен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі. .S,aureus -тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі жануарлардың IgG Fс-фрагментімен байланысады. Көптеген стафилококктар беткей орналасқан капсула түзеді.


Слайд 7 СТАФИЛОКОККТАР, STAPHILOCOCCUS AUREUS, STAPHILOCOCCUS ALBUS


Слайд 8
Дақылдандыру. Стафилококктар

қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Аэробты жағдайда өсіргенде амин қышқылдар және витаминдерді, анаэробты жағдайда - қосымша урацил және көмірсуларды қажет етеді. Жоғары осмостық қысымға төзімді, соған байланысты стафилококктар ќұрамында тұздың жоғары концентрациясы бар элективті қоректік орта - сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. Сарыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр, айнала - шеті тегіс, домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген (сарғыш, сары, қызыл - сары түсті) колониялар түзеді. Колониялардың түсі липохромды пигментпен байланысты, оттегі бар жағдайда түзіледі, қан, көмірсулар немесе сүт қосылған қорекітік орталарда айқын белгіленеді. Пигменттің таксономиялық маңызы жоқ. Құрамында 8-10% КаСІ бар ортада жақсы өседі. Сондықтан сарыуызды - тұзды агарда лецитовителлаза ферменттің түзілуіне байланысты колониялар айналасында тәж тәрізді сақина орналасады. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймаєы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады.


Слайд 9АНАЭРОБТЫ СТАФИЛОКОККТАР


Слайд 10 Ферменттік қасиеті. Биохимиялық белсенділігі жоғары: көптеген штамдары

глюкозасы бар ортада ацетоин түзеді (Фогес-Проскауэр реакциясы оң), аммиак бөледі, нитраттарды нитритке немесе азотқа дейін қалыпқа келтіреді, ақуыздарды, гиппуратты, майларды және твиндерді гидролиздейді. Тек Stарhу1оссосus туыстастығына тән қасиет - анаэробты жағдайда глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы, стафилококтардың микрококктардан айырмашылығы болып келеді.


Слайд 11 Антигендік қасиеті. Стафилококктардың антигендік құрылымы өте күрделі

және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі. Тїрлік арнайы антигені тейхой қышқылдарымен байланысты: S.аиrеиs-те -рибитолтейхой қышқылы, S.ерdеrтedialis-те - глицеролтейхой қышқылы, S.sарrорhуtісиs-та тейхой қышқылының екі түрі де анықталады. А протейін ІgG молекуласының Fс фрагментімен тығыз байланысады. Иммундыглобулиннің Fаb фрагменті бос болып келеді және спецификалық антигенмен байланысуы мүмкін. Осыған байланысты А протеин диагностикалық әдісте (коаглютинация) қолданылады.
Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді. Стафилококктардың көп штамдары лизогенді болып келеді. Экзотоксиннен анатоксин дайындалады.


Слайд 12 Патогенділік факторлары микрокапсула, жасуша қабығының компоненттері, агрессия

ферменттері (каталаза, гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа, фибринолоизин, |3 лактамаза, гемолизин- а, Р, у, р.) мен токсиндері (лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалық шок синдромының токсині, энтеротоксиндер А, В, С, В, Е) . Стафилококктар өте бейімделгіш болып келеді: антибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам пайда болады. Трансдукцияланатын фаг көмегімен бір жасушадан басқа жасушаға берілетін плазмидалар өте маңызды рөл атқарады.R -плазмидалар бір немесе бірнеше антибиотиктерге тұрақтылығын қадағалайды, сонымен қатар жасушадан тыс бетта-лактамаза ферментін бөліп бетта-лактамды қатарға жататын антибиотиктерді бұзады.


Слайд 13 S. AUREUS - СТАФИЛОКОККТАР



Слайд 14 Резистенттілігі. Стафилококктар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан, санитарлық

микробиологияда олар ауаның санитарлық көрсеткіш микроорганизмі болып табылады. Стафилококктар кептіруге тұрақты, осы жағдайда вируленттілік қасиеттерін жоймайды, құрғақ ыстық әсерінен екі сағаттан соң жойылады, таза этанолға да тұрақты. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық ерітінділердің әсеріне сезімтал келеді. Стафилококктар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді. Олардың негізгі себептері плазмидалар қадағалайтын бетта-лактамазаның түзілуі.


Слайд 15 ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН СТАФИЛОКОККТАР


Слайд 16 Эпидемиологиясы. Стафилококктар адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері

болып келеді. Соған байланысты ағзаның әртүрлі биотоптарында орналасады, көп мөлшерде теріде мекендейді.
Таралу көзі - науқас және тасымалдаушылар. Аса эпидемиологиялық қауіп төндіретіндер - медицина қызметкерлері, олар госпиталды стафилококк штамдарының тасымалдаушылары. Халықаралық жіктелуі бойынша тасымалдаушыларды екі топқа бөледі: тұрақтылар - мұрын қуысынан барлық уақытта алтын түсті стафилоккоктар табылады, тұрақсыз тасымалдаушылар - стафилококктар бір мезгілде табылады немесе анықталмайды.


Слайд 17 ТЕРI АБСЦЕСI : ГИСТОЛОГИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТ (ГЕМАТОКСИЛИНОМ И ЭОЗИНОМ

БОЯУЫ).

Слайд 18 Патогенезі және клиникасы. Стафилококктар басқа ШПМ секілді оппортунисттік

аурулар тудырады. Стафилококктар этиологиялық фактор ретінде келесі нозологиялық аурулар тудырады: тері және теріасты жасушаларының аурулары (пиодермия, везикуло-пустулез, пемфигус, абсцесс, фурункул, карбункул, гидроадениттер); тыныс алу мушелерінің аурулары (баспа, плеврит, пневмония); жүйке жүйесі және сезіну мүшелерінің аурулары (менингит, отит, конъюнктивит ж.т.б.); ауыз қуысы және асқорыту ағзаларының аурулары (стоматит, перитонит, парапроктит, энтерит, энтероколит, астан улану); сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің аурулары (артриттер, периоститтер, остеомиелиттер ж.т.б.); қан айналымы жүйесінің аурулары (эндокардит, перикардит, флебит ж.т.б.); зәр шығару-жыныс мүшелерінің аурулары (пиелит, цистит, уретрит, мастит, эндометрит, орхит ж.т.б.); стафилококктық сепсис.


Слайд 19 КЛИМАТЫ ЫСТЫҚ ЖЕРДЕ КЕЗДЕСЕТIН ТЕРI АУРУЛАРЫН ТУДЫРАТЫН СТАФИЛОКОККТАР

Ячмень.


Слайд 20 Микробиологиялық диагноз қою. Жеделдетілген әдіс: ИФА, КоАР,

ПЦР.
Бактериологиялық әдіс: зерттеу материалы ретінде қан, ірің, қақырық, несеп, мұрын - жұтқыншақтың шырышты қабығынан жағынды, құсық массасы, нәжіс.
Серологиялық әдіс тек созылмалы инфекцияларда қолданады, онда анти-альфа-токсин және рибитолтейхой қышқылына антиденелер титры анықталады.
Микроскопиялық зерттеу көбінесе жүргізілмейді, себебі жағындыда стафилококктар жалғыздан, жұптан, төрттен орналасады. Стафилококктар туыстастығына жатқызу олардың типті морфологиясына, жасушалардың боялуы, олардың кеңістікте орналасуы және глюкозаны анаэробты жағдайда ыдыратуына негізделген.


Слайд 21 Стафилококктар терi ауруларын тудырады


Слайд 22 АЛТЫН ТҮСТЕС СТАФИЛОКОККТАР


Слайд 23 Емдеуі. Стафилококктық инфекцияларды антибиотиктер және сульфаниламидті

препараттармен емдейді. Соңғы жылдары науқастардан бөлінген стафилококтар көптеген химиотерапиялық препараттарға түрақты екені белгілі болды. Бұндай жағдайда емдеу үшін стафилококтық анатоксинімен иммунизацияланған донор қанынан алынған стафилококтарға қарсы антитоксикалық плазма немесе иммундыглобулинді қолданады. Белсенді иммунитет қалыптастыру үшін (жоспарлы хирургиялық науқастар, жүкті әйелдер) адсорбцияланған стафилококк анатоксинін қолдану мүмкін. Көбінесе стафилококтың инфекциялармен иммунды компромисты науқастар ауыратындықтан, иммунитетті белсендіретін препараттар қолдануға болады.




Слайд 24 СТАФИЛОКОККТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ


Слайд 25 Алдын алуы.Жалпы сақтандыру кешендері бірнеше бағыт-тардан тұрады:

науқастар мен тасымалдаушыларды анықтап, емдеу. Медицина қызметкерлерін тексеру (әсіресе, перзентхана, реанима-циялық, хирургиялық бөлімдердің). Жоспарлы түрде медицина қызметкерлері арасында стафилококк тасымалдаушыларының резиденттік түрлерін анықтау және оларды емдеу (стафилококктыќ бактериофаг, хлорфиллит, эктерицид, лизоцим). Ауруханаларда, емханаларда санитариялық-гигиеналық ережелерді қатал қадағалау (асептика, антисептика, дезинфекция, стерилизация). Жүре пайда болған белсенді иммунитет қалыптастыру үшін стафилоккоктық анатоксин қолдану. Пассивті иммунитет қалыптастыру үшін стафилококктық иммунды глобулин немесе стафилококкқа қарсы донорлық гипериммунды плазма қолдану.


Слайд 26СТРЕПТОКОКТАР
Стрептококтарды әртүрлі жүйелер мен ағзалардан бөліп, таза

дақылын алған ғалымдар: Билрот (1874), Л.Пастер (1879), Огстон (1881), Филяйзен (1883), Розенбах (1884). Стрептококктар Streptососсасеае тұқымдастығына жатады. 20-дан астам түрі бар. Олардың ішінде адам ағзасының қалыпты микрофлорасына кіретін өкілдері және де адамдарда ауыр түрде өтетін эпидемиялық ауру қоздырєыштары кездеседі.
Таксономиясы
Тұқымдастығы: Strерtососсасеае.
Туыстастығы: Strерtососсus.
Түрі – Str.pyogenes ,Str.рnеumоnіае, Str.fаесаlіs, Str.аgаlасtіае

Слайд 27СТРЕПТОКОККТАР


Слайд 28
Морфологиясы. Стрептококктар

ұсақ, шар тәрізді жасушалар, тізбектеліп немесе жұптасып орналасады, грам оң, спора түзбейді, қозғалмайды . Стрептококктардың көптеген штамдары гиалурон қышқылынан тұратын капсула түзеді. Жасуша қабырғасы ақуыздан, (М-, Т- және R,- антигені), көмірсудан (топтық спецификалық) және пептидогликаннан тұрады. Олар L-пшініне жеңіл түрде ауысады. Стрептококктардың беткейлі фимбрияларында орналасатын негізгі адгезині - липотейхой қышқылы бар.


Слайд 29ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН СТРЕПТОКОККТАР


Слайд 30 Дақылдандыру. Факультативті анаэробтар, капнофилдер, кейбір түрлері микроаэрофилдер.

Көптеген түрлері анаэробты жағдайды талғайды. Көмірсу, қан, сарысу, асцит сұйықтығымен байытылған қоректік орталарда әседі. Тығыз қоректік ортада ұсақ, сұр түсті колониялар түзеді. Сұйық қоректік ортада етрептококтар түбінде тұнба беріп өседі. Стрептококктар - факультативті анаэробтар. Қанды агарда альфа-гемолиз (жасылдану) және бетта-гемолиз (толық), гамма-гемолиз (көзге көрінбейді) береді . Адамның негізгі аурулар қоздырғыштары А тобына жататын бетта-гемолиз беретін түрлері.


Слайд 31 Антигендік қасиеті. Жасуша қабаты полисахарид тектес субстанция

болуына байланысты (1933 жылы Лэнсфилдтің ұсынысы бойынша) стрептококктар 20 серологиялық топтарға бөлінеді (А -дан ,. У-ға дейін ). Альфа және гамма гемолитикалық стрептококктардың ешқайсысы ешқандай серотопқа кірген жоқ. Адам патологиясында А тобындағы стрептококтардың алатын орны жоғары. А-тобындағы стрептококктардың жасуша беткейінде ақуызды М-антиген орналасады, олар вируленттік қасиеттерімен (фагоцитозға кедергі жасайды) тығыз байланысты. Бұл ақуыз стрептококктың түрлік спецификалығын анықтайды. А тобына жататын стрептококктар 20-дан астам антигендік белсенділікке ие жасушаішілік заттар бөледі.

Слайд 32СТРЕПТОКОККТАРДЫҢ СПОРАЛАРЫ МЕН КАПСУЛАЛАРЫ


Слайд 33
Маңыздылығы бойынша

стрептококтардың екінші патогенді факторы — капсула, ол фагоцитоздан қорғайды және эпителиге жабысуын жеңілдетеді; капсула гиалурон қышқылынан құралғандықтан оның иммуногенді белсенділігі төмен. Ескере кету керек, бактериялар тіндерге инвазиясын жүргізгенде гиалурон қышқылын түзу арқылы өздігінен капсуласын ыдыратады. Фагоциттердің белсенділігін, күшті хемоаттрактант болып есептелетін фермент, комплементтің С5а-компонентін ыдыратады.


Слайд 34
Стрептококктар

агрессия ферменттері (О және S-стрептолизиндер, гиалуронидаза, ДНЌ-аза, НАД - аза және стрептокиназа) мен эритрогенді токсиндер түзеді. О стрептолизині оттегіге сезімтал; иммуногенді қасиеті басым және эритроциттерді гемолизге ұшыратады; S стрептолизині керісінше оттегіге тұрақты, антигендік қасиеті жоқ және қанды агарда беткейлік гемолиз береді. Екі фермент эритроциттерді ғана емес, ағзаның басқа жасушаларын да бұзады, мысалы S стрептолизин өнімдері оларды жўтќан фагоциттерді ыдыратады. Стрептокиназа (фибринолизин) – протеолитикалық фермент, басқа ақуыздармен бірге фибринді ыдыратады. ДНҚ-аза -ДНҚ деполимерлеуші фермент. ДНҚ-аза мен фибринолизин қоспасы экссудаттарды сұйылтады, көк-тамырлы тромбыларды ыдырату қабілетіне ие. Сондықтан, жарадағы некроздалған тіндерді және іріңді жою үшін қолдануға болады. Гиалуринидаза («өткізгіштік фактор») - агрессия ферменті, стрептококтардың дәнекер тіндерінде таралуына ықпал жасайды, гиалурон қышқылын бұзады.

Слайд 35 Резистенттілігі. Қыздыруға тұрақсыз (56°- 30 минут), қайнатқанда

тез өледі. Ақуызды ортада кептіруге тұрақты, дегенмен вируленттік қасиеті жойылады. Кесінен қолданатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал. Стрептококктардың көбісі В -лактамды антибиотиктерге және макролидтерге сезімтал; А серологиялық топтарының стрептококтары пенициллин қатарындағы антибиотиктерге жоғары сезімтал, оларға деген тұрақтылықты байқатпайды.

Слайд 36 Эпидемиологиясы. Стрептококтар адамдар мен жануарлардың қалыпты микрофлорасының

өкілі. А тобының стрептококтары адамдарда тері және шырышты қабықта; В тобы мұрын - жұтқыншақ, асқазан — ішек жолдары және қынапта мекендейді.
Инфекция көзі - науқас адамдар немесе тасымалдаушылар, өте сирек жағдайда ауру жануарлар, пневмококты инфекция кезінде –науқас адамдар мен тасымалдаушылар. Стрептококтар, басқа ШПМ тәрізді, иммунитеті төмен науқастарда, мысалы жоғары тыныс алу жолдарының инфекциялынан кейін, жиі стрептококктық инфекция тудырады.


Слайд 37 Патогенезі және клиникасы. Стрептококктар басқа ШПМ сияқты

оппортунистік инфекциялар тудырады. Патогенезі бактерияның көптеген патогенді факторлар әсерімен байланысты.
Стрептококтық инфекциялар келесі топтарға бөлінеді: жедел стрептококтық аурулар (скралатина, тілме, баспа, импетиго, жедел гломерулонефрит, жедел және жеделдеу бактериялық эндокардит, туғаннан кейінгі сепсис), бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк; созылмалы стрептококтық аурулар (ревматизм және созылмалы тонзилит), бұл кезде негізгі қоздырғыш стрептококк; жедел және созылмалы іріңді-қабыну аурулары, бұл кезде стрептококк көптеген қоздырғыштардың біреуі болуы мүмкін. Пневмококк - ауруханадан тыс кездесетін бактериялық пневмонияның негізгі қоздырғышы болып табылады.


Слайд 38 СКАРЛАТИНА. SCARLATINA АУРУ ТУДЫРАТЫН СТРЕПТОКОККТЫҢ БIР ТҮРI


Слайд 39
Иммунитеті. Басқа оппортунистік инфекциялар кезіндегідей

иммунитет қалыптасады, тұрақсыз, қарқынды емес.
Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс әдіс, бактериологиялық және серологиялық әдістер қолданады, ал пневмококтық инфекцияға күмәнданғанда қосымша бактериоскопиялық пен биологиялық әдістер жүргізу қажет. Жеделдетілген әдіс: ИФТ, КоАР, ПТР.


Слайд 40
Бактериологиялық әдіс: Науқастың клиникалық

белгілеріне байланысты алынатын зерттеу материалдары: 1) эндокардитке және сепсиске күмәнданған кезде - қан; 2) баспа мен скарлатина кезінде -бадамша бездері мен мұрын - жұтқыншақ кілегей қабығынан сүрінді және сілекей; 3) жарақаттар мен тері зақымданған кезде - жарақат бөліндісі; 4) зақымданған жерлерден өріс; 5) жүкті әйелдердің қынабынан бөлінді; 6) төменгі тыныс алу жолдары зақымданғанда -қақырық, бронхылардың шайындысы, өкпе абсцессінің өрісін және плевра сұйықтығын пункция жасап алады.

Слайд 41 СТРЕПТОКОККТАРДЫҢ АҒЗАҒА ЕНУIНЕН ПАЙДА БОЛҒАН АСҚЫНУЛАР


Слайд 42
Стрептококктың таза дақылын бөліп

алу үшін тампонмен алынған зерттеу материалын қойдың қан тамшысы қосылған жартылай сүйық агары бар пробирканың тереңдігіне батырады, 3-4 сағат 37° температурада инкубациялағаннан кейін қанды агарға себеді. Бетта гемолитикалық стрептококтар гемолиздік аймақ береді. Серо: топтарын анықтау үшін стрептококтардан алынған тұз қышқылды "экстракттарды және диагностикалық топтық сарысуларды пайдалана отырып сұйық ортада преципитациялық реакция қояды, сонымен бірге А ақуызы бар стафилококпен Fс - фрагментінің көмегімен байланысатын спецификалық антиденелердің көмегімен стрепто-коктарды коагглютинациялайды. Эпидемиологиялық талдау жасағанда А тобының стрептококтарының Т- және М антигендері бойынша типтеу жүргізеді. Т - антигенін типтеу Т - антисарысумен әйнекше бетіне қойылатын агглютинациялық реакция арқылы анықталады (Гриффитс әдісі), М - антигені сұйық қоректік ортада типтік спецификалық адсорбцияланған М - антисарысуларымен преципитациялық реакция көмегімен анықталады (Лэнсфилд әдісі).

Слайд 43А ТОБЫНДАҒЫ СТРЕПТОКОККТАР


Слайд 44
Емдеуі А тобының стрептококктары

бөлінгенде емдеу препараты - пенициллин. Пенициллинге резистентті штамдарын басқа сезімтал антибиотиктермен емдейді (левомицетин, цефтриаксон, ванкомицин, рифампицин және басқалары). Стрептококтарға қарсы емдік иммундыбиологиялық препараттар жоқ.
Алдын алуы. Арнайы сақтандыру шаралары жоқ, себебі иммунитет типтік спецификалық. Пневмоктық инфекцияның алдын алуы үшін әртүрлі 23 полисахаридті антигендердіө серологиялық варианттары кіретін поливалентті вакцина ұсынылған.
Егу сезімталдылықтары жоғары топтара, 5 - 10 жыл аралығынды жасалып отырады.




Слайд 45ПНЕВМОКОКТАР


Слайд 46 ПНЕВМОНИЯ ПНЕВМОКОККТАРЫ


Слайд 47
Пневмококтар — сопақша немесе

ланцет төрізді кокктар, клиникалық материалдан дайындаған жағындыда жұптасып орналасады, айналасында өте қалың капсула пайда болады. Ќапсуланың түзілуін қан, сарысулар, асциттік сұйықтықтар белсендіреді. Қозғалмайды, спора түзбейді .


Слайд 48 Пневмококктар 0,1% глюкозамен байытылған қанды немесе сарысулық

ортада жақсы өседі. Сұйық қоректік ортаны біркелкі лайландырады және жапалақ қар секілді тұнбаға түседі; тұрып қалған дақылда тұнбасы қалыңдайды. Тығыз қоректік орталарда нәзік жартылай мөлдір, шеттері тегіс диаметрі 1 мм колониялар түзеді; кейбір жағдайларда ортасы шұңқыр жазық колониялар пайда болады; стрептококктардың колониялары бір-бірімен қосылмайды. Қанды агарда пневмококтардың колониялары альфа-гемолиз түзеді де, түссізденген жасылтым аймақпен қоршалады. Стафилококтармен салыстырғанда ферменттік белсенділігі төмен. Хемоорганотрофтар; метаболизмі ашу арқылы жүреді; клиникалық маңызы бар түрлері глюкозаны сүт қышқылына дейін ыдыратады. Каталазасы жоқ.


Слайд 49ПНЕВМОКОККТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА МАСКА ҚОЛДАНУ


Слайд 50ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН ПНЕВМОКОККТАР


Слайд 51ӨКПЕДЕГI ПНЕВМОГОКОККТАРДЫҢ АСҚЫНУЫ


Слайд 52ПНЕВМОКОККА ЖОЛ ЖОҚ


Слайд 53АЭРОБТЫ ГРАМ ТЕРIС КОККТАР МЕНИНГОКОККТАР
Менингококты инфекция - Nеіssегіа mеnіngitidis

тудыратын жұқпалы ауру, олардың көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр түрдегі менингиалды формаға дейін болуы мүмкін. Қоздырғышты алғаш ашып және зерттеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялық құрлысының сипаттамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы науқастың қанынан менйнгококты бөліп
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Neisseriaceae
Түрі: Neisseria meningitidis
‘Туыстастығы;Neisseria


Слайд 54ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН МЕНИНГОКОККТАР


Слайд 55 Морфологиялқ және тинкториалды қасиеттері. Менинго-кокктар -

ұқсас диплококктар. Бір-біріне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жұптасып орналасқан. Менингококктар грам теріс боялады, қозғалмайды, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула түзеді.
Дақылдандыру. Нағыз аэроб. Қоректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделген (фибринсіз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. СОг кояцентрациясының жоғарылығы менингококтың өсуіне ықпал етеді. Ең қолайлы сарысуы жоқ қоректік орта - Мюллер, Хинтон ортасы (өсу факторы ретінде құрамьшда толық аминқышқылдар жиынтығы және ет экстракттары болады). Сарысулы агарда нейссериялардың колониялары домалақ, түссіз, нәзік, консистенциясы майлы, диаметрі 0,5-1,5мм. Шартты-патогенді нейссериялардан айырмашылығы-пигмент түзбейді.
.


Слайд 56АЭРОБТЫ ГРАМ ТЕРIС КОККТАР МЕНИНГОКОККТАР


Слайд 57 Ферменттің белсенділігі төмен. Глюкоза мен мальтозаны ыдырату дифференциалды-диагностикалық

белгісі болып табылады, желатинді сұйылтпайды, индол мен күкіртті сутек түзбейді, нитраттарды қалпына келтірмейді. Барлық аэробтар тәрізді менингококктар каталаза мен цитохромоксидаза ферменттерін түзеді, сонысымен олар пневмококктар мен гемофилдерден ажыратылады.
Антигендік қасиеті. Капсулалық антигендері бойынша менингококтарды А, В, С, Д негізгі және қосымша X,Y,Z,W -1356 29Е серологиялық топтарға бөледі. Жасуша қабырғасының антигені бойынша менингококтарды серологиялық варианттарға бөлуге болады (1, 2, 3 т.б.). Эпидемиялық менингиттің бұрқ етуі кезінде көбінесе менингококктардың А және С топтары айналымда болады, себебі олар неғұрлым патогенді.


Слайд 58МЕНИНГОКОККПЕН ЗАҚЫМДАНУ


Слайд 59 Патогенділік факторлары. Негізгі патогенділік факторлары: капсуласы (ол

фагоцитоздан қорғайды), менингококтың эндотоксині, жасуша қабырғасының липополисахариды. Олардың мөлшері ауру ағымының ауырлығына әсер етеді .
Резистентгілігі. Менингококктар қоршаған ортада тұрақсыз, кептіру мен суыққа сезімтал болып келеді. 50°С-тан жоғары және 22°С—тан төмен температурада бірнеше минутта жойылып кетеді; ристомицинге және сульфанидамидтерге тұрақты; 1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, І% хлорамин ерітінділеріне, ауыр металдарға, карбол қышқылының ерітіндісіне, этанолға сезімтал; пенициллинге, тетрациклинге, эритромицинге сезімтал болып келеді. Бірақ кейінгі жылдары антибиотиктерге тұрақты штамдары көбейіп келеді.

Слайд 60АҒЗАҒА МЕНИНГОКОКК ҚОЗДЫРҒЫШЫНЫҢ ЕНУI


Слайд 61 Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық белгілері. Адам - менингококтардың

жалғыз табиғи иесі. Инфекция көзі — Науқас адам және тасымалдаушылар. Инфекция көзін үш топқа бөледі: ауруы генерализациялық түрде дамыған науқас адам (жалпы жұқтырылғандардың 1%), назофарингитпен ауыратын науқастар (жалпы жұқтырылғандардың 10-20%); сау тасымалдаушылар (жалпы жұқтырылғандардың 80-90%). Тасымалдаушылық орташа есеппен 2 -3 аптаға созылады, мұрын - жұтқыншақтың созылмалы қабынулары болған жағдайда 6 аптаға дейін созылуы мүмкін.
Таралу механизмі — аэрогенді, таралу жолы - ауалы-тамшылы. Басқа респираторлы инфекциялардан айырмашылығы жұқтыру ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде дамиды. Ауру мезгілдік сипат алады, күз-қыс айларында жиілейді. Инфекцияның ену қақпасы мұрын жұтқыншақ болып табылады. Осы жерде бактериялар қабынуды туғызбай, көп уақыт мекендейді (тасымалдаушы), пилилерінің көмегімен эпителидің кірпікшесіз жасушаларына жабысып, бекініп, биоүлбір түзеді.



Слайд 62
Иммунитеті. Аурудың жайылған

түрінде инфекциядан кейінгі иммунитет тұрақты, қарқынды. Дегенмен, иммунитет гуморалды топспецификалық болып келеді. Нәрестелер табиғи пассивті трансплацентарлыќ иммунитетке ие, ол 2 - 6 ай сақталады. Микробиологиялық диагноз қою. Зертханалық диагноз қою үшін экспресс, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Жеделдетілген әдіс: менингококктық эритроцитарлы диагностикумның көмегімен сарысуды ИФТ, РИТ және иммундыэлектрофорез, коагглютинация, ПТР реакцияларымен зерттеу. Менингококктық инфекциямен науқастанған адамнан аурудың бірінші аптасында қан сарысуында антиденелер (бактериоцидтер, агглютининдер, гемагглютининдер) анықталады, олардың мөлшері (титры) 2-3 аптадан кейін ең жоғарғы деңгейге жетеді, содан кейін төмендей бастайды.



Слайд 63 МЕНИНГОКОККПЕН АУЫРҒАН АДАМ


Слайд 64 Зерттеу материалдары ретінде қан, жұлын сұйықтығы, мұрын

қуысының кілегейі алынады. Жұлын миы сұйықтығының центрифугаланған тұнбасын және көмейден алынған жағындыны микроскопта зерттегенде нейтрофилдың ішінде немесе жасушадан тыс нейссериялар көрінеді. Материалды алғаннан кейін бірден қанды агарға (шоколад тәрізді агар), құрамында ристомицині бар агарга (немесе линкомицин)* құрамында антибиотиктер бар (ВКН -ванкомицин, колистин, нистатин) Мартен ортасына себеді. Инкубацияны - құрамында 5% көмірқышқыл газы бар атмосферада өткізеді.
Емдеуі. ‘Этиотропты - пенициллин, левомицетин, рифампицин антибиотиктері қолданылады. Симптоматикалық емді микробқа қарсы препараттармен, сонымен бірге седативті заттар мен глюкокортикостероидтармен үйлестіре отырып жүргізеді, емдеу барысында су - тұз және қышқылды - сілтілік балансты сақтауды ескерген жөн.


Слайд 65
Алдын алуы. Инфекция көзін

жоюға бағытталған шаралар қарастырылады: науқастарды жылдам тауып, оқшаулап, дереу емдеу керек; тасымалдаушыларды анықтау және антибиотиктермен емдеу. Ошақтарда күнделікті дезинфекция, желдету, ультра күлгін сәулемен өдеу және т.б. шаралар жүргізіледі (бала бақшаларда, жатақханаларда, колледждерде, оқу орындарында). Инфекциялық ошақтарда спецификалық активті және пассивті алдын алу шаралары жүргізіледі. Пассивті иммунитет қалыптастыру үшін мектепке дейінгі балаларға бір реттік иммунды глобулин (1,5 - 3,0 мл) науқастанушылар табылғаннан кейін 7 күннің ішінде егілуі керек. Иммундыглобулиннің күші бірнеше айға дейін сақталады. Белсенді иммунизация үшін эпидемиялық көрсеткіштері бойынша А, В, С серологиялық топтарынан (штамдарының айналуына байланысты) тұратын менингококты химиялық полисахаридті вакцина қолданылады.



Слайд 66НАУҚАСТАРДЫ ЖЫЛДАМ ТАУЫП, ОҚШАУЛАП, ДЕРЕУ ЕМДЕУ КЕРЕК


Слайд 67

Гонококктар
Гонорея (соз) - Neissегіа gоnоrrhоеае туғызатын жедел немесе созылмалы жыныстық (венерологиялық) жұқпалы ауру, несеп-жыныс жүйесінің шырышты қабығының, көз конъюнктивасының (бленнорея), басқа ағзалардың іріңді қабынуымен сипатталады. Соз қоздырғышын (гонококк) 1879 жылы А.Нейссер ашты. Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Nеіssегіасеае.
Туыстастығы: Neissегіа.
Түрі: Nеіssегіа gоnоrгhоеае.
Морфологиясы. Гонококк - бұршақ тәрізді грам теріс диплококк, қозғалмайды, спора түзбейді, пилиі, микрокапсуласы бар. Анилин бояуларымен жақсы боялады (метилен көгі, бриллиант жасылы және т.б.).



Слайд 68ӘРТЕКТI ГОНОКОККТАР


Слайд 69ГРАМ ӘДIСIМЕН БОЯЛҒАН ГОНОКОККТАР


Слайд 70 Іріңді бөліндіде гонококтар лейкоциттердің ішінде орналасады (аяқталмаған фагоцитоз). Пенициллин

әсерінен L-пішіндері пайда болуы, химиотерапиялы препараттардың әсерінен қасиеттерін жылдам өзгертіп, грам оңға айналуы мүмкін.
Дақылдандыру. Гонококтар аэроб, хемоорганотрофтар; құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарда, 37°С температурада, көмірқышқыл газының мөлшері жоғары болғанда түссіз, колониялар түзіп өседі. Қанды агарда гемолиз бермейді, құрамында сүт, желатин және картоп қосылған қоректік ортада өспейді. Тығыз ортада колониялары түссіз шық тамшысына ұқсас келеді. Сұйық қоректік орта бетінде нәзік қабықша пайда болады, сорпаны лайландырады.
Ферменттік белсенділігі төмен.






Слайд 71 НЕЙСЕР ГОНОКОККТАРЫ


Слайд 72 Антигендік қасиеті және патогенділік факторлары. Антигендік құрылымы күрделі,

соматикалық және капсулалық антигендері бар. ЛПС күшті иммуногенділік көрсетеді. Негізгі антигендік жүк пилилер мен сыртқы мембрананың беткей ақуыздарында болады. Пилилер ақуыздық суббірліктердің тізбегінен, қанттардың қалдықтарынан және фосфорлыө қышқылдан тұрады. Сыртқы мембрана протеиндерден тұрады. Резистенттілігі. Гонококк кептіруге, дезинфекциялық заттарға, температураға жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді; бензилпенициллинге, эритромицинге, тетрациклинге, доксициклинге, цефалоспориндерге, бисеитолға сезімтал.


Слайд 73ГОНОКОККТАР


Слайд 74 Эпидемиологиясы. «Гонорея» терминін жаңа дәуірдің II ғасырында

Талон ұсынды. Гонококк антропонозды инфекция. Табиғи және тәжірибелік жағдайда гонококтарға бір де бір жануар сезімтал емес. Қоздырғыштың негізгі таралу жолы - жыныстық қатынас. Бленнорея кезінде қоздырғыш (гонококк) ананың туу жолы арқылы нэрестеге жұғады. Сирек жағдайда тұрмыстық заттар арқылы таралуы мүмкін.
Патогенезі, клиникалық белгілері. Гонококктар ағзаға ене отырып, зэр жолының эпителиіне және жыныс жолдарының шырышты қабығына жабысып жасуша ішіне өтеді. Шырышты қабаттарда көбейіп, жасушалары бұзылғаннан кейін эндотоксин белінеді, лейкоциттердің көптеп көшуімен белгіленетін қабыну процестерін тудырады . Гонококктар лейкоциттермен қоршалады, олардың ішінде қарқынды түрде көбейеді (аяқталмаған фагоцитоз), сонымен бірге көршілес ағзаларға көшіп, зақымдай бастайды («метод троянского коня»). Эпителиден гонококтар субэпителилік тіндерге енеді.




Слайд 75ЗӘР ЖОЛЫН ЗАҚЫМДАҒАН ГОНОКОККТАР


Слайд 76ГОНОКОККТАРДЫҢ АҒЗАҒА ЕНУI


Слайд 77 Иммунитеті. Ауырып жазылғаннан кейін тұрақсыз иммунитет қалыптасады,

сондықтан қайта ауыру мүмкүншілігі жоғары.
Микробиологиялық диагноз қою. Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі - іріңді бөліндінің жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртті ерітіндісімен бояп, бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолданады.


Слайд 78

Бактериологиялық әдіс: зерттеу материалын (іріңді бөлінділер) құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді; асцитсіз орта да қолданылады (мысалы, казеині, ашытқылы аутолизат, сарысуы бар КДС-1); өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 және 37°С температура.

Серологиялық әдіс: науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу реакциясы) немесе ПГАР.

Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы-генетикалық әдіс - ДНҚ зонд арқылы тест, ПТР, ИФР.



Слайд 79 Емдеуі. Антибиотиктер (цефалоспориндер, фторхинолондар, макролидтер, спектиномицин)

мен химиопрепараттар қолданылады. Иммунды терапия мақсатында созылмалы соз кезінде өлі гонококктық вакцинаны енгізеді. Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ. Негізгі сақтандыру әдісі жыныстық қатынас кезінде презерватив пайдалану. Созбен күресу шаралары инфекция көзі болып табылатын адамдарды табу және емдеу.
Бленнореяның алдын алу үшін туылған сәтте нәрестелердің көзін 1% күміс нитраты ерітіндісін тамызып өңдеу әдісін жүргізеді.



Слайд 80ДЕНСАУЛЫҒЫҢДЫ УАҚЫТЫЛЫ ТЕКСЕРТЕ ЖҮРIҢIЗ


Слайд 81 СОЗБЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АДАМДАРДЫ ТАБУ ЖӘНЕ

ЕМДЕУ.

Слайд 82 Адамның ең басты байлығы денсаулығы
Денсаулығың өз қолыңда бағалай бiл



Слайд 83

Назар аударғандарыңызға рахмет


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика