Слайд 2АЛЛЕРГИЯ – ОРГАНИЗМНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ӘСЕРЛЕРІНЕ, АНТИГЕНДІ ҚАСИЕТІ БАР
ЗАТТАРҒА ЖОҒАРЫ СЕЗІМТАЛДЫҒЫ. АЛЛЕРГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕР ЖАТЫР:
Организмге антигендер әсер еткенде гуморальды иммунитеттің жүйесі белсенеді және мес жасушаларына бекітілген Е классындағы антиденелер түзіледі.
Организмге антиген қайта түссе, онда олар антиденелермен әрекеттеседі. Бұл мес жасушаларының дегрануляциясына, олардан аллергия медиаторының (гистамин және т.б.) бөлінуіне және аллергиялық реакцияның дамуына әкеп соқтырады.
Слайд 3 АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ 2 ТҮРІ БОЛАДЫ :
Жедел дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы
(ЖДЖСР)
ЖДЖСР өте жылдам басталады –сенсибилизацияланған организмге аллерген түскен соң бірнеше минуттан кейін дамиды да бернеше сағатқа созылады. Олардың даму механизмі гуморальды иммунитеттің реакциясымен байланысты (анафилактикалық шок, поллиноздар, Квинке ісігі, есекжем)
Баяу дамитын жоғары сезімталдылық реакциясы (БДЖСР)
БДЖСР 8-12 сағаттан соң дамиды және бірнеше күнге дейін, кейде бірнеше аптаға дейін созылады. Олар тіндік реакциялармен сипатталады және жасушалық иммунитеттің реакциясымен (аутоиммунды реакциялар, экзема, контактты дерматиттер, трансплантанттың қабылдамау реакциясы және т.б.) байланысты.
Слайд 4АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ЗАТТАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ:
ЖДЖСР кезінде қолданатын заттар
1. Жасушалардан ББЗ-дың және гистаминнің
босап шығуына кедергі жасайтын заттар
А) Глюкокортикоидтар: преднизолон, дексаметазон және т.б.
Б) Адреномиметиктер: адреналин, изадрин, орципреналин, салбутамол
В) Мес жасушаларының дегрануляциясына кедергі жасайтын заттар: Кромоглиций қышқылы (интал), кетотифен, недокромил
2. Гистаминнің тіндік рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайтын заттар (гистаминге қарсы заттар)
Н1-рецепторларды тежейтін заттар: димедрол, дипразин, диазолин, тавегил, супрастин
БДЖСР кезінде қолданатын заттар
1. Иммуногенезді , айрықша жасушалық иммунитетті тежейтің заттар (иммунодепрессанттар):
А) глюкокортикоидтар
Б) Цитостатиктер:меркаптопурин, циклофосфан
Слайд 5АДРЕНОМИМЕТИКТЕР
Адреналин —анафилактикалық шок кезінде (артериялық қан қысымының төмендеуімен, бронхоспазммен және кеңірдектің
ісіңуімен жүретін өліммен қауіпті аллергиялық реакция кезінде) қолданылады
Әсер ету механизмі: Аденилатциклазаны белсендіреді, цитоплазмада Са2+ мөлшері төмендейді, сондықтан аллергия медиаторының бөлінуі төмендейді.
Эфедрин (симпатомиметик) Бронхиалды демікпенің жеңіл түрлерінде қолданады.
Адреномиметиктердің жанама әсерлері: гипертония, тахикардия, ОНЖ белсенуі.
Аллергиялық бронхоспазмды басу үшін ингаляционды β2-адреномиметиктерді қолданады - сальбутамол, тербуталин, фенотерол
Слайд 6МЕС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ДЕГРАНУЛЯЦИЯСЫНА КЕДЕРГІ ЖАСАЙТЫН ЗАТТАР
(МЕС ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ МЕМБРАНАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРАТЫН ЗАТТАР):
НЕДОКРОМИЛ, КРОМОГЛИЦИЙ ҚЫШҚЫЛЫ (КРОМОЛИН, ИНТАЛ), КЕТОТИФЕН., НЕДОКРОМИЛ
Әсер ету механизмі: мес жасушаларына айқын мебрана тұрақтандырғыш қасиет көрсетеді, осылайша олардың дегрануляциясын шектейді.
Ол мес жасушасынан аллергия медиаторларының босап шығуына кедергі жасайды
Қолданылуы: бронхиалды демікпенің ентікпесінің жиілігін азайту үшін, астматикалық бронхитте, пневмосклерозда қолданады.
Жанама әсерлері: жөтел, ауызды кептірү, дерматиттер, миозиттер, гипоацидті жағдайлар, гастроэнтерит, аллергия.
Слайд 7Н1-РЕЦЕПТОРЛАРДЫ ТЕЖЕЙТІН АНТИГИСТАМИНДІ ЗАТТАР
Гистамин - аллергияның, қабынудың дамуына қатысатын биогенді зат
Гистамин
қан-тамырларды кеңейтеді, олардың өткізгіштігін жақсартады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтардың тонусын жоғарылатады. Бұл әсерлер гистаминді Н1-рецепторлардың ынталануында байқалады.
Н1-рецепторларды тежейтін заттарды аллергиялық реакциялар кезінде қолданады— есекжем, тері қышымасы, аллергиялық конъюнктивит, ангионевротикалық ісік ( Квинке ісігі), вазомоторлы ринит және т.б. ОНЖ-не өтетін Н1-рецепторларының блокаторлары әсер көрсетеді.
Жіктемесі
I ұрпақты: дифенгидрамин, клемастин, прометазин, хлоропирамин
II ұрпақты: астемизол, терфенадин
III ұрпақты: ұрпақты азеластин, лоратадин
Слайд 8
Дифенгидрамин (димедрол) орталықты және шеткері Н1-рецепторлар- ды тежейді;
аллергиялық реакцияларды айқын жеңілдетеді. Әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат. Седативты, ұйықтатқыш әсер көрсетеді, вестибулярлы аппараттың орталықты тізбегінің қозуын төмендетеді.
Қолдану көрсеткіштері: Есекжем, қышыма, поллиноздар, ангионевротикалық ісік, құрт-құмырсқаның шағуы, дәріге аллергия болғанда, сарысулы ауру. Сонымен қатар ұйықтатқыш зат ретінде және қозғалыс ауруларының (теңіз және ауалық аурулар) алдын алу үшін қолданады.
Жанама әсерлері: қысқа уақытты жансыздану, ауыздың шырышты қабатының құрғауы, ұйқышылдық, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеу, лоқсу. Балаларда үлкен мөлшерде қолданған кезде қозғалыстық және психикалық қозулар, ұйқысыздық, тырысулар.
Слайд 9
Клемастин (тавегил) димедролдан ұзақ уақыт (12 сағаттай)
әсер етуімен ерекшелінеді. Белсенділігі жоғары және ұйқышылдықты туғызбайды.
Прометазин (дипразин, пипольфен) – Өте жоғары әсерлі аллергияға қарсы препарат. Әсер ету ұзақтығы 4-5 сағат.
Хлоропирамин (супрастин) аллергияға қарсы әсерінен басқа спазмолитикалық қасиеті бар.
Слайд 10
Жоғарыда айтылған препараттардың қолайсыз седативті және ұйықтатқыш әсерлерін ескере отырып,
II
ұрпақты— астемизол, терфенадин антигистаминді препараттар шығарылған
кейіннен — III ұрпақты препараттар — азеластин, лоратадин (кларитин) шығарылды.
Олардың I ұрпақты антигистаминді препараттардан ерекшелігі ОНЖ тежемейді және аллергияға қарсы әсері ұзаққа созылады.
Слайд 11ГЛЮКОКОРТИКОИДТАР (ПРЕДНИЗОЛОН, ДЕКСАМЕТАЗОН,
ФЛУКОРТОЛОН) (ГК)
ГК қабынуға қарсы және иммуносупрессивті әсерлері
бар. Антиденелердің түзілуін тежейді, мес жасушаларының дегрануляциясын шектейді, жасушалық иммунитетті,
трансплантатты қабылдамау реакциясын тежейді, фагоциттердің белсенділігін тежейді.
Осыған байланысты глюкокортикоидтар әртүрлі аллергиялық реакцияларда тиімді болып келеді.
Аллергияның ауыр және орташа ауырлықты көріністерінде (анафилактикалық шок, Квинке ісігі, сарысу ауруы жәнет.б.) қолданады, сонымен қатар мүшелер мен тіндерді алмастыру кезінде қосымша зат ретінде қолданады.
Слайд 12 ЦИТОСТАТИКТЕР – ЖАСУШАЛАРДЫҢ БӨЛІНУІН ЖӘНЕ ӨСУІН ТЕЖЕЙТІН ЗАТТАР
Цитостатиктер әсіресе жылдам
бөлінетін жасушалардың бөлінуін айқын тежейді: сүйек кемігінің жасушалары, АІЖ-ның эпителийі, жыныс бездерінің жасушалары, қатерлі ісік жасушалары. Оларда қатерлі ісік ауруларында, кейбір жағдайларда – иммуносупрессорлы зат ретінде қолданады.
Циклофосфамид, метотрексат, азатиоприн
Қолдану көрсеткіштері:
1) аутоиммунды ауруларда (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі және т.б.)
2) иммунитетті тежеуіне байланысты мүшелер мен тіндерді алмастырған кезде дамитын транспланттатты қабылдамау реакциясының алдын алады.
3) Ісікке қарсы зат ретінде қолданады.
Жанама әсерлері: сүйек кемігінің тежелуі (лейкопения, анемия, тромбоцитопения), өкпенің интерстициалды фиброзы , геморрагиялық цистит, аменорея, азооспермия, лоқсу, құсу, алопеция.