Көк-іріңді таяқшалары. Экология. Тұрақтылығы. Ауру адамнан таралу жолдары презентация

Ж о с п а р I) Кіріспе 1) Көк-ірің таяқшаларына жалпы сипаттама II) Негізгі бөлім 1) Көк-іріңді таяқшалар шақыратын ауралар

Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Медицина факультеті
СӨЖ

Тақырыбы: Көк-іріңді таяқшалары. Экология. Тұрақтылығы. Ауру

адамнан таралу жолдары. Көк-ірің таяқшасының аурухана ішілік инфекциядағы орны. Антибиотикке тұрақтылығы.Лабораториялық диагностикасы,алдын алу және емдеу

Қабылдаған: Асанова Ғ. Н.
Орындаған: Мурадов А. А.
Тобы: ЖМ-207

Түркістан 2017 ж



Слайд 2


Слайд 3Ж о с п а р

I) Кіріспе
1)

Көк-ірің таяқшаларына жалпы сипаттама
II) Негізгі бөлім
1) Көк-іріңді таяқшалар шақыратын ауралар
2) Көк-іріңді таяқшалар шақыратын аурулардың лабораториялық
диагностикасы
3) Жұмсақ тіндердің көк іріңді аурулары
4) Фурункул
2.1 Этиологиясы
2.2 Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек басқа іріңді микрофлораның қоздырғыштары.
2.3 Патогенезі
2.4 Клиникасы
2.5 Емі
5) Карбункул
3.1 Этиологиясы
3.2 Патогенезі
3.3 Клиникасы
3.4 Емі
III) Қорытынды
IV) Пайдаланылған әдебиеттер




Слайд 4Көк-ірің таяқшаларына жалпы сипаттама
Көк - іріңді

таяқшалардың биологиялық қасиеттері

Pseudomonas туыстығы. Pseudomonadaceae тұқымдасына жатады және оның ішіне 20 астам түр кіреді.
Кейбір түрлері топырақпен судың табиғи мекндеушілері болғандықтан табиғаттағы зат алмасуына нәтижелері бойынша көк-іріңді таяқшфадан – Р. аеruginosa (1862 жылы А Люкке ашқан. 1 872 жылы Дж Шрегер бөліп алып сипаттама берген) басқа бір қатар псевдомонадалар адамдар үшін патогенді болып табылады
( Р. Putida, P. fluorescens, P. Cepacia тағы басқалар).
Р.aeruginosaға келесі белгілері тән: Грамм теріс, тіке немесе сәл
иілген, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, барлық анилин бояғыштармен боялады. Жұғындыларда бір-бірлеп,
жұптасып немесе тізбек тәрізді орналасады.
Әдетте қозғалмайды (монотрих немесе
лофотрих). Спора және капсула түзбейді,
бірақ ол бактериальды қоршап тұратын
шырын бөледі.

Слайд 5 Көк – іріңді таяқша, бір тәуліктен кейін дақылдың

көк-жасыл түске боялып, пигменттің қоректік ортаға сіңуі тән. P. aeruginosa мен қатар P. putida, P. Fluorescens жасылдау түспен шағылысатын сарғыш пигмент түзбейді. Кейбір штаммдар қызыл (пиорубин) немесе қоңыр-қара (пиомельинин) пигменттер түзбейді. Көк-іріңді таяқшалар әлсіз кантты ыдыратушы қасиетке ие: қалыпты жағдайда газсыз, қышқылға дейн глюкозаны ыдыратады. Айқын протеолитикалық қасиеттері болады: желатинді және қанды сарысуды ыдыратады, казеинді гидролиздейді. Нитраттарды нитриттерге дейін, сонан соң азотқа дейін тотықсыздандырады. Индол және Н2S түзбейді, теріс Фогес-Плоскауэр реакциясын көрсетеді. Оксидаза сынағы төмен болып табылады.
Көк-іріңді таяқшада О-, Н-, М-антигендері болады. Патогенді факторлары О-антигені болып табылады. Жасуша қабырғасының липополисахариді, оның әсер ету механизмі басқа Грам теріс бактерияларға ұқсас. Басқа псевдомонадалар әр түрлі экзотоксиндер өндіреді: гемотоксин, лейкоцидин, гистотоксин, энтеротоксин. Экзотоксиндердің ішіндегі ең маңыздысы – экзотоксин А, олар рибосомадағы ақ уыз түзілуінің бұзылуына алып келеді.
Көк-іріңді таяқшалар, оның патогенді қасиеттерін күшейтетін бір қатар ферменттер өндіреді: дәнекер жасушаларды бұзып, қоздырғыштың таралып кетуіне алып келетін коллагеназа, комплемент жүйесінің тежелуіне алып келетін протеаза, лецитиназа, нейраминидаза т,б,
Псевдомонадалар табиғатта кең таралған, олар суда, топырақта, жануар мен адамдардың ішегінде, терісінде, шырышты қабатында мекендейді. Қоршаған ортаның әсеріне өте тұрақты ( УК-сәулесі, дезеітінділер, темперетура т,б, ). Қоршаған ортадан ағзаға қарым-қатынас арқылы түседі.

Слайд 7Көк-іріңді таяқшалар шақыратын аурулар


Көк-іріңді

таяқшалар адамда әр түрлі аурулар шақыруы мүмкін. Сепсис, менингит, остеомиелит, артрит, отит, пневмония, плеврит, бауыр мен мидың абсцессін, жыныс-зәр шығару трактісінің қабынуын және т.б. Көк-іріңді таяқшалардың операциядан және күйгеннен кейінгі асқынулардағы іріңді-қабыну процестерді шақыруының және тағам токсикоинфекцияларының қоздырғыштарының дәрігерлер үшін маңызы өте зор, себебі оны емдеу өте қиын, көптеген антибиотиктерге тұрақты.
Сондықтан, көк-іріңді таяқшалар, яғни Pseudomonas aeruginosa шақырған көптеген аурулар емделмей, созылмалы түрге өтіп кетеді.

Слайд 10
Көк-іріңді таяқшалар шақыратын аурулардың лабораториялық диагностикасы.

Микробиологиялық диагностикасында ең қолайлы бактерологиялық тәсілмен зерттелетін материялдар: ірің, экссудат, ағзалардың пунктаты, зәр. Дақылды идентификация жасағанда, пиоцианин пигментін анықтаудың маңызы өте зор. Егер оның сұйық дақылынабірнеше тамшы хлороформ қосқанда, ол көк-жасыл түске боялса, пигменттің бар екендігін білдіреді. Pseudomonas – тың түр ішілік идентификациясын биохимиялық және дақылдық қасиеттері бойынша ажыратады.
Pseudomonas шақыратын инфекцияларды емдеу үшін міндетті түрде антибиотиктерге сезімталдығын тексергеннен кейн антибиотиктер қолданады. Дисбактериоз және тағам токсикоинфекцияларын емдеу үшін, комплексті интести-бактериофаг сапалы болады. Емделмейтін, созылмалы ауруларда аутовакциналарды пайдаланады. Арнайы алдын алу жок, жалпы прафилактикаға санитарлы-гигиеналық ережелерді қатаң сақтау жатады.

Слайд 11 ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ КӨК-ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ Фурункул
Фурункул-шаш фолликулы, май

бездері және теріасты май клетчаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы. Көбіне орналасатын жерлері: Мойынның артқы беті; Иық алды, білезіктің сыртқы беті, бет аймағы, бөксе аймақтары. Егер екі немесе одан көп фурункулдардың пайда болуын фурункулез деп атайды.

Слайд 12
ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ КӨК-ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ

Фурункул


Слайд 14Этиологиясы

Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек басқа іріңді

микрофлораның қоздырғыштары.
Бейімдеуші факторлар:
Ағзаның әлсізденуі;
Зат алмасу бұзылыстары;
Авитоминоздар;
Тері аурулары.

Слайд 15Патогенезі
Фурункулдың дамуы іріңді пустуланың түзілуінен басталады:микрофлораның шаш фолликулынан терінің

емізік қабатына таралғанан кейін қабынбалы инфильтрат түзіледі. Инфильтрат ортасында некроз ошағы түзіледі(некротикалық стержень), некроз маңайында ірің жиналады. Ірің шыққанан кейін және некротикалық стержень алынғаннан соң, тері дефекті грануляцияға толып, дәнекерленеді.

Слайд 16Клиникасы
Науқасты қарағанда қабыну аймағында кішірек іріңдік болады, маңайында

гиперемия байқалады.Сирек тері қабатында қалындау және гиперемия байқауға болады, бірақ іріңдік болмауы мүмкін. Фурункулдың дамуына байланысты қабыну тері үстінен конус тәрізді көтеріліп, диаметрі 0,5-1,5 см, аса айқын шекарасы жоқ инфильтрат түзіледі.Тері қошқыл қызыл түсті, инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған жұмсарған аймақ болады, қабыршақ астынан ірің шығады. Ірің шыққаннан кейін инфильтрат ортасына да жасыл түсті тін аймағы анықталады, ол некротикалық стерженнің ұшы болып табылады.

Слайд 17 Кейде қарағанда шар тәрізді домбығу, жұмсару, аздаған іріңді

бөлініс болуы мүмкін. Ол некротикалық стерженнің толық іріңді еруі нәтижесіндегі түзілген және ірің шығуы бұзылғандағы абсцедирлеуші фурункул болып табылады. Науқасты қарағанда фурункулдан шыққан қызыл сызықтар анықталады, ол лимфангиттің қосылғандығын, регионарлы лимфа түйіндерінің үлкеюі лимфоадениттің дамуын көрсетеді. Егер фурункул бет аймағында орналасса: жоғарғы ерінде, қабақта, қабақ үсті доғаларда –науқастар қатты бастың ауырсынуына,дене температурасының жоғарылауына, олар фурункулдың іріңді бет веналарның тромбофлебитімен асқынғандығын көрсетеді.Кейде бет веналары арқылы көз венасы арқылы кавернозды синусқа өтетін болса, менингиттің клиникасы көрінуі мүмкін.

Слайд 19 Егер ауыспалы қызба, қатты қалтырау, сандырақ, есінің бұзылуы

, тері жабындыларының бозаруы сепсистің дамуын көрсетеді, ал іріңдіктердің басқа мүшелерде табылуы септикопиемия диагнозын растайды .

Слайд 22 Емі

Консервативті

және оперативті ем.
Консервативті ем.Науқасты фурункулды сығу, пустуланы бритвамен кесу, қыздырғыш компресстер қолдану ауыр асқынуларға әкелетінін түсіндіру қажет. Аурудың басында этил спиртімен, салицил спиртімен өңдеп, ультра жиілігі жоғары (УВЧ) терапия жүргізеді. Фурункул ашылғаннан кейін протеолитикалық ферменттермен, натрий хлоридінің гипертониялық ертіндісімен таңулар қолданады. Бет фурункулы бар науқастарды стационарға жатқызу керек.Егер фурункул абцедирленген болса, абцессті ашуға жүгінеді.

Слайд 24Карбункул
Карбункул –тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және теріасты май

клетчаткасының некрозымен, ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді –некротикалық қабынуы

Слайд 25Карбункул


Слайд 26Этиологиясы
Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек стерптококк, кейде

аралас инфекция .
Бейімдеуші факторлар: Ағзаның әлсізденуі ,зат алмасу бұзылыстары, авитоминоздар.
Негізгі карбункулдың орналасатын жерлері:
Мойынның артқы беті
Шүйде аймағы
Жоғарғы және төменгі ерін
Арқа, бел аймақтары

Слайд 27Патогенезі
Ауру бірнеше шаш фолликулдарын, май бездерін қамтитын инфильтраттың

түзілуінен басталады. Жергілікті қан айналым бұзылып, тері және тері асты май қабаты, кейде одан терең некроз дамуы мүмкін.Некрозбен бірге, тіндердің іріңді еруі дамып, ірің фолликулдардың түбінен ағады. Ірің шыққаннан кейін орнында терең дефект қалып, ол екіншілік жазылумен жүреді.

Слайд 28Клиникасы
Жалпы белгілері айқын , дене

температурасы фебрильдіге дейін көтерілуі мүмкін.Науқасты тексергенде іріңді қабынудың жалпы белгілерінен басқа (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, аппетит төмендеу, бас ауру) орналасатын аймақтарда көк-қошқыл түсті ісіну байқалады .Аурудың басында бірнеше инфильтрат түзіліп, кейін олар бір-бірімен қосылып, тері үстінен жоғарылаған ортақ инфильтрат түзіледі. Инфильтраттың бетінде бірнеше некротикалық пустулалар болады, олар ортасында қосылып, жайылмалы тін некрозын түзеді. Некроз аймағының жұқарған беті бірнеше жерден тесіліп, тесіктер пайда болады (сито симптомы) Жиі лимфоаденит пен лимфангитпен бірге жүреді. Егер науқаста тіндердің ісінуі ұлғайса, жалпы симптомдары өрістесе, онда карбункулдың ағымы қолайсыз деп бағаланып, ары қарай флегмона, сепсис дамуына түрткі болады. Карбункулды сібір жарасының карбункулынан ажырату керек, сібірлі жара карбункулында геморрагиялық көпіршіктер болады, іріңді бөлініс болмайды,инфильтрат ауырсынбайды және некротикалық стержень қара түсті болады. Көпіршік құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады.

Слайд 29Емі
Карбункулдың бастапқы стадияларында консервативті ем қолданады.
Төсектік режим
Спиртпен өңдеп ,асептикалық

таңу салу
Парентеральді, пероральді антибиотиктер, ұзақ әсерлі сульфаниламидтер қолданады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда зат алмасу бұзылыстарын коррекциялау, инсулинотерапия жүргізу қажет. 2-3 күннен кейін консервативті ем нәтижесіз болса ,яғни интоксикация белгілері жоғарылап ,некроз өршісе- наркоз арқылы операцияға көрсеткіш болып табылады.

Слайд 34
Пайдаланылған әдебиеттеръ

1) Google.ru
2) http://ru.wikipedia.org/wiki/Фурункул
3) http://ru.wikipedia.org/wiki/Карбункул
4)

"Carbuncle - PubMed Health". National Institute of Health. 2007-04-12. Retrieved 2011-05-10.


Слайд 35Назар аударғандарыңызға рахмет!!!


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика