Индивидуальді жазылым бойынша ұнтақ тәрізді формада шығарылатын косметикалық препараттар презентация

Содержание

Жоспар: Косметикалық препараттар (емдік косметика) сипаттамасы. Косметикалық препараттарды дайындауда қолданылатын ББЗ. Дайын емдік-косметикалық препараттар. Дәріхана жағдайында емдік-косметикалық құралдарды дайындау.

Слайд 1Индивидуальді жазылым бойынша ұнтақ тәрізді формада шығарылатын косметикалық препараттар


Слайд 2Жоспар:
Косметикалық препараттар (емдік косметика) сипаттамасы.
Косметикалық препараттарды дайындауда қолданылатын ББЗ.
Дайын емдік-косметикалық препараттар.
Дәріхана

жағдайында емдік-косметикалық құралдарды дайындау.


Слайд 3Кіріспе
Косметикалық ұнтақтарға сусымалы, өте ұсақ майдаланған, құрамына фитопрепараттар, хош иістер беретін

сұйықтар қосылған ұнтақтар жатады. Олар ертеректен, көбіне бетке жағатын опалар ретінде қолданылып келеді.Косметикалық ұнтақтар порфюмериялық, фармацевтикалық өндірістерде және дәріханаларда косметолог, дерматолог дәрігерлердің жазбалары бойынша дайындалады.

Слайд 4 Опалар
Опалар-ұсақ дисперсті, жағымды иісті, теріге гигиеналық немесе косметикалық мақсатта жағып

қолданылатын, құрамына мырыш тотығы, тальк, крахмал кіретін индифферентті себілгіштер. Олардың қолданылған орындарын құрғататын, майсыздандыратын, салқындататын, тамырларды тарылтатын әсерлері бар. Дене мүшелерінің мұқтажына орай себілгіштер құрамына әртүрлі фармакологиялық белсенді заттар-сульфаниламид препараттары, ментол, анестезин, ксероформ, дерматол,тағы басқалар кіргізілуі мүмкін.







Слайд 5Опалар




Слайд 6Құрамына байланысты:




Слайд 7Қолдану ретіне байланысты:



Слайд 8Тальк
Тальк-өте ұсақ ұнтақ, барлық опалардық құрамына кіріп, олардың сусымалдылығын және сырғанағыштығын

қамтамасыз етеді. Оның нысанда жанасу бетін жабу қабілеті жоғары емес, сондықтан теріге сіңіп майлы түс береді




Слайд 9Каолин(ақ саз балшық)










Каолин (ақ саз балшық)-жақсы адсорбирлеуші қасиеті бар, тері

бетінен бөлінген майларды жеңіл сіңіреді, жанасу бетін жабу қабілеті жақсы, бірақ гидроскоптылығына байланысты опалар құрамындағы мөлшері 25% жоғары болмауы керек.

Слайд 10Құрғақ шампуньдер
Құрғақ шампуньдер-шаштардың жоғары майлылығында шаш бетіндегі майды өзіне сіңдіріп алатын

кәдімгі ұнтақтар. Құрғақ шампуньдер құрамына адсорбенттер, майсыздандырушы заттар: ақ саз балшық, магний оксиді, тұнбаға түсірілген кальций карбонаты, күріш крахмалы және т.б. Құрғақ шампуньдерді сирек пайдаланады, себебі оларды ұзақ пайдаланғанда терінің тітіркенішін тудырады.










Слайд 11Ваннаға арналған ұнтақтар
Ваннаға арналған ұнтақтар-бұл

ұнтақтар құрамына ароматты заттар-әртүрлі эфир майларын қосып, ағзаны қуаттаушы немесе тыныштандырушы әсерлер алуға болады. Кейбір жағдайларда ұнтақтарға дәрілік заттар қосып емдік әсерлі ваннаға арналған құрғақ шампунь алуға болады.

Слайд 12Ванна қабылдау реті:
Ваннаны ыстық сумен толтырады, үстіне 2 ас қасық, мысалы,

ағылшын тұзын қосып ерітеді. Осы тұзбен дайындалған ванна ағзаға тынышталу әкеледі. Ваннадан кейін тұзды денеден жумайды.Бұндай ванналарды майлы теріге қолданады.Ваннаға арналған шампуньдерді ұқсақтамайды тек ерітеді. Мысалы:
Натрий хлориді 500,0
Натрий гидрокарбонаты 500,0
Эфирлі лаванда майы 60 тамшы
Үлкен ыдысқа тұздарды аударып араластырады, үнемі араластыра отырып эфир майын қосады, ыдысты тығыз жабады. Ваннаны дайындауға 1 ас қасық ұнтақ жеткілікті.







Слайд 13Тіс ұнтақтары
Ерте кездегі адамдар тістерін тазарту үшін ұнтақты пайдаланған. Қытай, Үнді

және Еуропа елдері жануарлардың күйдірілген тұяғының ұнтағы мен кәдімгі жұмыртқа қабығының үгітілген ұнтағын араластырып қолданған. Нағыз тіс пастасы ХVІІІ ғасырда пайда болған. Дегенімен, бұл тіс пасталары адам бойына өте зиян болған, себебі ол фарфор ұнтағы мен кірпіш ұнтағының қоспасымен дайындалған. Бай адамдар оны тіс щеткасымен қолданса, қарапайым халық қолмен үйкеп пайдаланған. 1824 жылы осы ұнтаққа сабын қоспасы қосылса, 1850 жылы бор қосылған.



Слайд 14Косметикалық ұнтақтар технологиясы
Дәріханаларда косметикалық себілгіштерді дәрілік ұнтақтар дайындау технологиясы ережелерін сақтай

отырып дайындалады. Күрделі ұнтақтар дайындағанда, оның құрамына аз мөлшерде кіретін заттың шығынын азайту немесе болдырмау мақсатында, келіде қоспа құрамына көп кіретін,салыстырмалы шығыны аз және ірі бөлшекті затты ұнтақтайды. Ұнтақталған массаны таза қағазға аударып, келіде аз мөлшердегі заттарды ұсақтайды, үстіне таза қағазға аударылып алынған көп мөлшердегі зат ұнтағын біртіндеп қосып араластырады. Қоспа құрамы біркелкі фракциялы болу үшін, келідегі қоспа үстінен қосатын зат ұнтағы мөлшері келідегі зат мөлшеріне тең немесе жақын болуы шарт.

Слайд 15Ұшқыр және қиын ұнтақталатын-ментол, тимол, камфора сияқты заттарды, ұнтақтар құрамына этил

спиртінің аз мөлшерінде ерітіп ұсақтайды. Осы ұсақтау кезінде этил спирті ұша бастайды, нәтижесінде жоғарыда көрсетілген заттар ерітіндісі концентрленіп, қаныққан ерітіндіден еріген заттардың ұсақ кристалары түзіледі. Егер құрамға бояғыш заттар кіретін болса, онда оларды бояу сіңбейтін көп мөлшердегі заттар ортасына салып ұсақтайды және араластырады.

Слайд 16Қарапайым ұнтақтар препараттарының жазбалары
1. Емен қабығы ұнтағы 30,0
Себілгіш, аяқ тершеңдігінде шұлықтардың

ішіне салынады.

. Натрий хлориді 10,0
Тіс эмалын тазартуға. Тіс щеткасын сумен содан кейін сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісімен ылғалдау керек

Слайд 17Күрделі ұнтақтар препараттарының жазбалары
Майлы бет терісіне арналған

опалар;
Крахмал 15,0
Мырыш оксиді 7,5
Тальк 30,0

Мырыш оксиді 15,0
Крахмал 60,0
Тальк 60,0
Календула тұндырмасы 2 тамшы
Лаванда майы 5 тамшы



Слайд 18 Қалыпты бет терісіне арналған опалар;
Негізгі магний карбонаты

10,0
Крахмал 20,0
Мырыш оксиді 20,0
Тальк 50,0
Роза майы 2 тамшы

Құрғақ бет терісіне арналған опалар;
Бор қышқылы 5,0
Ланолин 5,0
Медициналық эфир 25,0
Тальк 100,0 дейін

Слайд 19Тауарлы түріне байланысты ұнтақтар


Слайд 20

Қорытынды
Косметикалық ұнтақтарға сусымалы, өте ұсақ майдаланған, құрамына фитопрепараттар, хош иістер беретін сұйықтар қосылған ұнтақтар жатады. Олар ертеректен, көбіне бетке жағатын опалар ретінде қолданылып келеді.Косметикалық ұнтақтар порфюмериялық, фармацевтикалық өндірістерде және дәріханаларда косметолог, дерматолог дәрігерлердің жазбалары бойынша дайындалады.

Слайд 21Пайдаланылған әдебиеттер


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика