HLA жүйесі, құрылысы, қызметтері трансплантациялық иммунитет негіздері презентация

Содержание

Негізгі гистосәйкестік комплексі (НГК) (Major Histocompatibility Соmplex - MHC) – жасушалық иммундық реакцияларда маңызды қызмет атқаратын организмнің жасушаларындағы беткей ақуыздар тобы. Адамның НГК-сі HLA (Human Leukocyte Antigen) деп аталады.

Слайд 1 HLA жүйесі, құрылысы, қызметтері Трансплантациялық иммунитет негіздері


Слайд 2Негізгі гистосәйкестік комплексі (НГК) (Major Histocompatibility Соmplex - MHC) – жасушалық

иммундық реакцияларда маңызды қызмет атқаратын организмнің жасушаларындағы беткей ақуыздар тобы. Адамның НГК-сі HLA (Human Leukocyte Antigen) деп аталады. HLA 1952 жылы лейкоциттер антигендерін зерттеу кезінде ашылған. HLA антигендері жасушалардың бетінде орналасқан гликопротеидтер. HLA антигендері бөгде антигендерге қарсы иммундық жауапты реттейді және өздері де күшті антиген болып табылады.

Слайд 3Хромосоманың құрылысы


Слайд 4HLA генінің 6 хромосомада орналасуы


Слайд 5

НГК-нің қызметтері: 1) иммундық жауап кезінде жасуша аралық әрекеттесуді іске асырады. НГК молекулаларының көмегімен бөгде антигендік материал Т-жасушалық антигенді танушы рецепторларға таныстырылады (презентация).

Слайд 6 НГК-нің қызметтері: 2)

HLA-аймақ организмнің жалпы иммунологиялық реактивтілігіне жауапты болып табылады. HLA-аймақта организмді белгілі антигенге қарсы иммундық жауап түзуге қабілетті ететін арнайы иммундық жауап гені (Ir - immune response) болады, және бұл қызмет ауруларға бейімділікті анықтайды.

Слайд 7Гистосәйкестік гендері екі топқа бөлінеді:
I-топ
II-топ


Слайд 8Гистосәйкестік генінің I-тобы:
Қалыпты жағдайда HLA жүйесінің
I-топтағы антигендері барлық ядросы бар

жасушаларда болады.

Слайд 9I-топтағы HLA молекуласының структурасы
Альфа-полипептидті тізбектері:
340 аминоқышқыл қалдықтарынан құралып, жасушадан

тыс үш доменнен (альфа1, альфа2, альфаЗ), бір трансмембраналық бөліктен және цитоплазма ішілік «құйрықтан» тұрады.

Бета-тізбегі 100 аминқышқылынан құралған жасушадан тыс домені бар бета-2-микроглобулин болып табылады.

«Пептидті байланыстырушы жүлге» екі альфа-спиральдан («қабырға») және антипараллельді бета-қатпардан («түбі») пайда болады.

Слайд 10HLA I молекуласының көрінісі


Слайд 11HLA I молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі


Слайд 12HLA I тобының молекуласы антигеннің пептидтерін Т-лимфоцит-киллер/супрессорларға таныстырады (презентация)


Слайд 13 Гистосәйкестік гендерінің II-тобы: HLA II-тобы В-лимфоциттерде, макрофагтарда

және дендриттік жасушаларда (яғни антигенді презентациялаушы жасушаларда) болады. Гамма-интерферон сияқты цитокиндердің әсерімен HLA II-тобының молекулалары Т-лимфоциттерде, эндотелиалды және эпителиалды жасушаларда да болуы мүмкін.

Слайд 14HLA II-тобы молекуласының структурасы
Альфа-тізбектері мен бета-тізбектері 230 аминқышқылының қалдықтарынан тұратын жасушадан

тыс екі доменнен (альфа 1 и альфа 2, бета 1 и бета 2) және трансмембраналық бөлік пен плазма ішілік «құйрықтан» құралған.


Пептидті байланыстырушы жүлге альфа және бета полипептидті тізбектердің альфа 1 және бета 2 домендерінен түзілген: олардың альфа-спиральдері «қабырғасы« және антипараллелді бета-қатпарлары «түбі» болып табылады.

Слайд 15HLA II молекуласының көрінісі


Слайд 16HLA II молекуласының антигенді таныстыру (презентация) механизмі


Слайд 17HLA II-тобының молекуласы антигеннің пептидін Т-лимфоцит-хелперлерге таныстарды.


Слайд 18HLA жүйесі антигендерінің сипаттамасы


Слайд 19Трансплантациялық иммунитет


Слайд 20Трансплантацияның түрлері
Аутотрансплантация - өз ұлпаларын қондыру
Аллотрансплантация – бір биологиялық түрдің ішінде

мүшелер мен ұлпаларды қондыру
Ксенотрансплантация - әртүрлі биологиялық түрдің ішінде мүшелер мен ұлпаларды қондыру
Изотрансплантация – ұқсас егіздер арасындағы немесе генетикалық ұқсас жануарлар арасындағы қондырулар


Слайд 21Трансплантаттың кері тебілу түрлері
Аса жедел – реципиенттің қан ағымына трансплантатты қосқан

бойда дамиды
Жедел – трансплантациялаудан кейін бірінші аптада дамиды
Созылмалы – бірнеше айдан немесе жылдан кейін дамиды


Слайд 22Аса жедел кері тебілудің ерекшеліктері
Реципиентте алдын ала антиденелердің болуы
Гуморалдық иммундық жауаптың

түзілуі
Иммундық жауапта комплемент жүйесінің қатысуы
Гемокоагуляция механизмінің іске қосылуы
Фибрин түзіліп, қан тамырларында тромб пайда болуы.


Слайд 23Жедел кері тебілудің ерекшеліктері
Иммунсупрессивтік емнің жетіспеушілігі
Жасушалық иммундық жауаптың түзілуі
Т-лимфоциттердің (Тк, Тх)

қатысуы
Пептидтер донордың жасушаларымен (лейкоцит-пассажир) таныстырылады
Донордың антигендері HLA I және HLA II молекулаларында орналасады.


Слайд 24Созылмалы кері тебілудің ерекшеліктері

Иммундепрессиялық емнің жетіспеушілігі
Гуморалдық иммундық жауаптың түзілуі (антиденелер қатысады)
Қан

тамырында фибриндік тромбтардың ұзақ уақыт ішінде пайда болуы (антиденелердің концентрациясы төмен)

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика