Халық денсаулығын кешенді бағалау презентация

Содержание

жоспары: Тұрғындардың денсаулығын сандық бағалау әдістері. Алдағы өмірдің орташа ұзақтығының анықтамасы. Денсаулық туралы дәстүрлі ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігі. Денсаулық сақтауға қолданылатын өмір сапасының ұлттық стандарттың анықтамасы.

Слайд 1ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН КЕШЕНДІ БАҒАЛАУ


Слайд 2жоспары:
Тұрғындардың денсаулығын сандық бағалау әдістері.
Алдағы өмірдің орташа ұзақтығының анықтамасы.
Денсаулық туралы дәстүрлі

ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігі.
Денсаулық сақтауға қолданылатын өмір сапасының ұлттық стандарттың анықтамасы.

Слайд 3 Халық денсаулығын кешенді бағалау- демографиялық үдерісті, ауруды, дене бітім

тұрғысынан дамуды және мүгедектікті сипаттайтын сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ретінде танылады.

Слайд 4Демография (грек тілінен аударғанда demos – халық) – халық туралы және оның қоғамдық дамуы

туралы ғылым. Демография статика (халықтың сандық және сапалық құрамын), динамика –халықтың өзгерушілігін: механикалық (миграция) және табиғи (көбею) зерттейді.


Слайд 5Халық денсаулығын кешенді бағалау
Халық денсаулығы
Аурушылдық
және өлім
көрсеткіштері
Физ. даму көрсет
кіштері:
Антропометриялық
Функционалдық
Мүгедектік

көрсеткіштері:
Ересек халық
Балалар

Демографиялық
көрсеткіштер:
Статика
Динамика
Механикалық қозғалыс
Табиғи қозғалыс

Медициналық - санитарлық мекемелер торабы және жұмысы


Слайд 6Медициналық демография – бұл халықтың механикалық және табиғи қозғалысы процесіне медициналық-әлеуметтік факторлардың

әсерін зерттейтін және тұрғындар денсаулығының көрсеткіштерін жақсартуға арналған ұсыныстарды өңдейтін ғылым.

Слайд 7Өмір сүрудің орташа ұзақтығы
Өмір сүрудің орташа ұзақтығы - әр түрлі жайттардың

әсеріне байланысты адамдар денсаулығының жалпыланған жай-күйінің белгілі деңгейін көрсететін интегралды көрсеткіш.


Слайд 8Халық миграциясы – бұл халықтың әкімшілік территория ішінде орын (ішкі миграция) немесе

одан тыс жерлерге (эммиграция, иммиграция) ауыстыруы.

Слайд 9Халықтың табиғи қозғалысы- бұл туу және өлу, халықтың табиғи өсімі, неке және

ажырасулар тәрізді демографиялық құбылыстардың жиынтығы.

Слайд 10Туу көрсеткіші календарлық жылда тірі туылғандардың санын бір жылдағы халықтың орташа санына

бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді.

Слайд 11БДҰ анықтамасы бойынша тірі туылған деп жүктілік ұзақтылығының мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру

өнімінің толық шығарылуы немесе алынуын айтады. Осындай жолмен бөлініп алынған ұрық бұдан соң тыныс алады немесе жүрек соғуы, кіндік пульсациясы немесе ерікті бұлшықет қимылы тәрізді тіршілік Туу көрсеткішін терең сипаттау үшін арнайы көрсеткіштер қолданылады. Әйелдердің бала туу көрсеткіші бір жылдағы тірі туылғандар санын бала тууға қабілетті жастағы (15-49 жас) әйелдер санына бөліп, 1000 көбейту арқылы анықтайды. Жасқа сай бала туу көрсеткіштері басқа жас тобындағы әйелдер үшін де есептеледі. Сонымен қатар некеде тұрған әйелдерге қатысты некелі әйелдердің бала туу көрсеткіші және некеден тыс туу көрсеткіштері есептеледі.

Слайд 12Өлі туылған деп жүктілік мерзіміне байланыссыз ана ағзасынан ұрықтандыру өнімінің толық шығарылуға

немесе алынуға дейінгі өлімін есептейді.
Өлім көрсеткішін бір жылдағы өлгендер санын халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Өлім көрсеткішін талдағанда, жалпы көрсеткіштермен бірге арнайы көрсеткіштер де есептеледі, мысалы жасына , жынысына, кәсібіне және т.б. байланысты өлім көрсеткішін есептеген кезде белгілі бір жастағы (немесе жынысы, кәсібі) өлгендер санын сол жастағы (немесе жыныс, кәсіп) халықтың орташа жылдық санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді. Қазіргі кезде экономикалық дамыған елдердегі халық өлімі себептерінің құрылымында қан айналым жүйесі аурулары, қатерлі ісіктер, жарақаттар басым..


Слайд 13Сәбилер өлімі халықтың әлеуметтік салауаттылығығын, медициналық-әлеуметтік көмектің деңгейі мен сапасын, акушерлік-гинекологиялық және

педиатриялық көмектің тиімділігін бағалайтын оперативті критерий және индикатор болып саналады. Сәбилер өлім көрсеткіші осы календарлық жылдағы 1 жасқа толмай өлгендер санын осы жылдағы тірі туылғандар санына бөліп, 1000 көбейту арқылы есептейді.

Слайд 14Табиғи өсім- 1000 тұрғынға есептегендегі туу және өлім көрсеткіштерінің айырмашылығы. Егер туу

көрсеткіші өлім көрсеткішінен басым болса оң деп бағаланады; теріс, егер өлім туу деңгейінен жоғары және нольдік. Егер туу көрсеткішінің төмендеуі фонында өлім көрсеткішінің деңгейі артса, онда депопуляция процесі немесе «демографиялық қиылысу» деп атайды.

Слайд 15Дене бітімдік (физикалық) даму
Дене бітімдік даму дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің және

жұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі.

Слайд 16Халық мүгедектігі
Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – халықтың пайызбен көрсетілген орташа жылдық санына

мүгедек деп алғаш танылған санының қатысы.

Слайд 17Өмір сапасының ұлттық стандарты
– бұл адамның материалдық, рухани, интеллектуалды, мәдени, әдептік

және басқа да сұраныстарын қанағаттандыру дәрежесін байқататын интеграциялық көрсеткіш.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика