Гормондық заттардың жіктелуі. Гормондармен емдеудің принциптері. Гипо-, гипертиреозда қолданылатын препараттар презентация

Содержание

Эндокринді (нейроэндокринді) жүйе - барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейтін, ағзаның сыртқы және ішкі орта факторларына бейімделуін қамтамасыз ететін, ағзаға әсері биологиялық белсенді заттар – гормондар арқылы жүзеге асатын күрделі

Слайд 1 С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармакология модулі Дәріс тақырыбы: «Гормондық заттардың жіктелуі. Гормондармен емдеудің принциптері. Гипо-,

гипертиреозда қолданылатын препараттар» (3 курс жалпы медицина факультеті) Дайындаған: м.ғ.к.Айтжанова Г.Б. 2013 ж

Слайд 2
Эндокринді (нейроэндокринді) жүйе - барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін реттейтін, ағзаның

сыртқы және ішкі орта факторларына бейімделуін қамтамасыз ететін, ағзаға әсері биологиялық белсенді заттар – гормондар арқылы жүзеге асатын күрделі құрылым


Слайд 3

Гормондар
– эндокринді бездермен (кейбір арнайы тіндермен) өндірілетін, ағза қызметтерін гуморалды

реттеуге қатынасатын биологиялық белсенді заттар

Слайд 4

Гормондық препараттар
– әсер етуші заты (негізі) гормон немесе

гормонтектес биологиялық белсенділік тән синтетикалық қосылыстар болып келетін дәрілік заттар

Слайд 5 Гормондық емнің түрлері
1. Ынталандырғыш ем
2. Тежегіш ем
3. Орын басушы ем
4. Патогенетикалық

ем


Слайд 6 Гормондық емнің түрлері

Ынталандырғыш гормондық ем – қандай да бір эндокринді бездің

қызметі төмендегенде қолданылатын шара
Мысалы, бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінде гипофиздің алдынғы бөлігінің гормоны - АКТГ препараттарын тағайындау



Слайд 7Гормондық емнің түрлері
Орынбасушы ем –
ішкі секреция бездерінің қызметі жеткіліксіздігінде (гипофункциясы)

жүргізіледі
Мысалы, қант диабетінде инсулин препаратын тағайындау

Слайд 8 Гормондық емнің түрлері
Тежегіш гормондық ем – қандай да бір эндокринді бездің

гиперфункциясында қолданылатын шара

Мысалы, қалқанша бездің гиперфункциясында
антитиреоидты препарат – мерказолилді тағайындау


Слайд 9Гормондық емнің түрлері
Патогенетикалық ем –
аурудың патогенезіне (дамуына) байланысты жүргізілетін ем

Мысалы

, глюкокортикостероидтарды гломерулонефритте иммунодепрессант ретінде тағайындау

Слайд 10Гормондық препараттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі


Белокты және пептидті
құрылысты
Амин қышқылдарының
туындылары
гипоталамус,


гипофиз,
қалқанша маңы безі,
ұйқы безі,
гормондарының
препараттары,
Кальцитонин

қалқанша безінің,
эпифиз безінің
гормондық
препараттары


Слайд 11Гормондық препараттардың химиялық құрылымы бойынша жіктелуі
Стероидты құрылысты

бүйрекүсті безі және
жыныс бездерінің


гормондық препараттары

Слайд 12


Қалқанша безі қызметіне әсер ететін заттар


Слайд 13
Қалқанша безімен өндірілетін гормондар:
құрамында йоды бар тиреоидты гормондар: трийодтиронин, тироксин

кальций -

фосфор алмасуына қатынасатын гормон - кальцитонин

Слайд 14 Тиреоидты гормондардың функциясы
Ағзаның қалыпты өсуіне, дамуына ықпал етеді
-зат алмасу үрдісін

ынталандырады
-глюкозаның сіңірілуін, оның жұмсалуын күшейтеді, энергетикалық үрдісті, тіндердің дамуын жақсартады

Жүйке жүйесінің функционалды белсенділігін жоғарылатады
Тыныс алу орталығын ынталандырады








Слайд 15Тиреоидты гормондардың функциясы
Сурфактант синтезін күшейтеді

Жүрекке оң инотропты, хронотропты әсер көрсетеді (жүректегі

бета- адренорецепторлардың санын арттырады)

Эритропоэтиннің түзілуін жоғарылатады


Слайд 16Қалқанша безі қызметі бұзылыстарында қолданылатын заттар 2 топқа бөлінеді
Гипотиреозда
қолданылатын заттар
Гипертиреозда


қолданылатын заттар

Слайд 17Гипотиреоздың көріністері
Қалқанша безінің гипофункциясында балалардың өсуі, жетілуі, ақыл-ой өрісінің дамуы баяулайды

- кретинизм дамиды

Ересектерде – дене температурасының төмендеуімен, шырышты қабықтың, терінің ісінуімен, семірумен, есте сақтаудың төмендеуімен көрінеді – микседема дамиды


Слайд 18Гипотиреозда қолданылатын препараттар
Қалқанша безі гормондарының
препараттары:
Левотироксин,
Трийодтиронин гидрохлориді,
Тиреотом,
Тиреокомб


Слайд 19 Левотироксин
Әсер механизмі
Левотироксин жасуша ішінде трийодтиронинге айналады (дәрі алды дәрі)
Орын

басушы ем

ФК ерекшелігі: жартылай шығарылу уақыты ұзақ (7 күн), тәулігіне 1рет тағайындайды

Слайд 20 Левотироксин
зат алмасу үрдісін ынталандырады: ағзаның өсуін, дамуын жақсартады
жүрек қан–тамыр жүйесі

қызметін жақсартады – оң инотропты әсер, тахикардия
ОЖЖ жүйесінің қызметін ынталандырады – есте сақтау, зейін қою жақсарады
гиполипидемиялық әсер (холестериннің катаболизмін күшейтеді)


Слайд 21Левотироксин
Қолданылуы
микседема
кретинизм
гипотиреоз көрінісімен жүретін семіздік
аутоиммунды тиреоидит
зобтың рецидивінің профилактикасы


Слайд 22Левотироксин
Жанама әсерлері
тахикардия,
аритмия,
кеуде тұсында ауыру
сезімі, тремор
мазасыздық,
ұйқысыздық
терлегіштік,
бастың ауыруы


Слайд 23 Трийодтиронин
зат алмасу үрдістеріне әсері левотироксинге қарағанда 3-5 есе белсенді
әсері тез

басталады, себебі белоктармен байланысу деңгейі төмен және жасушаларға жылдам өтеді
орынбасушы ем ретінде тиімді емес, себебі жартылай шығарылу уақыты қысқа
жүрек ауруы бар науқастарға тағайындамайды, себебі кардиотоникалық әсері белсенді


Слайд 24Трийодтиронин
Қолданылуы:
Микседемалық криз
ТТГ босап шығуын қысқа уақытқа тежеу үшін

Жанама әсерлері

левотироксинге ұқсас


Слайд 25Гипотиреозда қолданылатын кешенді препараттар
Тиреокомб
құрамы 3 препараттан тұрады: трийодтиронин, тироксин, калий йодиді

Тиреотом

құрамы 2 препараттан тұрады: трийодтиронин және тироксин


Слайд 26
Қалқанша безінің қызметі жоғарылағанда (немесе тіндердің қалқанша безі гормондарына сезімталдығы жоғарылағанда)

гипертиреоз (тиреотоксикоз) дамиды.

Гипертиреозды фармакологиялық коррекциялау үшін «антитиреоидты» препараттар қолданылады

Слайд 27Антитиреоидты заттардың жіктелуі
Антитиреоидты заттардың жіктелуі
1. Қалқанша безінде тиреоидты гормондардың

синтезін тежейтін препараттар
Мерказолил
2. Қалқанша безімен йодтың ұсталуын бұзатын препараттар
Калий перхлораты
3. Қалқанша безі фолликуласы қызметін бұзатын препараттар
Радиоактивті йод
4.Тиреотропты гормонның синтезін тежейтін заттар
Йод




Слайд 28Мерказолил
Әсер механизмі: пероксидазаны тежейді, нәтижесінде тиреоидты гормондардың ізашарлары (моно, дийодтирозиннің) синтезін

төмендетеді
қалқанша безінен йодидтердің
шығарылуын жылдамдатады

Фарм.әсері: негізгі алмасуды төмендетеді, симпатикалық жүйенің тежелуі

Слайд 29Мерказолил
Қолданылуы
Диффузды уытты зоб
(жеңіл, орташа және ауыр түрі)
Тиреотоксикалық криз
Тиреотоксикоз бойынша операция

жасау алдында

Жанама әсері: лоқсу, құсу, лейкопения, агранулоцитоз, бауыр қызметінің бұзылуы, зобогенді әсер, миалгия, артралгия, аллергиялық реакциялар



Слайд 30Калий перхлораты
Қалқанша безімен йодидтің ұсталуын, оның тасымалдануын бұзады

Диффузды уытты

зоб (Базедов ауруы)

Жанама әсерлері: апластикалық анемия, тромбоцитопения, агранулоцитоз, бауыр қызметінің бұзылыстары


Слайд 31Йодидтер
Кері байланыс механизмі бойынша тиретропты гормонның түзілуін тежейді

Қалқанша безінің көлемін

және гиперпластикаға ұшыраған бездің механикалық әсерлерге сезімталдығын төмендетеді


Слайд 32Радиоактивті йод (йод 131)
Ағзаға түскен радиоактивті йод ыдырап, нәтижесінде ксенон, гамма

сәулелер және бета бөлшектер түзіледі
Бета бөлшектер препараттың фармакологиялық әсерін қамтамасыз етеді, ол қалқанша безі фолликуласына еніп, қызметін тежейді
Әсері баяу дамиды, жартылай шығарылу уақыты 8 күн

Слайд 33Радиоактивті йод (йод 131)
Қолданылуы: диффузды токсикалық зоб, қалқанша безінің қатерлі ісігі

Жанама

әсерлері: қан жүйесінің бұзылыстары, гепатотоксикалық, канцерогенді әсер

Слайд 34Кальцитонин
Қалқанша безінің арнайы жасушаларымен өндірілетін гипокальциемиялық гормон
Химиялық құрылымы бойынша - пептидті


Препараттары: Кальцитрин, Миакальцик, Сибакальцин
Әсер механизмі: сүйек тіндерінің резорбциясын тежеу, кальций және фосфор иондарын сүйек тіндеріне жинау

Слайд 35Кальцитонин
Фарм.әсері:
Кальций және фосфор алмасуына қатынасу (остеопорозға қарсы)
Ауыру сезімін басу
Ұйқы безінің,

асқазан сөлінің секрециясын тежеу
Қолданылады:
Остеопороздар (климакстық, стероидтық, паратиреоидтық), сүйектің сынықтары, травмалық, сәулелік остеомиелит, сүйектің ісіктері, Педжет ауруы

Слайд 36Кальцитонин
Жанама әсерлері: диспепсиялық бұзылыстар, бастың ауыруы, АҚ жоғарылауы, аллергиялық реакциялар


Слайд 37Қолданылған әдебиеттер

Фармакология (Харкевич Д.А.) оқулығының мемлекеттік тілдегі аудармасы. Алматы, 2004.

– 607 б.

Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 - 750 б.

Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724 б.

Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 300 б.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика