Слайд 1ГЛОМЕРУЛО-НЕФРИТТЕР
.
Алматы, 2017 жыл
Жалпы медицина факультеті
Орынданған:НУРОВ АТАБЕК.
Тексерген
Курс: 5
Тобы:006-01
Слайд 2 Гломерулонефрит – негізінен шумақтардың зақымдалуымен өтетін иммунды қабыну аурулардың тобы.
Түтікшелер және
интерстиций тіні әр түрлі деңгейде зақымдалуы мүмкін.
Гломерулонефриттің біріншілік және екіншілік түрлерін ажыратамыз.
Слайд 3Гломерулонефрит (Glomerulonephritis - бүйрек шумақтары + қабынуы) - Бүйрек шумақтарының екі жақты жайылмалы иммунды ауруы.
Этиологиясы
А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады. Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекциялық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселен НВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғышы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларының тромбозы. Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады. Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.
Слайд 4Этиологиялық факторлары
Идиопатиялық ГН
Инфекциялар (стрептококк, стафилококк, гепатит вирустары, безгек плазмодийлері)
Аутоиммунды аурулар: ЖҚЖ,
РА
Егулер
Улы заттар
Дәрілік заттар (бифосфонаттар, алтын дәрмектері)
Басқасы: ісік аурулары, ГУС
Слайд 5ГЛОМЕРУЛОНЕФРИТ ЖІКТЕЛУІ
Жедел гломерулонефрит
Созылмалы гломерулонефрит
Слайд 6ҮШТІК СИНДРОМ
ЗӘРЛІ
ІСІКТЕР
ГИПЕРТОНИЯ
Слайд 7Ересектердегі нефротикалық синдромның себептері
Бүйректің біріншілік аурулары
Мардымсыз өзгерістермен өтетін гломерулонефрит (20% ересектерде,
80% балаларда)
Мембранозды гломерулонефрит (30-50%)
Фокально-сегментарный гломерулосклероз
Мембранопролиферативті гломерулонефрит
Мезангиопролиферативті гломерулонефрит
Интра- және экстракапиллярлы пролиферативті гломерулонефрит
Слайд 8Ересектердегі нефротикалық синдромның себептері
Екіншілік нефротикалық синдром
Жүйелі аурулар: ЖҚЖ, Шенлейн-Генох ауруы, некроздаушы
васкулиттер, ревматоидты артрит, дерматомиозит, криоглобулинемия, жаралы колит, амилоидоз
Жұқпалы аурулар: Жұқпалы эндокардит, «шунт»-нефрит, гепатиттер В мен С, мононуклеоз, малярия, цитомегалия, токсоплазмоз, АИВ-инфекция
Дәрілік заттар мен есірткі: алтын, сынап, висмут, литий дәрілік заттары, D-пеницилламин, СЕҚҚД, антибиотиктер, каптоприл, героин
Зат алмасу бұзылыстарының аурулары: Қант диабеті, гипотиреоз, амилоидоз
Ісіктер: лимфома, лимфогранулематоз, карцинома, меланома
Тұқым қуалайтын аурулар:Альпорт синдромы, Фабри ауруы, орақ тәрізді-жасушалық анемия
Аллергиялық реакции
Слайд 9Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің ересек адамдарда кездесу жиілігі.
Слайд 10Жедел гломерулонефрит — стрептококтық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің
инфекциялық-аллергиялық ауруы.
Этиологиясы мен патогенезі
Этиологиялық факторлар стрептококкты инфекциялар, яғни ангина, тонзиллит, іріңді отит, пневмония. Жедел нефриттің дамуында сонымен қатар, пневмококктар, сарып қоздырғыштары және басқа да микроорганизмдер роль ойнайды. Экзогенді фактор ретінде маңызды
Нефриттің дамуында екі механизм жатыр:
қанда антиген - антидене комплексінің түзілуі;
бүйректің зақымдалуына жауап ретінде бүйрекке қарсы аутоантиденелердің түзілуі.
Аллергиялық - бүйрек шумақтарының капиллярларына антиген-антидене комплексі жабысады. Бүйректің көлемі шамалы ғана зақымдалады. Шумақтардың ұлғаюы мен оның гиперемиясы анықталады.
Слайд 11Клиникалық көрінісі
Жедел гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады.
Дерттің негізгі белгілері – ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның биіктеуі. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі – ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигоурия пайда болады. Ең алдымен бет пен қабақ ісінеді. Ісінудің негізгі себебі – шумақтық фильтрацияның азаюынан судың және натрийдің іркілісі. Науқастардың көбісі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Ентікпенің себебі – айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез биіктеуінен болатын жүрек шамасыздығы. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық қысым оншалықты биіктемейді, орташа деңгейге көтеріледі, әдетте 160/100 мм.сын.бағ.шамасында болады, оның 180/120 мм.сын.бағ. дейін биіктеуі сирек.
Артериялық қысымның тез биіктеуін эклампсиалды жағдайы деп бағалау керек. Жедел гломерулонефритте артериялық гипертония дамуының басты себептері – натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы. Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефритен айырықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады ( егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жедел гломерулонефритті созылмалы гломерулонефритен айырады.
Слайд 12Созылмалы Гломерулонефрит-
Ұзақ ағымды екі бүйректің шумақтарының, түтікшелерінің иммундық қабынуымен сипатталынып және
біртіндеп нефросклероздың дамып, бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі - шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек шамасыздығымен аяқталуы. Егер жедел гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.
Слайд 13Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған),
нефротикалық (ісіну),
гипертониялық
(артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі),
гематуриялық және аралас түрі.
Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Терісі бозарып, құрғайды. Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады.
Слайд 14Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан
қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді.
Сырқаттың гематуриялық түрі 6-10% кездеседі. Бұл түрінде протеинурия аз, қан қысымы қалыпта, ісік білінбейді, гематурия үнемі сақталады.
Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты үш - бес жылдан артпайды. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады, демі өзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады.
Слайд 15
Патогенезі
Иммунды кешенді ГН
Аутоиммунды ГН
Т-лимфоциттер дисфункциясы (жасушалық)
Слайд 16 1. минимальды (мардымсыз) өзгерістер ауруы
2. Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз
3. Мембранозды
нефропатия
4. Диффузды пролиферативті ГН
5. Мембранопролиферативті ГН
6. Экстракапиллярлы ГН
7. Фокальды пролиферативті және некроздаушы ГН
8. Мезангиопролиферативті ГН
9. Фокальды жайылған гломерулосклероз
ГН негізгі морфологиялық түрлері
Пролиферативті емес
пролиферативті
Слайд 17Шумақ зақымдалуының клиникалық және морфологиялық көріністерінің өзара байланысы
1. Минималды өзгерістер
ауруы
2. Мембранозды ГН
3. Фокальды-сегментарлы гломерулосклероз
4. Мезангиопролиферативті ГН
5. Мембранопролиферативті ГН
6. Диффуды пролиферациялық ГН
7. Экстракапиллярлы ГН
Нефротикалық синдром
Нефриттік синдром
Слайд 18Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін
пайда болады. Дерттің негізгі белгілері - ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну. Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байқалмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтықтың жиналғандығына таңқалады.
Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді. Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады. Ентікпенің себебі - айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез жоғарылауынан болатын жүрек шамасыздығы. Жасы ұлғайған адамдарда жіті гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының басты себептері - натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.
Слайд 19Клиникалық синдромдары
Қызметі бойынша
Қалыпты бүйрек қызметімен
Бүйрек қызметінің төмендеуімен
Бүйрек жетіспеушілігі
Нефриттік
Нефротикалық
Оқшауланған зәр
Тез үдемелі
ГН
Ағымы бойынша
Жедел
Созылмалы
Тез үдемелі
Слайд 20 Нефриттік синдром
ісіну (орташа, ісік тығыз),
артериалдық қысым жоғарылауы
зәрде – протеинурия
2г/тәул. аспайды
гематурия (микро-, макро-, эритр. цилиндрлер, дисморфты эритроциттер)
- олигурия, азотемия
Слайд 21Нефриттік синдром патогенезі:
Шумақ капиллярлары қабыныды
Сүзілу толендейді
олигурия, азотемия
РААЖ белсенеді
Нәруыз, эритроциттер зәрге шығады
ісіну, артериалдық гипертензия
Слайд 22Ісіну (үлкен, массивті, жұмсақ, қамыр тәрізді, анасарка)
Зәрде - протеинурия (>3.5 г/тәу)
Гипопротеинемия,
гипоальбуминемия
Гиперхолестеринемия
НЕФРОТИКАЛЫҚ СИНДРОМ
Слайд 23Нефротикалық синдром (НС) – зәрмен нәруызды жоғалту деңгейі 3,5 г/1,73 м2/24
сағ немесе 40 мг/м2/сағ гипопротеинемия (сарысу альбумині<25 г/л), гиперлипидемия және ісінулер дамуымен.
Слайд 24Нефротикалық синдром патогенезі:
шумақ капиллярлары қабынады
подоциттер кішкене аяқшаларын жоғалтады
массивті протеинурия
гипопротениемия, гипоальбуминемия
қанда
онкотикалық қысым ↓
ісіну
( +РААЖ ↑)
су, туз одан әрі жиналуы
Слайд 25НС жиі кездесетін морфологиялық түрлері («синдром-морфология»)
Нефротикалық синдром – балаларда жиі минималды
өзгерістер ауруынан
НС ағымы жиі стероид-сезімтал сипатта, биопсия қажет емес
Стероидрезистентті НС – балаларда негізінен– фокалды-сегментарлы ГН сипатында (биопсия көрсетілген)
Балаларда НС жиі қайта өршуге бейім
Слайд 26НС ерекшеліктері
Балаларда жиі:
НСМИ
ФСГС
Мембранозды нефропатия – 5%
Ересектерде жиі:
Мембранозды нефропатия – 90%
ФСГС
Мембранопролиферативті ГН
Слайд 27Кортикостероидты емге жауабына байланысты НС ағымының варианттары
Стероидсезімтал-преднизон/преднизолон 2 мг/кг
немесе 60 мг/м2 4-апталық курста - ремиссия
Стероидтәуелді – преднизолон мөлшерін азайту немесе алып тастағанына 2 апта толмай тұрған кезінде НС қайта өршуі
Стероидрезистентті НС - преднизолон/преднизон 2 мг/кг немесе 60 мг/м2 дозасында 6 апталық курста протеинурия ремиссиясының жоқ болуы
Слайд 28Тез үдемелі ГН
бүйрек қызметінің тез арада төмендеуі (бірнеше апта, күн
ішінде)
креатининің тез көтерілуі + нефриттік синдром
ісінулер және гипертензия кездеспеуі мүмкін
Слайд 29Тез үдемелі гломерулонефритті қалай диагностикалайды?
Гломерулонефриттің клиникалық белгілері (гломерулярлы гематурия, протеинурия)
Ауру басталуынан
ерте кезеңде (2-3 ай ішінде) бүйрек жетіспеушілігінің дамып, тез арада өршуі
Морфологиялықэквиваленті (экстракапиллярлы ГН жартыайшықтармен және/немесе 20–50% шумақтардың некрозға ұшырауы)
Слайд 30Тез үдемелі
нефриттік синдром – шұғыл диагностика мен күттірмейтін емді талап ететін
жағдай
Слайд 31 Жеке зәр синдромы – протеинурия + гематурия, не гематурия (Балаларда
Берже ауруы, Альпорт синдромы)
Клиникалық эквиваленті – гематуриялық нефриттің ағымы негізінен қолайлы
Рецидивті гематурия – жиі IgA-нефропатия
(Берже ауруы)
Слайд 32 IgА нефропатияның клиникалық көрінісі
Басты белгісі– симптомсыз микрогематурия, жекелеген сипатта немесе
протеинуриямен қосарлануы мүмкін
40 – 50% науқастарда – макрогематурияның қысқа мерзімді эпизодтары, қоздырғыштары респираторлы
немесе ішектік жұқпа,
немесе физикалық жүктеме
Нефротикалық синдромның кездесу жиілігі –
5% аспайды
Слайд 33Диагноз:
Ісіну, АҚ анықтау
Зәр тексеру
Жалпы қан анализі
Биохимиялық қан тексеру
УД бүйректі тексеру
Стероидрезистентті нефротикалық
синдром – бүйрек биопсиясы
Созылмалы, тез үдейтін ГН – бүйрек биопсиясы
Слайд 35Емі
Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызады. Ісіну мен
гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады
Диетотерапия
Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2-3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді. Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады. Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6-12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8-10 г тәулігіне).
Слайд 36 Патогенездік ем
Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықпен
қолданылады. Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылмалыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады. Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:
жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның қайтуы баяу болса және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;
бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;
жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптималді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның барлығын 8.00-12.00 сағат аралығында ішкізген жөн. Бұл дозадағы емнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15-20 мг болуы тиіс.
Слайд 37Антикоагулянттық және антиагреғанттық ем
Шумақішілік, тамырішілік гиперкоагуляцияның болуы және содан бүйрекіші қанағымының,
шумақгық фильтрацияның төмендеуі гепарин мен антиаг-реғанттарды қолдануды қажет етеді.
Гепарин — әсері тез антикоагулянт, қан ұюының барлық фазаларын тежейді, фибринолизді арттырады. Теріс зарядты болуынан, гепарин тамыр қабырғасының теріс зарядын қалпына келтіреді, сол арқылы протеинурияны азайтады. Гепарин тромбоциттердің адгезиялық және агрегациялық қасиеттерін төмендетіп, тромбтардың түзілуінежолбермейді, осыған байланысты микроциркуляцияны жақсартады
Ацетилсалицил қышқылы. Аспирин, простагландин-синтетазаның ингибиторы болғандықтан, тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын тежейді. Антиагреғант ретінде аз дозада беріледі (0,25-0,5 г тәулігіне). Қолдану көрсеткіші — гемостаздың тромбоцитарлық буынының активациясы. Аз дозасы жанама әсер етпейді, бірақ ұзақ қолданғанда аспириннің гастропатиялық әсері есте болуы тиіс.
Трентал — фосфадиэстеразаны тежеу арқылы тромбоциттерде цАМФ-тың жиналуына септігін тигізеді, сондықтан антиагреғанттық әсер етеді. Қолданылатын дозасы — 0,2-0,3 г/тәул.
Ісіну синдромын емдеу. Әдетте жіті гломерулонефритте болатын ісіну арнайы емді кажет етпейді. Сұйықтық пен ас тұзын шектеудің өзі, шамамен 14 күннен кейін ісінуді қайтарады. Ісіну қайтқанға дейін ішетін судың мөлшері диурезге тәуелді болуы тиіс (тәуліктік диурез + 400 мл), Ісінудің ауыр түрінде, әсіресе ол артериялық гипертониямен қосарланса, диуретиктерді ішкізеді (гипотиазид 50-100 мг немесе фуросемид 40-60-80 мг тәулігіне). Ұзаққа созылған олигурияда фурасемидтің дозасын 240-480 мг/тәул дейін жеткізеді. Ісіну болғанда судың тежелу теңдігі күнбе-күн қадағаланады (ішкен және шығарған судың мөлшерін өлшеу арқылы).
Слайд 38ЕМІ
Диета – ас тұзын шектеу
2. Симптоматикалық
- Диуретиктер (фуросемид, гипотиазид, верошпирон)
- Гипотензивті
(ААФ-ң ингибиторы, А-ң рецепторларының блокаторы, кальций каналдарының блокаторы, т.б.)
Слайд 39Емі
3. Патогенетикалық (иммундысупрессиялық):
глюкокортикостероидтар,
селективті иммуносупрессорлар: Циклоспорин А (Сандиммун), мофетил микофенолаты (Селл-Септ)
селективті
емес: циклофосфамид, лейкеран)
Слайд 40ЕМІ
Балаларда ең бірінші емделетін – нефротикалық синдром. Преднизолон биопсия жасалмастан беріледі
ФСГС-те
циклоспорин (сандиммун)
Жеке зәр синдромы, созылмалы Нефриттік синдром – ем биопсиядан кейін шешіледі
Жедел нефриттік синдром – иммуносупрессия берілмейді
Слайд 41Циклоспорин-А микроэмульсионды түрі 3мг/кг/тәулігіне, ішке 2 қабылдауға, микроэмульсионды емес түрі 4-5мг/кг/тәулігіне,
ішке 2 қабылдауға, негізделген СО шоғырлануының 100-200мг/кг 18-24 ай бойы және одан да көп (2 В деңгей) .
Микофенол қышқылы, ішке 540-720 мг мөлшерде 2 рет немесе микофенолат мофетил ішке 750-1000 мг мөлшерде 2 рет күніне, 6-26 ай бойы .
Ритуксимаб – химиялық моноклональді антидене, НС әр түрлі морфологиялық түрлерін емдеуге арналған. Жоғарыда көрсетілген ем нәтижесіз болған жағдайда ғана ұсынылады. Дене аумағына 375мг/м3 мөлшерде, аптасына 1 рет, барлығы №4, тамырішіне, премедикациядан соң, тамшылатып.
Слайд 42Болжамы
Сауығу (жедел жұқпадан кейінгі ГН, минималды өзгерістер кезіндегі НС)
2. Созылмалы қайта
өршитін (рецидивке ұшырайтын) ағым нәтижесінде терминалды бүйрек жетіспеушілігіне дейін үдеуі (тБСЖ) (барлық созылмалы түрлері, екіншілік ГН-тер)
3. Тез арада тБСЖ үдеуі (тез үдемелі ГН)
Слайд 43Стероидрезистентті НС (СРНС) – ФСГС (циклоспорин А) – биопсия өткізу көрсетілген
Жекелеген
зәр синдромы, созылмалы нефриттік синдром – нефробиопсиядан кейін ем тағайындалады
Жедел нефриттік синдром – биопсия мен иммуносупрессивті ем көрсетілмеген
Слайд 44Болжамы
Тез үдейтін ГН –
- созылмалы гломерулонефритке айналады
- не бүйрек жетіспеушілігіне
тез ұшырайды
- не жазылып та кетеді
Слайд 45ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе диагнозды накты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызамыз.Ісіну
мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстаймыз.
Диетотерапия.Тамақтануға қойылатын талаптар-су мен ас тұзын шектеу.
Этиологиялық ем
Патогенездік ем.Стероидтық гормондар – Преднизолон.
Антикоагулянттық және антиагреганттық ем жүргіземіз:
Гепарин,Фраксипарин,Эноксапарин,Сулодексид,
Курантил,Трентал,Ацетилсалицил қышқылы