Слайд 1Шымкент медицина институты
Қабылдаған: Манахаев Б
Орындаған: Куандыков А
Тобы: ЖМК –
50?
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ- Түрік Университеті
Гинекологиядағы психикалық бұзылыстар.
Слайд 2Жоспары:
Кіріспе
Предменустралды синдром
Жалған жүктілік
Жүктілердің психозы
Босанудың бұзылыстары
Диспарнеуи немесе гениталгия
Жүкті кездегі психикалық бұзылыстарды емдеу.
Пайдаланған
әдебиеттер
Слайд 3Кіріспе
Денсаулық сақтау ұйымының алға қойған мақсаты ол - әйелдердің репродуктивті денсаулығын
ұзарту.Әйел денсаулығын профилактикалық шаралар ұйымдастыра отыра жақсарту немес терапиялық стратергияларды гинекологиялық ауруларда қолдану.
Соматикалық аурулар ішінде психикалық ауытқуарды қоса алып жүретін гинекологиялық патологиялар алдыңғы орында.
Нервтік ауытқулар негізінен стресс-индуцирлік ауысыуынан,эндокриндік және иммундық жүйелер психологиялық көріністерге,әйелдің физиологиялық гомеостазына және әйелдің репродуктивті жағдайына ауқымды ауру тудырады.
Психикалық ауытқулары бар науқастарға медициналық жәрдем көрсету барысында ең тиімді әдіс ол-әр түрлі маман иелерін құрастыра отырып біріктіре отырып емдеу.(психиатр, гинекологог, психотерапевт, клиникалық психолог, невролог-вегетолог,физиотерапевт)
Слайд 4ПМС- Кейбір әйелдерде етеккір алдын 2-10 кун алдын кездесетін қиын циклдық
симптомокомплекс.
Психоэмоционалды,вегето-тамырлық,эндокриндік зат алмасу бұзылыстарының болуынан ПМС болады.
ПМС- ке әсер етуші фактор ретінде аборт немесе туу,нервтік-психикалық стресстер,инфекциялық,эндокринно-иммундық аурулар жатады,бірақ та нақты неліктен болатындығы белгісіз.
ПМС ті емдеу негізінен гипоталамусты емдеу мен және гинекологиялық ілеспе ауруларды емдеу,инфекция лар мен токсикоздарды емдеумен бірге жүреді.
Емдеу негізінен гормонотерапия мен фармокотерапия және халықтық еммен жүзеге асады.
Предменструалды синдром
Слайд 5ПМС тің классификациясы
Невро-психикалық- бұл жағдайда әйелдерде депрессиялық синдромдар,ашушаңдық,әлсіздік,жылауық. Жас қыздарда депрессия
басым болады,ал жасы келген әйелдерде агрессия басым болады.
Ісіну- бұл жағдайда әйелдердің емшектері ісініп,ауырсыну болады.Беттері,балтарлары,қолдары ісініп кетеді.Көп әйелдер тершең болып,неше түрлі иіске сезімтал келеді.
Цефалгиялық- Бастың пульспен бірге лоқсып ауырсынуы,ауырсыну көзге де беріледі.Бас ауруы алдымен жүрек айну мен басталады.Артериялық давлениясы нормада болады.Жүрек маңының ауырсынуы мен депрессия және тершеңдік болады,қолдарының жансызданып,ұйып қалуы байқалады.
Криздік-симпатико-адреналиндік кризбен сипатталады. Криздер қан қысымының көтерілуімен басталып,жүрек маңының ауырсынуымен,өлімнен қорқыныш үрейі көбейіп,жүрек соғысы бірдестен жиілеп кетуі байқалады.Көбіне криздер стресстік жағдайдан соң байқалады немесе инфекциялық аурулардан соң басталады. Кешкі уақытта көрініс береді.
Слайд 6Жасы ұлғайған сайын ПМС кездесуі де жиілей береді,мысалы 40 жаста 55%
әйелде ПМС кездеседі
Слайд 8Европейдті тип
Үлкен қалаларда өмір сүру
Интеллектуалды ойланулар нормадан көп болса
ПМС бір жұмыртқалы
егізінде кездессе
Кеш репродуктивті өмірін бастаса
Стресс және депрессия
Жиі жүкті болу немесе көтере алмау
Түсік тастау немесе аборттар
Токсикоз
Контрацептивтер пайдалану
Гинекологиялық операциялар
Қабыну ауруларының болуы
Миы шайқалса
Нейроинфекция болса
Спортпен шұғылданбаса
Дұрыс тамақтанбау
ПМС қауіп факторлары
Слайд 9
Жалған жүктілік
Медиктер осы уақытқа дейін аурудың түбіріне жете алмауда,себебі ол психологиялық
ауытқу.
Жалған жүктілікте әйелдерде жүктіліктің барлық белгілері расталады.
-Менустальді циклдың болмауы.
-Гормональді ауысулар
-Токсикоз,жүрек айну
-Ішінің өсуі
Алайда расында ешқандай жүктілік жоқ.
Ауруға көбінесе 35 жасға дейін тумаған әйелдер шалдығады.
Слайд 10Менустральді цикл кезінде,бөліністердің аз болуы немесе мүлдем болмауы(менустральді цикл дәрігерлер араласпағанша
қалпына келмейді)
Әйелдерде сүт бездерінің ұлғаюы,танертенгілік жүрек айну,кейде құсу.
Қалыпты жүктілік секілді дене салмағының ұлғайуы,қарнының ұлғауы және омыртқада майысудың болуы.Лордоз.
Кейбір жағдайда әйелдер ұрықтың қимылдауын сезінеді.
Әйелдер ашушаң болып,тез шаршағыш келеді.
Әйел өтірік айтпай шын деп сенеді,себебі тест на беременность та оң мәнді болады.
Бұл жағдайда УЗИ арқылы анықтап әйелді сендіру,кейбір жағдайда әйелдер сенбейді,бұл жағдайда психиатр көмегіне жүгнеміз.
Жалған жүктіліктің симптомдары
Слайд 11Себептері:
-Әйел жүкті болуды қатты қаласа,алайда әр бір іс әрекет нәтижесіз болса.
-Әйелдің
алдыңғы жүктіліктері түсікпен немесе шетінеп кетумен аяқталса.
-Әйел отбасын сақтап қалуы үшін көтеруді қатты қаласа.
-Көтере алмай жүрген әйелдің достарының барлығында бір емес,бірнеше жүктілік болса,алайда ол көтере алмай қиналса.
Кейбір жағдайда әйел жүктіліктен қатты қорықса да болады.
Слайд 12Жүктілік әйелдің эмоционалды жағдайына біркелкі әсер етпейді.
Гиппократ жүктіліктің әйел
организміне жақсы әсер ететінін жазған.
Бонгеффер психоздардың дамуында жүктіліктің ролін теріске шығарған.
Ал Д.Н.Молохов неврозбен ауыратын әйелдердің жүктілік кезінде жағдайы жақсаратынын айтқан.
Слайд 13Жүктілік кезінде психоздың болуы сирек. Бұл жүктіліктің психикаға стабилизациялаушы әсер етуіне
байланысты.
Бір жағынан, жүктілік және босану созылмалы эндогенді психоздардың (шизофрения немесе маниакальді-депрессивті психоз) басы мен өршуін күшейтеді.
Слайд 14Психоздар жүктілік және босану кезінде болатын түрлі соматогенді зияндылықтармен шақырылуы мүмкін:
массивті қан кету, эндокринді-витаминді баланстың бұзылысы, токсикоздар, тамырлық тонуыстың бұзылыстары, ұрықтың антенатальді өлімі және сонымен байланысты интоксикация, қосымша инфекциялар және т.б.
Слайд 15Жүктілік және босану процессінде әйел организмі психотравмалық факторларға сезімтал болып келеді.
Слайд 16 Ерте токсикозбен ауырған жүкті әйелдерді психоневрологиялық зерттеуде, түрлі невротикалық
синдромдар анықталған. Ерте токсикоз бен сонымен байланысты невротикалық бұзылысы бар жүктілерді емдеудің эффективті әдісі – психотерапия.
Тоқтаусыз құсу организмнің сусыздануына, электролитті баланстың бұзылысына, гиповитаминозға әкеледі. Бұл ауыр неврологиялық және психикалық патологияның дамуына ықпал етеді.
Жүктілердің психозы
Слайд 17Тоқтаусыз құсумен жүретін токсикоздың, ұрықтың жатырішілік өлуіне негізделген интоксикациямен қосылуы.
Полиневриттер. Әсіресе
аяқтағы,айқын ауырсыну мен бұлшықеттік әлссіздікпен жүретін полиневрит.
Корсаков амнестикалық синдромы пайда болады: есте сақтау нашарлайды, көңіл-күйі жабырқаулы, жүріс-тұрысы бұзылысы , жиі (неряшливы).
Слайд 18Нефропатия: қан қысымының жоғарылауы, зәрде белоктың пайда болуы (альбуминурия) және ісінумен
жүреді. Бұл кезде дамитын психикалық бұзылыстар:
Үрейлі-депрессивті жағдайлар. Науқас өзін қоярға жер таппайды, шашын жұлады, терезеден секіргісі келеді, өзіне зиян келтіргісі келеді. Кейде үрейге есту галлюцинациялары қосылады.
Субступорозды жағдайлар. Бас ауруы, үрей, қобалжу, енжарлық күшейіп, қоршаған ортаны түсіну төмендейді, сөйлеу баяулайды, кейде мүлде жойылады (мутизм), бет әлпеті – бетперде тәрізді.
Слайд 19Бас-ми жарақаты салдарынан жүктіліктің соңғы апталарында да психо-невротикалық бұзылыстар болады.
Үрейлі-депрессивті жағдайлар. Бұл кезде астеникалық компонент (жылауық, мазасыз, абыржу) айқын көрінеді.
Жүктіліктің үзілуі және түсік тастау да 35-60% психикалық бұзылысқа әкеледі.
Латентті депрессия, астениялық, ипохондриялық, обсессивті жағдайлар.
Алдын болған психоздардың да рецидиві болады.
Жүктіліктің алғашқы апталарында горманалды жүйедегі тепе-теңдік бұзылады. Хорион гормондары гипофиз функциясын тежейді, оның бүйрекүсті безіне әсерін өзгертеді.
Слайд 20-Агрессия
-Аффектогенді иллюзиялар
-Адекватты емес сандырақ тәрізді ойлар
-Витальді астения
«послеродовое буйство».
-Истериялық естің бұлыңғырлануы
Босану
кезіндегі психикалық бұзылыстар
Слайд 21 Бала босану әйелдің физикалық жағдайын да, сондай-ақ оның психологиялық жай-күйін де
қайта құрады. Өкінішке орай, бұл өзгерістер әрқашан оңды сипат иелене бермейді.
Психиатр мамандар жас ананың психологиялық жай-күйінде бала босанудан соңғы мұңаю, торығу (депрессия) және психоз деп аталатын үш түрінің болатынын айтады.
Слайд 22Бала босанудан соңғы мұңаю жаңа босанған әйелдердің бәрінде түгелдей кездеседі. Бұл психикалық
бұзылыстың белгілері туудан соңғы 3-4-ші тәулікте білініп оныншы күні жоғалуы тиіс.
Белгілері:
- мазасыздану, көңіл-күйдің ауытқуы;
- ызалану, мұңаю;
- зер салудың төмендеуі, жылау;
- ұйқысыздық.
Слайд 23 Бала босанудан кейінгі торығу (депрессия) – жас анада болатын ұзағырақ алаңдау жағдайы.
Егер туудан соңғы мұңаю екі аптадан кейін жоғалмаса, әйелдің жағдайының бала босанудан кейінгі торығуға дейін нашарлағаны. Бұл кезде анаға баланы сеніп тапсыруға болмайды, тезірек маманға қарату керек.
Егер қажетті шаралар қолданылмаса торығудың жылдарға немесе одан да ұзаққа созылуы, тіпті бала босанудан кейінгі психозға ұласуы мүмкін.
Слайд 24Торығу белгілері:
- ұйқысыздық, тәбет жоғалту;
- ызалану, шектен тыс ашулану;
- жыныстық қатынасқа
қызығушылықтың жоғалуы, шамадан тыс шаршау;
- ұялу, кінәлік сезімі немесе адекватты емес мінез-құлық;
- өзіне немесе нәрестеге зиян келтіру туралы ойлар, туыстарымен қарым-қатынастан бас тарту.
Слайд 25 Босанғаннан кейінгі торығу /депрессия/ алдын алу
Олар пайда болатын нәтижесінде ,
себептері айқын түсіну байланысты. Босанғаннан кейінгі депрессия алдын алу үшін қалай сұраққа жауап беру үшін, біз босанғаннан кейінгі әйелдер биологиялық және психологиялық екі факторларға байланысты екенін есте сақтау қажет . Тууды тіркеу жиі эмоционалдық бұзылулардың себебі болып табылады , оның гормонға , жаһандық қайта құрылымдау әкеледі.
Зерттеулерлер бойынша босанғаннан кейінгі депрессия бұзылулар ( бала өзімен немесе туыстарының көмегімен немесе әйелдер өз сезімін ) ана олардың үмітін ақтай алған жоқпын әйелдердің ең жиі қайталанып жатқанын көрсетті.
Слайд 27 Бала босанудан кейінгі психоз – аса қауіпті психологиялық бұзылыс. Оның реактивті дамуы,
бала бір айға толғанша білінуі мүмкін. Белгілері:
- бағдарсыздану, есінің шатасуы;
- галлюцинациялар, паранойя, лағу;
- өзіне немесе балаға зиян келтіру талпыныстары.
Слайд 28 Торығудың бастапқы сатысындағы алдын алу шаралары.
1. Дұрыс тағамдану, дұрыс ас ішу
режімі ұстанымы. Жас ананың тағам рационында көмірсулар, жемістер мен тәттілер басымырақ болуы тиіс.
2. Жас ананың көбірек тынығуына барынша жағдай жасау.
Слайд 29 Диспарнеуи немесе гениталгия, жыныс саласындағы ауырсыну аталады. Олар соматогенді және психогенді
болуы мүмкін. Бірінші жағдайда , жыныс көбінесе қабыну немесе жарақат себебі , екіншісі - психологиялық факторлар . Вагинизм жиі психогенді диспарнеуи болуы мүмкін. Сіз қынаптарға саусағыңызды енгізу тырысқанда сондықтан да сыртқы жыныс үшін жеңіл тиіп , өткір ауыруы шағымданады. Бірақ тиіскенде науқас ауырсынбайды деп жауап береді, себебі оларда ауырғаннан гөрі қорқу сезімі басым.
Слайд 30-Эклампсиялық психоздар
-Сананың эпилептиформды тарылуымен жүретін галлюцинаторлы-сандырақтық формасы
-Делириозды
-Аментивті-галлюцинаторлық
-Кататониялық
Эклампсия кезіндегі психоздар
Слайд 31Психоздың ауырлығы эклапсиялық талмалардың жиілігіне және зәрдегі белоктың мөлшеріне байланысты. Ұзақтығы
1-12 күн аралығында өтеді.
Ағымы жеңіл болса, патологиялық күйзелістер, кейде босанудың өзі амнезиямен, созылмалы астениялық жағдаймен аяқталады.
Тұлғаның қайтымсыз өзгерістері де дамуы мүмкін.
Бас миының диффузды органикалық зақымдалуының көрсеткіші: интеллектің төмендеуі, есте сақтаудың, көңіл аударудың нашарлауы, ортамен араласу деңгейі төмендейді, ойлау нақты сипат алады.
ОЖЖ зақымдалуының локальді органикалық симптомдары да болуы мүмкін: сөйлеу, оқу, есептеу, жазу және т.б функцияларының төмендеуі не жоғалуы.
Слайд 32Жүкті кезде психотропты терапия қабылдау керек емес. Депрессивті бұзылыстарды дәрілік шөптердің
(шайқурай, тау жалбызы) көмегімен коррекциялауға болады.
Соңғы триместрдегі эмоционалды бұзылыстар босану алдындағы қорқыныштан болады. Бұл кезеңде релаксациялық психотерапияның орны ерекше.
Қатты үрей, паникалық реакциялар болса, анксиолитикалық препараттарды қолдану керек.
Ұйқы бұзылса, гипнотикалық препараттар тағайындайды.
Босану алдындағы кезеңде үрейлі, паникалық бұзылыстарды емдеу және босануды ауырсыздандыру босанудағы түрлі асқынулардың алдын алады.
Жүкті кездегі психикалық бұзылыстарды емдеу.
Слайд 35Психикалық ауруы бар жүкті әйелдер жиі темекі шегеді, алкагольді , наркотиктерді
қолданады, суицидальді іс-әрекетке барады, толыққанды тамақтанбайды.
Алкаголь және басқа да психобелсенді заттар ұрыққа зиянды екені белгілі.
Жүкті әйелде психикалық ауру болса және қосымша психобелсенді заттарды қолдану ұрықтың жатыр ішінде өлуіне әкеледі, тірек-қимыл жүйесі, жүрек-тамыр жүйесі ағзаларының даму аномалияларына, туа пайда болатын ақаулардың қаупін жоғарылатады. Сонымен бірге, ұрықтың алкагольді синдромы дамиды.
Слайд 37Жүктілерге психотропты препараттарды өте қажет кезде, қатаң клиникалық көрсеткіштер бойынша тағайындайды:
жүктілер мен босанғандардың соматикалық жағдайын қиындататын тәбет пен ұйқы бұзылыстары, үрей, ажитациямен көрінетін айқын аффективті бұзылыстар;
суицидальді ойлар мен тенденциялар;
Слайд 38Психотропты препараттар ананың сүті және плацента арқылы өтіп, ұрық пен нәрестеге
қолайсыз әсер етеді. Ұрық бауырының микросомальді ферменттерінің белсенділігі төмен және үлкендердің бауырымен салыстырғанда концентрациясы да төмен болады. Бұл дәрілік заттардың әсерін ұзартады және күшейтеді. Пренатальді кезеңде гематоэнцефалды барьер толық қалыптаспаған, ОЖЖ де толық жетілмеген, сондықтан препараттардың әсеріне сезімтал келеді. Онтогенездің ерте постнатальді (неонатальді) кезеңінде, эмбриогенз этапында өмірге маңызды құрылымдардың дамуы әлі де аяқталмаған, сондықтан, бұл психотропты препараттардың ұрыққа да, нәрестеге де токсикалық әсерінің күшеюін қамтамасыз етеді.
Слайд 39Препараттарды үнемі қолдану ұрықтың дәріге тәуелділігіне, соңында нәрестедегі өспей қалу синдромына
(задержка развития плода) әкеледі.
Слайд 40Антидепрессанттар
Зертеу нәтижесі және клиникалық бақылау мәліметтері бойынша үшциклді (имипрамин, амитриптилин,
дотепин) және төртциклді (мапротилин) антидепрессанттардың қауіпсіздігі анықталған.
Серотониннің кері ұсталуының ингибиторлары да (флуоксетин, пароксетин, сертралин, флувоксамин, циталопрам) даму ақауларының жиілігін жоғарылатпайды. Өздігінен түсік тастау көрсеткішінің жоғарылағаны да маңызды 13,3%.
Слайд 41
Европалық жүйе қызметінде, кемтарлық пен даму ақаулары жайлы ақпараттарды оқытатын қатаң
стастикалық зертеу өткізілген (1996-1997ж, 2002ж).
683 жүкті әйел зерттеуге алынған. 283 әйел алғашқы триместрден бастап, терапевтикалық дозада антидепрессанттар қабылдаған. Ешқандай кемтарлық пен даму ақауы болмаған.
Үшциклді антидепрессанттар немесе флуоксетин қабылдаған әйелдердің балаларының кейінгі кезеңдерінде де анатомиялық даму ақаулары, жүріс-тұрысы мен мінез-құлқында бұзылыстар болмаған.
Бірнеше қайтымды асқынулар туралы обьективті мәліметтер алынған. Перинатальді кезеңдегі тоқтату симптомдарының мынадай формасы түрінде: тітіркенгіш, ұйқы мен тамақтануға байланысты қиындықтар, тырыспалық жағдайлар. Әсіресе, 3 триместрде антидепрессанттарды жоғары дозада қолданған әйелдердің балаларында.
Слайд 42Антидепрессанттарды қолданатын емшек сүтімен емізтетін әйелдердің балаларындағы токсикалық эффекттің даму қаупі
Слайд 43Көңіл-күй стабилизаторлары (нормотимиктер)
Литий, карбомазепин, натрий вальпроаты- манияның емінде, биполярлы аффективті бұзылыстардың
профилактикасында қолданылады.
Зертеу мәліметтері (метанализ) бойынша литий теротогенді әсері жоғары (1994ж). Алғашқы триместрде қолдану (1983ж) ұрықтың даму ақауларына, кемтарлыққа әкелуі мүмкін. Жүрек-тамыр жүйесінің туа пайда болған ақаулары, түрлі жүрек ақаулары жиіленген.
Ұрық интоксикациясын шақыруы мүмкін: гипотония, летаргия, әліз рефлекстер, жүрек аритмиясы және тыныс алу бұзылыстары формасында. Бұл бұзылыстар қайтымды сипатқа ие, ары қарай асқынулар тудырмайды.
Слайд 44 Литиймен емдеу программасы
Литийді қабылдап жүрген
әйелдің қан сарысуынан оның концентрациясын әр 4 апта сайын тексеріп тұрылуы қажет (жүктіліктің барлық кезеңінде).
Литийдің дозасы – терапевтикалық терезенің төменгі шекарасына сәйкес болуы тиіс.
Литийді қабылдауды бірден тоқтатпау керек, босанғанға дейін жаймен алғашқы дозадан 60–70% төмендетіп отыру керек.
Алғашқы триместрден бастап қабылдап жүрген жүкті әйелде жиі алынатын қан анализі мен төмен доза қалыпты болуы керек.
2-3 триместрден, перинатальді кезеңнен бастап қабылдау, босанудан кейінгі психоздың даму қаупін төмендетеді.
Литиий қабылдап жүргенде , балаға емшек сүті берілмеуі керек.
Слайд 45Карбомазепин түрлі аномалиялармен жүреді: spina bifida, бас-беттік аномалиялар, микроцефалия және өсудің
кідіруі 0,5-1%. Балалардағы неврологиялық бұзылыстар жайында қаралмаған, бірақ балалардағы бастың орта өлшемдерінің қысқарғаны туралы белгілі болған (1994ж).
Натрий вальпроаты да түрлі аномалиялармен жүреді: өсудің тежелуі, гепатотоксикалық және жатырішілк дистресс көріністері. Даму қаупі жоғарылайды: spina bifida, бас-беттік аномалиялар, аяқ-қол саусақтарының ақаулары, жүрек ақаулары, несеп-жыныс жүйесі. Ағзалардың даму аномалиялары, психоматормалы тежелу, дене салмағының аздығы.
Слайд 46Антипсихотикалық дәрілік препараттар
Типті антипсихотикалық препараттардың теротогенділік қаупі жоғары емес. (van Waes
& van de Velde, 1969; Kopelman et al, 1975; Wisner & Perel, 1988).
Типті антипсиотикалық препараттарды қабылдап жүрген әйелдер, атипті түрін қабылдауға ауыстырылса, ұрықтануға қарсы заттар қолдануы тиіс. Бұл жоспарсыз жүктіліктен сақтайды. Атипті түрінде, типті түріндегідей пролактинді жоғарылатып, овуляцияны тоқтата алмайды.
Слайд 47 Антихолинергиялық препараттар
Антихолинергиялық препараттар көбіне типті антипсихотикалық
препараттармен бірге беріледі. Бұлардың комбинациясы тератогенділікті жоғарылататыны жайлы хабарлар болған (Wisner & Perel, 1988).
Бета-блокаторлар кемтарлық пен даму ақауларының жиілігін жоғарылатпайды (Rubin, 1981).
Бензодиазепиндер
Бұны қолданатындарда, бірден қабылдауды тоқтатса, тоқтату синдромы дамиды. Алғашқы триместрде қолдану мынадай аномалияларға әкеледі: ауыздың жыртылу көріністері, зәр шығару жолы және ОЖЖ туа пайда болған даму ақаулары, (Altshuler et al, 1996). Wisner и Perel (1988)
Бұл препарттар неонатальді кезеңде нәрестенің интоксикация симптомдарын, тыныс функциясының тежелуін, бұлшықеттік гипотонияны шақырады. Гипотониялық бала болуы мүмкін.
Слайд 48 Жүктілік кезеңде шизофренияны емдеу.
Алдымен, қауіптілік
пен психотропты препараттармен емді жалғастырудағы және тоқтатудағы пайда арақатынасын бағалау қажет.
Қауіпсіздігі жайлы мәліметі аз жаңа антипсихотикалық препаттарды, типті антипсихотикалық препарттарға ауыстыру керек.
Психотропты препараттармен сәтті ем алған, бірақ бала көтруде қиындықтар болған әйелдерге біраз уақытқа төмен дозада және пролактин концентрациясын жоғарылатпайтын препарат тағайындау керек.
Слайд 49 Психотропты препараттарды теротогенділігіне байланысты 3 классқа бөледі.
А классы
Жануарларда теротогенділігі
жоқ, адамдарға теротогенділік қаупі туралы зерттеулер жоқ не жануарларда теротогенділігі анықталған, ал адамдарда жоқ.
Б классы
Жануарларда теротогенділігі анықталған, адамдарға теротогенділік қаупі туралы зерттеулер жоқ не адамдарға да жануарларға да теротогенділік қапі туралы зерттелмеген
В классы
Теротогенділігі дәлелденген. Препаратты тағайындауға байланысты, кейде қауіптілікті күшейтеді.
Слайд 50Пайдаланылған әдебиеттер
Петрюк П. Т. Шизофрения и беременность: состояние вопроса и пути решения
// Психічне здоров’я. — 2009. — № 2. — С. 108–118.
ПРИМЕНЕНИЕ ПСИХОТРОПНЫХ ПРЕПАРАТОВ ВО ВРЕМЯ БЕРЕМЕННОСТИ - Dora Kohen © 2004 The Royal College of Psychiatrists.
www.womenshealthsection.com Women's Health & Education Center
Hospital Campus Medical Building
http://www.materinstvo.ru/art/870 Materinstvo.ru
Психиатрия 2002ж Самохвалов В.П