Гепатит А вирусы (АГВ-НАУ), С гепатит вирусы (НСV), G - гепатит вирусы (НGV), Е гепатит вирусы (НЕV) презентация

Содержание

Гепатит А вирусы (АГВ-НАУ) Гепатит А-фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары зақымданып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру. Алғашқы рет бұл кеселдің жұқпалы екендігі туралы мәліметті

Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Тақырыбы:
Гепатит

А вирусы (АГВ-НАУ)
С гепатит вирусы (НСV)
G - гепатит вирусы (НGV)
Е гепатит вирусы (НЕV)

Тобы: ЖМ-104
Орындаған: Боранбаева А.
Қабылдаған: Байтұрсынов Қ.Қ.


Слайд 2


Слайд 3Гепатит А вирусы (АГВ-НАУ)
Гепатит А-фекальды-оральды жолмен берілетін, бауыр жасушалары

зақымданып, морфологиялық бұзылыстар туындап, жедел гепатит белгілері дамитын жұқпалы вирусты ауру. Алғашқы рет бұл кеселдің жұқпалы екендігі туралы мәліметті С.П. Боткин баяндаған, сондықган оны "Боткин ауруы" деп атайды. Бауыр зақымдануы нәтижесінде дене сарғаюы болатындықтан, тұрғындар арасында бұл індетті «сары ауру» дейді. Гепатит А вирусын 1973 жылы С.Фейнстон ашқан.

Слайд 5Таксономиясы
Тұқымдастығы- Рісоrnaviridae
Туыстастығы: Нерatovirus
Түрі: Нераtovirus А


Слайд 6Морфологиясы
Вирионы сфера пішінді, мөлшері 25-27 нм, өте ұсақ

вирустар тобына жатады. Геномы сегменттелмеген +РНҚ молекуласынан тұрады. Нуклеокапсиді 4 ақуыздардан (УР-1-4) тұратын капсомерлерден құрылған, куб типтес симметриялы. Суперкапсиді жоқ.

Слайд 8Антигендік құрылымы
Гепатит А вирусы бір антигендік типтен тұрады

(НА-антиген).

Слайд 9Резистенттілігі
Гепатит А вирусы сыртқы орта жағдайына төзімді, 21°

С- та бірнеше апта бойы сақталады, 85° С-та белсенділігін толық жояды. Төменгі температурада жақсы сақталады. Хлордың әсеріне төзімді, сондықтан тазартылған ауыз суларда сақталу қабілеттілігі бар. Формалиннің және УКС әсеріне сезімтал.

Слайд 10Эпидемиологиясы
Инфекция көзі - індеттің айқын немесе симптомсыз түрімен ауырған

адамдар. Жұғу механизмі-фекальді-оральды, яғни ластанған тағамдар, су, тұрмыстық заттар, қол, ойыншықтар арқылы жұғады. Вирустың су және тағамдар арқылы таралып эпидемиялық бұрқетпелер қоздыру қабілеттілігі бар. Гепатит А вирусы тұрғындар арасында едәуір деңгейде айналымда болады. Жазғы және күзгі айларда науқастанушылық деңгейі көтерілетіні байқалады. Көбінесе балалар жиірек ауырады. Жасырын кезеңнің соңында және ауру басталған кездің алғашқы күндерінде (дене сарғаюы басталғанға дейін) науқас адамның айналасындағыларға жұқтыру қаупі өте күшті. Себебі, бұл кезде вирус нәжіспен мол бөлінеді.

Слайд 12Патогенезі, клиникалық көріністері
Вирус асқазан-ішек жолдарына ас тағамдары

немесе су арқылы түседі де, жіңішке ішектің шырышты қабаттарында және регионарлық лимфа түйіндерінде өсіп-өніп көбейеді (реплицирленеді). Сонан соң, қысқамерзімді вирусемия фазасы басталады. Қанда вирустың ең жоғарғы деңгейде концентрациялануы инкубациялық кезеңнің соңында және сарғаю алды кезеңінде байқалады. Бұл кезде қоздырғыш (вирус) нәжіспен сыртқа шыға бастайды. Цитопатогендік әсер ету нысанасы негізінде гепатоциттер болып табылады. Вирустың бауыр жасушаларының цитоплазмасында репродукциялануы гепатоциттерді бұзылысқа ұшыратады. Гепатоциттерді зақымдануына NN-жасушалар (табиғи киллерлер) да қатысады. Вирустың әсерінен индуцирленген интерферонмен өзара эсерлесу нәтижесінде NК жасушалардын белсенділігі артады. Гепатоциттердің зақымдануы дене сарғаюының дамуына және қан сарысуында трансаминаза деңгейінің артуына әкеледі.
Аурудың жасырын кезеңі 15-тен 50 күнге дейін, көбінесе 1 ай шамасында болады. Кесел жылдам басталады, температурасы көтеріледі, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылады(лоқсу, құсу т.б.). Кеселдің 5-7 күндері дене сарғаюы байқалуы мүмкін. Ауру көбінесе жеңіл түрде,асқынуларсыз өтеді, 5 жасқа дейінгі балаларда симптомсыз түрде кездеседі. Ауру 2-3 аптаға созылады, асқынулар байқалмайды.

Слайд 14Иммунитеті
Ауырып тұрғаннан кейін өмірбақилық гуморальды иммунитет қалыптасады. М-иммундыглобулиндер

(ІgМ) ауру басталғаннан кейін 3-4 айдан соң қан сарысуында азайып жойылады, ал IgG көп жылдар бойы сақталады. Нәрестелердің қан сарысуында 1 жасқа дейін анасынан плацента арқылы берілген вирусқа қарсы антиденелер табылады. Гуморальдық иммунитеттен басқа ішек жолында жергілікті иммунитет (s' Іg А) дамиды.

Слайд 15Микробиологиялық диагноз қою
Зерттеу заттары:қан сарысуы және науқастың нәжісі.

Гепатит А вирусының антигендеріне қарсы пайда болған антиденелер (ІgМ және ІgG) және вирустық РНҚ вирус репликациясының маркерлері болып табылады-ИФТ, РИТ, ИЭМ-мен анықтайды.

Слайд 17Алдын алуы
Ішек инфекцияларына қарсы жалпы медициналық бейспецификалық профилактикалық шаралар

жүргізіледі.Спецификалық алдын алу мақсатында вакцина егу қолданылады. Ол үшін инактивацияланған және рекомбинантты яғни гендік-инженерлік вакциналар пайдаланылады.

Слайд 18 С гепатит вирусы (НСV)
СГВ - флавивирустар тұқымдастығына жататын,

РНҚ геномды вирус. СГВ қоздыратын гепатит әдетте созылмалы түрде өтеді. Бұл гепатиттің созылмалы түрі көбінесе бауыр циррозына және біріншілік бауыр карциномасы дамуына әкеледі.

Слайд 19Таксономиясы
Тұқымдастығы: Ғlaviviridae
Туыстастығы: Нерacivirus
Түрі: НСV


Слайд 20Морфологиясы
Вирионы сфера пішінді, диаметрі 35-50 нм, суперкапсидпен қоршалған.

Геномы бір жіпшелі +РНҚ-нан тұрады, фрагментгелген, сызықшалы. Вириондық РНҚ құрамында 8 ген табылған, олардың үшеуі құрылымдық ақуыздарды (капсидтік, қабықшалық және мембраналық ақуыздар), қалған бесеуі - вирустың репликациялануын реттеуге қатысатын құрылымсыз ақуыздарды кодтайды.
Вирустың антигендік құрамы өте күрделі. Қабықшасының гликопротейні, жүрекшесі және құрылымсыз ақуыздар антигендер болып есептеледі.

Слайд 22Резистенттілігі
Гепатит С вирусы эфирдің, деттергенттердің, УК сәулесінің, 50°С -

қа дейінгі температураның әсеріне сезімтал.

Слайд 23Эпидемиологиясы
Жұғу механизмі ВГВ кезіндегідей, бірақ В гепатитке қарағанда СГВ

жұғу үшін вирустың көп мөлшерде жұқтырылуын қажет етеді. СГВ көбінесе қан құйғанда (2/3 жағдайда) трансплацентарлы (10%) жолмен, жыныстық (7%) қатынас арқылы беріледі. Инфекция көзі - инфицирленген адам. С гепатиті эпидемиологиясының ерекшелігі - В гепатитке қарағанда вирустың жүкті әйелден нәрестеге берілуі және жыныстық жолмен жұғуы төменгі деңгейде болады.

Слайд 25Патогенезі, клиникалық көріністері
Жасырын кезеңі қысқа - 6-дан 12

аптаға созылады. Клиникалық ағымы да жеңілдеу өтеді. Көбінесе сарғаюсыз түрі кездеседі (25%). Ауруды қандағы аланинтрансаминазаның көбеюіне байланысты анықтауға болады. Инфекцияның салыстырмалы түрде қолайлы өтуіне қарамастан 50 % жағдайда созылмалы гепатит қалыптасуына әкеледі, ал 20% жағдайда бауырдың созылмалы зақымдануы цирроз және қатерлі ісік дамуымен аяқталады.

Слайд 27Иммунитеті
Кеселдің созылмалы жағдайға айналуы айқын жасушалық иммундық жауаптың болмауымен

байланысты. Иммундық жауап құрылымдық емес ақуыздарға қарсы бағытталған. Иммундық жауап әлсіреген кезде вирустың белсенділігі қайтадан күшейеді.

Слайд 28Микробиологиялық диагноз қою.
Зерттелетін заттар-науқастың қаны, қан сарысуы. Вирус

репликациялануының маркерлері - гепатит С вирусының антигендеріне қарсы антиденелер және вирустық РНҚ. Маркерлер ИФТ, ПТР әдістерімен анықталады. Вирус спецификалық антиденелер орташа есеппен 3 айдан кейін пайда болады. Оларды анықтау - вируспен инфицирленгенін немесе осы инфекциямен ауырғандығын көрсетеді. Серонегативті кезенде СГВ-ның РНҚ-ын анықтайды. ИФТ нәтижесін дәлелдеу үшін рекомбинативтік иммундыблоттинг әдісін қолданады.

Слайд 30Алдын алуы
Басқа вирустық гепатитгер кезіндегідей жалпы медициналық сақтану шаралары

жүргізіледі. Арнайы (спецификалық) профилакгикасы, яғни вакцина егу жасалмаған.

Слайд 31G - гепатит вирусы (НGV)
GГВ - соңғы жылдарда зерттеле

бастаған, бауырды зақымдауға себепкер бола алатын, РНҚ-геномды вирус. О-гепатит вирусының таксономиялық жағдайы толық анықталмаған.

Слайд 32Таксономиясы

Тұқымдастығы: Ғlaviviridae
Туыстастығы: Нepacivirus
Түр: НGV


Слайд 33Морфологиясы
Нуклеокапсиді куб симметриялы тип бойынша құрылған. Геномы сигментгелмеген

(+) РНҚ- нан тұрады. Вирустың 5 генотиптері белгілі. Вирионның құрамында РНҚ-тәуелді протеиназа, беткейлік НЕS және жүрекшелік НGS - антигендер бар. Жүрекшелік (соге) ақуыз құрамында ақаулық болуы ықтимал, сондықтан оның репликациялануы үшін С гепатиті вирусының болуы қажет.

Слайд 35Эпидемиологиясы, клиникалық көріністері
Инфекция көзі жедел және созылмалы О-гепатитпен ауырған

адамдар және вирус тасымалдаушылар. О-гепатит вирусының лимфотрофты қасиеті бар деп есептелінеді, инфекцияның персистенциялық түрінің дамуы осы жағдаймен байланысты.Аурудың тіркелу жиілігі - шамалы. GГВ - мен инфицирленгені туралы маркерлер көбінесе қан құйылған, трансплантация жасалған адамдарда және де нашақорларда табылады. GГВ - ның вертикальды жолмен жұғу мүмкіндігі дәлелденген. О -гепатит көбінесе G - гепатит вирусымен бірге миксинфекция ретінде өтеді.
Иммунитеті - толық зерттелмеген.

Слайд 37Микробиологиялық диагноз қою
Зерттеуге негізінде қан, қан сарысуы алынады. Вирустың

репликациялануын көрсететін маркерлер - GГВ антигеніне қарсы антиденелер және вирустық РНҚ.
Емдеу және алдын алу тәсілдерін жасау жолында ізденістер атқарылуда.

Слайд 39Е гепатит вирусы (НЕV)
ЕГВ- бауырды зақымдайтын,организмнің жалпы улануын, сирек

жағдайда дене сарғаюын тудыратын жедел жұқпалы ауру қоздырғышы. Алғашқы рет вирустың сипаттамасын М.С. Балаян (1983 ж.) анықтады.

Слайд 40Таксономиясы

Тұқымдастығы: жоқ.
Туыстастығы: НераtiticE-like virus
Түрі: НЕV
Соңғы кездегі классификация бойынша (2002

ж.) Е гепатит вирусын «НераtiticE-like» туыстастығына жатқызу ұсынылған.

Слайд 41Морфологиясы
Вирионының сыртқы қабықшасы жоқ, сфера пішінді, капсиди икосаэдр

типтес, диаметрі 27 - 34 нм. Геномы сигменттелмеген біржіпшелі РНҚ - нан тұрады, ол РНҚ тәуелді РНҚ - полимеразаны, протеазаны және вирустың жасушаға енуін қамтамасыз ететін трансмембраналық ақуызды кодтайды.

Слайд 43Эпидемиологиясы, клиникалық көріністері
ЕГВ эндемиялық бұрқетпелер қоздырады. Инфекция көзі

- ауру адам. Негізінен ластанған су арқылы беріледі. Жасырын кезеңі 2 -6 аптадан аспайды. Дәл диагноз қоюға мүмкіндік беретін клиникалық симптомдар байқалмайды: жалпы мазасыздану сирек жағдайда дене сарғаюы болады.Жүкті әйелдерде (әсіресе III триместрде) кесел асқынып, өлімге әкелуі мүмкін. Процестің созылмалы түрге айналуы байқалмаған.

Слайд 45Иммунитеті
Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.


Слайд 47Микробиологиялық диагноз қою
Зерттелетін материал - науқастың қаны мен қан

сарысуы. Вирустың репликациялануын көрсететін маркерлер - Е гепатит вирусына қарсы пайда болған антиденелер және вирустық РНҚ. Вируспен инфицирленгеннен кейін 10-12 тәуліктен бастап ИФТ әдісімен вирус - спецификалық иммундыглобулиндерді анықтайды. Олардың диагностикалық титры 1 -2 ай бойы сақталады. ЕГВ -ның антигендеріне қарсы G класына жататын антиденелер науқас ауырып тұрғаннан кейін 1 айдан соң табыла бастайды. Вирустың РНҚ - н ПТР және молекулалық гибридизациялау әдістерімен анықтайды, бірақ оларды сарғаю кезеңінде табу мүмкін емес.

Слайд 48Алдын алуы
Жалпы медициналық сақтану шаралары жүргізіледі: санитарлық - гигиеналық

жағдайларды жақсарту, сапалы сумен қамтамасыз ету және т.б. Спецификалық профилактика мақсатында бүтін верионды өлі вакцина жасалған. Рекомбинантты және тірі вакциналар жасау үшін зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Слайд 49 Пайдаланылған әдебиеттер
Б.А.Раманазова,
Қ.Құдайбергенұлы
"Медициналық микробиология" Алматы - 2011


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика