Гайморит - мұрынның гаймор қуысының презентация

Содержание

Гайморит Гайморит – мұрынның гаймор қуысының (жоғары жақ қуысы) қабынуы. Дем алудың қиындауы мен, мұрын жолдарынан шырышты іріңді бөліністің бөлінуі мен бетте және мұрын қанаттарында интенсивті ауырсыну мен, зақымдалган жағында ұрттың

Слайд 1Гайморит


Слайд 2Гайморит
Гайморит – мұрынның гаймор қуысының (жоғары жақ қуысы) қабынуы. Дем алудың

қиындауы мен, мұрын жолдарынан шырышты іріңді бөліністің бөлінуі мен бетте және мұрын қанаттарында интенсивті ауырсыну мен, зақымдалган жағында ұрттың және қабақтың домбығуы мен, дене қызуының көтерілуымен көрінеді. Өз уаұытында басталған ем ауыр асқынулардың алдын алады: отиттің, менингиттің, ми абцесінің, остеомелиттің және жүрек пен зақымдалуының.
Гайморит жедел немесе созылмалы формада дамуы мүмкін. Халықаралық медицина статистика мәліметтері бойынша дамыған елдерде әр жылы халықтың 10 %ға жуығы жедел гайморитпен және басқа синуситтермен ауырады. Ауру барлық жаста кездеседі.5 жасқа дейінгі балаларда гайморит кездеспейді деседе болады, себебі оларда ересектерге қарағанда мұрын маңы қуыстары толық дамымаған.

Слайд 4Гаймориттің даму механизмі.
Гайморов (жоғары жақ) қуысы – жоғары жақ сүйегінің

қуысы ауаға толған болады. Гайморов қуысы қабырғасында мынадай сүйектік құрылымдар бар: жоғарыдан – көз орбитасы, төменнен – ауыз қуысымен, ішінен – мұрын қуысымен.
Жоғары жақ қуысы басқа мұрын маңы қуыстарымен (екі маңдай, екі торлы және бір негізгі) бірге келесі функцияларды орындайды:
Бастың Қуысты құрылымдардағы ауа қысымының сыртқы атмосфералық қысымның қарым қатынасына қатысады.
Дауыстың дыбысталуын индивидуальді құрайды.
Барлық қуыстар кішкентай тесік арқылы мұрын қуысымен байланысады. Егерде осы тесіктер қандайда себептен бітлеліп қалса, қуыстарда вентиляция тежеледі және тазаланады. Қуыста микробтар жиналады, қабыну дамиды.



Слайд 5Гайморит дамуының қауіпті факторлары және себептері.
Гайморит стрептококктармен, стафилококктармен, хламидиялармен, гемофильді таяқшалармен,

саңырауқұлақтармен, вирустармен және микоплазмалармен шақырылуы мүмкін. Ересектерде көбіне гайморитті вирустар Haemophilus influenzae және Streptococcus pneumoniae тудырады. Балаларда гаймориттің қоздырғышы хламидиялар және микоплазмалар болып табылады. Әлсіреген және иммунитеті әлсіз науқастарда саңырауқұлақтық және сапрофитті микрофлора гайморит тудырады.
Аурудың дамуына қалыпты вентиляцияның қиындауы және қуыс ішіне инфекця енуіне қолайлы жағдайлар:
ЖРВИ, әртүрлі себепті жедел және созылмалы риниттер.
Балалардағы аденоидтар.
Созылмалы тонзиллит және фарингит.
Жоғары жақтағы түбірлі тістердің кариесі, тәстерге немесе жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісіне жасалған хирургиялық әрекеттер.
Мұрын жолдарының туа біткен тарылуы.
Мұрын қалқасының қисаюы.
Гайморит дамуы қаупі қысқы және көктемгі мезгілдерде жоғарылайды бұл кезде имунитет төмен болады.

Слайд 7Гаймориттің жіктелуі
Гайморит катаральді немесе іріңді болуы мүмкін. Катаральді гайморит кезінде жоғарғы

жақ қуысынан бөлінген сұйықтық асептикалық болады, ал іріңді гайморитте микрофлора анықталады.
Инфекция ену жолына қарай гематогенді (жиі балаларда), риногенді (әдетте үлкендерде), одонтогенді (гаймор қуысына жақын орналасқан кариесі бар түбірлі тістерден) және жарақаттық гайморитті ажыратады.
Созылмалы гайморитті морфологиялық өзгерістеріне қарай мынадай түрлерін бөліп қарастырады:
Экссудативті (катаральді және іріңді созылмалы гайморит) Ірің түзілу процесін тудыруы.
Продуктивті (іріңді-полипозды, полипозды, некротикалық, атрофиялық қабырғалық – гиперпластикалық гайморит т.б) Бейімдеуші процесс – гаймор қуысының шырышты қабатындағы өзгерістер (полиптер, атрофия, гиперплазия т.б).
Созылмалы гайморитте шырышты бездердің бітелуіне байланысты жиі гаймор қуысында шынайы және жалған кисталар құрылады.
Полипозды және полипозды іріңді созылмалы гайморит кең таралған. Қабырғалық – гиперпластикалық және катаральді аллергиялық формалары сирек, козеозды холестеотомды және некротикалық формалары өте сирек кездеседі.



Слайд 8Гаймориттің симптомдары


Слайд 9Жедел гаймориттің симптомдары.

Ауру жедел басталады. Аурудың дене қызуы 38-39С дейін жоғарылайды,

жалпы интоксикуация симптомдары бірден байқалады, қалтырауы мүмкін. Кейбір ауруларда дене қызуы қауіпті немесе субфебрильді болуы мүмкін. Гайморитпен ауыратын науқастарда зақымдалған жоғары жақ қуысы аймағында, маңдай және мұрын түбірінде ауырсыну мазалайды. Пальпацияда ауырсыну күшейеді. Ауырсыну зақымдалған жақтың бетінің жартысына және жоғарыға иррадиация беруі мүмкін. Кейбір науқастарда әртүрлі дәрежедегі бас аурулар болады.
Зақымдалған жағында мұрынмен демалу қиындайды. Екі жақты гайморит кезінде мұрынның бітелуінен науқас аузымен демалуға мәжбүр болады. Кейде көз жасы каналының бітелуінен көзінен жас ағады.Мұрыннан бөлінетін сұйықтық басында серозды ,сұйық,кейіннен жабысқақ ,бұлыңғыр ,жасыл түсті сипатталады.

Слайд 12Жоғарғы жақ қуысы мұрын қуысымен байланысуы және созылмалы ,іріңді гаймориттің дамуы.


Слайд 13Созылмалы гаймориттің симптомдары.
Созылмалы гайморит әдетте жедел гамориттің нәтижесі болып табылады.Ремиссия

кезеңінде аурудың жалпы жағдайы қалыпты.Өршу кезінде жалпы интоксикация симптомдары (әлсіздік ,бас ауру ,шаршағыштық ),дене қызуы фебрильді немесе субфебрильді деңгейге дейін жоғарылауы мүмкін.
Экссудативті созылмалы гайморитге өршу кезінде бөлінді анықталады және науқастың жағдайы біршама жақсара түседі.Катаральды гайморит кезінде бөлінді сұйық ,серозды және жағымсыз иісті болады.Іріңді формасында қою, сары жасыл көп созымтал шырышты бөлінді бөлінеді,олар мұрын қусында қабыршақтар түзіледі.
Бас ауру созылмалы гаймориттің өршу кезінде немесе жоғары жақ қуысынан сұйықтық ағу бұзылған кезінде болады.
Созылмалы гайморитпен зардап шегушілер жай емге берілмейтін түнгі жөтелге шағымданады.Бұл жағдайда жөтелдің себебі ірің болып ,ол гаймор қуысынан жұтқыншақтың артқы қабырғасына түседі.
Созылмалы гаймориті бар науқастардың мұрын кіреберісінде жарақаттанулар көрінеді.Көп ауруларда коньюктивит және кератит дамиды.

Слайд 15Гаймориттің диагностикасы

Диагноз аурудың шағымдарына ,қарап тексеруге мұрын қуысы шырышын қарау (

қабыну ,ісіну , қуыс тесігінен іріңді бөлініс ).Рентгенограммада гаймор қуысы қараяды.Мәлімет жетіспеген кезде басқа әдістерден гаймор қуысының пункциясы жасалады.

Слайд 16Рентгенограмма ППН: оң гаймор қуысының тотальді қараюы.


Слайд 17Рентгенограмма ППН: екі жақты гаймор қуысының тотальді қараюы


Слайд 18Рентгенограммы ППН: сол жақты гаймор қуысының қараюы


Слайд 22 Гаймориттің емі


Слайд 23Жедел гаймориттің емі
 Шырышты қабаттың ісіну азайту үшін және қуыстардың қалыпты

вентильяциясын қалыптастыру үшін жергілікті тамыр тарылтқыш дәрілер қолданылады ( санорин ,галазолин,нафтизин ,отилин,називин) 5 күннен артық емес.Ерекше гипертермия кезінде қызу төмендеткіш дәрілер ,айқын интоксикацияда антибиотиктер тағайындалады.Қолайсыз әсерді болдырмау және жоғарғы консентрацияда антибиотиктерді жергілікті қабыну ошағына енгізу ( зофра,биопарокс).Дене қызу қалыптыға түскенде физиоем тағайындалады.( соллюкс,УВЧ)

Слайд 24Созылмалы гаймориттің емі

Созылмалы гайморитті тұрақты әсерге жету үшін міндетті түрде

себептерін жою керек,жоғарғы жақ қуысында қабыну процесінің дамуына әкелетіндер ( аденоидтер , ЛОР ағзаларының созылмалы аурулары , мұрын қалқасының ,кариес тістер т.б ).Өршу кезінде қысқа уақытты тамыр тарылтқыш дәрілер қолданылады ( шырыштың атрофиясын болдырмау үшін).
Гаймор қуысын дезинфекциялық ерітінділнрмен жуу керек( риваналон ,фурацилин,калий перманганаты).Қуыс ішінде протеолитикалық ферменттер және антибиотик ерітінділері енгізіледі. Физиотерапиялық әдістер қолданылады (ингальяциялар ,диатермия,соллюкс,УВЧ). Іріңді полипозды , полипозды ,казиозды,холестеатомды және некротикалық формаларда хитургиялық ем тағайындалады.

Слайд 25Компьютерной томографии:


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика