Фармакопея. Дәрі туралы ұғым. Дәлелді медицина түсінігіне анықтама презентация

Содержание

Жоспар: Фармакопея Дәрі туралы ұғым ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ТҮСІНІГІНЕ АНЫҚТАМА Дәлелді медицинаның артықшылықтары Қорытынды

Слайд 1Фармокопея.Фармацевтердің дәлелді медицинада қолдану преспетивасы
орындаған: Қайыржанова Б


Слайд 2Жоспар:
Фармакопея
Дәрі туралы ұғым
ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ТҮСІНІГІНЕ АНЫҚТАМА
Дәлелді медицинаның артықшылықтары
Қорытынды


Слайд 3Фармакопея, дәрінама - дәрілік заттардың сапасын қалыптамаландыратын, ережелер мен стандарттар жинағы. Мемлекеттік фармакопеяга, осы салада заң шығарушылық сипаты берілген.Фармакопея (pharmacon-

дәрі және poieo – жасаймын деген грек сөздерінен шыққан). Бұл мемлекеттік кітап; онда аптекада міндетті түрде болуға тиісті дәрілік заттардың тізімі; олардың тазалығын тексеру тәсілдері туралы нұсқаулар, олардың физикалық – химиялық қасиеттері туралы қысқаша мәліметтер, улы және күшті әсер ететін заттардың бір мезгілдік, тәуліктік және ең жоғарғы дозалары туралы мәліметтер, оларды сақтау тәсілдері, кейбір дәрі түрлерін дайындау ережелері және басқа нұсқаулар бар.

Слайд 4Дәрі туралы ұғым. Дәрілік затқа берілген қолайлы форманы дәрі деп атайды.

Сонымен, дәрі және дәрілік форма – тең мағыналы ұғым. Дәрілік заттар деп белгілі бір әдіспен дәрі жасауға болатын әр түрлі тектес заттарды айтады.
Заводтар мен ірі дәріханаларда жасалынатын және фармакопеяға енгізілген дәрілік заттарды ресми официналдық (officina – дәрігерлік), ал дәрігерлердің өтініш – ңұсқаулары (рецепті) негізінде дайындалатың дәрілік формалар магистралдық (Magister - оқытушы, жетекші) формалар деп аталынады, яғни аптекалық (Apateca) заттар дейді

Слайд 5Олар төмендегі түрде болуы мүмкін; 1) өсімдіктер мен жануарлардан өндірілетін дәрілік

шикізат (medicamenta cruda) шөптер, жапырақтар, гүлдер, ұрықтар, қабық, өсімдік тамырлары, түбіріштер, қастауыш, шикі майлар, сүртпе майлар т.б.; 2) фармазаводтарда дайындалатын синтетикалық және өсімдітерден өндірілетін заттар мен препараттар (medicamenta chemica pharmaceutica

Слайд 6 3)күрделі фармацевтикалық, яғни ертедегі рим оқымыстысы Клавдий Галеннің құрметіне оның

есімімен аталған галендік препараттар (praeparata gaienica s. praeparata composita ); олар өсімдік шикізатынан алынады, мысалы, бұған настойка, сірінді, спирт сыяқты тағы басқалар кіреді; 4) фармацевтикалық заводтарда күрделі тәсілмен шығарылған жаңа галендік препараттар; бұлардың қатарына құрамына болар-болмас қосымша заттар кірген өсімдіктердің әсерлі негіздерінің сулы сығындылары – адонилен, конваллен, эрготин, тағы басқа препараттар кіреді.



Слайд 7Фармакопеяға енгізілген барлық препараттар үш топқа бөлінеді:
1) А – тобы

– улы заттар (улар – venena); олар аузына құлып салынған жеке шкафта сақталады. Улы дәрілік заттар қүйылған шөлмектің сыртындағы қара қағазға ақ түсті әріптермен жазылады. Шкафтардың (сейфтердің) ішкі қабырғасына сақтаулы тұрған улы дәрілік заттардың тізімі мен қанша бар екендігі жазылып қойылуы керек;
2) Б – тобы – күшті әсер ететін заттар (heroica); бұлар да құлып салынған жеке шкафта сақталады. Күшті әсер еткіш заттар қүйылған шөлмектін сыртындағы ақ қағазға қызыл түсті әріптермен жазылады;


Слайд 83) Улы және қатты әсер ететін дәрілік заттардан басқа дәрілер (жай

әсер ететін) кәдімгі шкафтарда жалпы ережелер бойынша сақталады. Шөлмектін сыртындағы жазу ақ фонда, қара түсті әріптермен жазылады. Дәріханаларда дайындалған дәрілік зат формаларының жапсырма қағазы (этикетка) да әр түсті болады; ішуге арналған дәрілердің жапсырма қағазы ақ сыртқа қолданылатын дәрілердікі көк түсті.


Слайд 9Сонымен, фармакопея фармоцевт пен дәрігер үшін міндетті заңдардың жыйнағы сыяқты болып

келеді. Фармакопеялық комиссия тарабынан фармакоея мезгіл-мезгіл қайта қаралып отырылады.
Медицина мен ветеринарияда тараған, бірақ фармакопеяға кірмеген дәрі қоспалары мануалдар деп аталатын арнаулы тізбеге енгізілген. Мұндай дәрі қоспаларын мануалдық дәрілік қоспалар деп атайды. Оларды аптекадан, немесе атын немесе олардың құрамына кірген жеке заттарды тізіп көрсетіп жаздырып алуға болады.


Слайд 10ДӘЛЕЛДІ МЕДИЦИНА ТҮСІНІГІНЕ АНЫҚТАМА
1990 жылы Мак Мастер университетінің (Торонто, Канада) ғалымдарымен

(Sackett et al.) «evidence-based medicine», «Дәлелге негізделген медицина» - деген ұғым енгізілді.

Әуелде дәлелге негізделген медицина немесе дәлелді медицина – «жеке бір науқасты не болмаса науқастар тобын емдеу кезінде шешімдерді нақты, ар-ұждан, түсінікпен қабылдау» деген мағына берсе (Sackett, D.L.,1996)., кейіннен дәлелді медицинаның мағынасы «клиникалық тәжірибе және науқас қажеттіліктерін ақтайтын зерттеу нәтижелерін интеграциялау» деген анықтамаға ие болды (Sackett, D.L. 2000).


Слайд 11дәлелді медицина дегеніміз зерттеулер жүргізген кездегі, мамандар бақылауы мен пациенттердің хабарламасы

нәтижесіндегі алынған сенімді клиникалық мәліметтерді жинау, интерпретациялау және интеграциялау;
дәлелді медицина дегеніміз оптимальды клиникалық шешім қабылдауға көмектесетін медициналық ақпаратты іздеу, талдау, жалпылау және қолдану технологиясы;
дәлелді медицина – диагностика мен терапияның критерияларын таңдауға субъективті факторлардың аз дәрежеде әсер ететіндігімен ерекшеленетін және дәрігерден әр түрлі эксперттер пікірі мен клиникалық зерттеулер нәтижелерін сын көзбен бағалауды талап ететін клиникалық медицинаның парадигмасы;
дәлелді медицина дегеніміз – медициналық әрекеттердің оптимальды варианттарын таңдаудың ақпараттық технологиясы;
дәлелді медицина – клиницистердің жүйелі сұрақтарды құрастыру жолымен, диагностика, ем, профилактика бойынша машықтарын жетілдіру.


Слайд 12Дәлелді медицинаның артықшылықтары
дәлелді медицина медициналық білімді клиникалық тәжірибемен интегралдайды;
дәлелді медицинаға әр

түрлі саладағы мамандар мансаптың кез-келген сатысында қол жеткізе алады;
дәлелді медицинаның өзінің жалпы жолдарымен басқаратын принциптеріне жүгіне отырып, медициналық көмектің үздіксіздігімен бірегейлігін жақсартуға мүмкіндігі зор.


Слайд 13 Қорытынды: Дәлелге негізделген медицина - белгілі бір науқасты емдеуде, бүгінгі

таңда белгілі болған дәлелдерді саналы түрде қолдану Белгілі бір науқасқа қатысты шешім қабылдау үшін дәрігердің жеке клиникалық тәжірибесімен қоса клиникалық зерттеулер туралы дәлденген мәліметтер қажет

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика