TURK - KAZAK UNIVERSITESI
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ішкі аталық жыныс мүшесіне атабездер, шәует шығаратын түтігі. ұрық безі, қуықасты безі және бульбоуретральды бездер жатады, ал сыртқы мүшесіне аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.
Шәует шығаратын түтігі (ductus deferens) — жұп мүше, ұзындығы 40-50 см, диаметрі 3 мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шаптың өзегінің сыртқы тесігіне барады.
Оның 4 бөлігі бар:
1) ұмалық (pars scrotalis),
2) шаптың беткейлік сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars fimicularis),
3) шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis),
4) тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina).
Шәует бездері (vesiculae seminales;) – қалта тәрізді түтікті, ұзындығы 4-6 см, қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар. Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған. Бездің қабырғасы шырышты, бұлшықетті және дәнекер қабықтардан тұрады.
Қуықасты безі (prostata; ) — жамбастың түбінде орналасқан, несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан. Оның артқы беті тік ішекке, алдыңғы шат симфизіне, бүйірі-артқы өтісті көтеруші бұлшықетке жанасады. Безде жоғарыға, қуықасты бөлігі (pars prostatae) және алдыңғы, артқы, төменгі латералді беттері және ұшы болады (арех prostatae). Құрылысы бойынша бұл бұлшықетті-безді, салмағы 20-25 г, екі бөліктен тұратын мүше. Көптеген ұяшықты бездері сперма құрамына кіретін секретті жасайды. Несепшығару өзегінің алдыңғы жағында шәует төмпешігі (colliculus seminalis) бар. Оның тереңдеген жері — рудиментті жатыр. Оның бүйірінен шәует жасаушы түтіктер және шығарушы түтіктің тесіктері (ductuli prostatici) ашылады.
Жыныс мүшесінің денесі 3 үңгірлі: 2 жұп жоғарғы (согрога cavemosa penis) және тақ төменгі кеуекті денелерден тұрады (corpus spongiosum penis). Әр үңгірлі дене цилиндр пішінді болып келеді. Олардың артқы шеттері үшкірленіп, жан-жағына жыныс мүшесінің аяқшасы (crura penis) түрінде шат сүйегінің төменгі тармақтарына бекиді. Үңгірлі денелер бір-бірімен медиалді беттері арқылы байланысқан және үңгірлі денелердің ақ қабығымен қапталып, жыныс мүшесіне қалқа түзеді.
Жыныс мүшесінің кеуекті денесі артынан буылтық түрінде (bulbus penis) қалыңдаған, ал алдыңғы жағынан жыныс мүшесінің басымен аяқталады. Төменгі дененің ішінде басында кеңейген қайық тәрізді ойысы бар несеп шығару өзегі өтеді. Жыныс мүшесінің үңгірлі және кеуекті денелері өзіндік (fascia penis) кеуекті тіннен құралған. Жыныс мүшесінің үңгірлі және кеуекті денелері терең және беткей шандырлармен қоршалған. Беткей шандырдың сыртында тері орналасқан. Жыныс мүшесі екі ілетін — беткей және терең, ол шат симфизінің төменгі бөлігінен үңгірлі дененің ақ қабығына баратын байламдармен бекітілген.
Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть