Слайд 1СӨЖ
Тақырыбы:Энурез
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
БАЛАЛАР ХИРУРГИЯСЫ ЖӘНЕ ПЕДИАТРИЯДАҒЫ ШҰҒЫЛ КӨМЕК КАФЕДРАСЫ
Орындаған:
Сағдоллина Меруерт
441 топ ЖМФ
Тексерген: Жаркимбаева А.Д
Семей 2016 жыл
Слайд 2Жоспар
Кіріспе бөлім:
Энурез туралы түсінік;
Негізгі бөлім:
Этиологиясы және патогенезі
Диагностикасы
Емі
Профилактикасы
Қорытынды бөлім;
Пайдаланылған әдебиеттер.
Слайд 3Энурез(грекше enureo зәрлену ) яғни түнгі зәрдің еріксіз шығуы немесе түнде
зәрді ұстай алмау деген мағына береді.Энурездің балалар арасындағы жиілігі 2,3 %-дан 28,1%-ға дейін онымен көбінесе ұл балалар зақымданады.
Энурезбен ауырудың жиілігі 3 жасқа дейінгі балаларда 40% -ды,6 жасқа дейінгі балаларда -10%-ды,ал 12 жасқа дейінгі балаларда 3%-ды және 18 жасқа дейінгілерде 1%-ды құрайды.Энурез 3-12 жас аралығындағы балалардың 10%-да кездеседі және пубертат басына дейін өтеді.
Кіріспе бөлім
Энурез туралы түсінік
Слайд 4Жанағы айтып өткен пайыздық көрсеткіштер ішінен үлкен емес топ ерекшеленеді(0,2%-ға дейін),осы
балаларда энурез түнгі эпилептикалық ұстамалардың белгісі болып табылады.Эпилептикалық энурезге пароксизмның қысқалығымен олардың периоттылығы тән болып табылады.
Слайд 5Бастапқыда энурездің кез келген түрі біріншілік және екіншілік болуы мүмкін.Біріншілік энурез
зәр шығаруды бақылау қабілетінің бұзылуы салдарынан туындайды,ал екіншілік болса жүре пайда болған болып табылады.Ол стабильді түрде зәр шығаруды бақылай алу кезінде көрінеді.
Слайд 6Энурез
түрлері
Біріншілік
Екіншілік
Нәтижелері
І этап
Мидың диффузды
Зақымдалуы,биоэлктр-
Лік белсенділіктің
дамымауы
Қыртысты заттың
Жиі фокальді
зақымдалуы
Псих
статус
ІІ этап
Церебрастения
түріндегі ауыр емес
Ақаулар,
Психомоторлы
қозғыштық
Жүйке жүйесінің
Зақымдалу белгілері
Программалау
Функциясының
бұзылуы
ММД формасы
ІІІ этап
Дизонтогенетикалық
Энцефалопатикалық
Слайд 7
Энурездің мүмкін болатын себептері:
Мидың және жұлынның ақаулары(органикалық энурез)
Ауыр туа біткен немесе
жүре пайда болған психикалық ақаулар(психопатикалық энурез)
Зәр жыныс жүйесінің дисплазиясы(диспластикалық энурез)
Жіті және ауыр психотравма(невротикалық энурез)
Осы көрсетілген энурез формаларынан энурезді бірге қосарланып жүретін ауыру екеніне назар аудару керек.
Негізгі бөлім
Этиологиясы және патогенезі
Слайд 8Энурезге алып келетін себептер:
Жүйке жүйесінің толығымен жетілмеуі
Қуықтың жеткілікті көлемінің болмауы
Гормональді дисфункция
(антидиуретикалық гормонның бөліну циклының бұзылуы)
Соматикалық аурулар:қантты диабет,зәр шығару жолдарының инфекциясы
Стресстік жағдайлар
Слайд 9Патогенезі
Ұйқы кезінде зәр шығаруды сезе алу қабілеті балалардың көпшілігінде екі жасқа
дейін дамиды осы жасқа дейін өзінің зәр шығаруын бақылай алмауды біз патологияға жатқыза алмаймыз.Шағылысқан рефлекс теориясына байланысты энурез басқа бір ағзадағы рефлекторлы тітіркенуге қуықтың жауапты реакциясы ретінде санауға болады.Мысалы:фимоз,крипторхизм,грыжа аденоид кездерінде.
Слайд 11Клиникалық көрінісі
Энурезбен ауыратын балалардың көбінде ұйқысы өте терең,ұйқыға кету уақытының ұзақтығымен
және ауыр оянумен көрінеді.Жиі энурез ұйқының басқада ерекшеліктерімен бірге жүреді оларға ұйқы кезінде қозғалысты мазасыздану,ұйықтап жатып сөйлеу,ұйқы кезінде тұрып жүріп кету т.б
Слайд 12Көбінесе мектепке дейінгі және ерте мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Бұл жағдай
балада психологиялық травма, жақындарымен конфликт, невроз туғызады. Жиі баска урологиялық аурулармен қосарланып жүреді.
Слайд 13Диагностикасы
Энурезбен ауыратын балалардың барлығы зерттеуді қажет етеді.Өйткені зерттеу энурездің себебін ғана
анықтап қоймай сонымен қатар басқа да зәр шығару жүйесінің ақауларын анықтауға көмектеседі.
Энурезбен ауыратын науқастарға урофлоуметрикалық зерттеу жүргізу керек (қуықты функциональді бағалау).Рентгенконтрастты зерттеу әдістері цистография(қуықты арнайы контрастты затпен толтыру арқылы зерттеу)
Микционды цистография(дәл цистографияға ұқсас бірақ науқастың зәр шығаруы кезінде зерттейді),
Бүйректің және қуықтың УЗИ-і,цистоскопия көрсеткіш бойынша қолданылады.
Кейде омыртқаның рентгенографиясы қажет
Слайд 14Диагноз.Энурезбен ауыратын балаларды уролог,педиатр,невропатолог,ЛОР дәрігерлер бірігіп зерттеу жүргізеді.
Инструментальді зерттеулер тек зәр
шығару жүйесінің органикалық ауруларында қажет,Алексеев-Шрамм симптомы(артқы уретрада ұрықты төмпектің пайда болуы),және цистограммада “тіл” симптомының пайда болуы қуықтың сфинктерінің жабылу қабілетінің бұзылуын көрсетеді.Аурудың нақты белгісі болып түнде төсекке зәр шығару болып табылады.
Осыған байланысты ең қиындықты диагностика емес экспертиза алады.
Слайд 15Емі:
Энурезбен ауыратын 6-10 жастағы балаларды урологиялық зерттеуден өткізу керек.Адекватты терапия алынған
зерттеу қорытындыларына бойланысты жүргізіледі.
Кіші жастағы балаларға келесілер тағайындалады:
Ұйықтағанға дейін 2 сағат бұрын су ішуді тоқтату
Түнде баланы горшокқа отырғызу (мәжбірлеу арқылы зәр шығару)
Психиканы қоздырушы және тітіркендіруші әсерлерді тоқтату(теледидар,қозғалмалы ойыншықтар)
Слайд 16Памперстарды қолдануды тоқтату (памперстар тітіркендіруші әсерді алады және рефлекстың дамуын баяулатады)
Фитотерапия
(седативті емдік шөптерді қолдану:мята,валериана,пустырник)
Жалпыға ортақ физикалық әсерлер (таңертеңгісін контрастты душ және т.б)
Ең алдымен дамудың ақауларын жояды,жергілікті және ортақ ауруларды жояды.Қуықтың қозғыштық қасиетін төмендету үшін белладонна 1-5 тамшы қабылдауға және атропин сульфат 0,00005-0,0005 г ұйқы алдында күнде бірнеше айға тағайындайды.
Слайд 17Ұйқының тереңдігін қысқарту үшін қытай лимоннигының тұнбасын 2 тамшыдан күніне бір
рет ұйқыға дейін 15 мин қалғанда.Хлозепидті 2,5-5 мг ұйқы алдында ,имизинді 10-20мг ұйқыға дейін 30-60мин қалғанда және адиурекринді эндоназальді 0,01-0,03 г түнде қолдану жақсы нәтиже береді.
Слайд 18Профилактика
Ең шешуші болып бұл жағдайда баланы дұрыс тәрбиелеу болып табылады:дымқыл жаялықтарды
ауыстырудың жаңа түрлері,тұрақты түрде горшокқа отырғызып арнайы рефлекстерді қолдану (мысалы:ағып тұрған су дыбысы)арқылы үйрету.ұйқының дұрыс уақытын сақтау және тамақтануды уақытында тұрақты сақтау.
Слайд 19Дәлелді педиатрия көзқарасы бойынша энурезді емдеу тәсілдері:
Enuresis alarms – нәрестені енді
зәр бөле бастаған уақытта белгі беру арқылы нәрестені оятатын құрылғы.Бұл әдіс бірнеше айды қажет етуі мүмкін.
Осы әдіске үйрету үшін жаттығу режимі.
Десмопрессин-антидиуретикалық гормонның синтетикалық аналогы,ол түнгі уақытта зәрдің бөлінуін төмендетеді,ол тез әсер етеді, қысқа уақыт ішінде нәтиже алуға болады.
Слайд 20Имипрамин-кең қолданылатын үшциклдық антидепрессант.Оның энурез кезіндегі әсері толық белгілі емес бірақ
ол антихолинергиялық және антидиуретикалық әсерімен және ОЖЖ әсер етеді.
Оксибутинин-антихолинэргиялық препарат,зәрді ұстай алмау кезінде қолданылады.
Слайд 21Қорытынды:
Энурез-түнде зәрді ұстай алмау немесе зәрдің еріксіз шығуы.
Ұйқы кезінде зәр шығаруды
сезе алу қабілеті балалардың көпшілігінде екі жасқа дейін дамиды осы жасқа дейін өзінің зәр шығаруын бақылай алмауды біз патологияға жатқыза алмаймыз.Шағылысқан рефлекс теориясына байланысты энурез басқа бір ағзадағы рефлекторлы тітіркенуге қуықтың жауапты реакциясы ретінде санауға болады.
Слайд 22Қолданылған әдебиеттер:
Интернет желісі: www.google.ru
www.yandex.ru
Ю.Ф Исаков “Детская хирургия”