Эндокринді жүйе. Ішкі секреция бездерінің құрылымы презентация

Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады.

Слайд 1Эндокринді жүйе. Ішкі секреция бездерінің құрылымы.


Слайд 2Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды

реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді.
Организмде бездерді үш топқа бөледі:
Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері);
Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері);
Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі).


Слайд 3Эндокриндік жүйенің қызметі:
Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің

қызметін бақылайды.
Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді.
Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып:
өсуді;
ағзаның дамуын;
жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін;
энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар:
эмоционалды реакциялардың;
адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады.


Слайд 4Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін

реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. 

Слайд 6Гормондардың қасиеті:
Гормондар дистантты түрде әсер етеді;
Арнайы әсер;
Био-физиологиялық белсенділік;
Әр түрге арнайшылық;
Тек тірі

жасушаларға әсер ету.


Слайд 13Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы.

Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы

Слайд 15Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара

байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді.

Слайд 20Базедов ауруы (Грейвс ауруы; уытты диффузды алқым ісігі) (Graves disease; toxic

diffuse goiter, exophthalmic goiter) - алқым ісігі мен экзофталь мен (бадырақ көз ауруы) қатар жүретін гипертиреоздың жиі кезедестін түрі (тиреоидты гормонныңшамадан тыс бөлінуі).

Слайд 22Ертеде бір жолаушы Оңтүстіқ Американың теңізден қащық бір ауданында тау мұзын

ауыз суға пайдаланатын халықтар мен ондағы хайуандардың алқым бездері (зоб) жаппай зақымданғанын, бұзау, құлын, тіпті қаз, үйрек, күрке тауық секілді құстардың да алқым безі (зоб) ауруымен ауыратынын байқаған. Кейін мұның жайын тексере келгенде әлгі жердің суы мен топырағында, жем-шөбінде, тағы басқа азық-түліктік өсімдіктерде йод қосындылары табиғатынан өте кем екендігі анықталды. Йод адам организмінде 25 мг шамасында кездеседі. Ол микроэлементтер тобына жатады. Микроэлементтердің мөлшері организмде де болады. Сөйтсе де олар тіршілік үшін маңызы күшті органдардың қызметін дұрыс атқаруы үшін өте керек. Айталық, темір — қанның қызыл түйіршіктері (гемоглабин), ал кобальт — витамин В1, цинк инсулин (ұйқы безінің гормоны) құрамына кіреді. Әрбір адамның организмі — дұрыс қызмет атқаруы үшін тамақпен, сумен қоса тәулігіне 200 мг йод алуға тиіс. Табиғаттық ортада йод аз болса, адам мен хайуанаттар организмінің мұктажы өтелмейді. Мұның салдары халықты және хайуанаттарды жаппай жемсау ауруына ұшыратады. Алқым безінің (щитовидная железа) үлкеюі аурудың көзге түсерлік сыртқы белгісі болады.

Слайд 24Назарларыңызға рахмет!!!







Орындаған: Сарсембаев.Қ.С


Обратная связь

Если не удалось найти и скачать презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое ThePresentation.ru?

Это сайт презентаций, докладов, проектов, шаблонов в формате PowerPoint. Мы помогаем школьникам, студентам, учителям, преподавателям хранить и обмениваться учебными материалами с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика